"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 4) тармақшасына сәйкес және Түркістан облыстық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы қорытындысы негізінде, ШЕШІМ ЕТЕМІН:
1. Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округі, Кершетас ауылындағы атауы жоқ көшеге "Ұлы Дала" көшесі және Түркістан облысы, Түлкібас ауданы, Келтемашат ауылдық округі, Сеславино ауылындағы атауы жоқ көшеге "Төрткөл" көшесі деп атау берілсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырыма қалдырамын.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ауылдықокруг әкімі | М.Бердалиев |