Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2014 жылы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген, Ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының 6-тармағына сәйкес, Жетісай аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Жетісай ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, кент ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне қажеттілікті ескере отырып, 2025 жылға арналған аудан бюджетінде қарастырылған сома көлемінде келесі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілсін:
1) жүз еселік айлық есептік көрсеткішке тең сомада көтерме жәрдем ақы;
2) тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін айлық есептік көрсеткіштің екі мың еселенген мөлшерінен аспайтын сомада айқындалсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихаттың төрағасы | М.Касимов |