Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің құрамдас бөлігін қайта атау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің әкімінің 2025 жылғы 29 қаңтардағы № 1 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына сәйкес, Шығыс Қазақстан облыстық ономастикалық комиссиясының 2023 жылғы 02 тамыздағы № 2, қорытындысы негізінде, Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданының Глубокое кенті тұрғындарының пікірін ескере отырып, ШЕШТІМ:

      1. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің Советская көшесі Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кентінің Шұғыла көшесі болып қайта аталсын.

      2. Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Глубокое кенті әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін оны Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Глубокое ауданының Глубокое кентінің әкімі Р. Асанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады