"ВК Бурсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 18 сәуірдегі № 207 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 71-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, "ВК Бурсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының 2025 жылғы 13 ақпандағы № 102 өтініші негізінде, Ұлан ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "ВК Бурсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 2030 жылғы 3 қыркүйекке дейінгі мерзімге пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін, жер учаскесін меншік иелері мен пайдаланушылардан алып қоймай, жалпы алаңы 93,8 гектар жер қорының есеп кварталы 05-079-061 жеріне қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "ВК Бурсервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі заңнамаға сәйкес, жер пайдаланушылармен жеке сервитутты белгілеу туралы шарттарда бекітілген, жерді рекультивациялау жөніндегі міндеттерді және өзге де шарттарды, жұмыстарды жүргізу мерзімі мен орнын анықтасын.

      3. "Ұлан ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі:

      1) осы қаулы Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне ресми жариялауға жіберілсін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ұлан ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылсын.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Р. Болатқанға жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлан ауданының әкімі А. Бекбосынов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады