Ұлан ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 209 шешімі

      Қазақстан Республикасының Экология Кодексінің 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Ұлан аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ұлан ауданы бойнша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Г. Калиева

  Қосымша
  Ұлан аудандық мәслихатының
2025 жылғы 18 наурыздағы
№ 209 шешімімен бекітілген

Ұлан ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

    №

Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілер

Есептік бірлік

Жылдық норма м2

1

Жайлы үйлер

1 тұрғын

2,91

Жайлы емес үйлер

2,77

2

Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар

1 орын

1,49

3

Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері

1 орын

1,58

4

Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер

1 орын

1,65

5

Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері

1 қызметкер

1,57

6

Емханалар, медициналық орталықтар

1 келіп кету

1,23

7

Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері

1 төсек-орын

4,57

8

Мектептер және өзге де оқу орындары

1 оқушы

0,21

9

Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері

1 отыратын орын

3,45

10

Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар

1 отыратын орын

0,41

11

Мұражайлар, көрмелер

жалпы алаңы 1 м2

0,34

12

Стадиондар, спорт алаңдары

жоба бойынша 1 орын

0,006

13

Спорт, би және ойын залдары

жалпы алаңы 1 м2

0,11

14

Азық-түлік және өнеркәсіп-тауар дүкендері, аралас дүкендер

сауда алаңы 1 м2

0,6

15

Машиналардан сату

сауда орнының 1 м2

0,41

16

Базарлар,сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер

сауда алаңы 1 м2

0,11

17

Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары

жалпы алаңы 1 м2

0,32

18

Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету

жалпы алаңы 1 м2

0,53

19

Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар

жалпы алаңы 1 м2

1,12

20

Жағажайлар, жолдардан көше сметалары

жалпы алаңы 1 м2

0,2

21

Дәріханалар

сауда алаңы 1 м2

0,87

22

Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС

1 машина-орын

3,78

23

Автомобиль шеберханалары

1 жұмысшы

0,41

24

Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер

1 гаражға

0,45

25

Шаштараздар,косметикалық салондар

1 жұмыс орны

1,98

26

Кір жуатын орындар,химиялық тазалау орындары,тұрмыстық техниканы жөндеу орындары,тігін ательесі

жалпы алаңы 1 м2

0,93

27

Зергерлік,аяқ киімді,сағаттарды жөндеу шеберханалары

жалпы алаңы 1 м2

0,23

28

Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)

1 жұмыс орны

1,85

29

Моншалар,сауналар

жалпы алаңы 1 м2

0,45

30

Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды,саябақ қалдықтары

1000 қатысушы

1,15

31

Бау-бақша кооперативтері

1 жер телімі

1,41


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады