"Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2025 жылғы 12 наурыздағы № 3 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 119 бірлескен бұйрығы

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және ұсынылатын мәліметтер тізбесін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының 2021 жылғы 2 маусымдағы № 133-НҚ және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2021 жылғы 3 маусымдағы № 524 бірлескен бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді ұсыну қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Мәліметтер оларға рұқсаты бар және Салық кодексінің 30-бабы 3-тармағы 4) тармақшасының екінші абзацына сәйкес бекітілген тізбеге (бұдан әрі — Тізбе) енгізілген монополияға қарсы органның лауазымды тұлғаларына ұсынылады.

      Монополияға қарсы орган Тізбеге енгізілген лауазымды адамдар жұмыстан босатылған не өзге де болмаған жағдайларда Тізбеге өзгерістерді уақтылы енгізуді және оны мемлекеттік кірістер органдарына ұсынуды қамтамасыз етеді.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Мемлекеттік кірістер органдары Мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы (МО БКО) арқылы тараптардың келісуі бойынша ай сайынғы негізде Мәліметтерді мына тәсілдердің бірімен беруді қамтамасыз етеді:

      1) тікелей интеграция;

      2) мәліметтерді монополияға қарсы органның FTP папкасына жүктеу;

      3) мәліметтерді алынбалы-салынбалы жеткізгіштерде беру;

      4) монополияға қарсы органның қызметкерлеріне Тіркеуші ақпараттық жүйеге ("OilTrack" мұнай өнімдерін есепке алудың ақпараттық сервисі) қолжетімділікті ұсыну.";

      көрсетілген бірлескен бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес бекітілген Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтердің және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Бәсекелестікті құқықтық реттеу департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрыққа мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электронды түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық оған мемлекеттік орган басшыларының соңғысы қол қойған күннен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасы
Бәсекелестікті қорғау және дамыту
агенттігінің төрағасы
_____________М. Омаров
      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ М. Такиев

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігінің
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 3 және
Қазақстан Реcпубликасы
Қаржы министрінің
2025 жылғы 12 наурыздағы
№ 119 бірлескен бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2021 жылғы 2 маусымдағы
№ 133-НҚ және
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2021 жылғы 3 маусымдағы
№ 524 бірлескен бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік кірістер органдарының монополияға қарсы органға салық төлеушінің (салық агентінің) жазбаша рұқсатын алмай, салық құпиясын құрайтын салық төлеуші (салық агенті) туралы мәліметтерді және кедендік реттеу саласындағы құпия ақпараттың тізбесі

      1. "АСТАНА-1" ақпараттық жүйесі

Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы

1.

Сауда атауы.

2.

Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН).

3.

Шығарылған елі.

4.

Жөнетуші ел.

5.

Межелі ел.

6.

Сатушы ел.

7.

Шот бойынша валюта және жалпы сома.

8.

Фактуралық құн.

9.

Кедендік құн.

10.

Статистикалық құн.

11.

Көлемі (салмағы/нетто).

12.

Қосымша өлшем бірлігі.

13.

Тауардың өлшем бірлігі.

14.

Қаптаманың түрі / жеткізілетін дәрілік препарат орындарының саны.

15.

Елдің кодтары: шығарылған/жөнелту/межелі.

16.

Декларация нөмірі.

17.

Жөнелтуші.

18.

Алушы.

19.

Шекарадағы көлік түрі / ел ішіндегі көлік түрі.

      2. "Бірыңғай деректер қоймасы" және "Интеграцияланған деректер базасы" ақпараттық жүйесі (БДҚ/ИДБ)

Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы

1.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы.

2.

Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН).

3.

Валюта коды.

4.

Өлшем бірлігі.

5.

Саны (көлемі).

6.

Жанама салықтарсыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бірлігі үшін баға (тариф).

7.

Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, қызметтердің құны.

8.

Жанама салықтарды ескере отырып, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны.

9.

Өнім берушінің ЖСН/БСН.

10.

Өнім берушінің атауы.

11.

Алушының ЖСН/БСН.

12.

Алушының атауы.

13.

ЭШФ тіркеу нөмірі.

14.

ЭШФ жазып беру күні.

Электрондық шот-фактуралардан мәліметтер

1.

ЭШФ тіркеу нөмірі

2.

Жазып беру күні

3.

ЖСН/БСН (өнім беруші)

4.

Өнім беруші (атауы)

5.

Қатысу үлесі (өнім беруші)

6.

Орналасқан жердің мекенжайы (өнім беруші)

7.

Өнім берушінің санаты

8.

ЖСН/БСН (алушы)

9.

Алушы (атауы)

10.

Қатысу үлесі (алушы)

11.

Орналасқан жердің мекенжайы (алушы)

12.

Елдің коды (алушы)

13.

Алушының санаты

14.

Жөнелту мекенжайы (жүк жөнелтуші)

15.

Жеткізу мекенжайы (жүк алушы)

16.

Нөмірі (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт)

17.

Күні (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шарт (келісімшарт)

18.

Нөмірі (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз)

19.

Күні (тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді жеткізуге арналған шартсыз (келісімшартсыз)

20.

Р/с № (тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің реттік нөмірі)

21.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің шығу белгісі.

22.

Тауарларға арналған декларацияға немесе тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтінішке сәйкес тауарлардың атауы.

23.

Тауардың коды (ЕАЭО СЭҚ ТН).

24.

Өлшем бірлігі

25.

Саны (көлем)

26.

Жанама салықтарсыз тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін баға (тариф)

27.

Жанама салықтарсыз тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

28.

Өткізу бойынша айналымның мөлшері (салық салынатын/салық салынбайтын айналым)

29.

ҚҚС мөлшерлемесі

30.

ҚҚС сомасы

31.

Жанама салықтарды есепке алғанда, тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің құны

32.

Тауарларға арналған декларацияның, тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініштің, тауарларға арналған ілеспе жүкқұжаттың, СТ-1 немесе СТ-KZ №.

33.

Тауарларға арналған декларациядан немесе тауарларды әкелу мен жанама салықтарды төлеу туралы өтініштен алынған тауар позициясының нөмірі

34.

Айналымды жасау күні

35.

Межелі пункт

      3. "Фискалдық деректер операторлары" ақпараттық жүйесі

Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы

1.

Тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің атауы.

2.

ЖСН/БСН

3.

Бір бірлік үшін тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бағасы

4.

Сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің саны, олардың өлшем бірлігі

5.

Тауардың, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасы

6.

Тауарларды сатып алудың, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің күні мен уақыты

      4. Монополияға қарсы органның қызметкерлеріне Тіркеуші ақпараттық жүйеге ("OilTrack" мұнай өнімдерін есепке алудың ақпараттық сервисі) қолжетімділікті ұсыну.

Салық құпиясын құрайтын мәліметтердің атауы

1.

Өндірістік нысанның иесінің ЖСН/БСН

2.

Өндірістік нысанның атауы

3.

Өндірістік нысанның түрі

4.

Өндірістік нысанның ID

5.

Резервуардың ID

6.

Өндірістік нысанның МТК коды

7.

Өндірістік нысанның аймағы

8.

Өндірістік нысанның аумағы

9.

Жанармайдың түрі

10.

Өлшем бірлігі

11.

Резервуардың жалпы сыйымдылығы

12.

Резервуардың ағымдағы толуы

13.

БЕҚ деректерді тасымалдау күйі

14.

БЕҚ деректерінің жаңару уақыты мен күні

15.

Бір тәулікте резервуардағы мұнай өнімдерінің айналымының көлемі (қабылдау, тұтыну)

      Ескертпе: аббревиатураларды ашып жазу:

      ЕБҚ — есепке алатын бақылау құралдары;

      БСН — бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      БДҚ — бірыңғай деректер қоймасы;

      ИДБ — интеграцияланған деректер базасы;

      ЖСН — жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС — қосылған құн салығы;

      ЕАЭО СЭҚ ТН — Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасы;

      МТК — мекенжайды тіркеу коды;

      ЭШФ — электрондық шот-фактура.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады