Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдарын және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Батыс Қазақстан облыстық аумақтық инспекциясының 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 4-13/25 ұсынысы негізінде, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 131 "Карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу туралы" қаулысына келесідей өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының 1, 3, 5-қосымшалары осы қаулының 1, 2, 3 - қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын;
2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Н. Төреғалиев |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "__" қаңтардағы № __ қаулысына 1-қосымша |
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы 131 қаулысымен бекітілген |
Карантиндік арамшөп – жатаған (қызғылт) (Acroptilon repens D.C.) укекіре бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
№ | Ауданның (қаланың) атауы | Залалдану алаңы (гектар) | Ошақ алаңы (гектар) |
1 | Ақжайық | 2643,6 | 158,6 |
2 | Бәйтерек | 27002 | 289,6 |
3 | Бөрлі | 7293 | 33,95 |
4 | Жәнібек | 354 | 35 |
5 | Казталов | 97 | 41 |
6 | Сырым | 9630 | 253,23 |
7 | Тасқала | 8742,4 | 39,03 |
8 | Теректі | 51820,1 | 262,82 |
9 | Шыңғырлау | 1587,4 | 26,11 |
10 | Орал қаласы | 8556,7 | 37,8 |
Облыс бойынша | 117726,2 | 1177,14 |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "__" қаңтарғы № __ қаулысына 2-қосымша |
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №131 қаулысымен бекітілген |
Карантиндік арамшөп – арам сояу (Cuscuta sp.sp) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
№ | Ауданның (қаланың) атауы | Залалдану алаңы (гектар) | Ошақ алаңы (гектар) |
1 | Бөрлі | 294,5 | 2,4064 |
2 | Сырым | 75 | 0,0033 |
3 | Теректі | 72 | 0,15 |
4 | Шыңғырлау | 152 | 0,12 |
5 | Орал қаласы | 26,1 | 1,3 |
Облыс бойынша | 619,6 | 3,9797 |
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы "__" қаңтардағы № __ қаулысына 3-қосымша |
|
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2023 жылғы 12 маусымдағы №131 қаулысымен бекітілген |
Орманның карантиндік зиянкесі – қауын шыбыны (Myiopardalis pardalina (Bigot)) бойынша залалданған алаңдардың көлемінде Батыс Қазақстан облысы аумағында карантиндік режим енгізілген карантиндік аймақ
№ | Ауданның атауы | Залалдану алаңы (гектар) | Ошақ алаңы (гектар) |
1 | Бәйтерек | 3,0 | 3,0 |
Облыс бойынша | 3,0 | 3,0 |