Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" және "Автомобиль көлігі туралы" Заңдарына сәйкес Ақжайық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Чапаев ауылы "Мұнай базасы" аялдамасы - "Жайық" аялдамасы" №1 маршруты бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 100 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақжайық ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | М.Сердалин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Ақжайық аудандық мәслихатының
төрағасы _____________С.Сиражев
2025 жылғы 5 наурыз