Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27-бабына, 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 4-12/1 "Казталов аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссиясының кезектен тыс отырысының" хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Казталов ауданы әкімінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 26 "Казталов ауданының Бостандық, Казталов, Тереңкөл және Көктерек ауылдық округінің Көктерек, Оразғали, Саралжын ауылдары мен Жаңажол ауылдық округінің Әбіш пен Танат ауылдарының аумағындағы жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күші жойылды деп танылсын.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Серікке жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А. Саркулов |