Казталов ауданының Бостандық, Казталов, Тереңкөл және Көктерек ауылдық округінің Көктерек, Оразғали, Саралжын ауылдары мен Жаңажол ауылдық округінің Әбіш пен Танат ауылдарының аумағындағы жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 2024 жылғы 21 қазандағы № 26 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 48-бабына және 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" 2023 жылғы 10 мамырдағы №240 бұйрығына және Казталов аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 18 қазандағы №13 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:

      1. Казталов ауданының Бостандық, Казталов, Тереңкөл және Көктерек ауылдық округінің Көктерек, Оразғали, Саралжын ауылдары мен Жаңажол ауылдық округінің Әбіш пен Танат ауылдарының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Р.Имангалиев тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аким района А.Саркулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады