2010 жылғы 19 қарашадағы Өтпелі кезең ішінде арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану тәртібі туралы келісімге сәйкес Кеден одағы комиссиясы шешті:
1. 2014 жылғы 26 маусымды қоса алғандағы мерзім бойынша Кеден одағының бірыңғай кеден аумағына әкелінетін, Украинадан шығарылатын және 8455 30 310 0, 8455 30 390 0 КО СЭҚ ТН кодтарымен жіктелетін болатты стандарға арналған болаттан құйылған біліктерге қатысты кедендік құнынан 26 пайыз мөлшерде демпингке қарсы баж салығын белгілеу.
Көрсетілген демпингке қарсы бажды қолдану мақсатында тауар КО СЭҚ ТН кодтарымен айқындалады.
2. Беларусь Республикасының Мемлекеттік кедендік комитетіне, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне, Федеральді кедендік қызметіне осы Шешіммен белгіленген демпингке қарсы баждардың алынуын қамтамасыз етсін.
Кеден одағы Комиссиясының мүшелері:
Беларусь Республикасы атынан |
Қазақстан Республикасы атынан |
Ресей Федерациясы атынан |
С. Румас |
Ө. Шукеев |
И. Шувалов |