Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Қырғыз Республикасынан Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің мүшесі болып вице-премьер-министр Валерий Исидорович Дильдің тағайындалғаны туралы Қырғыз Республикасының ақпараты назарға алынсын.
2. Қырғыз Республикасының ұсынысы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының мүшелері болып мына адамдар бекітілсін:
Алқа мүшесі (Министр) – Мұқай Асанұлы Қадырқұлов;
Алқа мүшесі (Министр) –Данил Тұрсұнбекұлы Ибраев.
3. Еуразиялық экономикалық комиссияға жалпы штат саны шегінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы мүшелерінің 2 хатшылығын қосымша құруға рұқсат берілсін.
4. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2011 жылғы 19 желтоқсандағы № 5 "Еуразиялық экономикалық комиссия департаменттерінің саны туралы" шешімінің 1-тармағындағы "11" деген цифрлар "13" деген цифрлармен ауыстырылсын.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь |
Қазақстан Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |