2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 7-бабы 2-тармағының бірінші абзацын және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 6-тармағын басшылыққа ала отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының төрағасы
В.Б. Христенко осы Шешімнің 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) қажетті мемлекетішілік рәсімдерді аяқтағаннан кейін Еуразиялық экономикалық одақтың атынан Бір тараптан, Еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан, Вьетнам Социалистік Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қол қойсын.
2. Мүше мемлекеттер Еуразиялық үкіметаралық кеңестің 2015 жылғы 29 мамырдағы отырысы шеңберінде оған қол қойылуына орай Келісім жобасы бойынша қажетті мемлекетішілік рәсімдерді жүргізсін.
3. Осы Шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан |
Беларусь |
Қазақстан Республикасынан |
Ресей Федерациясынан |