Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Жоғары Еуразиялық экономикалық Кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 17 шешімі.

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Армения Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 10 қазандағы шартқа № 3 қосымшаның 58-тармағын іске асыру мақсатында және Еуразиялық экономикалық комиссияның ақпаратын ескере отырып, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:

      Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 110 шешімімен бекітілген, Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығы жұмыс істейтін қызметтер көрсету секторларының (кіші секторларының) тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      а) 1-сілтеме "Қырғыз" деген сөздің алдынан "Армения Республикасы үшін – Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің
2015 жылғы № , шешімі күшіне енген күннен бастап," деген сөздермен толықтырылсын;

      б) 4-сілтемеде:

      бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Армения Республикасы үшін – қарумен және қару-жарақ жүйелерімен, әсери жарақпен және әскери материалдармен, жарылғыш материалдармен, жару ісіне арналған жабдықпен және аспаптармен және пиротехникалық бұйымдармен, бағалы металдар сынықтарымен және қалдықтарымен, бағалы металдармен және тастармен, есірткі құралдарымен және психотроптық заттармен, заңды бақыланатын прекурсорлармен, этил спиртімен, алкогольмен және құрамында спирт бар өнімдермен, темекі бұйымдарымен және темекі өнімдерімен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, газбен, электр энергиясымен, фармацевтикалық, парафармацевтикалық және медициналық тауарлармен (ерекшелік – 2016 жылға дейін), мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау саласында пайдаланылатын өлшеу құрылғыларымен, ядролық материалдармен және радиоактивті заттармен сауда жасау";

      екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Беларусь Республикасы үшін - қарумен және қару-жарақ жүйелерімен, әсери жарақпен және әскери материалдармен, жарылғыш материалдармен, жару ісіне арналған жабдықпен және аспаптармен және пиротехникалық бұйымдармен, бағалы металдар сынықтарымен және қалдықтарымен, бағалы металдармен және тастармен, есірткі құралдарымен және психотроптық заттармен, заңды бақыланатын прекурсорлармен, этил спиртімен, алкогольмен және құрамында спирт бар өнімдермен, темекі бұйымдарымен және темекі өнімдерімен, мұнаймен және мұнай өнімдерімен, газбен, электр энергиясымен, фармацевтикалық, парафармацевтикалық және медициналық тауарлармен (ерекшелік – 2016 жылға дейін), мемлекеттік метрологиялық бақылау және қадағалау саласында пайдаланылатын өлшеу құрылғыларымен, ядролық материалдармен және радиоактивті заттармен сауда жасау".

Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:

Армения Республикасынан

Беларусь
Республикасынан
 

Қазақстан Республикасынан
 
 

Ресей Федерациясынан
 



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады