ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі 01.01.2016 күшіне енген.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 85 шешімінің 2-тармағын іске асыру мақсатында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың Сотына жүгінген кезде шаруашылық жүргізуші субъектілер төлейтін баж мөлшері Еуразиялық экономикалық одақтың 2016 жылға арналған бюджетінің жобасын дайындау кезінде болжанатын, 6,4 пайызды құрайтын тұтынушылық бағалардың өсу индексіне сәйкес 39 368 Ресей рублі мөлшерінде белгіленсін.
2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 10 қазандағы № 85 шешімінің 1-тармағы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Көрсетілген баж мөлшері 2015 жылы қолданылады.".
3. Осы Шешім 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.
Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелері:
Армения Республикасынан | Беларусь Республикасынан | Қазақстан Республикасынан | Қырғыз Республикасынан | Ресей Федерациясынан |