Оған қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО 008/2011 ТР) талаптарына сәйкес бағалау (растау) туралы құжат берумен бірге жүретін өнімнің (бұйымның) тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 ақпандағы № 7 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 3-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Евразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) және Жоғары Евразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс Регламентіне № 2 қосымшаның 8-тармағына сәйкес, Евразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Оған қатысты кеден декларациясын беру Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО 008/2011 ТР) талаптарына сәйкес бағалау (растау) туралы құжат берумен бірге жүретін өнімнің (бұйымның) тізбесіне өзгерістер Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 31 қаңтардағы № 11 шешімімен бекітілген қосымшаға сәйкес енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық
      экономикалық комиссия
      Алқасының Төрағасы В. Христенко
     

  Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2015 жылғы 3 ақпандағы
  № 7 шешіміне
  ҚОСЫМША

Оған қатысты кедендік декларация беру Кеден одағының "Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО 008/2011 ТР) талаптарына сәйкес бағалау (растау) туралы құжат берумен бірге жүретін өнімнің (бұйымның) тізбесіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. 15-позиция:

      а) 1-бағанда "электр ойыншықтар" деген сөздерден кейін "өзгелері" деген сөзбен толықтырылсын;

      б) 2-бағанда "9504 90 800 9-дан" деген сөздердің алдынан "9504 50 000 9-дан" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Мынадай мазмұндағы 18-тармақпен толықтырылсын:

"18. Бояулар,
саусақпен жағатын бояулар, гуашь
және басқа да сондай бұйымдар
 

3213-тен

сәйкестік сертификаты

ойыншық болып табылмайтын және ойыншық соған арналған баланың ең төменгі жасын немесе таңбада баланың жасы белгіленген пиктограмманы көрсету қамтылмаған өнімді (бұйымды) қоспағанда".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады