2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан №1 қосымшаға сәйкес кіші қосалқы позиция алып тасталсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына №2 қосымшаға сәйкес кіші қосалқы позиция енгізілсін;
в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері №3 қосымшаға сәйкес белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескерту мынадай мазмұндағы 40С ескертуімен толықтырылсын:
"40С)кедендік құнның 0 (нөл) % мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2015 жылғы 20 сәуір - 2017 жылғы 19 сәуір аралығында қолданылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
Т.Валовая |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 18 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан алып тасталатын КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН | Позиция атауы |
Қосымша |
9021 90 9000 0 - - өзгелері
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 18 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына кіргізілетін КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
СЭҚ ТН | Позиция атауы |
Қосымша өлшем бірлігі |
9021 90 900 - - өзгелері:
9021 90 900 1 - - - коронарлық стенттер дана
9021 90 900 9 - - - өзгелері. -
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 наурыздағы № 18 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
СЭҚ ТН | Позиция атауы |
Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі |
9021 90 900 1 - - - коронарлық стенттер 540С)
9021 90 900 9 - - - өзгелері. 5