Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 9-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарын Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізу тәртібі бекітілсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссияның тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарын Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне сәйкес құзыретіне тарифтік емес реттеу мәселелері жататын Еуразиялық экономикалық комиссияның департаменті дайындайтын болып белгіленсін.
3. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 308 шешімімен бекітілген Кеден одағының Комиссиясына сыртқы сауданы реттеу шаралары туралы ұсыныстарды енгізу регламентіне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 2-тармақтағы "және тарифтік емес" деген сөздер алып тасталсын;
б) 3-тармақтағы:
бірінші абзацтағы "және тарифтік емес" деген сөздер алып тасталсын;
үшінші абзацтағы "№ 1 немесе" деген сөздер алып тасталсын;
в) № 1 қосымша алып тасталсын.
4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В.Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 31 наурыздағы № 23 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарын Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізу ТӘРТІБІ
1. Осы Тәртіп Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 9-тармағына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарын (бұдан әрі тиісінше – ұсыныс, мүше мемлекеттер, Одақ, шаралар) Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) енгізу рәсімдерін айқындайды.
2. Комиссияға ұсынысты осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органы жібереді.
3. Ұсыныс мыналарды қамтуға тиіс:
а) қосымшаға сәйкес нысанда Комиссияға өтініш;
б) егер Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне (бұдан әрі – Регламент) сәйкес шараларды енгізу немесе олардың күшін жою туралы шешімді Комиссия Алқасы қабылдайтын болса, Комиссия Алқасы шешімінің жобасы;
в) егер Регламентке сәйкес шараларды енгізу немесе олардың күшін жою туралы шешімді Комиссия Кеңесі қабылдайтын болса, Комиссия Кеңесі шешімінің жобасы;
г) мынадай ақпаратты қамтитын түсіндірме жазба:
негіздеме, соған сәйкес шараларды енгізу немесе олардың күшін жою ұсынылады, оның ішінде мүше мемлекеттердің аз дегенде біреуі біржақты тәртіппен шаралар қолдануы туралы ақпарат;
ұсынылатын шаралардың егжей-тегжейлі сипаттамасы;
шаралар енгізу немесе олардың күшін жою ұсынылатын тауардың (тауарлардың) (бұдан әрі – тауар) атауы, қасиеттері және сипаттамалары;
ұсыныс енгізетін мүше мемлекеттің аумағында, сондай-ақ Одақтың аумағында (мүмкін болған кезде) тауар нарығының сипаты мен сипаттамалары (қажет болған кезде – сандық және құндық);
тауарды пайдалану мақсаттары, оның негізгі тұтынушылары немесе тұтынушылар тобы;
Одақтың аумағындағы тауар нарығы үшін шараларды енгізу немесе олардың күшін жою салдарларын бағалау және үшінші елдердің ықтимал іс-қимылдарының болжамы (мүмкін болған кезде);
Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) ІІІ бөліміне сәйкес тауар экспорты мен импортына уақытша тыйым салу немесе оның сандық шектеуін енгізу үшін негіздемелердің болуын растайтын деректер (оның ішінде статистикалық).
4. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті Комиссияға ұсыныс келіп түскен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде бұл ұсынысты осы Тәртіптің 3-тармағында көзделген ұсынылған материалдардың кешенділік мәніне тексеру жүргізеді. Барлық құжаттар мен мәліметтер болған кезде ұсынысты Комиссия Регламентке сәйкес қарайды.
Материалдар толық көлемде ұсынылмаған жағдайда, Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаменті осы мемлекеттің заңнамасына сәйкес Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органына ұсынысты қараудан бас тарту (негіздемемен бірге) туралы хабарлама жібереді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің Еуразиялық экономикалық комиссияға тарифтік емес реттеудің бірыңғай шарасын ___________________________________________________
(енгізу немесе оның күшін жою) туралы ӨТІНІШІ
Өтініш беруші____ ________________
(Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет)
Тауар атауы
ЕАЭО СЭҚ ТН коды
Тарифтік емес реттеудің бірыңғай шарасын ______________туралы
ұсыныс (енгізу немесе оның күшін жою)
___________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________
Тарифтік емес реттеудің бірыңғай шарасын қолданудың ұсынылған мерзімі*
__________________________________________________________________
Ескерту. Нысан әрбір енгізілетін немесе күші жойылатын тарифтік емес реттеудің бірыңғай шарасына толтырылады. Бірнеше тауарларға қатысты тарифтік емес реттеудің бірыңғай шарасын енгізу немесе оның күшін жою туралы ұсыныс кезінде өтінішке еркін нысанда қосымша ресімделуі мүмкін.
____________
* Тарифтік емес реттеудің бірыңғай шарасын енгізу туралы ұсыныс кезінде толтырылады.