2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан №1 қосымшаға сәйкес қосалқы позиция алып тасталсын;
б) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына №2 қосымшаға сәйкес қосалқы позициялар енгізілсін;
в) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері № 3 қосымшаға сәйкес белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына ескертулердегі"Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атқарушы билігінің мемлекеттік саясатты әзірлеу және өнеркәсіп саласындағы нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияны жүзеге асыратын уәкілетті орган" кестедегі "Беларусь Республикасы" деген позиция (екінші бағандағы) "; әкелінетін тауардың нысаналы мақсатын растауға Беларусь Республикасының Министрлер Кеңесі уәкілеттік берген орган (ұйым), - өнеркәсіптің өзге салаларында" деген сөздермен толықтырылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В.Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 33 шешіміне №1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасынан алып тасталатын ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯ
|
|
|
3824 90 970 9 | - - - - - өзгелері | - |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 33 шешіміне №2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай Тауар номенклатурасына енгізілетін ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
|
|
|
3824 90 970 2 | - - - - - қуат конденсаторларын өндіруге арналған сіңіргіш сұйықтық 5) | - |
3824 90 970 8 | - - - - - өзгелері | - |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 33 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
СЭҚ ТН коды | Позиция атауы | Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құнның пайыздарымен не евромен не АҚШ долларымен |
3824 90 970 2 | - - - - - қуат конденсаторларын өндіруге арналған сіңіргіш сұйықтық 5) | 0 |
3824 90 970 8 | - - - - - өзгелері | 5 |