Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 4-тармақшасы негізінде Кедендік әкелу баждарының (баламалы қолданылатын өзге де баждар, салықтар мен алымдар) сомаларын есепке жатқызу және бөлу, оларды мүше мемлекеттер бюджеттерінің кірісіне аудару тәртібі туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 5 қосымша) 54-тармағын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Беларусь Республикасының және Ресей Федерациясының уәкілетті органдары, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және Армения Республикасының Орталық Банкі Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валютасында кедендік әкелу баждарының сомасы үшін АҚШ долларымен ақша қаражатының сатылу (сатып алыну)
көлемі туралы есепті Еуразиялық экономикалық комиссияға қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың соңғы жұмыс күнінен кешіктірмей беруді қамтамасыз етсін.
2. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 20 тамыздағы "Еуразиялық экономикалық комиссияның кедендік әкелу баждарын (баламалы қолданылатын өзге де баждарды, салықтар мен алымдарды) есепке жазу және бөлу саласындағы бақылау функцияларын жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған шаралар туралы" № 176 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 37 шешіміне ҚОСЫМША |
|
(нысан) |
20___ жылғы ____________________ (ай) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық валютасында кедендік әкелу баждарының сомасы үшін АҚШ долларымен ақша қаражатының сатылу (сатып алыну) көлемі туралы
______________________________________________________________________________________________
(Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органының, ұлттық (орталық) банкінің атауы)
ЕСЕБІ
Мүше мемлекеттің атауы | Мүше мемлекеттің шетелдік валютадағы шотына аударылған мүше мемлекеттің ұлттық валютасының сомасы | Мүше мемлекеттің шетелдік валютадағы шотына түскен мүше мемлекеттің ұлттық валютасының сомасы | Мүше мемлекеттің шетелдік валютадағы шотына түскен мүше мемлекеттің ұлттық валютасының сомасы үшін есепті айда сатылған АҚШ долларының сомасы | Мүше мемлекеттің шетелдік валютадағы шотына түскен мүше мемлекеттің ұлттық валютасының сомасы үшін есепті айда сатып алынған АҚШ долларының сомасы | АҚШ долларындағы валютаны сату жөніндегі қарсы міндеттемелер сомасының айырмасы | АҚШ долларындағы валютаны сату жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін айыппұл санкцияларының мөлшері |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Армения Республикасы* | ||||||
Беларусь Республикасы* | ||||||
Қазақстан Республикасы* | ||||||
Ресей Федерациясы* |
* уәкілетті органы, ұлттық (орталық) банкі осы есепті беретін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетке қатысты толтырылмайды._____________