Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 750 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 40 шешімі

            Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

            1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы "Термосезімтал қағазды сыныптау туралы" № 750 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1-тармақтағы "КО СЭҚ ТН 1 және 6 Түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес КО СЭҚ ТН 4811 90 000 00 кіші қосалқы позициясына" деген сөздер "1 және 6 сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 4811 90 000 0 қосалқы позициясына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-тармақтағы "КО СЭҚ ТН 1 және 6 Түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес КО СЭҚ ТН 4811 90 000 00 кіші қосалқы позициясына" деген сөздер "1, 3 (в) және 6 сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 4811 90 000 0 қосалқы позициясына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады