Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы бойынша экскаваторға арналған алюминий радиаторды сыныптау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 41 шешімі

            Кеден одағы Кеден кодексінің 52-бабы 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Экскаватордың қозғалтқышы мен радиаторы арасында айналатын сұйықтықты артық жылуды ауаға шығару арқылы салқындату үшін экскаваторда пайдалануға арналған алюминий радиатор 1 және 6 сыртқы экономикалық қызметтің Тауар номенклатурасын түсіндірудің негізгі қағидаларына сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының 8431 49 800 9 кіші қосалқы позициясына сыныпталады (экскаваторға арналған алюминий радиатор суретінің мысалы қосымшада келтірілген).

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия
Алқасының 2015 жылғы
5 мамырдағы
№ 41 шешіміне
ҚОСЫМША

Экскаваторға арналған алюминий радиатор суретінің МЫСАЛЫ




Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады