Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін (маусымдықтарды қоса), тарифтік квоталарды, тарифтік жеңілдіктер беру жағдайлары мен шарттарын белгілеу туралы ұсыныстарын Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізу тәртібін бекіту және Кеден одағы Комиссиясының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 45 шешімі

            Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

            1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін (маусымдықтарды қоса), тарифтік квоталарды, тарифтік квоталарды беру жағдайлары мен шарттарын белгілеу туралы ұсыныстарын Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізу тәртібі бекітілсін.

            2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:

            Кеден одағы Комиссиясының "Сыртқы сауданы реттеу шаралары жөніндегі ұсыныстарды Кеден одағы Комиссиясына енгізу регламенті туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 308 шешімі;

            Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік-тарифтік реттеудің даулы мәселелерін қарау қорытындылары бойынша баяндама дайындау жөніндегі ұсынымдар туралы" 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 531 шешімі;

            Кеден одағы Комиссиясының "Сыртқы сауданы реттеу шаралары жөніндегі ұсыныстарды Кеден одағы Комиссиясына енгізу регламентіне өзгерістер енгізу туралы" 2011 жылғы 2 наурыздағы № 553 шешімі;

            Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын енгізу немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізу және оларды Еуразиялық экономикалық комиссияның дайындау тәртібі туралы" 2015 жылғы 31 наурыздағы № 23 шешімінің 3-тармағы.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы
27 сәуірдегі № 45 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін (маусымдықтарды қоса), тарифтік квоталарды, тарифтік жеңілдіктер беру жағдайлары мен шарттарын белгілеу туралы ұсыныстарын Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізу
ТӘРТІБІ

            1. Осы Тәртіп Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағына сәйкес Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентінің (бұдан әрі – Регламент) 64-тармағын іске асыруды қамтамасыз ету мақсатында әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін (маусымдықтарды қоса), тарифтік квоталарды, тарифтік квоталарды беру жағдайлары мен шарттарын (бұдан әрі – тиісінше ұсыныс, кедендік-тарифтік реттеу шаралары) белгілеу туралы ұсыныстарын Еуразиялық экономикалық комиссияға (бұдан әрі – Комиссия) енгізу рәсімін айқындайды.

            2. Ұсынысты Комиссияға Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес Комиссиямен өзара іс-қимылға уәкілеттік берілген осы мемлекеттің мемлекеттік билік органы (бұдан әрі – тиісінше уәкілетті орган, мүше мемлекет, Одақ) енгізеді.

            3. Ұсыныс:

            а) № 1 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүше мемлекеттің Комиссияға өтінішін;

            б) Одақ органдары актілерінің жобаларын қамтуға тиіс.

            Егер Комиссия шешімінің жобасында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі – ЕАЭО СЭҚ ТН) Түсіндірмелерде қамтылған Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасы кодының егжей-тегжейін ашу немесе ЕАЭО СЭҚ ТН-ға Одақтың қосымша ескертпелерін қосу көзделсе, сондай-ақ егер көрсетілген Түсіндірмелерге ЕАЭО СЭҚ ТН-ның бөлініп көрсетілген позициясына қатысты түсінік беретін ережелерді қосу қажет болса, онда ұсыныс Комиссия Алқасының осы Түсіндірмелерге өзгерістер енгізу туралы ұсынымдарының жобасын да қамтуға тиіс;

            в) мынадай ақпаратты қамтитын түсіндірме жазбаны (кедендік-тарифтік реттеу шарасын енгізу ұсынылып отырған тауар сыныпталатын ЕАЭО СЭҚ ТН әрбір 10 таңбалы позициясы бойынша) қамтуға тиіс:

            тауарды қасиеттерін, сипаттамаларын, функционалдық мақсатын және пайдалану саласын көрсете отырып сипаттау;

            тауардың негізгі тұтынушылары немесе тұтынушылар тобы туралы деректер. Егер тауар басқа тауарды өндіру үшін пайдаланылса, онда кедендік-тарифтік реттеу шарасын енгізу ұсынылып отырған тауар құнының үлесі өндірілген тауардың орташа нарықтық құнымен көрсетіледі;

            мүше мемлекеттің аумағында өндірілетін тауардың үшінші елдерде өндірілетін сондай тауарлармен (сондай тауар Одақ аумағында өндірілген кезде) салыстырмалы сипаттамасы (мүмкіндік бар болған кезде);

            тауар нарығын, соның ішінде сандық әрі құндық тұрғыда сипаттау және сипаттама (мүмкіндік бар болған кезде).

            Осы тармақшаның үшінші – бесінші абзацтарында көзделген ақпарат ұсыныстардың бастамашысы болып табылатын мүше мемлекетке және мүмкіндік бар болған кезде – басқа мүше мемлекеттерге қатысты беріледі;

            г) № 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша статистикалық деректерді;

            д) шешімді іске асырудың экономикалық әсерін сипаттауды, шешімнің мүше мемлекет бюджетінің кірісіне ықтимал ықпалын бағалауды, мүше мемлекеттің экспорты мен импортының құрылымы мен көлемін, нарықтың ұлттық субъектілерінің экономикалық қызметін қамтитын Комиссия шешімдері жобаларының қаржылық-экономикалық негіздемесін;

            е) Одақ органдарының қаралып отырған ұсыныс бойынша шешім қабылдауы үшін маңызы бар өзге де құжаттар мен мәліметтерді, кедендік-тарифтік реттеудің ұсынылатын шарасын енгізудің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін (мүмкіндік бар болған кезде) бейнелейтін қаржылық-экономикалық есептеулерді қамтуға тиіс.

            4. Егер ұсыныс кодтық белгілеудің 10 разряды деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН өзгерістер енгізуді көздесе, онда ол мынадай ақпаратты да қамтуға тиіс:

            а) бұл тауар (тауарлар түрі) осыған сәйкес көптеген сондай тауардан бірден бөлініп көрінуі мүмкін болатын критерийлер (сыныптау белгілері);

            б) ЕАЭО СЭҚ ТН-да дербес позиция етіп бөліп көрсету ұсынылып отырған тауар туралы ақпарат: комплектация, мақсаты, жұмыс қағидаты, құрамы (егер сыныптау критерийі құрамындағы қандай да бір заттар болып табылса), қайта өңдеу процестері (егер сыныптау критерийі тауарды өңдеу түрі немесе тауарды өңдеу дәрежесі болып табылса), техникалық сипаттамалар (егер сыныптау критерийі тауардың салмағы, мөлшері, қуаты, өнімділігі, өзге де техникалық сипаттамалары болып табылса) және т.б;

            в) тауарлардың жекелеген санаттарына (мысалы, химия өнеркәсібі тауарлары үшін) қатысты тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН бөліп көрсетуге ұсынылатын позицияда белгіленетін критерийлерге сәйкестігін тексеруге мүмкіндік беретін қолда бар әдістемелер туралы ақпарат.

            5. Егер ұсыныс экономика секторына жататын, экономика секторларының тізбесіне қосылған тауарларға қатысты кедендік-тарифтік реттеудің мүше мемлекеттердің өнеркәсіптік ынтымақтастығы үшін басым шараларын енгізуді көздесе, онда ол да шешімнің экономиканың осындай секторындағы ынтымақтастықты дамытуға ықтимал ықпалын бағалауды қамтуға тиіс.

            6. Тарифтік квоталарды белгілеу туралы ұсыныс:

            а) № 3 қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүше мемлекеттің Комиссияға өтінішін;

            б) ұсыныс негізделген түсіндірме жазбаны;

            в) осы Тәртіптің 3-тармағының "б", "д" - "е" тармақшаларында көзделген ақпаратты қамтуға тиіс.

            7. Комиссияның жүргізу аясына кедендік-тарифтік реттеу мәселелері жататын құрылымдық бөлімшесі мүше мемлекеттің уәкілетті органы енгізген ұсыныстың қаралуын және оның Регламенттің 64-тармағына сәйкес басқа мүше мемлекеттерге жіберілуін қамтамасыз етеді, сондай-ақ осы ұсынысты оған берілген материалдардың жиынтықты әрі осы Тәртіптің 3 - 6-тармақтарында көзделген мәліметтердің толық болуына орай тексереді.

            8. Материалдар немесе мәліметтер толық көлемінде берілмеген жағдайда, Комиссияның жүргізу аясына кедендік-тарифтік реттеу мәселелері жататын құрылымдық бөлімшесі уәкілетті органға қажетті ақпарат беру туралы сауал жібереді.

            9. Комиссия уәкілетті органнан сұрататын ақпаратты беру, сондай-ақ мүше мемлекеттің басқа мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша позициялары Регламенттің 99 және 102-тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.

  Кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін
(маусымдықтарды қоса), тарифтік квоталарды,
тарифтік жеңілдіктер беру жағдайлары мен
шарттарын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды
Еуразиялық экономикалық комиссияға
енгізу тәртібіне
№ 1 ҚОСЫМША
  (нысан)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің _________________________________________________ туралы (Кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін (маусымдықтарды қоса), тарифтік жеңілдіктерді беру жағдайлары мен шарттарын белгілеу) Еуразиялық экономикалық комиссияға ӨТІНІШІ

            Өтініш беруші ______________________________________________

      (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет)

      1. Тауардың атауы________________________________________________

      2. Тауардың ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды______________________________

      3. Кедендік-тарифтік реттеудің қолданыстағы

      (соның ішінде уақытша) шарасы___________________________________

      4. Кедендік-тарифтік реттеудің

      ұсынылатын шарасы____________________________________________

      5. ЕАЭО СЭҚ ТН ұсынылатын кодтары______________________________

                              (ЕАЭО СЭҚ ТН егжей-тегжейі ашылған жағдайда көрсетіледі)

      6. Кедендік-тарифтік реттеу шарасы

      қолданысының ұсынылатын мерзімі _______________________________


      Ескертпе: 1. Нысан кедендік-тарифтік реттеудің әрбір шарасына арнап толтырылады.

            2. Кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін (маусымдықтарды қоса) немесе тарифтік жеңілдіктер беру жағдайлары мен шарттарын белгілеу туралы ұсыныста тауардың коды кодтық белгілеудің 10 разрядты деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес көрсетіледі.

  Кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін
(маусымдықтарды қоса), тарифтік квоталарды,
тарифтік жеңілдіктер беру жағдайлары мен
шарттарын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды
Еуразиялық экономикалық комиссияға
енгізу тәртібіне
№ 2 ҚОСЫМША
  (нысан)

________________________________________бойынша (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет) СТАТИСТИКАЛЫҚ ДЕРЕКТЕР

Көрсеткіштер

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл
(қаңтар - _____)

20__ жыл
(қаңтар - _____)

      Тұтыну көлемі:

      мың тонна (ЕАЭО СЭҚ ТН

      сәйкес өлшем бірлігінде)

      млн. АҚШ доллары

      импорттың үлесі, %

      Өндіріс көлемі:

      мың тонна (ЕАЭО СЭҚ ТН

      сәйкес өлшем бірлігінде)

      млн. АҚШ доллары

      импорттың үлесі, %

      Өндірістік қуаттар:

      мың тонна (өнеркәсіптік өнім үшін)

      Өндірістік қуаттардың жүктелу деңгейі:

      % (өнеркәсіптік өнім үшін)

      Импорт:


Көрсеткіштер

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл

20__ жыл
(қаңтар - _____)

20__ жыл
(қаңтар - _____)

      мың тонна (ЕАЭО СЭҚ ТН

      сәйкес өлшем бірлігінде)

      млн. АҚШ доллары

      импорттың жалпы көлемінің үлесі, %

      Экспорт:

      мың тонна (ЕАЭО СЭҚ ТН

      сәйкес өлшем бірлігінде)

      млн. АҚШ доллары

      экспорттың жалпы көлемінің үлесі, %

      Ескертпе: 1. Статистикалық деректер кодтық белгілеудің 10 разрядты деңгейінде ЕАЭО СЭҚ ТН әрбір коды бойынша келтіріледі.

      2. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында өндірілмейтін ауыл шаруашылығы өнімдеріне, шикізатқа, жеңіл және тамақ өнеркәсібі тауарларына, технологиялық жабдықтар мен тауарларға қатысты көрсеткіштерге түзетулер енгізілуі мүмкін.

      3. Ақпарат Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 45 шешімімен бекітілген Кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін (маусымдықтарды қоса), тарифтік квоталарды, тарифтік жеңілдіктерді беру жағдайлары мен шарттарын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізу тәртібіне сәйкес ұсыныстарды Еуразиялық экономикалық одаққа енгізу жылының алдындағы күнтізбелік 3 жыл үшін, сондай-ақ деректері бар ағымдағы жылдың соңғы кезеңі мен алдыңғы жылдың сондай кезеңі үшін беріледі.

  Кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін
(маусымдықтарды қоса), тарифтік квоталарды,
тарифтік жеңілдіктер беру жағдайлары мен
шарттарын белгілеу жөніндегі ұсыныстарды
Еуразиялық экономикалық комиссияға
енгізу тәртібіне
№ 3 ҚОСЫМША
  (нысан)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің __________________________________________ аумағына (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет) ауыл шаруашылығы тауарларының жекелеген түрлерін әкелу үшін тарифтік квоталар белгілеу туралы
Еуразиялық экономикалық комиссияға ӨТІНІШІ

      Өтініш беруші___________________________________________________

      (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет)


      Тауардың атауы __________________________________________________


      Тауардың АЕАЭО СЭҚ ТН сәйкес коды___________________________________


Көрсеткіштер

Ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізген жылдың алдындағы жыл

Тұтастай ағымдағы жыл

Ұсынысты Еуразиялық экономикалық комиссияға енгізген жылдан кейінгі жыл

20__жыл

20__жыл

20__жыл

      Тұтыну көлемі,

      мың тонна


      Өндіріс көлемі,

      мың тонна


      Импорт көлемі,

      мың тонна


      Экспорт көлемі,

      мың тонна


      Тарифтік квотаның ұсынылатын көлемі,

      мың тонна


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады