Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 25 маусымдағы № 144 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 47 шешімі

            Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың 4-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссияның Алқасы шешті:

            1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің экономикалық даму орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістемесі туралы" 2013 жылғы 25 маусымдағы № 144 шешіміне қосымшаға сәйкес өзгерістер енгізілсін.

            2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының
2015 жылғы 12 мамырдағы
№ 47 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2013 жылғы 25 маусымдағы № 144 шешіміне енгізілетін
ӨЗГЕРІСТЕР

            1. Атауындағы "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа" деген сөздермен ауыстырылсын.

            2. Кіріспедегі "2010 жылғы 9 желтоқсандағы Келісілген макроэкономикалық саясат туралы келісімнің 6-бабы 1-тармағының" деген сөздер "Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың 4-тармағының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша)" деген сөздермен ауыстырылсын.

            3. 1-тармақтағы "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одаққа" деген сөздермен ауыстырылсын.

            4. Көрсетілген Шешіммен бекітілген Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің экономикалық даму орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу әдістемесі мен оған қосымшалар мынадай редакцияда жазылсын:

  "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2013 жылғы 25 маусымдағы
№ 144 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН
  (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2015 жылғы 12 мамырдағы № 47 шешіміннің
редакциясында)

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің
экономикалық даму орнықтылығын айқындайтын
макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу
ӘДІСТЕМЕСІ

            1. Осы Әдістеме Келісілген макроэкономикалық саясатты жүргізу туралы хаттаманың 4-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 14 қосымша) сәйкес әзірленген.

            Ұлттық шоттар жүйесі (1993 жыл) және мынадай: Мемлекеттік қаржы статистикасы жөніндегі нұсқаулық (2001 жыл), Сыртқы борыш статистикасы, Құрастырушылар мен пайдаланушыларға арналған нұсқаулық (2003 жыл), Тұтыну бағаларының индексі жөніндегі нұсқаулық: теория және практика (2007 жыл) деген құжаттарда жазылған Халықаралық валюта қорының ұсынымдары Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі – мүше мемлекеттер) экономикалық даму орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеудің әдіснамалық негізі болып табылады.

      2. Осы Әдістемені Еуразиялық экономикалық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) және мүше мемлекеттер салыстырмалы жағдайда мүше мемлекеттердің экономикалық даму орнықтылығын айқындайтын мынадай макроэкономикалық көрсеткіштерді:

      а) мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығын (профицитін);

      ә) мемлекеттік басқару секторының борышын;

      б) инфляция деңгейін (тұтыну бағаларының индексін) есептеу үшін қолданады.

      3. Осы Әдістемеде мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:

      "шартсыз борыштық міндеттемелер" – кредитордың мемлекеттік басқару секторына белгіленген мерзімде негізгі борыш сомасын төлеу бойынша ақшалай талабы, олар мүлтіксіз орындалуға жатады және оларға:

      кредиттік келісімдер және шарттар, оның ішінде борыштық міндеттемелерді ұзарту және қайта құрылымдау туралы келісімдер мен шарттар;

      бағалы қағаздарды шығару арқылы жүзеге асырылатын қарыздар;

      мүше мемлекеттердің заңнамасында борыштық міндеттемелерге жатқызылған өзге де шартсыз міндеттемелер жатады;

      "әлеуметтік мұқтаждықтарға арналған жарналар (аударымдар)" – өзінің жұмыскерлерінің атынан қаражатты аударатын жұмыс берушілерден не жалдау шартымен емес жұмыс істейтін адамдардан немесе өз атынан қаражат аударатын жұмыспен қамтылмаған адамдардан әлеуметтік қамсыздандыру қорына және (немесе) орталық басқару органдарының бюджетіне нақты немесе шартты есептелген түсімдер;

      "мемлекеттік басқару секторының сыртқы борышы" – шоғырландырылатын позициялар бойынша өзара байланысты көрсеткіштерді қоспағанда, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес сыртқы борыштық міндеттемелерге жататын, мемлекеттік басқару секторының нақты күнге шартсыз борыштық міндеттемелері деп танылған және өтелмеген қалдығы;

      "мемлекеттік басқару секторының ішкі борышы" – шоғырландырылатын позициялар бойынша өзара байланысты көрсеткіштерді қоспағанда, мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес ішкі борыштық міндеттемелерге жататын мемлекеттік басқару секторының нақты күнге шартсыз борыштық міндеттемелері деп танылған және өтелмеген қалдығы;

      "мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығы (профициті)" – қаржылық емес активтерімен операцияларды ескере отырып, мемлекетік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті шығыстарының оның кірістерінен асып түсуі (қаржылық емес активтерімен операцияларды ескере отырып, мемлекетік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті кірістерінің оның шығыстарынан асып түсуі);

      "мемлекеттік басқару секторының борышы" – шоғырландырылған позициялар бойынша өзара байланысты көрсеткіштерді қоспағанда, мемлекеттік басқару секторының нақты күнге шартсыз сыртқы және ішкі борыштық міндеттемелері деп танылған және өтелмеген қалдығы;

      "мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің кірістері (шығыстары)" – мемлекеттік басқару секторының активтері таза құнының ұлғаюына (азаюына) алып келетін мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетіне қосылатын операциялардың барлық түрлері;

      "мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті" – шоғырландырылған позициялар бойынша өзара байланысты көрсеткіштерді қоспағанда, мемлекеттік басқару секторының ақшалай қоры;

      "ұлттық (резервтік) қор" – мүше мемлекеттің макроэкономикалық орнықтылығын қамтамасыз етуге және экономикасын дамытуға бағытталған міндеттерді шешу үшін мамандандырылған шоттарда жинақталатын және оқшауландырылған есепке алуға және басқаруға жататын орталық басқару органдарының бюджеті қаражатының бір бөлігі;

      "қаржылық емес активтермен операциялар" – негізгі қорларды, материалдық айналым құралдарының қорын, құндылықтар мен өндірілмеген активтерді қамтитын қаржылық емес активтердің қорларын өзгертуге алып келетін операциялар (шығып қалуды шегергенде иелену);

      "қаржылық активтермен операциялар" –қаржылық талаптарды, монетарлық алтынды және Халықаралық валюта қоры бөлу тәртібімен ұсынатын арнайы қарыз алу құқығын (СДР) қамтитын қаржылық активтердің қорларын өзгертуге алып келетін операциялар (шығып қалуды шегергенде иелену);

      "міндеттемелері бар операциялар" – міндеттемелер қорларын өзгертуге алып келетін операциялар (өтеуді шегергенде қабылдау);

      "мемлекеттік басқару секторы" – орталық үкіметті (орталық басқару органдары мен әлеуметтік қамсыздандыру қорын), өңірлік басқару органдарын, жергілікті (муниципалды) басқару органдарын қамтитын мемлекеттік басқару органдары;

      "әлеуметтік трансферттер" – әлеуметтік қамсыздандыру қорынан және (немесе) орталық, өңірлік және жергілікті (муниципалды) басқару органдарының бюджетінен халықтың сырқаттану, жұмыстың болмауы, зейнеткерлікке шығу немесе өзге де отбасылық жағдайлар сияқты оқиғалардың нәтижесінде туындайтын мұқтаждықтарын жабу үшін бөлінетін ағымдағы жәрдемақылар;

      "уәкілетті органдар" – мүше мемлекеттердің атқарушылық билік органдары, олардың құзыретіне осы мемлекеттердің экономикалық даму орнықтылығын айқындайтын макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу және (немесе) Қажетті ақпаратты ұсыну және алу мәселелері жөніндегі комиссиямен өзара іс-қимыл жасау кіреді;

      "инфляция деңгейі (тұтыну бағаларының индексі)" – үй шаруашылықтары (халық) өндірістік емес тұтыну үшін сатып алатын тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсету бағаларының жалпы деңгейінің уақыт өте келе өзгеруі, бұл тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетудің тіркелген жиынтығы құнының ағымдағы кезеңдегі бағасының оның бұған дейінгі (базистік) кезеңдегі бағасындағы құнының арақатынасы ретінде есептеледі;

      "шартты борыш міндеттемелері" - мемлекеттік басқару секторының кепілдіктерімен және кепілгерлігімен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыздардың нақты күнге алынған және өтелмеген сомасы (егер мүше мемлекеттердің заңнамасында өзгеше көзделмесе);

      "тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетудің тіркелген жиынтығы" – берілген уақыт кезеңі ішінде өзгермейтін, құрамдас элементтерінің белгілі бір сандық арақатынасы бар үй шаруашылықтары (халық) тұтынатын, репрезентативті іріктелген тауарлар мен қызметтер көрсету тізбесі;

      "қаржы жылы" – күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан басталып 31 желтоқсанында аяқталатын уақыт кезеңі;

      "әлеуметтік қамсыздандыру қоры" – бюджеттен тыс ұйым, оның қызметі халыққа әлеуметтік мұқтаждықтарға арналған жарналар (аударымдар) есебінен әлеуметтік трансферттер ұсыну (төлеу) арқылы әлеуметтік бағдарламалардың жұмыс істеуінен тұрады, атап айтқанда:

      Беларусь Республикасында – Беларусь Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің Халықты әлеуметтік қорғау қоры;

      Қазақстан Республикасында – "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамы;

      Ресей Федерациясында – Ресей Федерациясының зейнетақы қоры, Федералдық міндетті медициналық сақтандыру қоры, аумақтық міндетті медициналық сақтандыру қорлары және Ресей Федерациясының әлеуметтік сақтандыру қоры.

      4. Мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығы (профициті) мынадай формула бойынша есептеледі:

      Т(П)ШБ = КШБ – ШШБ – ОҚЕА,

      мұнда:

      Т(П)ШБ – ұлттық валюта бірлігінде өлшенген, мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығы (профициті);

      КШБ – ұлттық валюта бірлігінде өлшенген, мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің кірістері;

      ШШБ – ұлттық валюта бірлігінде өлшенген, мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің шығыстары;

      ОҚЕА – ұлттық валюта бірлігінде өлшенген, мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің қаржылық емес активтерімен операция.

      Мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығын (профицитін) айқындайтын, жалпы ішкі өнімге пайыздағы макроэкономикалық көрсеткіш мынадай формула бойынша есептеледі:

      Т(П)ШБ (%) = Т(П)ШБ / ЖІӨ х 100%,

      мұнда:

      Т(П)ШБ (%) – мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің жалпы ішкі өнімге пайыздағы тапшылығы (профициті),

      ЖІӨ - ұлттық валюта бірлігінде өлшенген, қаржы жылының ағымдағы бағасындағы жалпы ішкі өнімнің көлемі;

      Мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша Комиссия уәкілетті органның осы әдістемеге сәйкес Комиссияға ұсынатын мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті тапшылығының (профицитінің) және жалпы ішкі өнімнің номиналды көлемі туралы ақпараты негізінде мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің жалпы ішкі өнімге пайыздағы тапшылығының (профицитінің) макроэкономикалық көрсеткішін өзі дербес есептейді.

      5. Мемлекеттік басқару секторының борышы мынадай формула бойынша есептеледі:

      БМБС = БОБО + БӨБО + БЖБОDК,

      мұнда:

      БМБС – мемлекеттік басқару секторының борышы;

      БОБО – орталық басқару органдарының борышы;

      БӨБО - өңірлік басқару органдарының борышы;

      БЖБО – жергілікті (муниципалды) басқару органдарының борышы;

      DК – шоғырландырылған позициялар бойынша өзара байланысты көрсеткіштер.

      Мемлекетттік басқару секторның борышы мемлекеттік басқару секторының сыртқы және ішкі борышынан тұрады.

      Мемлекеттік басқару секторы борышының құрамына мемлекеттік басқару секторының шартты борыштық міндеттемелері және ақшалай-кредиттік реттеу органдарының борыштық міндеттемелері қосылмайды.

      Мемлекеттік басқару секторы борышының шамасы номиналдық құн бойынша айқындалады.

      Мемлекеттік басқару секторы борышының жалпы ішкі өнімге пайыздағы макроэкономикалық көрсеткіші мемлекеттік басқару секторының жалпы ішкі өнімнің көлеміне пайыздағы сыртқы және ішкі борыш көрсеткіштері мәнінің сомасы ретінде есептеледі:

      ҚМБС (%) = ҚМБССыртқы (%) + ҚМБСІшкі (%),

      мұнда:

      ҚМБС (%) – мемлекеттік басқару секторының жалпы ішкі өнімге пайыздағы борышы;

      ҚМБССыртқы (%) - мемлекеттік басқару секторының жалпы ішкі өнімге пайыздағы сыртқы қарызы;

      ҚМБСІшкі (%) - мемлекеттік басқару секторының жалпы ішкі өнімге пайыздағы ішкі қарызы.

      Мемлекеттік басқару секторының жалпы ішкі өнімге пайыздағы сыртқы және ішкі борышының көрсеткіші есепті кезеңнің соңғы күнінің соңына (қаржы жылы, тоқсан) тоқсандық жалпы ішкі өнім көлемінің сомасына (бұған дейінгі 4 тоқсан) шетелдік және ұлттық валютада қарызға алынған (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті) борыштың номиналдық көлемі арақатынасының сомасы ретінде есептеледі. Бұл ретте, есепті кезеңнің соңғы күнінің соңына (қаржы жылы, тоқсан) қарызға алынған шетел валютасындағы (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті) сыртқы және ішкі борыштың номиналдық көлемінің бір бөлігі ұлттық валютада көрсетілген және мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері есептеген ұлттық валютаның орташа тоқсандық бағамы бойынша АҚШ долларында қайта есептелген жалпы ішкі өнімнің (алдыңғы 4 тоқсан) тоқсандық көлемінің сомасына бөлінеді, ал есепті кезеңнің соңғы күнінің соңына (қаржы жылы, тоқсан) қарызға алынған ұлттық валютадағы сыртқы және ішкі борыштың номиналдық көлемінің бір бөлігі ұлттық валютадағы жалпы ішкі өнімнің (алдыңғы 4 тоқсан) тоқсандық көлемінің сомасына бөлінеді.

      Мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша Комиссия мемлекеттік басқару секторының Комиссияға ұсынатын есепті кезеңінің соңғы күнінің соңына (қаржы жылы, тоқсан) міндеттемелер валютасы бойынша (ұлттық валютада, шетелдік валютадағы алынған қарыз (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті)) сыртқы және ішкі борышының номиналдық көлемдері туралы, ұлттық валютадағы жалпы ішкі өнімнің тоқсандық көлемі (алдыңғы 4 тоқсан) туралы, сондай-ақ осы мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі есептеген ұлттық валютаның АҚШ долларына орташа тоқсандық бағамы туралы ақпарат негізінде жалпы ішкі өнімге пайыздағы мемлекеттік басқару секторы борышының макроэкономикалық көрсеткішін дербес есептейді.

      Мүше мемлекеттің ұсынысы бойынша Комиссия осы Әдістемеге сәйкес есептелген жалпы ішкі өнімге пайыздардағы мемлекеттік басқару секторы борышының көрсеткішін есепті кезеңнің (қаржы жылы, тоқсан) соңғы күнінің соңына мүше мемлекеттің ұлттық (орталық) банкі белгілеген ұлттық валютаның шетел валютасына (АҚШ долларына) ресми бағамы бойынша ұлттық валютамен қайта есептелген, есепті кезеңнің (қаржы жылы, тоқсан) соңғы күнінің соңына мемлекеттік басқару секторы борышы көлемінің ұлттық валютадағы жалпы ішкі өнім көлеміне (алдыңғы 4 тоқсан үшін) қатынасы ретінде есептелген жалпы ішкі өнімге пайыздардағы мемлекеттік басқару секторы борышының көрсеткішімен салыстырма бағалауды жүргізеді.

      6. Мүше мемлекеттерде инфляция деңгейін (тұтыну бағаларының индексін) есептеу әдістемесі Тұтыну бағаларының индексі жөніндегі нұсқаулық: теория және практика (2007 жыл) деген құжатта жазылған халықаралық әдіснамаға негізделеді.

      Жылдық тұрғыдан инфляция деңгейінің көрсеткіші (тұтыну бағаларының индексі) талдау жүргізілетін жылдың желтоқсанындағы бағалармен көрсетілген тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетудің тіркелген жиынтық құнының алдыңғы жылдың желтоқсанындағы бағалармен көрсетілген құнына пайыздық арақатынасы ретінде өлшенеді.

      Инфляция деңгейіне тоқсандық мониторинг жүргізу үшін (тұтыну бағаларының индексі) ағымдағы жыл тоқсанының соңғы айындағы бағалармен көрсетілген тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетудің тіркелген жиынтық құнының алдыңғы жылдың осындай айындағы бағалармен көрсетілген құнына пайыздық арақатынасы ретінде көрсетілген, жылдық тұрғыдан өлшенген көрсеткіш қолданылады.

      Талдамалық мақсаттарда жылдың басы кезеңіне талдау жүргізілетін айдағы бағалармен көрсетілген тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетудің тіркелген жиынтық құнының алдыңғы жылдың желтоқсанындағы бағалармен көрсетілген құнына пайыздық арақатынасы ретінде өлшенетін инфляция деңгейінің (тұтыну бағаларының индексі) көрсеткіші қолданылады.

      Инфляция деңгейін (тұтыну бағаларының индексі) есептеуді ұлттық әдіснамаға сәйкес мүше мемлекеттер жүргізеді.

      Инфляция деңгейін (тұтыну бағаларының индексін) есептеу кезінде тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетудің тіркелген жиынтығында, сондай-ақ мүше мемлекеттердің үй шаруашылықтарының (халықтың) тауарлар мен қызметтерді тұтынудағы ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып, тұтыну тауарлары мен қызметтер көрсетудің тіркелген жиынтығының жалпы көлеміндегі үлесінде (таразысында) айырмашылықтарға жол беріледі.

      7. Уәкілетті органдар осы Әдістеменің 4-6-тармақтарындағы ережелерді ескере отырып, Комиссияға осы Әдістемеге сәйкес есептелген мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті тапшылығының (профицитінің) көрсеткіштері, мемлекеттік басқару секторының борышы, инфляция деңгейі (тұтыну бағаларының индексі) бойынша, сондай-ақ қосымшаға сәйкес көрсеткіштер бойынша ақпаратты ұсынады.

      Уәкілетті органдардың Комиссияға көрсетілген ақпаратты ұсынуы Еуразиялық экономикалық одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату тәртібі туралы хаттамаға сәйкес жүзеге асырылады (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 4-қосымша).

  Еуразиялық экономикалық одаққа мүше
мемлекеттердің экономикалық даму
орнықтылығын айқындайтын
макроэкономикалық көрсеткіткіштерді
есептеу әдістемесіне
ҚОСЫМША
  (Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 47
шешімінің редакциясында)

Экономикалық даму орнықтылығын айқындайтын
макроэкономикалық көрсеткіштерді есептеу үшін
пайдаланылатын көрсеткіштер тізбесі


Код*

І. Мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған
бюджетінің операциялары


1. Орталық басқару органдары бюджетінің кірістері (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

1

2. Орталық басқару органдары бюджетінің шығыстары (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

2

3. Орталық басқару органдары бюджетінен төленетін әлеуметтік трансферттер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

27

4. Орталық басқару органдары бюджетінен төленетін зейнетақылар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


5. Орталық басқару органдары бюджетінен төленетін орталық басқару органдарының борышына қызмет көрсетуге арналған төлемдер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

24

6. Орталық басқару органдары бюджетінің қаржылық емес активтерімен операциялар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

31

7. Орталық басқару органдары бюджетінің тапшылығы (профициті) (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

CSD

8. Өңірлік басқару органдары бюджетінің кірістері (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

1

9. Өңірлік басқару органдары бюджетінің шығыстары (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

2

10. Өңірлік басқару органдары бюджетінен төленетін өңірлік басқару органдарының борышына қызмет көрсетуге арналған төлемдер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

24

11. Өңірлік басқару органдары бюджетінің қаржылық емес активтерімен операциялар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

31

12. Өңірлік басқару органдары бюджетінің тапшылығы (профициті) (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

CSD

13. Жергілікті (муниципалды) басқару органдары бюджетінің кірістері (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

1

14. Жергілікті (муниципалды) басқару органдары бюджетінің шығыстары (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

2

15. Жергілікті (муниципалды) басқару органдары бюджетінен жергілікті (муниципалды) басқару органдарының борышына қызмет көрсетуге төленетін төлемдер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

24

16. Жергілікті (муниципалды) басқару органдары бюджетінің қаржылық емес активтерімен операция (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

31

17. Жергілікті (муниципалды) басқару органдары бюджетінің тапшылығы (профициті) (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

CSD

18. Әлеуметтік қамсыздандыру қоры бюджетінің кірістері (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

1

19. Әлеуметтік қамсыздандыру қорының бюджетіне әлеуметтік мұқтаждықтарға аударылатын жарналар (аударымдар) (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

12

20. Әлеуметтік қамсыздандыру қоры бюджетінің шығыстары (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

2

21. Әлеуметтік қамсыздандыру қоры бюджетінен төленетін әлеуметтік трансферттер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

27

22. Әлеуметтік қамсыздандыру қоры бюджетінен төленетін зейнетақылар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


23. Әлеуметтік қамсыздандыру қоры бюджетінің қаржылық емес активтерімен операциялар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

31

24. Әлеуметтік қамсыздандыру қоры бюджетінің тапшылығы (профициті) (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

CSD

25. Мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің кірістері (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

1

26. Мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің шығыстары (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

2

27. Мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінен мемлекеттік басқару секторының борышына қызмет көрсетуге төленетін төлемдер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

24

28. Мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің қаржылық емес активтерімен операциялар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

31

29. Мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджетінің тапшылығы (профициті) (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

CSD

30. Ұлттық (резервтік) қордың есепті кезең басына қаражаты (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


31. Ұлттық (резервтік) қорға есепті кезеңдегі түсімдер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


32. Ұлттық (резервтік) қорды есепті кезеңде пайдалану (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


33. Ұлттық (резервтік) қордың есепті кезең соңына қаражаты (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


ІІ. Мемлекеттік басқару секторының қаржылық
активерімен және міндеттемелерімен операциялар


34. Қаржылық активтер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

32

35. Ішкі қаржылық активтер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

321

36. Валюта және депозиттер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3212

37. Акциялардан басқа, бағалы қағаздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3213

38. Кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3214

39. Басқа деңгейдегі бюджеттерге кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


40. Резидент заңды тұлғаларға кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


41. Резидент жеке тұлғаларға кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


42. Акциялар және капиталға қатысудың басқа да нысандары (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3215

43. Басқа да дебиторлық берешек (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3218

44. Сыртқы қаржылық активтер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

322

45. Валюта және депозиттер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)

3222

46. Акциялардан басқа, бағалы қағаздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)

3223

47. Кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)

3224

48. Резидент емес заңды тұлғаларға кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)


49. Шет мемлекеттерге кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


50. Акциялар және капиталға қатысудың басқа да нысандары (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3225

51. Басқа да дебиторлық берешек (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3228

52.Монетарлық алтын және СДР (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

323

53. Міндеттемелер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

33

54. Ішкі міндеттемелер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

331

55. Валюта және депозиттер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3312

56. Акциялардан басқа, бағалы қағаздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3313

57. Кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3314

58. Басқа деңгейдегі бюджеттерден кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


59. Резидент заңды тұлғалардан кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


60. Басқа да кредиторлық берешек (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3318

61. Сыртқы міндеттемелер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

332

62. Валюта және депозиттер (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3322

63. Акциялардан басқа, бағалы қағаздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3323

64. Кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3324

65. Резидент емес заңды тұлғалардан кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


66. Шет мемлекеттерден кредиттер мен қарыздар (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


67. Басқа да кредиторлық берешек (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 

3328

ІІІ. Мемлекеттік басқару секторының борышы


1. Орталық үкіметтің борышы


68. Орталық үкіметтің сыртқы борышы (шетелдік валютаның миллион бірлігінде (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті), жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


69. Орталық үкіметтің сыртқы борышы (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


70. Орталық үкіметтің ішкі борышы (шетелдік валютаның миллион бірлігінде (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті), жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


71. Орталық үкіметтің ішкі борышы (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


72. Орталық үкіметтің шартты борыштық міндеттемелері (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)**
 


2. Өңірлік басқару органдарының борышы


73. Өңірлік басқару органдарының сыртқы борышы (шетелдік валютаның миллион бірлігінде (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті), жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


74. Өңірлік басқару органдарының сыртқы борышы (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


75. Өңірлік басқару органдарының ішкі борышы (шетелдік валютаның миллион бірлігінде (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті), жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


76. Өңірлік басқару органдарының ішкі борышы (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


77. Өңірлік басқару органдарының шартты борыштық міндеттемелері (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда) **
 


3. Жергілікті (муниципалды) басқару органдарының борышы


78. Жергілікті (муниципалды) басқару органдарының сыртқы борышы (шетелдік валютаның миллион бірлігінде (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті), жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


79. Жергілікті (муниципалды) басқару органдарының сыртқы борышы (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


80. Жергілікті (муниципалды) басқару органдарының ішкі борышы (шетелдік валютаның миллион бірлігінде (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті), жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


81. Жергілікті (муниципалды) басқару органдарының ішкі борышы (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


82. Жергілікті (муниципалды) басқару органдарының шартты борыштық міндеттемелері (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


4. Шоғырландырылған позициялар бойынша өзара байланысты
көрсеткіштерді қоспағанда, мемлекеттік басқару секторының борышы


83. Мемлекеттік басқару секторының сыртқы борышы (шетелдік валютаның миллион бірлігінде (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті), жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


84. Мемлекеттік басқару секторының сыртқы борышы (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


85. Мемлекеттік басқару секторының ішкі борышы (шетелдік валютаның миллион бірлігінде (АҚШ долларындағы борыштық міндеттемелер көлемінің эквиваленті), жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


86. Мемлекеттік басқару секторының ішкі борышы (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)
 


87. Мемлекеттік басқару секторының шартты борыштық міндеттемелері (ұлттық валютаның миллион бірлігінде, жалпы ішкі өнімге пайызда)**


      _______________

      * Мемлекеттік басқару секторының шоғырландырылған бюджеті операцияларының коды, сондай-ақ қаржылық активтермен және міндеттемелермен операциялар кодтары Мемлекеттік қаржылық статистика жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес келтірілген (Халықаралық валюта қоры, 2001 жыл).

      ** Ақпарат талдамалық мақсаттарда ұсынылады.".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады