Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 48 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 7-тармағының, 43-тармағы 2) тармақшасының және 44-тармағының (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Мыналардың:

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Статистика жөніндегі консультативтік комитет туралы" 2013 жылғы 27 тамыздағы № 177 шешімі 2-тармағының;

      Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Статистика жөніндегі консультативтік комитеттің құрамына өзгерістер енгізу туралы" 2014 жылғы 25 тамыздағы № 143 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады