Кеден одағының "Темекі өніміне арналған техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 035/2014) өтпелі ережелері туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 мамырдағы № 53 шешімі

      Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 48 шешімімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламентін әзірлеу, қабылдау, оған өзгерістер енгізу мен оның күшін жою тәртібі туралы ереженің 6-тармағын ескере отырып, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің 52-бабының 2-тармағына, 3-тармағына (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша), Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес, Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      а) Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін Еуразиялық экономикалық комиссия актілерімен немесе Одаққа мүше мемлекеттердің заңнамасымен бекітілген, Кеден одағының "Темекі өніміне арналған техникалық регламент" техникалық регламентінің (КО ТР 035/2014) (бұдан әрі тиісінше – мүше мемлекет, өнім, техникалық регламент) техникалық реттеу объектісі болып табылатын өнімге қатысты техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған міндетті талаптардың сәйкестігін бағалау туралы құжаттар олардың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін, бірақ 2017 жылғы 15 қарашадан кешіктірілмей жарамды болады;

      б) техникалық регламент күшіне енген күнге дейін берілген немесе қабылданған, өнімнің көрсетілген міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау туралы құжаттар бар болған кезде Одақ құқығына кіретін актілермен немесе мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкес 2017 жылғы 15 қарашаға дейін Одақтың аумағында өнімді өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі деп белгіленсін.

      Өнім мүше мемлекеттің заңнамасына сай ұлттық сәйкестік таңбасымен (Одақ нарығындағы айналыс таңбасымен) таңбаланады. Мұндай өнімді Одақ нарығындағы өнім айналымының бірыңғай таңбасымен таңбалауға жол берілмейді.

      в) Одақ құқығына кіретін актілерге немесе мүше мемлекеттердің заңнамасына сай техникалық регламент күшіне енген күнге дейін сәйкестігін міндетті бағалауға жатпайтын өнімді өнімнің сәйкестігін міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және ұлттық сәйкестік таңбасымен (нарықтағы айналыс таңбасымен) таңбаламай 2016 жылғы 15 қарашаға дейін Одақтың аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға жол беріледі;

      г) осы тармақтың "б" және "в" тармақшаларында көрсетілген өнімнің айналысына осындай өнім айналысқа шығарылған мүше мемлекеттің аумағында ол толығымен іске асырылғанға дейін жол беріледі деп белгіленсін.

      2. Ресей Федерациясының Үкіметі мүше мемлекеттермен бірлесіп :

      а) техникалық регламентті қолдану мен оның талаптарын орындау және өнімнің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті қағидалар мен зерттеу (сынақтан өткізу) және өлшем әдістерін, оның ішінде үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама жобасын;

      б) кедендік декларацияны беру техникалық регламент талаптарына сәйкестігін бағалау туралы құжатпен бірге жүретін өнім тізбесінің жобасын әзірлесін және 2015 жылғы 15 шілдеге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынсын.

      3. Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі мүше мемлекеттердің денсаулық сақтау министрліктерімен бірлесіп :

      а) жасаушы, бақылаушы ұйым және (немесе) импорттаушы мүше мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органына ұсынатын, есепті күнтізбелік жыл ішінде өткізілген темекі өнімдерінің құрамы және одан бөлінетін заттар туралы мәліметтерді қамтитын есеп нысанының жобасын;

      б) темекі өнімдерін пайдаланудың зияны туралы ескертулер нобайларының және оларды темекі өнімінің тұтыну қорабына жазу параметрлерінің жобаларын әзірлесін және 2015 жылғы 1 маусымға дейін Еуразиялық экономикалық комиссияға ұсынсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады