Уақытша әкелудің шекті мерзімдері Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленгеннен ұзағырақ болып белгіленетін тауарлар санаттарының тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 61 шешімі

            Кеден одағы Кеден кодексі 280-бабының 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

            1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешімімен бекітілген Уақытша әкелудің шекті мерзімдері Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленгеннен ұзағырақ болып белгіленетін тауарлар санаттарының тізбесі мынадай мазмұндағы 14-позициямен толықтырылсын:


      "14. Кавказ порты – Керчь порты, Новороссийск порты – 3 (үш) жыл".

      Феодосия порты, Геленджик порты – Керчь порты,

      Темрюк порты – Керчь порты, Новороссийск

      порты – Керчь порты, Новороссийск порты –

      Севастополь порты желілерінде жүктер мен

      жолаушылар тасымалдауды жүзеге асыру

      мақсатында Еуразиялық экономикалық одаққа

      мүше мемлекеттердің тұлғалары тайм-чартер

      немесе бербоут-чартер шарты бойынша жалдаған,

      оларға қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтар

      төлеуден толық шартты босату берілген,

      шетелдік тұлғалардың меншігінде болатын

      уақытша әкелінетін теңіз паромдары

      (ЕАЭО СЭҚ ТН 8901 10 100 9 коды)


            2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 24 шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады