2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына және Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасынан кіші қосалқы позициялар алып тасталсын;
б) № 2 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасына кіші қосалқы позициялар қосылсын;
в) № 3 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері белгіленсін;
г) Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 50С ескертуімен толықтырылсын:
"50С)Кедендік құнның 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендікәкелу бажының мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 64 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қолданылады.";
д) 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап:
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелері № 4 қосымшаға сәйкес белгіленсін;
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне ескертулер мынадай мазмұндағы 35С ескертуімен толықтырылсын:
"35С) Кедендік құнның 0 (нөл) %-ы мөлшеріндегі кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі 2015 жылғы 1 қыркүйектен бастап қоса алғанда 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта қолданылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 64 шешіміне № 1 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Бірыңғай тауар номенклатурасынан алып тасталатын
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Толықт. өлш. бірл. |
8526 92 000 9 - - - өзгесі дана
9306 90 100 0 - - әскери мақсаттар үшін -
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 64 шешіміне № 2 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің
Бірыңғай тауар номенклатурасына енгізілетін
КІШІ ҚОСАЛҚЫ ПОЗИЦИЯЛАР
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Толықт. өлш. бірл. |
8526 92 000 2 - - - барлаушы-соққылаушы пилотсыз ұшу дана
аппараттарын басқару үшін14)
8526 92 000 8 - - - өзгесі дана
9306 90 100 - - әскери мақсаттар үшін:
9306 90 100 1 - - - барлаушы-соққылаушы пилотсыз ұшу -
аппараттарына орнату үшін14)
9306 90 100 9 - - - өзгелері -
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 64 шешіміне № 3 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің
кедендік әкелу баждарының
МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құнның пайыздарында не еврода, не АҚШ долларында) |
8526 92 000 2 - - - барлаушы-соққылаушы пилотсыз ұшу 6,750С)
аппараттарын басқару үшін14)
8526 92 000 8 - - - өзгесі 6,7
9306 90 100 1 - - - барлаушы-соққылаушы пилотсыз ұшу 1850С)
аппараттарын орнату үшін14)
9306 90 100 9 - - - өзгелері 18
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 64 шешіміне № 4 ҚОСЫМША |
Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің
кедендік әкелу баждарының
МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ
СЭҚ ТН коды | Позицияның атауы | Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құнның пайыздарында не еврода, не АҚШ долларында) |
8526 92 000 2 - - - барлаушы-соққылаушы пилотсыз ұшу 535С)
аппараттарын басқару үшін14)
8526 92 000 8 - - - өзгесі 5
9306 90 100 1 - - - барлаушы-соққылаушы пилотсыз ұшу 1735С)
аппараттарын орнату үшін14)
9306 90 100 9 - - - өзгелері 17