Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу бажы мөлшерлемесін өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 9 маусымдағы № 65 шешімі

            Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 43-тармағының 3-тармақшасына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешіміне сәйкес, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабын іске асыру мақсатында Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

            1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 16 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі кедендік әкелу бажы мөлшерлемесін өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауарлар тізбесіне мынадай өзгерістер енгізілсін:

            а) ЕАЭО СЭҚ ТН 8407 10 000 9 коды бар позициясы мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

      "8407 10 000 2 - - барлаушы-соққылаушы пилотсыз ұшу
      аппараттарына орнату үшін14)
     
      8407 10 000 8 - - өзгелері";

            б) ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 20 000 9 коды бар позиция мынадай мазмұндағы позициялармен ауыстырылсын:

      "8802 20 000 2 - - барлаушы-соққылаушы пилотсыз ұшу аппараттары14)
     
      8802 20 000 8 - - өзгелері".

            2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2015 жылғы 28 мамырдағы № 26 шешімі күшіне енген күннен бастап күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко
     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады