Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 279 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 14 шілдедегі № 76 шешімі

            2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1.      Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Ерікті негізде қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Орау қауіпсіздігі туралы" техникалық регламенті (КО ТР 005/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақтан өткізу) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Орау қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану мен орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 279 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының
2015 жылғы 14 шілдедегі
№ 76 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының
2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 279 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1.      Атауындағы және 1-тармақтағы "өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2.      Аталған Шешіммен бекітілген Ерікті негізде қолдану нәтижесінде "Қаптама қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламенті (КО ТР 005/2011) талаптарының сақталуы қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеу (сынақтан өткізу) және өлшеу қағидалары мен әдістерін, оның ішінде "Қаптама қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 005/2011) талаптарын қолдану мен орындау үшін қажетті үлгілерді іріктеп алу және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:

      а) атауындағы "өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды)" деген сөздер "техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) кестенің бас жағындағы 7-бағанның атауындағы "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

            в) 5-бағанда 4-позициядағы "2013" деген цифрлар "2015" деген цифрлармен ауыстырылсын, 6-бағандағы "2014" деген цифрлар "2016" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            г) 5-позицияда:

            3-бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ресурс үнемдеу. Қаптама. Пайдалануда болған қаптаманы қайталама материалдық ресурстар ретінде қайта өңдеу үшін оған қойылатын талаптар. МЕМСТ Р 53742-2009 негізінде МЕМСТ әзірлеу";

            7-бағандағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Ресей Федерациясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

            д) 10-позицияда:

            3-бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ресурс үнемдеу. Қаптама. Қайтадан пайдалану. МЕМСТ Р 53759-2009 негізінде МЕМСТ әзірлеу";

            7-бағандағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Ресей Федерациясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

            е) 7-бағанда 12-позициядағы "Қазақстан Республикасы" деген сөздер "Ресей Федерациясы" деген сөздермен ауыстырылсын;

            ж) 6-бағанда 13-позициядағы "2013" деген цифрлар "2015" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            з) 6-бағанда 17, 30, 40, 46, 48, 66, 714, 78, 79, 84, 89, 94, 101 және 103-позициялардағы "2015" деген цифрлар "2016" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            и) 6-бағанда 18, 26, 43, 76, 77, 83, 100, 105 және 106-позициялардағы "2014" деген цифрлар "2016" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            к) 6-бағанда 19-позициядағы "2014" деген цифрлар "2017" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            л) 6-бағанда 20, 32, 61 және 64-позициялардағы "2014" деген цифрлар "2015" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            м) 6-бағанда 31, 51, 53 - 55 және 63-позициялардағы "2015" деген цифрлар "2017" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            н) 6-бағанда 33 және 47-позициялардағы "2013" деген цифрлар "2017" деген цифрлармен ауыстырылсын;

      о) 52-позицияда:

            3-бағандағы "Қораптар" деген сөз "Тұтыну қаптамасы" деген сөздермен ауыстырылсын;

            6-бағандағы "2015" деген цифрлар "2016" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            п) 3-бағанда 67-позициядағы "ылғал өткізу" деген сөздер "ылғал өткізбеушілік" деген сөздермен ауыстырылсын, 6-бағандағы "2015" деген цифрлар "2016" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            р) 5-бағанда 80-позициядағы "2013" деген цифрлар "2014" деген цифрлармен ауыстырылсын, 6-бағандағы "2014" деген цифрлар "2016" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            с) 5-бағанда 82, 85, 88, 90, 92, 97 – 99, 102, 104, 107 - 112-позициялардағы "2013" деген цифрлар "2015" деген цифрлармен ауыстырылсын, 6-бағандағы "2014" деген цифрлар "2017" деген цифрлармен ауыстырылсын;

            т) 5-бағанда 86-позициядағы "2014" деген цифрлар "2015" деген цифрлармен ауыстырылсын, 6-бағандағы "2015" деген цифрлар "2017" деген цифрлармен ауыстырылсын.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады