2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 58-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 22-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімімен бекітілген Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың "Жалпы ережелер" бөлімі бірінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
"2015 жылғы 1 шілдеден бастап № 1 қосымшаның ІІ бөлімінде көзделген шаралар бақылауда болатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумағында тұтыну үшін Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген кезде қолданылады.".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының ТөрағасыВ. Христенко |