Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының ескертулеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 87 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 45-бабына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының ескертуіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешіммен көзделген 1-тармақтың "б" тармақшасына, 2-тармақтың "б" тармақшасына, 3-тармақтың "б" тармақшасына, 4-тармақтың "б" тармақшасына, 5-тармақтың "б" тармақшасына, 6-тармақтың "б" тармақшасына және 7-тармақтың "б" тармақшасына өзгерістерді қоспағанда, осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Осы Шешіммен көзделген 1-тармақтың "б" тармақшасына, 2-тармақтың "б" тармақшасына, 3-тармақтың "б" тармақшасына, 4-тармақтың "б" тармақшасына, 5-тармақтың "б" тармақшасына, 6-тармақтың "б" тармақшасына және 7-тармақтың "б" тармақшасына өзгерістер 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы шарт қолданысқа енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының 2015 жылғы
18 тамыздағы № 87 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының ескертулеріне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің атқарушы билік органының көлік саласындағы уәкілі" деген кестеде:

      а) Беларусь Республикасына қатысты позицияның алдынан мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Армения Республикасы

Армения Республикасының Көлік және байланыс министрлігі";
 

      б) Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Қырғыз Республикасы

Қырғыз Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі".
 

      2. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты тұжырымдау және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" деген кестеде:

      а) Беларусь Республикасына қатысты позицияның алдынан мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Армения Республикасы

Армения Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі";
 

      б) Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Қырғыз Республикасы

Қырғыз Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі".
 

      3. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің өнеркәсіп саласындағы мемлекеттік саясатты тұжырымдау және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" деген кестеде:

      а) Беларусь Республикасына қатысты позицияның алдынан мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Армения Республикасы

Армения Республикасының Экономика министрлігі";
 

      б) Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Қырғыз Республикасы

Қырғыз Республикасының Энергетика және өнеркәсіп министрлігі".
 

      4. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің ветеринария, карантин және өсімдіктерді қорғау саласындағы бақылау мен қадағалау жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" деген кестеде:

      а) Беларусь Республикасына қатысты позицияның алдынан мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Армения Республикасы

Армения Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі, Армения Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Тамақ өнімдері қауіпсіздігінің мемлекеттік қызметі";
 

      б) Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Қырғыз Республикасы

Қырғыз Республикасының Ауыл шаруашылығы және мелиорация министрлігі, Қырғыз Республикасының Үкіметі жанындағы Ветеринариялық және фитосанитариялық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекция".
 

      5. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің отын-энергетика кешені саласындағы мемлекеттік саясатты тұжырымдау мен іске асыру және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" деген кестеде:

      а) Беларусь Республикасына қатысты позицияның алдынан мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Армения Республикасы

Армения Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі";
 

      б) Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Қырғыз Республикасы

Қырғыз Республикасының Энергетика және өнеркәсіп министрлігі".
 

      6. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің жер қойнауын пайдалану саласында мемлекеттік қызмет көрсету және мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" деген кестеде:

      а) Беларусь Республикасына қатысты позицияның алдынан мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Армения Республикасы

Армения Республикасының Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі";
 

      б) Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Қырғыз Республикасы

Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Геология және минералдық ресурстар жөніндегі мемлекеттік агенттік".
 

      7. "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты тұжырымдау мен іске асыру және нормативтік-құқықтық реттеу жөніндегі функцияларын жүзеге асыратын атқарушы биліктің уәкілетті органы" деген кестеде:

      а) кестенің атауында "қорғаныс" деген сөз "қорғаныс," деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) Беларусь Республикасына қатысты позицияның алдынан мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:


"Армения Республикасы

Армения Республикасының Қорғаныс министрлігі";
 

      в) Қазақстан Республикасына қатысты позициядан кейін мынадай мазмұндағы позициямен толықтырылсын:

 
"Қырғыз Республикасы

 
Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі".


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады