2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы шартқа 2014 жылғы 23 желтоқсанда қол қойылуына байланысты және Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа №1 қосымша) 14-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Кедендік декларациялар толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне өзгерістер енгізілсін.
2. Осы Шешім 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа Қырғыз Республикасының қосылуы туралы 2014 жылғы 23 желтоқсандағы шарт күшіне енген күннен бастап, бірақ осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы
|
В. Христенко
|
|
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 86 шешіміне ҚОСЫМША |
Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Кеден төлемдерін төлеу жөніндегі жеңілдіктер сыныптауышында (7-қосымша):
а) 1.1 кіші бөлімде:
BC коды бар позицияда "2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Беларусь Республикасына және Қазақстан Республикасына әкелінетін" деген сөздер "2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықта Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына әкелінетін" деген сөздермен ауыстырылсын, "2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықта Беларусь Республикасына және Қазақстан Республикасына әкелінетін, - " деген сөздер "2017 жылғы 1 қаңтардан бастап 2019 жылғы 30 маусымға дейінгі аралықта Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына әкелінетін" деген сөздермен ауыстырылсын;
CPкоды бар позиция мынадай редакцияда жазылсын:
"BC коды бар позицияда көрсетілген, жеңілдіктерді қолдана отырып Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына әкелінген және жөндеу немесе техникалық қызмет көрсетілгеннен кейін оларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағынан тыс пайдалану мерзімі ішінде Армения Республикасына, Беларусь Республикасына, Қазақстан Республикасына және Қырғыз Республикасына әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 8802 40 003 5 және 8802 40 003 6 кіші қосалқы позициясындағы азаматтық жолаушылар ұшақтарына қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату
|
CP";
|
ЗУ коды бар позицияда "Армения Республикасы Қарулы күштерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Армения Республикасына" деген сөздер "тиісінше Армения Республикасы Қарулы күштерінің және Қырғыз Республикасы Қарулы күштерінің қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін Армения Республикасына және Қырғыз Республикасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
УН коды бар позицияда "Армения Республикасы" деген сөздерден кейін "Қырғыз Республикасы" деген сөздермен толықтырылсын, "Армения Республикасы" деген сөздер "оған тиісті тауар әкелу жүзеге асырылатын Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет," деген сөздермен ауыстырылсын;
ИН және ОН коды бар позициялар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:
"Жылына 100 000 тоннадан аспайтын көлемде Қырғыз Республикасының аумағына өнеркәсіптік өңдеу үшін Қырғыз-Қазақстан мемлекеттік шекара учаскесі арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына кедендік бақылауды жою туралы Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің шешімі қабылданған күнінен бастап 5 жыл ішінде әкелінетін ЕАЭО СЭҚ ТН 1701 13 және 1701 14 қосалқы позицияларындағы қант шикізаты құрағына қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату
Көлемі жылына 820 тоннадан аспайтын ЕАЭО СЭҚ ТН 3920 10 250 0 кіші қосалқы позициясындағы тауарларды және көлемі жылына 200 тоннадан аспайтын ЕАЭО СЭҚ ТН 3923 30 101 0 кіші қосалқы позициясындағы тауарларды қоса алғанда, 2016 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі аралықтағы кезеңде Қырғыз Республикасына әкелінетін тауарларға қатысты кедендік әкелу бажын төлеуден босату
|
ИШ
ПЛ";
|
б) мынадай мазмұндағы 6-бөліммен толықтырылсын:
"6-бөлім. Қырғыз Республикасының заңнамасында көзделген жеңілдіктер
6.1. Қырғыз Республикасының заңнамасында көзделген
кедендік алымдарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер
Кедендік алымдарды төлеуден босату СО
Кедендік алымдарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер пайдаланылмайды
(сұратылмайды) ОО
6.2. Қырғыз Республикасының заңнамасында көзделген
кедендік баждарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер
6.2.1. Қырғыз Республикасының халықаралық келісімдерінде көзделген
кедендік баждарды төлеу жөніндегі жеңілдіктер
Қырғыз Республикасының 2015 жылғы 1 сәуірге дейін қол қойған, осы халықаралық шарттардың қолданысы тоқтатылғанға дейін көрсетілген халықаралық шарттарға сәйкес қолданылатын халықаралық шарттар шеңберінде Қырғыз Республикасы ұсынған кедендік әкелу бажын төлеу жөніндегі жеңілдіктер
2013 жылғы 11 қыркүйектегі Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі арасындағы жеңілдікпен сатып алу кредитінің кредиттік келісіміне сәйкес 2017 жылғы 30 қарашаға дейін қолданылатын "Бішкек қаласының жылу электр орталығын жаңғырту" жобасын іске асыру шеңберінде кедендік әкелу бажын төлеу жөніндегі жеңілдіктер
2012 жылғы 5 маусымдағы Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі арасындағы жеңілдікті кредиттік келісімге сәйкес 2015 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын 500 кВ "Датқа-Кемин" электр өткізу желісін және 500 кВ "Кемин" кіші станциясын салу" жобасын іске асыру шеңберінде кедендік әкелу бажын төлеу жөніндегі жеңілдіктер
2012 жылғы 4 желтоқсандағы Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі арасындағы жеңілдікті кредиттік келісімге сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын Қырғыз Республикасында екі жол учаскесін (РВС № (2012) 54 нөмір (242) оңалту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде кедендік әкелу бажын төлеу жөніндегі жеңілдіктер
2013 жылғы 11 қыркүйектегі Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі арасындағы жеңілдікті кредиттік келісімге сәйкес 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын, "Қазарман – Жалалабад" (км 291 – 433) және "Балықшы – Арал" (км 183+500 – 195+486) учаскелерінде Солтүстік – Оңтүстік баламалы автожолдың жобасын іске асыру шеңберінде бажын төлеу жөніндегі жеңілдіктер
2011 жылғы 13 қыркүйектегі Қырғыз Республикасы мен Сауд даму қоры арасындағы, 2011 жылғы 7 қыркүйектегі Қырғыз Республикасы мен Кувейт араб экономикалық даму қоры арасындағы және 2012 жылғы 8 ақпандағы Қырғыз Республикасы мен Абу-Даби даму қоры арасындағы кредиттік келісімдерге сәйкес 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын Бішкек – Нарын – Торугарт автожолын реконструкциялау жобасын іске асыру шеңберінде кедендік әкелу бажын төлеу жөніндегі жеңілдіктер
2013 жылғы 13 тамыздағы Қырғыз Республикасы мен Сауд даму қоры арасындағы кредиттік келісімге сәйкес 2018 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылатын Тараз – Талас – Суусамыр автожолын реконструкциялау жобасын іске асыру шеңберінде кедендік әкелу бажын төлеу жөніндегі жеңілдіктер
Қырғыз Республикасымен бірге еркін сауда аймағын құрайтын мемлекеттерден шығарылатын және әкелінетін тауарларға қатысты кедендік баж төлеуден босату түріндегі тарифтік преференция
|
МО
ТЭ
ДК
ДР
ДЛ
ДБ
ДТ
КЭ
|
6.2.2. Кедендік баждарды төлеу жөнінде 1.1 және 6.2 кіші бөлімдерде ПИ
атаулары аталмаған өзге де жеңілдіктер
6.3. Қырғыз Республикасының заңнамасында көзделген
акциздер төлеу жөніндегі жеңілдіктер
1.2 кіші бөлімде атаулары аталған жеңілдіктерді қоспағанда, А
акциздер төлеуден босату
Акциздер төлеу жөнінде 1.2 және 6.3 кіші бөлімдерде атаулары И
аталмаған өзге де жеңілдіктер
6.4.Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына тауарлар
әкелу кезінде ҚҚС төлеу жөніндегі жеңілдіктер
6.4.1. Қырғыз Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген
ҚҚС төлеу жөніндегі жеңілдіктер
Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдар желісі бойынша Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек ретінде, қайырымдылық мақсатында әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Мемлекеттер, мемлекеттер үкіметтері мен халықаралық ұйымдар желісі бойынша берілетін өтеусіз көмек (гранттар) есебінен Қырғыз Республикасына әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Авариялар мен апаттардың, табиғи зілзалалардың салдарын жою мақсатында Қырғыз Республикасына әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Балалар тағамына қатысты ҚҚС төлеуден босату
Жануарларға арналған вакциналар мен дәрі-дәрмекке қатысты ҚҚС төлеуден босату
Тыңайтқыштарға және өсімдіктерді химиялық қорғау құралдарына қатысты ҚҚС төлеуден босату
Асыл тұқымды мал мен тұқымдық материалдарға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Мүгедектерге арналған мамандандырылған тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Оқу құралдары мен мектеп керек-жарақтарына және ғылыми басылымдарға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Бағалы қағаздарға,белгіленген үлгідегі Қырғыз Республикасы азаматы паспортының және жеке куәлігінің бланкілеріне, акциздік алым маркаларына, валютаға (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатындардан басқа) қатысты ҚҚС төлеуден босату
Табиғи газға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Банк жабдықтарына қатысты ҚҚС төлеуден босату
"Құмтөр" жобасын іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Негізгі құралдар ретінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Дәрілік заттарға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Үшінші елдердің әскери базаларының мекенжайына әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Шыны шыңдайтын пештерді және конвенторларды (ферроқорытпа пештерін) салу мен реконструкциялау үшін әкелінетін мамандандырылған тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
Сейсмикалық жағдайды өлшеу мен бақылау жөніндегі геологиялық (геофизикалық, геодезикалық) ғылыми жабдықтарға қатысты ҚҚС төлеуден босату
|
БА
ГР
СБ
ПД
ЛЖ
УХ
ПС
МИ
УЧ
ВБ
ПГ
НБ
КР
СО
ЛС
МХ
ПК
ГО
|
6.4.2. Қырғыз Республикасының халықаралық келісімдерімен
көзделген ҚҚС төлеу жөніндегі жеңілдіктер
Үкіметаралық және халықаралық келісімдер шеңберінде өткізілетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
2013 жылғы 11 қыркүйектегі Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі арасындағы жеңілдікпен сатып алу кредитінің кредиттік келісіміне сәйкес "Бішкек қаласының жылу электр орталығын жаңғырту" жобасын іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
2012 жылғы 5 маусымдағы Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі арасындағы жеңілдікті кредиттік келісімге сәйкес 500 кВ "Датқа-Кемин" электр өткізу желісін және 500 кВ "Кемин" кіші станциясын салу" жобасын іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
2012 жылғы 4 желтоқсандағы Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі арасындағы жеңілдікті кредиттік келісімге сәйкес Қырғыз Республикасында екі жол учаскесін (РВС № (2012) 54 нөмір (242) оңалту жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
2013 жылғы 11 қыркүйектегі Қырғыз Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Экспорт-импорт банкі арасындағы жеңілдікті кредиттік келісімге сәйкес "Қазарман – Жалалабад" (км 291 – 433) және "Балықшы – Арал" (км 183+500 – 195+486) учаскелерінде Солтүстік – Оңтүстік баламалы автожолдың жобасын іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
2011 жылғы 13 қыркүйектегі Қырғыз Республикасы мен Сауд даму қоры арасындағы, 2011 жылғы 7 қыркүйектегі Қырғыз Республикасы мен Кувейт араб экономикалық даму қоры арасындағы және 2012 жылғы 8 ақпандағы Қырғыз Республикасы мен Абу-Даби даму қоры арасындағы кредиттік келісімдерге сәйкес Бішкек – Нарын – Торугарт автожолын реконструкциялау жобасын іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
2013 жылғы 13 тамыздағы Қырғыз Республикасы мен Сауд даму қоры арасындағы кредиттік келісімге сәйкес Тараз – Талас – Суусамыр автожолын реконструкциялау жобасын іске асыру шеңберінде әкелінетін тауарларға қатысты ҚҚС төлеуден босату
|
МО
ТЭ
ДК
ДР
ДЛ
ДБ
ДТ
|
6.4.3. ҚҚС төлеу жөнінде 1.3 және 6.4 кіші бөлімдерде атаулары НИ".
аталмаған өзге де жеңілдіктер
2. Оларды алу кеден органдарына жүктелген салықтар, алымдар және өзге де төлемдер түрлерінің сыныптауышы (9-қосымша) мынадай мазмұндағы 6-бөліммен толықтырылсын:
"6. Қырғыз Республикасының заңнамасында көзделген
төлемдер түрлері
6.1. Кедендік алымдар
1-бөлімде атаулары аталмаған өзге де кедендік алымдар
|
1080
|
6.2. Кедендік әкету бажы
Кедендік әкету бажы түріне жеке код белгіленбеген тауарларға қатысты кедендік әкету бажы
Маусымдық кедендік әкету бажы
Кедендік әкетудің өзге де баждары
|
3010
3060
36Х0<1>
|
6.3 Акциздер
Этил спиртіне арналған акциз
Араққа және ликер-арақ бұйымдарына арналған акциз
Күшейтілген сусындарға, күшейтілген шырындар мен бальзамдарға арналған акциз
Шарапқа арналған акциз
Коньяктарға арналған акциз
Шампанды қоса алғанда, көбікті шарапқа арналған акциз
Буып-түйілген сыраға арналған акциз
Буып-түйілмеген сыраға арналған акциз
Шарап материалдарына арналған акциз
Сүзгісі бар темекі бұйымдарына арналған акциз
Сүзгісі жоқ темекі бұйымдарына арналған акциз
Сигаралар мен сигариллдерге арналған акциз
Ферменттелген темекіден басқа, құрамында темекі бар өзге де бұйымдарға арналған акциз
Бензинге, жеңіл және орташа дистилляттарға және өзге де бензинге арналған акциз
Реактивтік отынға арналған акциз
Дизель отынына арналған акциз
Мазутқа арналған акциз
Майға және газ конденсатына арналған акциз
Шикі мұнайға және битуминозды материалдардан алынған шикі мұнай өнімдеріне арналған акциз
Өзге де акциздер
|
4010
4020
4030
4040
4050
4060
4070
4080
4090
4100
4110
4120
4130
4140
4150
4160
4170
4180
4190
47Х6<1>
|
6.4. Пайыздар
Кедендік төлем мерзімін кейінге қалдырғаны үшін пайыздар
Кедендік төлем мерзімін ұзартқаны үшін пайыздар
|
ХХХ4****
ХХХ5****
|
6.5. Оларды алу кеден органдарына жүктелген
төлемдердің өзге де түрлері
Шетелдік автотасымалдаушылардан алынатын алымдар
Әкімшілік айыппұлдар
Тәркіленген мүлікті сатудан алынатын түсімдер
Лицензия бергені үшін төлем
Мемлекет пайдасына жіберілетін кірістер
Өзге де салықтық емес кірістер
|
9420
9430
9440
9450
9460
9470".
|