Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО КР 024/2011) техникалық регламентіне өзгерістерді қолданысқа енгізудің тәртібі туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 104 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Еуразиялық экономикалық комиссияның 2015 жылғы 23 сәуірдегі №39 шешімі күшіне енетін күнге дейін қабылданған (Тіркелген тамақ өнімдерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген) Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО КР 024/2011) техникалық регламентімен белгіленген міндетті талаптарға май өнімдерінің сәйкестігін бағалау туралы құжаттар (мәліметтер) олардың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін күшінде болады деп белгіленсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады