2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабының 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 20-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден Одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын тауарларға қойылатын Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 22 бөлімінде:
а) 2-қосымшаның Е 300 индексті позициясында үшінші графа ",ұнды өңдеуге арналған зат" деген сөздермен толықтырылсын;
б) 15-қосымшада "Өңделмеген ет өнімдерін және ет фаршын қоспағанда, ет өнімдері (соның ішінде шұжық өнімдері)" тамақ өнімдеріне арналған "Фосфор қышқылы (Е338) және тағам фосфаттары: аммоний (Е 342), калий (Е340), кальций (Е341, 542), магний (Е343), натрий (Е339), Пирофосфаттар (Е540), Трифосфаттар (Е541), Полифосфаттар (Е452) –жекелей алғанда немесе Р205-ке есептелген комбинациядағы қосылған фосфат" позициясында "Өнімдердегі ең жоғары деңгей" графасындағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:
"1 кг ет шикізатына 3 г қосылған фосфат
1 кг дайын өнімге 8 г жалпы (қосылған + табиғи) фосфат".
2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің Кеден Одағының "Тағамдық қоспалардың, дәмдеуіштердің және технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздік талаптары" (КО ТР 029/2012) техникалық регламентіне осы Шешімнің 1-тармағында көрсетілген өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, бірақ ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |