Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 290 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 111 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 51-бабы 1-тармағының 11 және 12-тармақшаларында көзделген қағидаттарды іске асыру мақсатында және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 7-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Оларды қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламентінің, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент (КО ТР 024/2011) және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру" техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындауға қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттардың талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарлама туралы" 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 290 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 1 қыркүйектегі
№ 111 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 290 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауында және 1-тармақта "өнімнің сәйкестігін" деген сөздер "техникалық реттеу нысандарының сәйкестігін" деген сөздермен ауыстырылып, "(растау)" деген сөз алып тасталсын.

      2. Оларды қолдану нәтижесінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент" (КО ТР 024/2011) техникалық регламентінің, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) мен өлшемдердің қағидалары мен әдістерін, соның ішінде Кеден одағының "Май өнімдеріне арналған техникалық регламент (КО ТР 024/2011) және өнімнің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру" техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындауға қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттардың талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу (өзгерістер енгізу, қайта қарау) жөніндегі бағдарламада:

      а) атауында және 1-тармақта "өнімнің сәйкестігін" деген сөздер "техникалық реттеу нысандарының сәйкестігін" деген сөздермен ауыстырылып, "(растау)" деген сөздер алып тасталсын;

      б) кестенің 7-графасының атауындағы "Кеден одағының және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) мынадай мазмұндағы 34 – 39 позициялармен толықтырылсын:

      "

34

67.200.10

Жануарлар мен өсімдіктер майлары. Тиімділігі жоғары сұйықтықты хроматография әдісімен құрамында токоферолдар мен токотриенолдардың болуын анықтау.
ISO 9936:2006,
ISO 9936:2006/Amd 1:2001,
ISO 9936:2006/Cor. 1:2008
негізінде МЕМСТ әзірлеу

2-баптың 3-бөлігінің 1-тармағы

2014 жыл

2015 жыл

Ресей Федерациясы

35

67.200.10

Жануарлар мен өсімдіктер майлары. Құрамын және жалпы құрамында стеролдардың болуын анықтау. Газды хроматография әдісі.
ISO 12228:2014 негізінде МЕМСТ әзірлеу

2-баптың 3-бөлігінің 1-тармағы

2014 жыл

2015 жыл

Ресей Федерациясы

36

67.200.10

Жануарлар мен өсімдіктер майлары. Көлем бірлігіне қатысты шартты массаны анықтау (ауадағы 1 литрдің салмағы).
ISO 6883:2007 негізінде МЕМСТ әзірлеу

2-баптың 3-бөлігінің 1-тармағы

2014 жыл

2016 жыл

Ресей Федерациясы

37

67.200.10

Жануарлар мен өсімдіктер майлары. Жуылу санын анықтау.
ISO 3657:2013 негізінде МЕМСТ әзірлеу

2-баптың 3-бөлігінің 1-тармағы

2015 жыл

2016 жыл

Ресей Федерациясы

38

67.200.10

Жануарлар мен өсімдіктер майлары.
Газды хроматография/масс-спектрометрия әдісімен ұшпалы органикалық ластаушы қоспаларды табу және сәйкестендіру.
ҚР СТ ISO 15303:2012 негізінде МЕМСТ әзірлеу

2-баптың 3-бөлігінің 1-тармағы

2015 жыл

2017 жыл

Қазақстан Республикасы

39

67.200.10

Жануарлар мен өсімдіктер майлары. Индуктивті-байланысты плазмалы оптикалық эмиссиялық спектроскопия әдісімен микроэлементтерді анықтау.
ISO/TS 21033:2011 негізінде МЕМСТ әзірлеу

2-баптың 3-бөлігінің 1-тармағы

2016 жыл

2017 жыл

Ресей Федерациясы

      ".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады