Уақытша әкелудің шекті мерзімдері Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленгеннен ұзағырақ болып белгіленетін тауарлар санаттарының тізбесіне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 15 қыркүйектегі № 116 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 280-бабы 2-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 375 шешімімен бекітілген Уақытша әкелудің шекті мерзімдері Кеден одағының Кеден кодексінде белгіленгеннен ұзағырақ болып белгіленетін тауарлар санаттарының тізбесіндегі 4 позицияда екінші бағандағы мәтін мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық авиация ұшақтарына техникалық қызмет көрсетуге немесе оларды жөндеуге арналған, өздеріне қатысты кедендік әкелу баждарын, салықтарды төлеуден толық босату ұсынылған уақытша әкелінетін қозғалтқыштар, қосалқы бөлшектер және жабдықтар".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады