Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға № 1 қосымшаның 48-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қосылуына байланысты Қырғыз Республикасының 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартты, Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін жекелеген халықаралық шарттарды және Еуразиялық экономикалық одақ органдарының актілерін қолдануы жөніндегі шарттар мен өтпелі ережелер туралы 2015 жылғы 8 мамырдағы хаттамаға № 1 қосымшаның 46-тармағы 3-тармақшасын іске асыру мақсатында, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметі Бірыңғай тауар номенклатурасының өзгеруіне байланысты осы тармақшада көрсетілген ЕАЭО СЭҚ ТН 3920 20 210 0 кіші қосалқы позициясы деп ЕАЭО СЭҚ ТН 3920 20 210 1 және 3920 20 210 9 кіші қосалқы позициялары түсініледі деп белгіленсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |