Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібін бекіту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 22 қыркүйектегі № 122 шешімі

      2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдары шассилері электрондық паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері электрондық паспорттарының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің 3-бабының бірінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қоса беріліп отырған Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі бекітілсін.

      2. Мынадай:

      а) 2016 жылғы 1 шілдеге дейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет) заңнамасында белгіленген нысан бойынша және қағидаларға сәйкес көлік құралдарының паспорттарын (көлік құралдары шассилерінің паспорттарын) ресімдеуге жол беріледі;

      б) 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін мүше мемлекет заңнамасында белгіленген нысан бойынша және қағидаларға сәйкес өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын ресімдеуге жол беріледі;

      в) 2017 жылғы 15 наурызға дейін өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері паспорттының бірыңғай нысанына және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 18 тамыздағы № 100 шешімімен бекітілген оны толтыру тәртібіне сәйкес өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын ресімдеуге жол беріледі;

      г) осы Шешім күшіне енгізілгенге дейін, сондай-ақ осы тармақтың "а" - "в" тармақшаларына сәйкес ресімделген көлік құралдарының паспорттарын және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын көлік құралдарының электрондық паспорттарына және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттарына ауыстыру көлік құралы (өздігінен жүретін машина және техниканың басқа түрлері) меншік иесінің өтініші бойынша жүзеге асырылады;

      д) 1 көлік құралына, (көлік құралының шиссиіне), өздігінен жүретін машинаға және техниканың басқа түріне бір мезгілде электрондық паспорт пен қағаз жеткізгіштегі паспортты ресімдеуге жол берілмейді деп белгіленсін.

      3. Мүше мемлекеттердің заңнамасында:

      а) электрондық паспорт бөлімдерінің барлық бос жолдары толтырылғаннан кейін Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын, көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген уәкілетті органның (ұйымның) немесе жасаушы ұйымның электрондық паспорттың бірегей нөмірін беруінің 24 сағаттан аспайтын және электрондық цифрлық қолтаңбаны (электрондық қолтаңбаны) пайдалану арқылы электрондық паспортта қамтылған мәліметтерді растау мерзімі;

      б) көлік құралдарына, өздігінен жүретін машиналарға және техниканың басқа түрлеріне қатысты тіркеу әрекеттерін жүзеге асыратын мүше мемлекеттер органдарының электрондық паспорттарға өзгерістер енгізу туралы өтініштерді электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісіне жіберуінің 24 сағаттан аспайтын мерзімі;

      в) электрондық паспорттар ресімделген көлік құралдарына, өздігінен жүретін машиналарға және техниканың басқа түрлеріне қатысты тіркеу әрекеттерін жүзеге асыру үшін электрондық паспорттар жүйелерінде "қолданыстағы" мәртебесі бар электрондық паспорттардың бар болу қажеттілігі айқындалады деп белгіленсін.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 22 қыркүйектегі
№ 122 шешімімен
БЕКІТІЛГЕН

Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу ТӘРТІБІ

І. Жалпы ережелер

      1. Осы Тәртіп 2014 жылғы 15 тамыздағы Көлік құралдары электрондық паспорттарының (көлік құралдары шассилері электрондық паспорттарының) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері электрондық паспорттарының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімнің (бұдан әрі - Келісім) 3-бабына сәйкес әзірленді және Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекеттер) көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары (бұдан әрі – электрондық паспорттар) жүйелерінің жұмыс істеу қағидаларын айқындайды.

      2. Осы Тәртіпте пайдаланылатын ұғымдар Келісімнің 2-бабында айқындалған мағыналарда қолданылады.

      3. Электрондық паспорттар мүше мемлекеттердің заңды және жеке тұлғаларына, Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің заңды және жеке тұлғаларына, сондай-ақ азаматтығы жоқ жеке тұлғаларға тиесілі:

      а) мемлекеттік тіркеуге жататын, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары арқылы жүруге арналған көлік құралдарының;

      б) көлік құралдары шассилерінің (бұдан әрі - шасси);

      в) мемлекеттік тіркеуге жататын өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа түрлерінің (бұдан әрі - машиналар) электрондық паспорттары жүйелерінде ресімделеді.

      4. Мыналар:

      а) электрондық паспорттар жүйелерініңң әкімшісі (бұдан әрі - әкімші);

      б) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер уәкілетті органдарының (ұйымдарының) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің), өздігінен жүретін машиналардың және техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын, көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналарды және техниканың басқа түрлерін жасаушы ұйымдардың бірыңғай тізіліміне енгізілген көлік құралдарын (шассилерді, машиналарды) жасаушы ұйымдар (бұдан әрі тиісінше – бірыңғай тізілім, жасаушы ұйымдар);

      в) бірыңғай тізілімге енгізілген көлік құралдарының (шассилердің, машиналардың) паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуге уәкілеттік берілген органдар (ұйымдар) (бұдан әрі – уәкілетті органдар (ұйымдар);

      г) Еуразиялық экономикалық комиссия;

      д) мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары, соның ішінде:

      көлік құралдарын (машиналарды) мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – тіркеу органдары);

      кеден органдары;

      құқық қорғау органдары;

      салық органдары;

      е) көлік құралының (шассидің, машинаның) меншік иесі;

      ж) электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтерді алуға (жіберуге) мүдделі өзге де тұлғалар электрондық паспорттар жүйелеріне қатысушылар болып табылады.

      5. Электрондық паспорттарды электрондық паспорттардың жүйелерінде:

      а) электрондық паспорттарды қолдану басталатын күннен бастап жасаушы ұйым жасап шығарған көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға) қатысты – осы жасаушы ұйым;

      б) мыналарға:

      жалғыз дана көлік құралдарына;

      Одақтың кедендік аумағына жеке немесе заңды тұлға қатарынан 12 айдан асатын мерзімге әкелетін көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға);

      мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен мүше мемлекеттің меншігіне айналдырылған көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға);

      өндіріп алу қолданылған, Одақтың кедендік аумағына әкелінетін көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға);

      мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген жағдайда - Одақтың кедендік аумағында бірыңғай тізілімге енгізілмеген жасаушы ұйым жасап шығарған көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға);

      электрондық паспорттарды қолдану басталатын күнге дейін айналымға шығарылған көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға) қатысты – уәкілетті орган (ұйым) ресімдейді.

      6. Электрондық паспортты ресімдеу, толтыру және өзгерістер енгізу процесінде оған электрондық паспорттар жүйелерінде мынадай мәртебелердің бірі беріледі:

      а) "аяқталмаған" - электрондық паспорттың бірегей нөмірі берілгеннен кейін автоматты түрде беріледі және уәкілетті органның (ұйымның) немесе жасаушы ұйымның осы Тәртіптің ІІ бөліміне сәйкес электрондық паспортты ресімдеу объектісінің ерекшеліктерін ескере отырып, толтыру үшін ұсынылған барлық бос жолдарды толтыруын көздейді. Бұл мәртебе "қолданыстағы" мәртебесін беру шарттары орындалған жағдайда берілмейді;

      б) "қолданыстағы" - электрондық паспорттың бірегей нөмірі берілгеннен және тауардың шығарылғаны туралы (әкелу жағдайында) және мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда осы мүше мемлекетің заңнамасына сәйкес кәдеге жарату немесе өзге де осыған ұқсас алымның (бұдан әрі – кәдеге жарату алымы) төленгені туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін автоматты түрде беріледі;

      в) "өтелген" - басқа көлік құралының базасында түпкілікті көлік құралының (шассидің, машиналардың) жасалғаны және көлік құралының (шассидің, машиналардың) электрондық паспортын ресімдеу туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін "қолданыстағы" мәртебесі бар электрондық паспортқа қатысты автоматты түрде беріледі. Бұл мәртебе көлік құралы (шасси) электрондық паспортының бірегей нөмірін және сәйкестендіру (зауыттық) нөмірін не машинаның сәйкестендіру нөмірін (VIN немесе PIN) немесе машинаның зауыттық нөмірін (бұдан әрі - машинаның сәйкестендіру нөмірі) енгізу жолымен электрондық паспортты ресімдеу аяқталған кезде түпкілікті көлік құралын (шассиді, машиналарды) жасаушы ұйымның мәліметтері негізінде беріледі. "Өтелген" мәртебесі бар электрондық паспортқа өзгерістер енгізуге жол берілмейді.

      "Өтелген" мәртебесін өзгесіне ауыстыруды жасаушы ұйым ұсынған, "өтелген" мәртебесін беруге негіз болған мәліметтер негізінде әкімші жүзеге асырады. "Өтелген" мәртебесі бар электрондық паспорт басқа электрондық паспортты ресімдеуге негіз бола алмайды;

      г) "жойылған" - әкімші:

      мүше мемлекеттің мемлекеттік билік органының көлік құралының (шассидің, машинаның) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжатты қолданыста емес деп тану туралы хабарламасы;

      тіркеу органының Одақтың кедендік аумағынан әкетуге байланысты көлік құралын (шассиді, машинаны) тіркеу есебінен шығару туралы немесе көлік құралының (шассидің) сәйкестендіру (зауыттық) нөмірін немесе көлік құралына (шассиге, машинаға) түсірілген машинаның сәйкестендіру нөмірін жасыру, қолдан жасау, өзгерту, жою белгілерінің анықталуына байланысты мемлекеттік тіркеу есебінің жойылуы туралы мәліметтері;

      мүше мемлекеттер кеден органдарының "қолданыстағы" мәртебесі шарттарының орындалмауына себеп болатын, кедендік құжаттар мен шектеулер туралы мәліметтері;

      мүше мемлекеттердің "қолданыстағы" мәртебесі шарттарының орындалмауына себеп болатын, кәдеге жарату алымын алуға уәкілеттік берілген органдарының (ұйымдарының) мәліметтері;

      уәкілетті органның (ұйымның) немесе жасаушы ұйымның жасалған жылының сәйкессіздігі туралы мәліметтері, көлік құралының (шассидің) сәйкестендіру (зауыттық) нөмірі немесе машинаның сәйкестендіру нөмірі туралы және (немесе) көлік құралының (шассидің, машинаның) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтері негізінде жою жүргізген электрондық паспортқа беріледі.

      "Жойылған" мәртебесін өзгесіне ауыстыру электрондық паспортқа "жойылған" мәртебесін беруге негіз болған себептер жойылған жағдайда жүзеге асырылады;

      д) "кәдеге жарату" - тіркеу органдарынан және (немесе) мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес айқындалған мамандандырылған ұйымдардан көлік құралын (шассиді, машинаны) кәдеге жарату туралы мәліметтер келіп түскеннен кейін "қолданыстағы" мәртебесі бар электрондық паспортқа қатысты автоматты түрде беріледі.

      7. Электрондық паспорттар жүйелері шеңберінде:

      а) электрондық паспортты ресімдеу;

      б) электрондық паспортқа өзгерістер енгізу;

      в) әкімшінің тізбесін, беру тәртібі мен төлемақы мөлшерін әкімші айқындайтын қосымша қызметтер көрсетуі жүзеге асырылады.

      8. Осы Тәртіптің 7-тармағының "а" және "б" тармақшаларында көрсетілген іс-әрекеттер орындалған кезде электрондық паспорттар жүйелерінде уәкілетті органдар (ұйымдар) және әкімші көрсететін қызметтерге ақы төлеу мүше мемлекеттің заңнамасы айқындайтын тәртіпте және мөлшерде жүзеге асырылады.

      9. Электрондық паспортты ресімдеу аяқталғаннан кейін электрондық паспорттар жүйелерінде көлік құралының (шассидің, машинаның) меншік иесіне электрондық паспорттан үзінді көшірме ретінде көрсетілген үзінді көшірмені кейіннен басып шығару мүмкіндігімен тиісінше № 1 және 2 қосымшаларға сәйкес тізбе бойынша мәліметтер жіберіледі.

      10. Көлік құралының электрондық паспорты № 3 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша мәліметтерді, № 4 қосымшаға сәйкес шассидің электрондық паспортын және № 5 қосымшаға сәйкес машинаның электрондық паспортын қамтиды.

      Көлік құралының (шассидің, машинаның) электрондық паспортына, егер аумағында көлік құралы (шасси, машина) айналымға шығарылған және (немесе) тіркелген мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген жағдайда, ақпараттық сипаттағы өзге де мәліметтер енгізіледі.

      11. Осы Тәртіптің 7-тармағының "в" тармақшасында көзделген қосымша қызметтерге ақы төлеу тәртібі мен мөлшері әкімшінінің "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайтында, ал осы Тәртіптің 8-тармағында көзделген қызметтерге ақы төлеудің тәртібі мен мөлшері уәкілетті органдардың (ұйымдардың) және әкімшінің "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайттарында орналастырылады.

      12. Электрондық паспорттар жүйелеріне қатысушыларға сұрау салу бойынша мынадай мәліметтер:

      а) уәкілетті органдарға (ұйымдарға) және жасаушы ұйымдарға - өздері ресімдеген:

      "аяқталмаған" мәртебесі бар электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтер - толық көлемде;

      осы Тәртіпке № 3 қосымшаның 12 және 13-тармақтарында, осы Тәртіпке № 5 қосымшаның 12 және 13-тармақтарында көрсетілген мәліметтерді қоспағанда - "қолданыстағы" мәртебесі бар электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтер;

      б) түпкілікті көлік құралдарын (шассилерді, машиналарды) жасаушы ұйымдарға – электрондық паспортқа көлік құралы электрондық паспортының бірегей нөмірі және көлік құралының сәйкестендіру (зауыттық) нөмірі немесе шассидің сәйкестендіру нөмірі немесе машинаның сәйкестендіру нөмірі енгізілген жағдайда, мемлекеттік тіркеу есебіне қою жөніндегі іс-әрекеттер жүргізілмеген түпкілікті көлік құралын (шассиді, машинаны) жасау үшін базалық ретінде пайдаланылатын көлік құралына (шассиге, машинаға) басқа жасаушы ұйымдар немесе уәкілетті органдар (ұйымдар) ресімдеген, "қолданыстағы" мәртебесі бар электрондық паспорттардағы мәліметтер;

      в) мүше мемлекеттердің заңнамасында айқындалған мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарына – кез келген мәртебесі бар электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтер толық көлемде;

      г) көлік құралының (шассидің, машинаның) меншік иесіне – мәліметтер осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшаларда көзделген көлемде;

      д) өзге тұлғаларға – сұрау салу бойынша:

      көлік құралының (шассидің) сәйкестендіру нөмірін (VIN), көлік құралы (шасси) үшін – шассидің (раманың) нөмірін немесе шанақтың (кабинаның, тіркеменің) нөмірін;

      машинаның сәйкестендіру нөмірін немесе машина үшін - шанақтың (кабинаның, тіркеменің) нөмірін қамтитын электрондық паспорттың мәртебесі туралы мәліметтер тек ғана өз мұқтаждығы үшін пайдалану және (немесе) өзіне осы Тәртіпке және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүктелген міндеттерді іске асыру үшін ақы алынбай беріледі.

      13. Электрондық паспорттар жүйелеріне қатысушыларға шарттық негізде, осы Тәртіптің 12-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтерге және электрондық паспорттар жүйелерінің сервистеріне әкімші айқындайтын көлемде, тәртіппен және шарттарда рұқсат беріледі.

      14. Электрондық паспорттардың жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету тәртібі № 6 қосымшаға сәйкес келтірілген.

ІІ. Электрондық паспорттарды ресімдеу және оларға өзгерістер енгізу тәртібі

      15. Электрондық паспорт орыс тілінде толтырылады және мүше мемлекет заңнамасының талаптарына сәйкес оған электрондық цифрлық қолтаңбамен (электрондық қолтаңбамен) қол қойылады.

      Электрондық паспорттар жүйелерінің өзара іс-қимыл интерфейсі электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтерді (техникалық терминдерді және белгіленімдерді қоспағанда) көрсетуге және мүше мемлекеттің заңнамасында тиісті талаптар бар болған кезде анықтама режимінде электрондық паспорттан үзінді көшірмені осы мүше мемлекеттің ұлттық тілінде басып шығаруға мүмкіндік береді.

      16. Осы Тәртіпке № 1, 3 және 4 қосымшаларда көзделген тізбе бойынша көлік құралының (шассидің) электрондық паспортын ресімдеу № 7 қосымшаға сәйкес қағидалар бойынша, осы Тәртіпке № 2 және 5 қосымшаларда көзделген тізбе бойынша машинаның электрондық паспортын ресімдеу № 8 қосымшаға сәйкес қағидалар бойынша жүзеге асырылады.

      17. Электрондық паспорттың бірегей нөмірі электрондық паспорттар жүйелерінде автоматты түрде қалыптасады және 15 белгіден тұрады:

      1-ші белгі – электрондық паспорттың түрі:

      1 – көлік құралының электрондық паспорты;

      2 – шассидің электрондық паспорты;

      3 – машинаның электрондық паспорты;

      2-ші - 4-ші белгілер – аумағында көлік құралын (шассиді, машинаны) айналымға шығару жүзеге асырылатын немесе көлік құралы (машина) тіркелген мүше мемлекеттің ISO 3166-1 (numeric-3) анықтамалығына сәйкес 3 мәнді цифрлық коды;

      5-ші белгі – резервтік. Әкімші өзге шешім қабылдағанға дейін "0" мәні қолданылады.

      6-шы белгі – электрондық паспортты ресімдеу негізінің коды:

      1 – көлік құралын (шассиді, машинаны) жасау;

      2 – көлік құралын (шассиді, машинаны) Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттен Одақтың кедендік аумағына әкелу;

      3 – тіркеу органы тіркеген көлік құралына (машинаға) электрондық паспорт ресімдеу;

      4 - өзге де негіздерде көлік құралына (шассиге, машинаға) электрондық паспорт ресімдеу;

      7-ші – 14-ші белгі - әрбір мүше мемлекет үшін жеке қалыптастырылатын электрондық паспорттың реттік нөмірі (1-ші және 4-ші белгілер ескеріле отырып);

      15-ші белгі – 1-шіден 14-ші белгіге дейінгі аралықтағы цифрлардан тұратын санды 11-ге бөлуден қалатын қалдық ретінде қалыптасатын бақылау саны. Егер бөлу қалдығы 10-ға тең болса, бақылау разряды 0-ге тең.

      Электрондық паспорттың бірегей нөмірі уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым толтыратын электрондық паспорттар бөлімдерінің барлық бос жолдары толтырылғаннан және электрондық паспортта қамтылған мәліметтер электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба) арқылы расталғаннан кейін, сондай-ақ электрондық паспорттар жүйелерінде Келісімнің 7-бабында көзделген іс-шаралар өткізілгеннен кейін беріледі. Көлік құралының (шассидің, машинаның) көрсетілген іс-шараларды өткізу нәтижесінде ұсынылған мәліметтерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда электрондық паспорттың бірегей нөмірі берілмейді.

      18. Кәдеге жарату алымының төленгені туралы мәліметтер:

      а) Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттен мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін көлік құралына (шассиге, машинаға) қатысты – аумағына көлік құралы (шасси, машина) әкелінген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес;

      б) басқа мүше мемлекеттің аумағынан өткізілген көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға) қатысты – аумағына көлік құралы (шасси, машина) өткізілген мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес;

      в) мүше мемлекеттің аумағында жасап шығарылған (жасалған) көлік құралдарына (шассиларға, машиналарға) қатысты – осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кәдеге жарату алымы төленген кезде;

      г) мыналар:

      көлік құралдарын (шассилерді, машиналарды) жасап шығаруды (жасауды) жүзеге асыратын;

      көлік құралын (шассиді, машинаны) мүше мемлекеттің аумағында мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кәдеге жарату алымын төлемейтін тұлғалардан немесе мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес белгіленген тәртіпті бұза отырып, кәдеге жарату алымын төлемеген тұлғалардан сатып алған тұлғалар кәдеге жарату алымын төлеген кезде мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес кәдеге жарату алымын алуға уәкілеттік берілген осы мемлекеттердің тиісті органдарының (ұйымдарының) мәліметтері негізінде электрондық паспорттың "Әкімшілік ақпарат" бөліміне енгізіледі.

      19. Кедендік кіріс ордері немесе кедендік декларация және мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына немесе халықаралық шарттарға және Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес кедендік рәсімдермен орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес көлік құралдарын (шассилерді, машиналарды) пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулер туралы мәліметтер мүше мемлекеттердің кеден органдарының мәліметтері негізінде электрондық паспорттың "Әкімшілік ақпарат" бөліміне енгізіледі.

      20. Көлік құралының (шассидің) электрондық паспортын ресімдеу мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      а) көлік құралының (шассидің) электрондық паспортын көлік құралының (шассидің) типін мақұлдау немесе Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағының техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік немесе КО ТР 018/2011 техникалық реттеу объектісі болып табылатын, КО ТР 018/2011 күшіне енетін күнге дейін көлік құралына (шасссиге) қатысты берілген, мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжат болған кезде көлік құралына (шассиге) қатысты уәкілетті орган (ұйым) ресімдейді;

      б) басқа көлік құралының (шассидің) базасында жасалған түпкілікті көлік құралының электрондық паспортын ресімдеген кезде уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым электрондық паспорттың "Қосымша ақпарат" бөліміне соңғы базалық көлік құралы (шасси) туралы мәліметтерді және оның электрондық паспортының (бар болған кезде) нөмірін енгізеді. Бұл ретте базасында түпкілікті көлік құралы жасалған көлік құралының (шассидің) электрондық паспортына "өтелген" мәртебесі беріледі;

      в) мыналарға:

      электрондық паспорттарды пайдалану басталатын күнге дейін тіркеу органында тіркелген көлік құралына;

      қозғалтқышы, шанағы мен рамасы түпнұсқалы, түпнұсқалы күйіне дейін сақталған немесе реставрацияланған, шығарылған күнінен бері 30 және одан көп жыл өткен L және M1 санатындағы (КО ТР 018/2011 № 1 қосымшаға сәйкес), сондай-ақ шығарылған күнінен бері 50 және одан көп жыл өткен, жолаушылар мен жүктерді коммерциялық тасымалдауға арналмаған M2 M3 және N санатындағы (КО ТР 018/2011 № 1 қосымшаға сәйкес) көлік құралдарына;

      КО ТР 018/2011 қатысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабы 3-тармағының бірінші абзацының ережелері күшіне енбеген және мүше мемлекет үшін Еуразиялық экономикалық комиссия белгілеген КО ТР 018/2011 өтпелі ережелерінің мерзімі өтпеген мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін көлік құралына;

      Одақтың кедендік аумағына әкелінетін және:

      шетелде тұратын адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдем көрсету жөніндегі ұлттық мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылар болып табылатын не белгіленген тәртіппен босқындар немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударушылар деп танылған жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне;

      жалпы жұрт таныған қағидаттарға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге, халықаралық (мемлекетаралық) ұйымдарға, осы өкілдіктердің (мекемелердің, ұйымдардың) қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиесілі көлік құралына қатысты осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген құжат болмаған кезде көлік құралының электрондық паспортын уәкілетті орган (ұйым) ресімдейді;

      г) электрондық паспортты мүше мемлекеттің аумағына тіркелген (соның ішінде уақытша) тұлғаға тиесілі көлік құралына (шассиге) қатысты осы мүше мемлекеттің аумағында тіркелген уәкілетті орган (ұйым) ресімдейді;

      д) көлік құралының (шассидің) электрондық паспортын ресімдеу кезінде уәкілетті орган (ұйым) көлік құралына (шассиге) сәйкестендіру жүргізеді;

      е) жасаушы ұйым сәйкестендіру таңбасын жасыру, қолдан жасау, өзгерту, жою белгілерін тапқан жағдайда не көлік құралының (шассидің) уәкілетті орган (ұйым) ұсынған мәліметтерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда электрондық паспорт ресімделмейді және өзінің мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің құзыретті органдарын хабардар етуді жүзеге асырады;

      ж) осы тармақтың "в" тармақшасында көзделген көлік құралының электрондық паспортын ресімдеген кезде уәкілетті орган (ұйым) осындай көлік құралын, соның ішінде оның сәйкестендіру таңбасын суретке түсіруді жүзеге асырады.

      21. Машинаның электрондық паспортын ресімдеу мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып жүзеге асырылады:

      а) машинаның электрондық паспортын Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) немесе Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012) (бұдан әрі - КО ТР 031/2012) талаптарына сәйкес бағалау туралы құжат немесе көлік құралы (шассиі) типінің мақұлдауы немесе КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкес көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік (ең жоғары конструктивтік жылдамдығы 25 км/сағ және одан астам, бірақ 50 км/сағ аз немесе соған тең көлік құралдарына қатысты) немесе халықаралық шарттарда және Одақ құқығын құрайтын актілерде немесе мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген, тиісті техникалық регламенті күшіне енетін күнге дейін көрсетілген техникалық регламенттердің бірінің техникалық реттеу объектісі болып табылатын машинаға қатысты берілген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжат бар болған кезде уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым ресімдейді;

      б) көлік құралының (шассидің) немесе басқа машинаның базасында жасалған түпкілікті машинаның электрондық паспортын ресімдеген кезде уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым электрондық паспорттың "Қосымша ақпарат" бөліміне соңғы базалық көлік құралы (шасси, машина) туралы мәліметтерді және оның электрондық паспортының нөмірін (бар болған кезде) енгізеді. Бұл ретте базасында түпкілікті машина жасалған көлік құралының (шассидің, машинаның) электрондық паспортына "өтелген" мәртебесі беріледі;

      в) мынадай:

      электрондық паспорттарды пайдалану басталатын күнге дейін тіркеу органында тіркелген;

      бұрын пайдалануда болған машиналардың арасынан Одақтың кедендік аумағына әкелінетін;

      КО ТР 010,/2011, КО ТР 018/2011 немесе КО ТР 031/2012 қатысты 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 53-бабының 3-тармағы бірінші абзацының ережелері күшіне енбеген және мүше мемлекет үшін Еуразиялық экономикалық комиссия белгілеген аталған техникалық регламенттердің өтпелі ережелерінің мерзімі өтпеген осы мүше мемлекеттің аумағына әкелінетін;

      Одақтың кедендік аумағына әкелінетін және:

      шетелде тұратын адамдардың ерікті түрде қоныс аударуына жәрдем көрсету жөніндегі ұлттық мемлекеттік бағдарламаларға қатысушылар болып табылатын не белгіленген тәртіппен босқындар немесе мәжбүрлі түрде қоныс аударушылар деп танылған жеке тұлғаларға, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне;

      жалпы жұрт таныған қағидаттарға және халықаралық құқық нормаларына сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын дипломатиялық өкілдіктерге және консулдық мекемелерге, халықаралық (мемлекетаралық) ұйымдарға, осы өкілдіктердің (мекемелердің, ұйымдардың) қызметкерлеріне, сондай-ақ олардың отбасы мүшелеріне тиесілі машиналарға қатысты осы тармақтың "а" тармақшасында көрсетілген құжат болмаған кезде машинаның электрондық паспортын уәкілетті орган (ұйым) ресімдейді;

      г) жасаушы ұйым машинаға түсірілген сәйкестендіру таңбасын жасыру, қолдан жасау, өзгерту, жою белгілерін тапқан жағдайда не машинаның уәкілетті орган (ұйым) ұсынған мәліметтерге сәйкессіздігі анықталған жағдайда электрондық паспорт ресімделмейді және өзінің мүше мемлекетінің заңнамасына сәйкес осы мемлекеттің құзыретті органдарын хабардар етуді жүзеге асырады;

      д) электрондық паспортты ресімдеген кезде уәкілетті орган (ұйым) машинаны, соның ішінде оның сәйкестендіру таңбасын фотосуретке түсіруді жүзеге асырады.

      22. Электрондық паспорттарды қолдану басталатын күнге дейін айналымға шығарылған көлік құралдарына (шассилерге, машиналарға) арналған электрондық паспорттарды тиісінше осы Тәртіпке № 1 және 2 қосымшаларда көрсетілгеннен кем болмайтын мәліметтер көлемінде ресімдейді. Бұл ретте уәкілетті орган (ұйым) электрондық паспорттың "Әкімшілік ақпарат" бөліміне электрондық паспортты ресімдеу негіздері туралы мәліметтерді енгізеді.

      23. Электрондық паспортқа өзгерістер енгізуді (техникалық қателерді түзетуді) әкімші:

      а) уәкілетті органның (ұйымның) өтініші негізінде - жасалған жылын қоспағанда, осындай уәкілетті орган (ұйым) енгізген мәліметтерге, көлік құралының (шассидің) түсі, сәйкестендіру (зауыттық) нөмірі немесе машинаның сәйкестендіру нөмірі туралы және (немесе) көлік құралының (шассидің, машинаның) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы, негізгі құрауыштары (қозғалтқыш, шасси, рама, шанақ, кабина) туралы мәліметтерге;

      б) жасаушы ұйымның өтініші негізінде - жасалған жылын қоспағанда, осындай жасаушы ұйым енгізген мәліметтерге, көлік құралының (шассидің) түсі, сәйкестендіру (зауыттық) нөмірі немесе машинаның сәйкестендіру нөмірі туралы және (немесе) көлік құралының (шассидің, машинаның) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат туралы мәліметтерге;

      в) тіркеу органының өтініші негізінде – мемлекеттік тіркеу, көлік құралының (машинаның) түсі туралы, сондай-ақ оның конструкциясына енгізілген өзгерістер туралы мәліметтерге;

      г) мүше мемлекеттің кеден органының өтініші негізінде – кедендік құжаттар және шектеулер туралы мәліметтерге;

      д) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес кәдеге жарату алымын алуға уәкілетті мүше мемлекет органының (ұйымының) өтініші негізінде – кәдеге жарату алымы туралы мәліметтерге қатысты жүзеге асырады.

      24. Әкімші өзгерістер енгізу туралы өтінішті алғаннан кейін мұндай өзгерістерді электрондық паспортқа енгізеді. Электрондық паспорттағы өзектіленген мәліметтерге қол жеткізу әкімші өтінішті алған кезден бастап 24 сағаттан кешіктірілмей жүзеге асырылады.

      25. Әкімші электрондық паспорттарда қамтылған мәліметтерді мәртебесіне қарамастан электрондық паспорттар жүйелерінде мерзімсіз сақтауды қамтамасыз етеді.

  Көлік құралдарының
электрондық паспорттары
(көлік құралдары шассиінің
электрондық паспорттары) және
өздігінен жүретін машиналар
мен техниканың басқа түрлерінің
электрондық паспорттары
жүйелерінің жұмыс істеу
тәртібіне № 1 қосымша

Көлік құралы электрондық паспортының үзінді көшірмесінде көрсетілетін мәліметтер ТІЗБЕСІ

      1. Сәйкестендіру нөмірі.

      2. Мақсаты бойынша айқындалатын көлік құралының атауы.

      3. Көлік құралының (шасси) маркасы.

      4. Көлік құралының (шасси) коммерциялық атауы.

      5. 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол жүрісі туралы конвенцияға сәйкес көлік құралының санаты.

      6. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкес көлік құралының санаты.

      7. Қозғалтқыш нөмірі.

      8. Шасси (рама) нөмірі.

      9. Шанақ (кабина, тіркеме) нөмірі.

      10. Шанақ (кабина, тіркеме) түсі.

      11. Жасалған жылы.

      12. Іштен жанатын қозғалтқыш (маркасы, типі):

      1) цилиндрлердің жұмыс көлемі;

      2) ең жоғары қуаты.

      13. Экологиялық класы.

      14. Көлік құралының техникалық рұқсат етілетін ең жоғары массасы.

  Көлік құралдарының
электрондық паспорттары
(көлік құралдары шассиінің
электрондық паспорттары) және
өздігінен жүретін машиналар мен
техниканың басқа түрлерінің
электрондық паспорттары
жүйелерінің жұмыс істеу
тәртібіне № 2 қосымша

Өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа түрлерінің электрондық паспортының үзінді көшірмесінде көрсетілетін мәліметтердің ТІЗБЕСІ

      1. Сәйкестендіру нөмірі.

      2. Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) мақсаты бойынша айқындалатын атауы.

      3. Маркасы.

      4. Коммерциялық атауы.

      5. Өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу қағидаларына (Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібіне № 8 қосымша) сәйкес санаты.

      6. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған "Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы тракторларының және олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 031/2012), Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 010/2011) немесе Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкес санаты.

      7. Қозғалтқыш (қозғалтқыштар) нөмірі.

      8. Шанақ (кабина, тіркеме, рама) нөмірі.

      9. Шанақ (кабина) түсі.

      10. Жасалған жылы.

      11. Іштен жанатын қозғалтқыш (маркасы, типі):

      1) цилиндрлердің жұмыс көлемі;

      2) ең жоғары қуаты.

      12. Техникалық рұқсат етілетін ең жоғары массасы.

  Көлік құралдарының
электрондық паспорттары
(көлік құралдары шассиінің
электрондық паспорттары) және
өздігінен жүретін машиналар мен
техниканың басқа түрлерінің
электрондық паспорттары
жүйелерінің жұмыс істеу
тәртібіне № 3 қосымша

Көлік құралының электрондық паспортында көрсетілетін мәліметтер ТІЗБЕСІ

      1. Электрондық паспорттың түрі: көлік құралының электрондық паспорты.

      2. Көлік құралы электрондық паспортының нөмірі.

      3. Көлік құралы электрондық паспортының мәртебесі.

      4. Көлік құралының сәйкестендіру белгілері:

      1) сәйкестендіру нөмірі;

      2) 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол жүрісі туралы конвенцияға сәйкес санаты;

      3) қозғалтқыш нөмірі;

      4) шасси (рама) нөмірі;

      5) шанақ (кабина, тіркеме) нөмірі;

      6) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      7) шанақ (кабина, тіркеме) нөмірі;

      8) жасалған айы мен жылы.

      5. Көлік құралы туралы мәліметтер:

      1) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;

      2) маркасы;

      3) коммерциялық атауы;

      4) типі;

      5) шасси:

      базалық шассидің маркасы, моделі және типі, көлік құралы шассиінің паспортын (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын) ресімдеу күні және нөмірі;

      базалық көлік құралының маркасы, моделі және типі, көлік құралының паспортын (көлік құралының электрондық паспортын) ресімдеу күні және нөмірі;

      6) модификация (түрлендіру);

      7) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкес санаты;

      8) экологиялық класы;

      9) жасаушы және оның мекенжайы;

      10) жасаушының өкілі және оның мекенжайы.

      6. Көлік құралын таңбалаудың сипаттамасы:

      1) жасаушы тақтайшасының орналасқан жері;

      2) көлік құралын сәйкестендіру нөмірінің орналасқан жері;

      3) көлік құралы сәйкестендіру нөмірінің құрылымы мен мазмұны;

      4) қозғалтқыш нөмірінің орналасқан жері;

      5) қозғалтқыш нөмірінің құрылымы мен мазмұны.

      7. Көлік құралының жалпы сипаттамалары:

      1) доңғалақтар саны мен орналасуы;

      2) өстер/доңғалақтар саны;

      3) доңғалақтар формуласы / тартқыш доңғалақтар

      4) көлік құралын жинақтастыру схемасы;

      5) қозғалтқыштың орналасуы;

      6) шанақ типі / есіктер саны;

      7) алдыңғы/артқы орындар саны;

      8) жүк тиеу кеңістігінің жасалуы;

      9) отыруға арналған орындар саны;

      10) жолаушылар сыйымдылығы;

      11) багаж орнының жалпы көлемі;

      12) кабинасы;

      13) рамасы;

      14) габариттік көлемдері:

      ұзындығы;

      ені;

      биіктігі;

      15) базасы;

      16) алдыңғы/артқы доңғалақтардың жолтабаны;

      17) жарақталған күйдегі көлік құралының массасы;

      18) көлік құралының техникалық рұқсат етілетін ең жоғары массасы;

      19) алдыңғы өсінен бастап көлік құралының әрбір өсіне түсетін техникалық рұқсат етілген ең жоғары масса;

      20) автопойыздың техникалық рұқсат етілетін ең жоғары массасы;

      21) тіркеменің ең жоғары массасы:

      тежегіш жүйесі жоқ тіркеме;

      тежегіш жүйесі бар тіркеме;

      22) тіреу-тіркесу құрылғысына түсетін техникалық рұқсат етілетін ең жоғары жүктеме;

      23) гибридті көлік құралының сипаттамасы;

      24) іштен жанатын қозғалтқыш (маркасы, типі):

      цилиндрлердің саны мен орналасуы;

      цилиндрлердің жұмыс көлемі;

      қысу дәрежесі;

      ең жоғары қуаты;

      ең көп айналатын кезі;

      25) отын;

      26) қоректендіру жүйесі (типі);

      27) басқару блогы (таңбалау);

      28) от алдыру жүйесі (типі);

      29) пайдаланылған газдарды шығару және бейтараптандыру жүйесі;

      30) электромобильдің электр қозғалтқышы (маркасы, типі):

      қолданыстық кернеуі;

      ең жоғары 30 минуттық қуаты;

      31) энергия жинақтау құрылғысы:

      орналасқан жері;

      жүріс запасы;

      32) трансмиссиясы (типі);

      33) электрлі машина (маркасы, типі):

      қолданыстық кернеуі;

      ең жоғары 30 минуттық қуаты;

      34) тіркесу-ілінісу (маркасы, типі);

      35) беріліс қорабы (маркасы, типі):

      берілістер саны;

      беру саны;

      36) таратқыш қорабы (типі, таңбалау):

      берілістер саны;

      беру саны;

      37) басты беріліс (типі, таңбалау):

      берілістер саны;

      аралық берілістің беру саны;

      38) аспа:

      алдыңғы (сипаты);

      артқы (сипаты);

      39) рульдік басқару (сипаты, орналасуы);

      40) тежегіш жүйесі:

      қолданыстағы (сипаты);

      запастағы (сипаты);

      аялдайтын (сипаты);

      қосалқы (берік) (сипаты);

      41) шиналар:

      өлшемділік;

      ең жоғары рұқсат етілетін жүктемені көтеру қабілетінің индексі;

      жылдамдық санаты;

      42) көлік құралының жабдығы.

      8. Көлік құралының жалпы түрі.

      9. Қосымша ақпарат:

      1) көлік құралының типін мақұлдау негізінде берілген көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік негізінде көлік құралының электрондық паспортын ресімдеген жағдайда - көлік құралының типін мақұлдау нөмірі, қолданылу мерзімі;

      2) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда пайдалану мүмкіндігін шектеу;

      3) маршрутты көлік құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі;

      4) кепілдікті міндеттемелерді орындау туралы мәліметтер;

      5) өзге де ақпарат.

      10. Әкімшілік ақпарат:

      1) жеңілдікті режимді қолдана отырып, көлік құралын шығару туралы мәліметтер;

      2) жерсеріктік навигация аппаратурасының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      3) жүргізушілердің қозғалыс, еңбек ету және демалу режимдерін сақтауын бақылайтын техникалық құралдың сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      4) көлік құралының электрондық паспортын ресімдеу негіздері туралы мәліметтер;

      5) көлік құралын әкету елі;

      6) көлік құралы шығарылған (жасалған) ел;

      7) кедендік кіріс ордерінің сериясы, нөмірі, кедендік декларацияның нөмірі;

      8) кәдеге жарату алымын төлеу туралы мәліметтер;

      9) кедендік шектеулер;

      10) көлік құралының электрондық паспортын ресімдеген ұйымның (органның) атауы;

      11) көлік құралының электрондық паспортын ресімдеу күні.

      11. Жасаушы ақпараты.

      12. Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер:

      1) тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет;

      2) меншік иесінің (иеленушінің) түрі;

      3) тіркеу әрекеті;

      4) тіркеу әрекеті жасалған күн;

      5) меншік иесі (иеленуші) орналасқан өңір.

      13. Енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер:

      1) көлік құралының типін, мақсатын өзгерту;

      2) көлік құралын тіркеу құжаттарында көрсетілетін сипаттамалар, мәндер;

      3) конструкциясына енгізілген өзгерістерімен көлік құралының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәлік нөмірі.

  Көлік құралдарының
электрондық паспорттары
(көлік құралдары шассиінің
электрондық паспорттары) және
өздігінен жүретін машиналар
мен техниканың басқа түрлерінің
электрондық паспорттары
жүйелерінің жұмыс істеу
тәртібіне № 4 қосымша

Көлік құралы шассиінің электрондық паспортында көрсетілетін мәліметтердің ТІЗБЕСІ

      1. Электрондық паспорт түрі: көлік құралы шассиінің электрондық паспорты.

      2. Көлік құралы шассиі электрондық паспортының нөмірі.

      3. Көлік құралы шассиі электрондық паспортының мәртебесі.

      4. Көлік құралы шассиінің сәйкестендіру белгілері:

      1) сәйкестендіру нөмірі;

      2) қозғалтқыш нөмірі;

      3) шасси (рама) нөмірі;

      4) шанақ (кабина, тіркеме) нөмірі;

      5) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      6) шанақ (кабина, тіркеме) түсі;

      7) жасалған айы мен жылы.

      5. Көлік құралының шассиі туралы мәліметтер:

      1) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;

      2) маркасы;

      3) коммерциялық ататуы;

      4) типі;

      5) модификация;

      6) Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкес көлік құралының санаты.

      7) экологиялық класы;

      8) жасау варианты;

      9) жасаушы және оның мекенжайы;

      10) жасаушы өкілі және оның мекенжайы.

      6. Көлік құралы шассиін таңбалау сипаттамасы:

      1) жасаушы тақтайшасының орналасқан жері;

      2) көлік құралы шассиі сәйкестендіру нөмірінің орналасқан жері;

      3) көлік құралы шассиі сәйкестендіру нөмірінің құрылымы мен мазмұны;

      4) қозғалтқыш нөмірінің орналасқан жері;

      5) қозғалтқыш нөмірінің құрылымы мен мазмұны.

      7. Көлік құралы шассиінің жалпы сипаттамалары:

      1) өстер/доңғалақтар саны;

      2) доңғалақтар формуласы / тартқыш доңғалақтар;

      3) көлік құралын жинақтастыру схемасы;

      4) қозғалтқыштың орналасуы;

      5) шанақ типі / есіктер саны;

      6) кабинасы;

      7) габариттік көлемдері:

      ұзындығы;

      ені;

      биіктігі;

      8) базасы;

      9) алдыңғы/артқы доңғалақтар жолтабаны;

      10) жарақталған күйдегі көлік құралы шассиінің массасы;

      11) көлік құралының техникалық рұқсат етілетін ең жоғары массасы;

      12) алдыңғы өстен бастап көлік құралының әрбір өсіне түсетін техникалық рұқсат етілетін ең жоғары масса;

      13) гибридті көлік құралының сипаты;

      14) іштен жанатын қозғалтқыш (маркасы, типі):

      цилиндрлердің саны мен орналасуы;

      цилиндрлердің жұмыс көлемі;

      ең жоғары қуаты;

      ең көп айналатын кезі;

      15) отын;

      16) қоректендіру жүйесі (типі);

      17) басқару блогы (таңбалау);

      18) от алдыру жүйесі (типі);

      19) пайдаланылған газдарды шығару және бейтараптандыру жүйесі;

      20) электромобильдің электр қозғалтқышы (маркасы, типі):

      қолданыстағы кернеуі;

      ең жоғары 30 минуттық қуаты;

      21) энергия жинақтау құрылғысы:

      орналасқан жері;

      жүріс запасы;

      22) трансмиссия (типі);

      23) электрлі машина (маркасы, типі):

      қолданыстағы кернеуі;

      ең жоғары 30 минуттық қуаты;

      24) беріліс қорабы (маркасы, типі):

      берілістер саны;

      беру саны;

      25) таратқыш қорабы (типі, таңбалау):

      берілістер саны;

      беру саны;

      26) басты беріліс (типі, таңбалау):

      берілістер саны;

      аралық берілістің беру саны;

      27) аспа:

      алдыңғы (сипаты);

      артқы (сипаты);

      28) рульдік басқару (сипаты, орналасуы);

      29) тежегіш жүйелер:

      қолданыстағы (сипаты);

      запастағы (сипаты);

      аялдайтын (сипаты);

      қосалқы (берік) (сипаты);

      30) шиналар:

      өлшемділік;

      ең жоғары рұқсат етілетін жүктемені көтеру қабілетінің индексі;

      жылдамдық санаты;

      31) көлік құралы шассиінің жабдығы.

      8. Көлік құралы шассиінің жалпы түрі.

      9. Қосымша ақпарат:

      1) жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдарда пайдалану мүмкіндігін шектеу;

      2) кепілдікті міндеттемелерді орындау туралы мәліметтер;

      3) өзге де ақпарат.

      10. Әкімшілік ақпарат:

      1) жеңілдікті режимді қолдана отырып, көлік құралы шассиін шығару туралы мәліметтер;

      2) жерсеріктік навигация аппаратурасының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      3) жүргізушілердің қозғалыс, еңбек ету және демалу режимдерін сақтауын бақылайтын техникалық құралдың сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      4) көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу негіздері туралы мәліметтер;

      5) көлік құралы шассиін әкету елі;

      6) көлік құралының шассиі шығарылған (жасалған) ел;

      7) кедендік кіріс ордерінің сериясы, нөмірі, кедендік декларацияның нөмірі;

      8) кәдеге жарату алымын төлеу туралы мәліметтер;

      9) кедендік шектеулер;

      10) көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеген ұйымның (органның) атауы;

      11) көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу күні;

      11. Жасаушы ақпараты.

  Көлік құралдарының
электрондық паспорттары
(көлік құралдары шассиінің
электрондық паспорттары) және
өздігінен жүретін машиналар мен
техниканың басқа түрлерінің
электрондық паспорттары
жүйелерінің жұмыс істеу
тәртібіне № 5 қосымша

Өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа түрлерінің электрондық паспортында көрсетілетін мәліметтер ТІЗБЕСІ

      1. Электрондық паспорт түрі: өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспорты.

      2. Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортының нөмірі.

      3. Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортының мәртебесі.

      4. Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) сәйкестендіру белгілері:

      1) сәйкестендіру нөмірі;

      2) өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) мақсаты бойынша айқындалатын атауы;

      3) Өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу қағидаларына (Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібіне № 8 қосымша) сәйкес санаты;

      4) қозғалтқыш (қозғалтқыштар) нөмірі;

      5) шанақ (кабина, тіркеме, рама) нөмірі;

      6) беріліс қорабының нөмірі;

      7) негізгі тартқыш белдік нөмірі;

      8) қозғалтқыш типі;

      9) шанақ (кабина) түсі;

      10) жасалған айы мен жылы.

      5. Өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі) туралы мәліметтер:

      1) міндетті қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін растайтын құжат;

      2) маркасы;

      3) коммерциялық атауы;

      4) типі;

      5) шасси:

      көлік құралы базалық шассиінің маркасы, моделі және типі, көлік құралы шассиінің паспортын (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні;

      базалық көлік құралының маркасы, моделі және типі, көлік құралының паспортын (көлік құралының электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні;

      базалық өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) маркасы, моделі, өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) паспортын (өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні;

      6) модификация;

      7) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған "Ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығы тракторларының және олардың тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 031/2012), Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 010/2011) немесе Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкес санаты.

      8) жасаушы және оның мекенжайы.

      6. Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) сипаты:

      1) жасаушы тақтайшасының орналасқан жері;

      2) өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) сәйкестендіру нөмірінің орналасқан жері;

      3) өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) құрылымы мен мазмұны;

      4) қозғалтқыш нөмірінің орналасқан жер;

      5) қозғалтқыш нөмірінің құрылымы мен мазмұны.

      7. Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) жалпы сипаттамалары:

      1) өстер/доңғалақтар саны;

      2) жинақтастыру схемасы;

      3) жетекті қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) қалпы және орналасуы;

      4) шанақ типі / есіктер саны;

      5) рульдік доңғалақтың қалпы;

      6) оператордың реверсивті орнының бар болуы туралы мәліметтер;

      7) жүк тиеу кеңістігінің жасалуы;

      8) жолаушылар сыйымдылығы;

      9) көліктің габариттік көлемдері:

      ұзындығы;

      ені;

      биіктігі;

      10) базасы;

      11) жолтабаны;

      12) жол саңылауы;

      13) өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) жарақталған (пайдаланылған) массасы;

      14) өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) техникалық рұқсат берілетін ең жоғары массасы;

      15) алдыңғы өстен бастап өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) әрбір өсіне түсетін техникалық рұқсат етілетін ең жоғары масса;

      16) тарту-тіркесу құрылғысының ілінісу нүктесіне тігінен түсетін техникалық рұқсат етілетін статикалық жүктеме;

      17) пайдалы жүктеме;

      18) өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) және тіркеменің техникалық рұқсат етілетін жалпы массасы;

      19) техникалық рұқсат етілетін тіркеп сүйреу массасы;

      20) гибридті өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) сипаты;

      21) іштен жанатын қозғалтқыш (маркасы, типі):

      цилиндрлердің саны және орналасуы;

      цилиндрлердің жұмыс көлемі;

      ең жоғары қуаты;

      ең көп айналатын кезі;

      22) отын;

      23) қоректендіру жүйесі (типі);

      24) басқару блогы (таңбалау);

      25) от алдыру жүйесі (типі);

      26) пайдаланылған газдарды шығару және бейтараптандыру жүйесі;

      27) электр машинаның электр қозғалтқышы (маркасы, типі):

      қолданыстағы кернеуі;

      ең жоғары 30 минуттық қуаты;

      28) энергия жинақтау құрылғысы:

      орналасқан жері;

      жүріс запасы;

      29) басқа да жетекті қозғалтқыштар немесе қозғалтқыштар комбинациясы;

      30) номиналды кернеуі;

      31) трансмиссия (типі, схемасы);

      32) электрлі машина (маркасы, типі):

      қолданыстағы кернеуі;

      ең жоғары 30 минуттық қуаты;

      33) беріліс қорабы (маркасы, типі):

      берілістер саны;

      беру саны;

      34) таратқыш қорабы (типі, таңбалау):

      берілістер саны;

      беру саны;

      35) басты беру (типі, таңбалау):

      берілістер саны;

      аралық берілістің беру саны;

      36) қуат алу білігі;

      37) аспа:

      алдыңғы (сипаты);

      артқы (сипаты);

      38) рульдік басқару (сипаты, орналасуы);

      39) тежегіш жүйелер:

      қолданыстағы (сипаты);

      запастағы (сипаты);

      аялдайтын (сипаты);

      қосалқы (берік) (сипаты);

      40) шиналар:

      өлшемділігі;

      барынша рұқсат етілетін жүктеме үшін көтеру қабілетінің индексі;

      жылдамдық санаты;

      тартқыш дөңгелектердің ең үлкен көлемдері;

      тежегіш жүйесі бар өстердегі ең жоғары рұқсат етілетін мөлшерлер;

      41) ең жоғары жылдамдық;

      42) қосымша сипаттамалар.

      8. Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) жалпы түрі.

      9. Қосымша ақпарат:

      1) кепілдікті міндеттемелердің орындалуы туралы мәліметтер;

      2) өзге де ақпарат.

      10. Әкімшілік ақпарат:

      1) жеңілдікті режимді қолдана отырып, өздігінен жүретін машинаны (техниканың басқа түрін) шығару туралы мәліметтер;

      2) жерсеріктік навигация аппаратурасының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      3) шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;

      4) өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортын ресімдеу негіздері туралы мәліметтер;

      5) өздігінен жүретін машинаны (техниканың басқа түрін) әкету елі;

      6) өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі) шығарылған (жасалған) ел;

      7) кедендік кіріс ордерінің сериясы, нөмірі, кедендік декларация нөмірі;

      8) кәдеге жарату алымын төлеу туралы мәліметтер;

      9) кедендік шектеулер;

      10) өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортын ресімдеген ұйымның (органның) атауы;

      11) өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортын ресімдеу күні.

      11. Жасаушы ақпараты.

      12. Өздігінен жүретін машинаны (техниканың басқа түрін) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер:

      1) тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет;

      2) меншік иесінің (иеленушінің) түрі;

      3) тіркеу әрекеттері;

      4) тіркеу әрекеттері жасалған күн;

      5) меншік иесі (иеленуші) орналасқан өңір.

      13. Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) конструкциясына енгізілген өзгерістер туралы мәліметтер:

      1) конструкцияға енгізілген өзгерістер;

      2) сипаттамалар;

      3) конструкцияға өзгерістер енгізу мүмкіндігі және тәртібі туралы қорытынды берген тұлға;

      4) конструкцияға өзгеріс енгізген тұлға.

  Көлік құралдарының
электрондық паспорттары
(көлік құралдары шассиінің
электрондық паспорттары) және
өздігінен жүретін машиналар мен
техниканың басқа түрлерінің
электрондық паспорттары
жүйелерінің жұмыс істеу
тәртібіне № 6 ҚОСЫМША

Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету ТӘРТІБІ

      1. Көлік құралдары электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиі электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері электрондық паспорттары (бұдан әрі - электрондық паспорттар) жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету мынадай:

      1) электрондық паспорттар жүйелеріндегі ақпаратты (объектілерді кодтау негізінде) бірмәнді және үнемді ұсыну;

      2) объектілер арасындағы байланыстар сипатын ескере отырып, ақпаратты талдау және өңдеу рәсімдерін (объектілердің сыныптамасы негізінде) ұйымдастыру;

      3) электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының өзара іс-қимылын ұйымдастыру;

      4) автоматтандыру объектісінің жұмыс істеуін басқаруда (құжаттаманың біріздендірілген жүйесі негізінде) ақпаратты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету міндеттерін шешудің құралы болып табылады.

      2. Электрондық паспорттар жүйелерін ақпараттық қамтамасыз ету:

      1) машинадан тыс ақпараттық қамтамасыз етуді (техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштары, құжаттар, әдістемелік нұсқаулық материалдар, нормативтік-анықтамалық ақпарат);

      2) машинаішілік ақпараттық қамтамасыз етуді (макеттер, алғашқы деректерді енгізу немесе нәтижелі ақпаратты шығару үшін экрандық нысандар, электрондық түрдегі мәліметтер мен құжаттардың форматтары, сондай-ақ дерекқорлар) қамтиды.

      3) Электрондық паспорттар жүйелерін ақпараттық қамтамасыз етуге мынадай талаптар қойылады:

      1) ақпараттық қамтамасыз ету электрондық паспорттар жүйелерінің барлық автоматтандырылған функцияларын қолдау үшін жеткілікті болуға тиіс;

      2) ақпаратты кодтау үшін тиісті сыныптауыштар қолданылуға тиіс;

      3) электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының ақпараттық жүйелерінің үйлесімділігі қамтамасыз етілуге немесе олардың өзара іс-қимылы көзделуге тиіс;

      4) ақпараттық хабарлар мен олардың мазмұнын қалыптастырудың графикалары, сондай-ақ пайдаланылатын аббревиатуралар жалпыға бірдей қабылданған және электрондық паспорттар жүйелері әкімшісімен (бұдан әрі - әкімші) және электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларымен келісілген болуға тиіс;

      5) электрондық паспорттар жүйелерінде енгізілетін алғашқы деректер мен шығарылатын нәтижелі ақпаратты бақылау, деректерді жаңарту және электрондық құжаттардың алдыңғы нұсқаларын және мәліметтерді ақпараттық массивтерде электрондық түрде сақтау, ақпарат қорының тұтастығын бақылау, рұқсатсыз кіруден қорғау құралдары көзделген болуға тиіс.

      4. Электрондық паспорттар жүйелерін ақпараттық қамтамасыз етуді ұйымдастыру олардың тапсырылған автоматтандырылған функцияларды орындау қажеттілігінен шығады. Ақпараттық базаның тұтастығын қорғау ұйымдық-техникалық шаралармен қамтамасыз етіледі.

      5. Ақпаратты сыныптау мен кодтау жүйесі түсініктердің бірмәнділігі мен пайдаланушының электрондық паспорттар жүйелерімен диалогының қолайлылығын қамтамасыз ететін және мынадай:

      1) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің (бұдан әрі - мүше мемлекеттер) сыныптауыштарына және Еуразиялық экономикалық одақта қолданылып жүрген бірыңғай сыныптауыштарға сәйкестігі;

      2) сыныптама объектілерін қамтудың толықтығын қамтамасыз ету;

      3) деректерді өңдеу үшін сыныптау тереңдігінің жеткіліктілігі;

      4) сыныптауыш құрылымын бұзбай, көптеген объектілерді және олардың топтарын кеңейту кезінде белгілерді ізеуірттеуді қамтамасыз ету;

      5) біртекті объектілердің басқа да сыныптауыштарымен ұштасу талаптарын қанағаттандыратын сыныптауыштар кешенін білдіреді.

      6. Электрондық паспорттар жүйелерінің ақпараттық-лингвистикалық қамтылымы (бұдан әрі - ақпараттық-лингвистикалық қамтылым) мынадай қағидаттарға сәйкес әзірленеді:

      1) жалпы қағидаттар:

      пәндік саланың және басқару органдарының ақпараттық өрісінің декомпозициясы кезінде ақпараттық-лингвистикалық қамтылымның тұтастығын және басқарудың ұштасқан органдарын автоматтандырылған басқару жүйесімен ақпарат алмасуды қамтамасыз ететін олардың құрылымдық элементтері арасындағы барлық басты байланыстарды белгілеуден тұратын жүйелілік қағидаты;

      жұмыс қабілетін бұзбай (соның ішінде жұмыс істейтін жүйелер үшін), электрондық паспорттар жүйелері функцияларын толықтыру мен жаңарту мүмкіндігі көзделетін даму (ашықтық) қағидаты;

      интерфейстердің іске асырылуына себепші болатын, соның арқасында электрондық паспорттар жүйелері белгіленген хаттамаларға сәйкес басқа жүйелермен өзара іс-қимыл жасай алатын сыйысымдылық қағидаты;

      ақпараттық-лингвистикалық қамтылымның типтік, біріздендірілген және стандартталған құрауыштарын ұтымды пайдалану талап етілетін стандарттау (біріздендіру) қағидаты;

      ақпараттық-лингвистикалық қамтылымды жасауға кететін шығыстар мен электрондық паспорттар жүйелері жұмысының орнықтылығын, толассыздығын, жеделдігін арттыру нәтижесінде алынатын нысаналы әсерлер арасындағы оңтайлы арақатынасқа жетуге бағытталған тиімділік қағидаты;

      2) ерекшелікті қағидаттар:

      электрондық паспорттар жүйелерінің қалыптасқан құрылымын және олармен ұштасатын жүйелерді жобалау және пайдалану кезінде қолданылған әдістемелік және техникалық шешімдерді жан-жақты есепке алудан тұратын сабақтастық қағидаты;

      ақпараттық-лингвистикалық қамтылымды жасау мақсатының, оның функционалдық міндеті мен мүмкіндіктерінің аппараттық және бағдарламалық құралдардың даму деңгейіне және басқарудың автоматтандырылған жүйелеріне қойылатын қазіргі заманғы талаптарға сәйкес келу қағидаты;

      пайдаланылатын ақпараттың барлық құрауыштарын және оны әдістемелік тәсілдемелерге сәйкес ақпараттық-лингвистикалық қамтылымды жасауға стандарттауды біріздендіру қағидаты;

      ақпараттық-лингвистикалық қамтылымның нақты уақыт ауқымында жұмыс істеу қағидаты;

      сыныптау мен кодтаудың бірыңғай жүйесін пайдалану қағидаты;

      бірыңғай ақпараттық тілдерді қолдану қағидаты.

      7. Электрондық паспорттар жүйелерінің қатысушылары электрондық паспорттар жүйелерінің жұмыс істеуі кезіндегі тиісті рөлдері шеңберінде ақпарат алушылар және берушілер болуы мүмкін.

      Ақпарат алушылар Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімімен бекітілген Көлік құралдары электрондық паспорттары (көлік құралдары шассиі электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлері электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібінің (бұдан әрі - Тәртіп) 13-тармағына сәйкес айқындалған көлемде ақпарат алады.

      Ақпарат берушілер оны электрондық паспорттарға енгізу үшін ақпаратты Тәртіп белгілеген тәртіпте және қағидалар бойынша береді.

      8. Ақпарат жинау автоматтандырылған режимде тек бағдарламалық құралдармен жүзеге асырылады.

      9. Электрондық паспорттар жүйелері енгізілген ақпараттың тұтастығы мен құрылымдық дұрыстығын бақылауды қамтамасыз етеді.

      10. Электрондық паспорттар жүйелерінде ресімдеумен, одан әрі толтырумен және электрондық паспорттарға өзгерістер енгізумен байланысты ақпаратты жинау және өңдеу процесінде нәтижесі электрондық паспорт мәртебесін сақтау немесе өзгерту туралы шешім болып табылатын өзектіленген электрондық паспорттың мәліметтеріне талдау жасалады.

      11. Электрондық паспорттарды ресімдеу рәсімдерін өту және электрондық паспорттар жүйелерінің жұмыс істеуі кезінде электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының өзара іс-қимылына қойылатын талаптар мүше мемлекеттердің ақпараттық жүйелерін пайдалана отырып, электрондық паспорттар жүйелерінің жұмыс істеуімен байланысты емес деректерді электрондық алмасуда қолданылмайды.

      12. Электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының ақпараттық өзара іс-қимылы кезінде электрондық паспорттарды ресімдеу рәсімдерін өту барысында ведомствоаралық электрондық өзара іс-қимыл жүйелері және жұмыс істеуі осы мүше мемлекеттің заңнамасымен реттелетін мүше мемлекеттің деректерді беруінің басқа да жүйелері пайдаланылуы мүмкін.

      13. Электрондық паспорттар жүйелерінде деректерді электрондық алмасу шеңберінде жасалатын барлық операциялар үшін электрондық паспорттар жүйелерінің қатысушылары мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес жауапты болады.

      14. Хабарлама құрылымына және форматына қойылатын талаптарды, сондай-ақ мемлекетаралық ақпараттық алмасу кезінде хабарламалар алмасу тәртібін Еуразиялық экономикалық комиссия белгілейді.

      15. Хабарлама құрылымына және форматына қойылатын талаптарды және Тәртіптің "б" - "д" тармақшаларында көрсетілген электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының өзара іс-қимылы кезінде ұлттық деңгейде хабарлама алмасу тәртібін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін актілерге және мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес жасасылатын ақпараттық өзара іс-қимыл туралы электрондық паспорттар жүйелерінің әкімшісі мен қатысушысы арасындағы екіжақты келісімдерге сәйкес әкімші айқындайды.

      16. Электрондық деректер алмасудың қатысушылары арасындағы ақпараттық алмасу ақпараттық хабарламалар арқылы қамтамасыз етіледі.

      17. Жекелеген жағдайларда электрондық паспорттар жүйелері қатысушыларының өзара іс-қимылы "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісінің порталы арқылы көзделуі мүмкін. Көрсетілген портал интерактивті режимде электрондық паспорттар жүйелерімен тікелей өзара іс-қимыл жасауға мүмкіндік береді.

      18. Электрондық паспорттар жүйелерінде электрондық деректер алмасу рәсімдерінің ұлттық деңгейде электрондық деректер алмасу рәсімдерімен ұштасу қағидалары мүше мемлекеттер заңнамасына сәйкес белгіленеді.

      19. Электрондық паспорттар жүйелерінің қатысушылары электрондық паспорттар жүйелерімен ұлттық оператор арқылы, ал әкімші тіркелген мүше мемлекеттің аумағында әкімші арқылы өзара іс-қимыл жасайды.

      20. Электрондық паспорттар жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігі, олардың тұтастығы мен құпиялылығы мынадай:

      ақпаратты резервтік көшіру;

      апатқа төзімділікті қамтамасыз ету;

      аутентификация жүргізу;

      пайдаланушылар құқығының аражігін ажырату;

      заңдық маңызы бар электрондық өзара іс-қимылды жүзеге асыру;

      пайдаланушылардың іс-әрекеттерін хаттамалау;

      ақпараттық арналарды рұқсатсыз кіруден қорғау салаларындағы іс-шаралар кешенін орындаумен қамтамасыз етіледі.

      Көрсетілген салаларда орындалатын іс-шаралар тізбесін әкімші әрбір мүше мемлекет үшін осы мүше мемлекеттің заңнамасына, сондай-ақ халықаралық шарттар мен Еуразиялық экономикалық одақтың құқығын құрайтын актілерге сәйкес әзірлеп, бекітеді.

  Көлік құралдарының
электрондық паспорттары
(көлік құралдары шассиінің
электрондық паспорттары) және
өздігінен жүретін машиналар мен
техниканың басқа түрлерінің
электрондық паспорттары
жүйелерінің жұмыс істеу
тәртібіне № 7 ҚОСЫМША

Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттарын) ресімдеудің ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Көлік құралдарының электрондық паспорттарын (көлік құралдары шассиінің электрондық паспорттарын) (бұдан әрі – электрондық паспорт) ресімдеу электрондық паспорттың бөлімдері мен бос жолдарын толтыру арқылы жүзеге асырылады.

      Электрондық паспортты толтыруға қол жеткізу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассиінің), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін жасаушы ұйымның (бұдан әрі тиісінше – уәкілетті органдар (ұйымдар), жасаушы ұйымдар, мүше мемлекет) бірыңғай тізіліміне енгізілген электрондық паспорттарды ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассиін) жасаушы ұйымның таңдаған және растаған өкілеттіктеріне және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) талаптарына көлік құралының (көлік құралы шассиінің) (бұдан әрі – көлік құралы (шасси) сәйкестігін растайтын құжаттардың мазмұнына байланысты әртүрлі режимде жүзеге асырылады.

      2. "Электрондық паспорттың түрі: көлік құралының электрондық паспорты" ("Электрондық паспорттың түрі: көлік құралы шассиінің электрондық паспорты") бөлімінде уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым таңдаған өкілеттіктерге сәйкес "Көлік құралының электрондық паспорты" немесе "Көлік құралы шассиінің электрондық паспорты" - электрондық паспортының түрі көрсетіледі.

      3. "Көлік құралы электрондық паспортының нөмірі" ("Көлік құралы шассиі электрондық паспортының нөмірі") бөлімінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімімен бекітілген Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібінің (бұдан әрі - Тәртіп) 17-тармағына сәйкес автоматты түрде электрондық паспорттар жүйелерінде қалыптастырылған көлік құралы электрондық паспортының бірегей нөмірі немесе көлік құралы шассиі электрондық паспортының бірегей нөмірі көрсетіледі.

      4. "Көлік құралының электрондық паспортының мәртебесі" ("Көлік құралы шассиі электрондық паспортының мәртебесі") бөлімінде электрондық паспорттың:

      көлік құралдары үшін:

      "аяқталмаған";

      "қолданыстағы";

      "жойылған";

      "өтелген";

      "кәдеге жаратылған көлік құралы";

      шасси үшін -

      "кәдеге жаратылған шасси" мәртебелерінің біреуі көрсетіледі.

      5. "Көлік құралының сәйкестендіру белгілері" ("Көлік құралы шассиінің сәйкестендіру белгілері") бөлімінде:

      1) "сәйкестендіру нөмірі" бос жолында – КО ТР 018/2011 № 7 қосымшасына сәйкес көлік құралына (шассиге) берілген сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Электрондық паспорттарды қолдана бастаған күнге дейін айналымға шығарылған көлік құралдары (шассилері) үшін аталған бос жолда КО ТР 018/2011 № 7 қосымшасының талаптарына сәйкес келмейтін сәйкестендіру нөмірін көрсетуге жол беріледі.

      Сәйкестендіру нөмірі болмаған жағдайда аталған бос жолда көлік құралының (шассидің) зауыттық нөмірі көрсетіледі;

      2) "1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес көлік құралының санаты" бос жолында көлік құралының А, В, С, D санаты немесе тіркеме 1968 жылғы 8 қарашадағы Жол қозғалысы туралы конвенцияға сәйкес көрсетіледі.

      Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бос жол пайдаланылмайды;

      3) "қозғалтқыш нөмірі" бос жолында – жасаушы ұйым берген қозғалтқыш нөмірі көрсетіледі.

      Қозғалтқыш нөмірі болмаған жағдайда аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады.

      Қозғалтқышсыз жиынтықтағы тіркемелер мен шассиге қатысты аталған бос жол пайдаланылмайды;

      4) "шасси (рама) нөмірі" бос жолында - жасаушы ұйым берген және салған шасси (рама) нөмірі;

      5) "шанақ (кабина, тіркеме) нөмірі" бос жолында - жасаушы ұйым берген және салған шанақ (кабина, тіркеме) нөмірі;

      6) "шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер" бос жолында - шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғысының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Ақпарат болмаған жағдайда аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады;

      7) "шанақ (кабина, тіркеме) түсі" бос жолында – көлік құралының (шассидің) шанағына (кабинасына, тіркемесіне) сыртқы жағынан боялған негізгі мынадай: ақ, сары, қоңыр, қызыл, қызғылт сары, күлгін, көк, жасыл, қара, сұр түстердің біреуі көрсетіледі.

      Негізгі түспен қатар түстің реңін немесе көлік құралын (шассиді) жасаушы ұйымның ерекшелігіне сәйкес түсті қосымша көрсетуге жол беріледі.

      Көлік құралы (шасси) шанағының (кабинасының, тіркемесінің) сыртқы жағы бірнеше түс боялған жағдайда аталған бос жолда (3-тен аспайтын негізгі түстерді көрсете отырып) "аралас" немесе "көптүсті" деген жазу жазылады;

      8) "жасалған айы мен жылы" бос жолында – көлік құралын (шассиді) жасап шығарған ай мен жыл (ай – сөзбен, жыл – төрт араб цифрымен) көрсетіледі.

      "Көлік құралы туралы мәліметтер" ("Көлік құралы шассиі туралы мәліметтер") бөлімінде:

      "қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкестікті растайтын құжат" бос жолында – Көлік құралының типіне берілген мақұлдаулар, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәліктер және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 225 шешімінде көзделген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестікті куәландыратын құжатты жою жөніндегі тіркелген хабарламалардың бірыңғай тізіліміндегі көлік құралы типін (көлік құралы шассиін мақұлдау), көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі куәлігі туралы жазбаны енгізудің тіркеу нөмірі мен уақыты, сондай-ақ көлік құралының типін мақұлдауды (шасси типін мақұлдауды) ресімдеген сертификаттау жөніндегі органның немесе көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеген сынау зертханасының (орталықтың) атауы немесе КО ТР 018/2011 күшіне енген күнге дейін КО ТР 018/2011 техникалық реттеудің объектісі болып табылатын көлік құралына (шассиіне) қатысты берілген, мүше мемлекет заңнамасында көзделген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжаттың нөмірі мен оның күні, сондай-ақ осындай құжатты ресімдеген органның (ұйымның) атауы көрсетіледі.

      Тәртіптің 20-тармағы "в" тармақшасында айқындалған жағдайларда аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады және көрсетілген жағдайларды растайтын құжаттың деректемелері көрсетіледі;

      "марка" бос жолында – көлік құралына (шассиге) жасаушы ұйым берген марка жазылады.

      Көлік құралында (шассиде) марка болмаған жағдайда, аталған жолға "жоқ" деген жазу жазылады;

      "коммерциялық атауы" бос жолында – көлік құралына (шассиге) жасаушы ұйым берген коммерциялық атау көрсетіледі.

      Көлік құралының (шассиінің) коммерциялық атауы болмаған жағдайда, аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады;

      "типі" бос жолында – көлік құралының (шассидің) жасаушы ұйым берген типі;

      "базалық шассидің маркасы, моделі мен типі, көлік құралы шассиінің паспортын (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні" бос жолында – түпкілікті көлік құралын жасап шығару кезінде базалық ретінде қолданылатын шассидің маркасы, моделі (бар болған кезде), типі, көлік құралы шассиінің паспортын (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын) (бар болған кезде) ресімдеудің нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Көлік құралын басқа көлік құралының базасында жасап шығарған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды.

      Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бос жол пайдаланылмайды;

      "базалық көлік құралының маркасы, моделі мен типі, көлік құралының паспортын (көлік құралының электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні" бос жолында - түпкілікті көлік құралын жасап шығару кезінде базалық ретінде қолданылатын көлік құралының маркасы, моделі (бар болған кезде) мен типі, көлік құралының паспортының (көлік құралының электрондық паспортының) (бар болған кезде) берілген нөмірі мен күні көрсетіледі.

      Түпкілікті көлік құралын шасси базасында жасап шығарған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды.

      Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бос жол пайдаланылмайды;

      "модификация" бос жолында – көлік құралының (шассидің) типін білдіретін модификация (түрлендіру) көрсетіледі.

      Көлік құралында (шассиде) модификация (түрлендіру) болмаған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды.

      "Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы №877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкес санат" бос жолында – КО ТР 018/2011 № 1 қосымшасына сәйкес көлік құралы (шасси) жатқызылған және жасаушы ұйым беретін санат көрсетіледі;

      "экологиялық класс" бос жолында – көлік құралының (шассидің) экологиялық класы көрсетіледі.

      L, O санатындағы көлік құралдарына және қозғалтқышсыз шассиге қатысты аталған бос жол пайдаланылмайды.

      Егер көлік құралының (шассидің) экологиялық класы анықталмаған жағдайда, аталған бос жолда "анықталмаған" деген жазу жазылады;

      10) "жасап шығарудың нұсқасы" бос жолында – шассиді жасап шығарудың мынадай нұсқаларының біреуі көрсетіледі:

      кабинасы мен қозғалтқышы бар шасси;

      рамалы конструкциялы автобустарға арналған шанақсыз автобус шассиі;

      қаңқалы конструкциялы автобустарға арналған шанақсыз автобус шассиі;

      арнайы кабинасы бар көлік құралдарын жасап шығаруға арналған кабинасыз жүк шассиі;

      ішінара жинақталған кабинасы бар (артқы қабырғасы жоқ) жүк шассиі;

      үй-автомобильдерді жасап шығаруға арналған кабинасының алдыңғы бөлігі бар шасси;

      үй-автомобильдерді жасап шығаруға арналған кабинасыз шассидің алдыңғы бөлігі;

      тіркеме шассиі.

      Көлік құралының электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бос жол пайдаланылмайды;

      "жасаушы және оның мекенжайы" бос жолында – жасаушы ұйымның атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы (заңды тұлға үшін) немесе тұрғылықты жері (жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін) көрсетіледі. Егер жасаушы бірнеше құрастырушы зауыты, соның ішінде әр елде орналасқан зауыттары бар трансұлттық компания болып табылатын жағдайда, сәйкестікті бағалау кезінде жасаушы ретінде мәлімделген ұйымның атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы көрсетіледі;

      "жасаушының өкілі және оның мекенжайы" бос жолында – тиісті мүше мемлекеттегі шетелдік жасаушы өкілінің атауы, осы мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес оны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер, орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы, телефон және факс нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетіледі.

      Жасаушының өкілі туралы ақпарат болмаған жағдайда, аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады;

      7. "Көлік құралын таңбалаудың сипаттамасы" ("Көлік құралы шассиін таңбалаудың сипаттамасы") бөлімінде:

      "жасаушы тақтайшасының орналасу орны" бос жолында – көлік құралында (шассиде) тақтайшаның көзге көрінуі үшін көлік құралында (шассиде) оның орналасу орнының сипаттамасы көрсетіледі.

      Көлік құралында (шассиде) жасаушы ұйымның тақтайшасы болмаған жағдайда, аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады;

      "көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің орналасу орны" ("көлік құралы шассиінің сәйкестендіру нөмірінің орналасу орны") бос жолында –көлік құралында (шассиде) сәйкестендіру нөмірінің көзге көрінуі үшін көлік құралында (шассиде) оның барлық орналасу орындарының сипаттамасы көрсетіледі.

      "көлік құралының сәйкестендіру нөмірінің құрылымы мен мазмұны" ("көлік құралы шассиінің сәйкестендіру нөмірінің құрылымы мен мазмұны") бос жолында – көлік құралының (шассидің) сәйкестендіру нөмірін құрайтын әрбір символдың (ұштасқан символдардың) мағынасын көрсете отырып, сәйкестендіру нөмірінің символдары көрсетіледі.

      "Сәйкестендіру нөмірі" бос жолында көлік құралының (шассидің) зауыттық нөмірін көрсеткен жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

      "қозғалтқыш нөмірінің орналасу орны" бос жолында - қозғалтқыш нөмірінің көзге көрінуі үшін оның орналасу орнының сипаттамасы көрсетіледі.

      Қозғалтқыштың нөмірі болмаған жағдайда, аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады.

      Қозғалтқышсыз жиынтықтағы тіркемелер мен шассиге қатысты аталған бос жол пайдаланылмайды;

      "қозғалтқыш нөмірінің құрылымы мен мазмұны" бос жолында – қозғалтқыш нөмірі символдарының құрылымы көрсетіледі.

      Қозғалтқыш нөмірі жоқ болған жағдайда аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады.

      Қозғалтқышсыз жиынтықтағы тіркемелер мен шассиге қатысты аталған бос жол пайдаланылмайды;

      8. "Көлік құралының жалпы сипаттары" ("Көлік құралы шассиінің жалпы сипаттары") бөлімінде көлік құралы (шассиі) жалпы сипаттамалары туралы ақпаратты уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестікті растайтын құжат негізінде енгізеді.

      Көлік құралының (шассидің) типін мақұлдау негізінде ресімделетін электрондық паспорттың "Көлік құралының жалпы сипаттары" ("Көлік құралы шассиінің жалпы сипаттары") бөлімінің бос жолдары тиісінше көлік құралы типін мақұлдауға № 1 қосымшада және шасси типін мақұлдауға № 1 қосымшада көрсетілген мәліметтерге сәйкес толтырылады.

      Электрондық паспортты көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік негізінде ресімдеген жағдайда, электрондық паспорттың "Көлік құралының жалпы сипаттары" бөлімінің бос жолдары көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікте көрсетілген мәліметтерге сәйкес толтырылады.

      Көлік құралының типін мақұлдауға № 1 қосымшада немесе көлік құралының электрондық паспортында (Тәртіпке № 3 қосымша) көрсетілетін мәліметтер тізбесінің 7-тармағында көрсетілген көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікте жекелеген бос жолдар болмаған жағдайда, аталған бос жолдар пайдаланылмайды.

      Тәртіптің 20-тармағы "в" тармақшасында айқындалған жағдайларда, көлік құралының электрондық паспортында (Тәртіпке № 3 қосымша) көрсетілетін мәліметтер тізбесінің 7-тармағының бос жолдары көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік негізінде электрондық паспортты ресімдеуге арналған осы Қағидаларда көзделген көлемде ресімделеді.

      9. "Көлік құралының жалпы түрі" ("Көлік құралы шассиінің жалпы түрі") бөлімінде көлік құралының (шассидің) типін мақұлдауға сәйкес көлік құралының (шассидің) проекциялық сызбасы келтіріледі.

      Жалғыз дана көлік құралына электрондық паспортты ресімдеген жағдайда, аталған бос жолда көлік құралының алдынан, бүйірінен (екі жағынан), артынан түсірілген фотосуреттері келтіріледі.

      10. "Қосымша ақпарат" бөлімінде (бар болған кезде):

      1) уәкілетті орган (ұйым): көлік құралының (шассидің) типін мақұлдау негізінде берілген көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік негізінде көлік құралының электрондық паспортын ресімдеген жағдайда – соның негізінде көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік ресімделген көлік құралының (шассидің) типін мақұлдау туралы жазбаны енгізудің тіркеу нөмірі мен күнін көрсетеді.

      Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеген жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

      2) уәкілетті орган (ұйым): көлік құралының (шассидің) мүше мемлекеттің аумағында жүруі үшін арнайы рұқсатты ресімдеудің қажеттілігі туралы;

      3) жасаушы ұйым немесе уәкілетті орган (ұйым): ортақ пайдаланылатын жолдарда шектеусіз немесе габариттері мен өс массалары бойынша нормативтердің асып түсуіне байланысты шектей отырып пайдаланудың қолда бар мүмкіндігі туралы;

      4) жасаушы ұйым немесе уәкілетті орган (ұйым): ортақ пайдаланылатын жолдарда шассиді пайдаланудың (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеген жағдайларда) қолда бар мүмкіндігін шектеулер туралы;

      5) жасаушы ұйым немесе уәкілетті орган (ұйым): көлік құралын маршруттық көлік құралы ретінде пайдалану мүмкіндігі туралы;

      6) жасаушы ұйым немесе уәкілетті орган (ұйым): ауыстырылған нөмірлік агрегаттар туралы мәліметтерді көрсете отырып, кепілдік міндеттемелердің (бар болған кезде) орындалғаны туралы;

      7) жасаушы ұйым немесе уәкілетті орган (ұйым): өзге де ақпаратты (бар болған кезде) көрсетеді.

      11. "Әкімшілік ақпарат" бөлімінде:

      1) "жеңілдік режимін қолдана отырып, көлік құралын жасап шығару туралы мәліметтер" ("жеңілдік режимін қолдана отырып, көлік құралының шассиін жасап шығару туралы мәліметтер") бос жолында – жеңілдік режимін көрсете отырып "көлік құралының моделі жеңілдік режимінде жасап шығарылған" (көлік құралы (шасси) жеңілдік режимін қолдана отырып жасап шығарылған жағдайда) деген жазу жазылады.

      Егер Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі - Одақ) органдары қабылдаған шешімдерді іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасында көлік құралына (шассиге) қатысты қолданылатын шектеулер белгіленген жағдайда, аталған бос жолда тиісті шектеулер көрсетіледі.

      Көлік құралын (шассиді) жеңілдік режимін қолданбай жасап шығарған жағдайда аталған бос жол пайдаланылмайды;

      2) "жерсеріктік навигация аппаратурасының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер" бос жолында – ГЛОНАСС жерсеріктік навигация аппаратурасының немесе өзге де жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйелермен бірлескен ГЛОНАСС сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Ақпарат болмаған жағдайда аталған жолға "жоқ" деген жазу жазылады;

      3) "жүргізушінің қозғалыс, еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылаудың техникалық құралының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер" бос жолында - жүргізушінің қозғалыс, еңбек және демалыс режимін (тахограф) сақтауын бақылаудың техникалық құралының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер көрсетіледі.

      Жүргізушінің қозғалыс, еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылаудың техникалық құралы болмаған жағдайда, аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады;

      4) "электрондық паспортты ресімдеудің негіздемелері туралы мәліметтер" бос жолында - электрондық паспортты ресімдеудің негіздемелері көрсетіледі.

      Электрондық паспорттың бірегей нөмірінің 6-шы белгісінде электрондық паспортты ресімдеу негіздемесінің коды - 4 көрсетілген жағдайда, аталған бос жол пайдаланылады;

      5) "көлік құралын әкету елі" ("көлік құралының шассиін әкету елі") бос жолында – аумағынан көлік құралы (шасси) әкетілген ел көрсетіледі.

      Көлік құралы (шасси) Одақ аумағында жасап шығарылған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

      6) "көлік құралын жасап шығарушы (жасаушы) ел" ("көлік құралының шассиін жасап шығарған (жасаушы) ел") бос жолында – мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіппен және халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес айқындалатын көлік құралын (шассиді) жасап шығарушы (жасаушы) елдің атауы көрсетіледі;

      7) "кедендік кіріс ордерінің сериясы, нөмірі, кедендік декларацияның нөмірі" бос жолында - кедендік кіріс ордерінің сериясы мен нөмірі немесе көлік құралына (шассиге) ресімделген кедендік декларацияның нөмірі көрсетіледі.

      Мәліметтер болмаған жағдайда, аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады.

      Көлік құралы (шасси) Одақ аумағында жасап шығарылған (жасалған) жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

      8) "кәдеге жарату алымын төлеу туралы мәліметтер" бос жолында - "кәдеге жаратудың алымы төленген. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет (аумағында осы мемлекеттің заңнамасында көзделген кәдеге жарату немесе өзге де осыған ұқсас алымды төлеу жүзеге асырылған мүше мемлекетінің атауы)" (егер мүше мемлекеттің заңнамасында кәдеге жарату алымын алу белгіленсе) немесе "кәдеге жарату алымы төленбейді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет (мүше мемлекеттің атауы)" (егер мүше мемлекеттің заңнамасында кәдеге жарату алымын немесе өзге де осыған ұқсас алым алу белгіленбесе) деген жазулар жазылады.

      9) "кедендік шектеулер" бос жолында – мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес немесе халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санаттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес көлік құралдарын (шассилерді) пайдалану және (немесе) оларға билік ету жөніндегі шектеулер көрсетіледі.

      Көрсетілген шектеулер болмаған жағдайда, аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады.

      Көлік құралы (шасси) Одақ аумағында жасап шығарылған (жасалған) жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

      1) "электрондық паспортты ресімдеген ұйымның (органның) атауы" бос жолында – электрондық паспорты ресімдеген уәкілетті органның (ұйымның) немесе жасаушы ұйымның толық атауы көрсетіледі;

      2) "электрондық паспортты ресімдеу күні" бос жолында – электрондық паспорттар жүйесінде электрондық паспортқа "қолданыстағы" мәртебесін берген күн көрсетіледі.

      9. "Жасаушының ақпараты" бөлімінде жасаушы ұйым көлік құралының (шассидің) базалық жабдығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ көлік құралы (шасси) туралы өзге де қосымша ақпаратты көрсетеді.

      10. "Көлік құралын мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер" бөлімінде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар (бұдан әрі – тіркеу органдары) берген мәліметтер негізінде:

      1) "тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет" бос жолында - тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған мүше мемлекеттің атауы;

      2) "меншік иесінің (иеленушінің) түрі" бос жолында - меншік иесінің (иеленушінің): заңды немесе жеке тұлға түрі;

      3) "тіркеу әрекеті" бос жолында – көлік құралына қатысты жасалған тіркеу әрекетінің атауы;

      4) "тіркеу әрекетінің күні" бос жолында - көлік құралына қатысты тіркеу әрекеті жасалған күн;

      5) "меншік иесі (иеленуші) орналасқан өңір" бос жолында – аумағында меншік иесі (иеленуші) тіркелген мүше мемлекет өңірінің атауы көрсетіледі.

      Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бөлім пайдаланылмайды.

      9. "Жасалған өзгерістер туралы мәліметтер" бөлімінде көлік құралы конструкциясына енгізілген және көлік құралының тіркеу құжаттарында жазылған өзгерістер туралы ақпарат:

      1) "көлік құралы типінің, мақсатының өзгерістері" бос жолында – көлік құралының жаңа типі, жаңа мақсаты;

      2) "көлік құралының тіркеу құжаттарында көрсетілетін сипаттар, мәндер" бос жолында - көлік құралының тіркеу құжаттарында көрсетілетін жаңа сипаттар, мәндер;

      3) "конструкциясына өзгерістер енгізілген көлік құралының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктің нөмірі" бос жолында - конструкциясына өзгерістер енгізілген көлік құралының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі туралы куәліктің нөмірі көрсетіледі.

      Көлік құралы шассиінің электрондық паспортын ресімдеу кезінде аталған бөлім пайдаланылмайды.

      9. Электрондық паспорттар қолданыла бастағанға дейін айналымға шығарылған көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің) электрондық паспорттарын уәкілетті орган (ұйым) тіркеу немесе сәйкестендіру құжаттарындағы деректер негізінде, сондай-ақ анықтамалық материалдар мен уәкілетті орган (ұйым) жүргізген қарап тексеру нәтижелері негізінде ресімдейді.

  Көлік құралдарының
электрондық паспорттары
(көлік құралдары шассилерінің
электрондық паспорттары) және
өздігінен жүретін машиналар мен
техниканың басқа түрлерінің
электрондық паспорттары
жүйелерінің жұмыс істеу
тәртібіне 8-қосымша

Өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу ҚАҒИДАЛАРЫ

      1. Өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттарын (бұдан әрі тиісінше – электрондық паспорт, машина) ресімдеу электрондық паспорттар жүйелеріндегі оның бөлімдері мен бос жолдарын толтыру арқылы жүзеге асырылады.

      2. Электрондық паспортты толтыруға қол жеткізу Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымының) немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің уәкілетті органының (ұйымның) және көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің паспорттарын (электрондық паспорттарын) ресімдеуді жүзеге асыратын көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін), өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерін жасаушы ұйымның (бұдан әрі тиісінше – Одақ, мүше мемлекет, уәкілетті орган (ұйым), жасаушы ұйым) бірыңғай тізіліміне енгізілген, көлік құралдарын (көлік құралдарының шассилерін) жасаушы ұйымның таңдауы мен растауына, өкілеттіктеріне қарай және Кеден одағы Комиссиясының 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған (бұдан әрі – КО ТР 031/2012) "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 031/2012), Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен (бұдан әрі – КО ТР 010/2011) қабылданған "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 010/2011) немесе Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен (бұдан әрі – КО ТР 018/2011) қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына машинаның сәйкестігін растайтын құжаттардағы мәліметтерге қарай әртүрлі режимдерде жүзеге асырылады.

      3. "Электрондық паспорт түрі:" бөлімінде уәкілетті орган (ұйым) немесе жасаушы ұйым "өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспорты" жазбасын жасайды.

      4. "Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортының нөмірі" бөлімінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 20 жылғы № шешімімен бекітілген Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібінің (бұдан әрі – Тәртіп) 17-тармағына сәйкес автоматты түрде электрондық паспорттар жүйелерінде қалыптастырылған машинаның электрондық паспортының бірегей нөмірі көрсетіледі.

      5. "Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортының мәртебесі" бөлімінде электрондық паспорттың мынадай мәртебелерінің бірі көрсетіледі:

      "аяқталмаған";

      "қолданыстағы";

      "жойылған";

      "өтелген";

      "кәдеге жаратылған өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі)".

      6. "Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) сәйкестендіру белгілері" бөлімінде:

      "сәйкестендіру нөмірі" бос жолында – жасаушы ұйым берген машинаның реттік өндірістік нөмірі көрсетіледі, егер таңбалауға сәйкес машинаға (VIN) сәйкестендіру нөмірі немесе (PIN) сәйкестендіру нөмірі салынған жағдайда, машинаға берілген тиісті шартты белгіленім көрсетіледі. Машина сериялы түрде жасалатын тракторлардың немесе олардың атауын өзгерте отырып, өзге де машиналардың базасында жасалған жағдайда, аталған бос жолда бөлгіш "/" белгісі арқылы жасаушы ұйым берген машинаның реттік өндірістік нөмірі және базалық трактордың немесе өзге де машинаның өндірістік нөмірі (базалық машинаның нөмірі машинаның өзінде немесе таңбалау тақтайшасында сақталған жағдайда) көрсетіледі;

      "өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) мақсатымен айқындалатын атауы" бос жолында – машинаның конструктивтік ерекшеліктерімен және мақсатымен айқындалатын сипаты көрсетіледі;

      "Өздігінен жүретін машина мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспортын ресімдеу қағидаларына сәйкес санаты (Көлік құралдарының электрондық паспорттары (көлік құралдары шассилерінің электрондық паспорттары) және өздігінен жүретін машиналар мен техниканың басқа түрлерінің электрондық паспорттары жүйелерінің жұмыс істеу тәртібінің 8-қосымшасы)" бос жолында – мынадай параметрлерге сәйкес айқындалатын машинаның санаты көрсетіледі:

      "А" санаты – жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарымен жүруге арналмаған не сағатына 50 км және одан кем ең жоғары конструктивтік жылдамдығы бар автомотокөлік құралдары:

      І – жол талғамайтын мотокөлік құралдары;

      ІІ – рұқсат етілген ең жоғары массасы 3500 килограмнан аспайтын және жүргізушінің орнынан басқа отыратын орындарының саны 8-ден аспайтын жол талғамайтын автокөлік құралдары;

      ІІІ – рұқсат етілген ең жоғары салмағы массасы 3500 килограмнан асатын ("А ІV" санатына жататындарды қоспағанда) жол талғамайтын автокөлік құралдары;

      ІV – жолаушыларды тасымалдауға арналған және жүргізушінің орнынан басқа 8-ден асатын отыратын орны бар жол талғамайтын автокөлік құралдары;

      "В" санаты – қозғалтқышының қуаты 25,7 кВт-қа дейінгі шынжыр табанды және доңғалақты машиналар;

      "С" санаты – қозғалтқышының қуаты 25,7 кВт-тан 110,3 кВт-қа дейінгі доңғалақты машиналар;

      "D" санаты – қозғалтқышының қуаты 110,3 кВт-тан артық доңғалақты машиналар;

      "E" санаты – қозғалтқышының қуаты 25,7 кВт-тан артық шынжыр табанды машиналар;

      "F" санаты – өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы машиналары.

      Тіркемелерге қатысты аталған бос жолда тіркеме агрегатталатын машинаның санаты көрсетіледі;

      4) "қозғалтқыш (қозғалтқыштар) нөмірі" бос жолында – жасаушы ұйым берген қозғалтқыш нөмірі. Егер машинаның конструкциясында бірнеше қозғалтқыш болған жағдайда, олардың нөмірлері бөлгіш "/" белгісі арқылы көрсетіледі.

      Тіркемелерге қатысты аталған бос жолда "жоқ" деген жазу жазылады.

      5) "шанақ (кабина, тіркеме, рама) нөмірі" бос жолында – жасаушы ұйым берген және салған шанақтың (кабинаның, соның ішінде оператор кабинасының, тіркеменің, раманың) сәйкестендіру нөмірі;

      6) "беріліс қорабының нөмірі" бос жолында – жасаушы ұйым берген және салған беріліс қорабының сәйкестендіру нөмірі;

      7) "негізгі жетекші белдіктің нөмірі" бос жолында – жасаушы ұйым берген және салған машинаның негізгі жетекші белдігінің сәйкестендіру нөмірі.

      Машинаның конструкциясында бірнеше жетекші белдік болған жағдайда, сәйкестендіру нөмірлері бөлгіш "/" белгісі арқылы көрсетіледі;

      8) "қозғағыш типі" бос жолында – машинаның конструкциясында қолданылған: доңғалақты, шынжыр табанды, жартылай шынжыр табанды, жанышқыш табанды, шаңғы-шынжыр табанды, шана табанды және т.б. қозғағыш түрі;

      9) "шанақ (кабина) түсі" бос жолында – машина шанағының (кабинасының) сыртқы жағына боялған мынадай негізгі мынадай: ақ, сары, қоңыр, қызыл, қызғылт сары, күлгін, көк, жасыл, қара, сұр түстердің біреуі көрсетіледі.

      Негізгі түспен қатар түстің реңін немесе жасаушы ұйымның ерекшелігіне сәйкес түсті қосымша көрсетуге жол беріледі.

      Машина шанағының (кабинасының, тіркемесінің) сыртқы жағы бірнеше түспен боялған жағдайда, аталған бос жолда (3-тен аспайтын негізгі түстерді көрсете отырып) "аралас" немесе "көптүсті" деген жазу жазылады;

      10) "жасалған айы мен жылы" бос жолында – машинаның жасалған айы мен жылы.

      Машина сериялы түрде шығарылатын тракторлардың немесе олардың атауын өзгерте отырып, өзге де машиналардың базасында жасалған жағдайда, аталған бос жолда базалық трактордың немесе өзге де машинаның жасалған айы мен жылы көрсетіледі.

      7. "Өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі) туралы мәліметтер" бөлімінде мыналар көрсетіледі:

      1) "қауіпсіздіктің міндетті талаптарына сәйкестікті растайтын құжат" бос жолында:

      Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімінде көзделген, берілген сәйкестік сертификаттары мен сәйкестік туралы тіркелген декларациялардың бірыңғай тізіліміне сәйкестік сертификаты туралы жазбаны немесе машинаның КО ТР 031/2012 немесе КО ТР 010/2011 талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны енгізудің тіркеу нөмірі мен күні, сондай-ақ Кеден одағының сертификаттау және сынау зертханалары (орталықтары) жөніндегі органдардың Бірыңғай тізіліміне енгізілген, сәйкестік сертификатын берген сертификаттау жөніндегі органның атауы немесе аталған бірыңғай тізілімге енгізілген сәйкестік туралы декларацияны тіркеген сертификаттау жөніндегі органның атауы не Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 9 сәуірдегі № 76 шешімен бекітілген Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына Өнімдердің сәйкестігі туралы декларацияларды тіркеу жөніндегі ережеге сәйкес сәйкестік туралы декларацияны тіркеуге уәкілетті мүше мемлекет органының атауы не КО ТР 031/2012 немесе КО ТР 010/2011 техникалық реттеу объектісі болып табылатын немесе тиісінше КО ТР 031/2012 немесе КО ТР 010/2011 күшіне енгенге дейін машинаға қатысты берілген, халықаралық шарттармен және Одақ құқығын құрайтын актілермен немесе мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжатты беру нөмірі мен күні, сондай-ақ сәйкестікті бағалау туралы осындай құжатты берген (тіркеген) органның (ұйымның) атауы;

      немесе берілген көлік құралының типін мақұлдаудың, шассидің типін мақұлдаудың бірыңғай тізіліміне көлік құралының типін мақұлдау (шассидің типін мақұлдау) туралы жазбаны немесе көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлік жөніндегі жазбаны енгізудің тіркеу нөмірі мен күні, көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 225 шешімінде көзделген "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентінің (КО ТР 018/2011) талаптарына сәйкестікті растайтын құжаттың күші жойылғаны туралы тіркелген хабарламаны тіркеу нөмірі мен күні, сондай-ақ көлік құралының типін мақұлдауды (шассидің типін мақұлдауды) ресімдеген сертификаттау жөніндегі органның немесе көлік құралы конструкциясының қауіпсіздігі туралы куәлікті ресімдеген сынау зертханасының атауы не КО ТР 018/2011 техникалық реттеу объектісі болып табылатын, КО ТР 018/2011 күшіне енгенге дейін көлік құралына (шассиіне) қатысты берілген, мүше мемлекеттің заңнамасымен белгіленген міндетті талаптарға сәйкестікті бағалау туралы құжатты ресімдеу нөмірі мен күні, сондай-ақ осындай құжатты ресімдеген органның (ұйымның) атауы;

      Тәртіптің 21-тармағының "в" тармақшасында айқындалған жағдайларда, аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады және аталған мән-жайларды растайтын құжаттың деректемелері көрсетіледі;

      2) "марка" бос жолында – жасаушы ұйым берген машинаның маркасы.

      Көлік құралында (шассиде) маркасы болмаған жағдайда, аталған бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады;

      3) "коммерциялық атауы" бос жолында – жасаушы ұйым берген машинаның коммерциялық атауы көрсетіледі.

      Көлік құралында (шассиде) марка болмаған жағдайда, аталған бос жолда "жоқ" деген жазу жазылады;

      4) "типі" бос жолында – жасаушы ұйым берген машинаның типі;

      5) "шасси" бос жолында:

      "көлік құралының базалық шассиінің маркасы, моделі мен типі, көлік құралы шассиінің паспортын (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні" бос жолында – түпкілікті машинаны жасап шығару кезінде базалық ретінде пайдаланылатын шассидің маркасы, моделі (бар болған кезде) мен типі, көлік құралы шассиінің паспортын (көлік құралы шассиінің электрондық паспортын) (бар болған кезде) ресімдеу нөмірі мен күні көрсетіледі. Машина басқа жасаушы ұйымның шассиінің базасында жасалған жағдайда, аталған бос жол толтырылады.

      Машина көлік құралының базасында жасалған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

      "базалық көлік құралының маркасы, моделі мен типі, көлік құралының паспортын (көлік құралының электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні" бос жолында – түпкілікті машинаны жасап шығару кезінде базалық ретінде пайдаланылатын көлік құралының маркасы, моделі (бар болған кезде) мен типі, көлік құралының паспортын (көлік құралының электрондық паспортын) (бар болған кезде) беру нөмірі мен күні. Машина басқа жасаушы ұйымның көлік құралының базасында жасалған жағдайда, аталған бос жол толтырылады.

      Түпкілікті машина шассидің базасында жасап шығарылған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды;

      "базалық өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) маркасы, моделі, өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) паспортын (өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортын) ресімдеу нөмірі мен күні" бос жолында – түпкілікті машинаны жасап шығару кезінде базалық ретінде пайдаланылатын басқа жасаушы машинасының маркасы мен моделі (бар болған кезде), машинаның паспортын (машинаның электрондық паспортын) (бар болған кезде) беру нөмірі мен күні. Машина басқа жасаушы ұйым машинасының базасында жасалған жағдайда, аталған бос жол толтырылады;

      6) "модификация" бос жолында – машинаның модификациясы (түрлендірілуі);

      7) "Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2012 жылғы 20 шілдедегі № 60 шешімімен қабылданған "Ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы тракторлары мен тіркемелерінің қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне, (КО ТР 031/2012), Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 18 қазандағы № 823 шешімімен қабылданған "Машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 010/2011) немесе Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден одағы техникалық регламентіне (КО ТР 018/2011) сәйкестік санаты" бос жолында – КО ТР 031/2012, КО ТР 018/2011 сәйкес санаттары және типтері бойынша тракторлар мен тіркемелердің сыныптамасына немесе КО ТР 010/2011 шеңберінде (бар болған кезде) техниканың әралуан түрлеріне арналған стандарттарда белгіленген сыныптамаға сәйкес тракторлар мен олардың тіркемелерінің санаты көрсетіледі. Машина КО ТР 031/2012, КО ТР 018/2011 немесе КО ТР 010/2011 шеңберінде техниканың әралуан түрлеріне арналған стандарттарда көрсетілген санаттардың біріне сәйкес келген жағдайда, аталған бос жол толтырылады;

      8) "жасаушы және оның мекенжайы" бос жолында – жасаушы ұйымның толық атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы), нақты мекенжайы (заңды тұлға үшін) немесе жеке кәсіпкер ретінде тіркелген жеке тұлға үшін - тұрғылықты жері көрсетіледі.

      Егер жасаушы бірнеше құрастырушы зауыты, соның ішінде әр елде орналасқан зауыттары бар трансұлттық компания болып табылатын жағдайда, сәйкестікті бағалау кезінде жасаушы ретінде мәлімделген ұйымның атауы, оның орналасқан жері (заңды тұлғаның мекенжайы) және нақты мекенжайы көрсетіледі.

      8. "Өздігінен жүретін машинаны (техниканың басқа түрін) таңбалаудың сипаттамасы" бос жолында мыналар көрсетіледі:

      1) "жасаушы тақтайшасының орналасу орны" бос жолында – машинада тақтайшаның көзге көрінуі үшін оның орналасу орнының сипаттамасы;

      2) "өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) сәйкестендіру нөмірінің орналасу орны" бос жолында – машинаның сәйкестендіру (зауыттық) нөмірінің көзге көрінуі үшін оның орналасу орнының сипаттамасы;

      3) "өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) сәйкестендіру нөмірінің құрылымы мен мазмұны" бос жолында – әрбір символдың (ұштасқан символдардың) мағынасын көрсете отырып, машинаның сәйкестендіру нөмірінің символдары;

      4) "қозғалтқыш нөмірінің орналасу орны" бос жолында – қозғалтқыш нөмірінің көзге көрінуі үшін оның орналасу орнының сипаттамасы.

      Қозғалтқыштың нөмірі болмаған жағдайда, аталған бос жолда "жоқ" деген жазу жазылады;

      5) "қозғалтқыш нөмірінің құрылымы мен мазмұны" бос жолында –машинаның қозғалтқышындағы нөмір символдарының құрылымы көрсетіледі.

      Қозғалтқыштың нөмірі болмаған жағдайда, аталған бос жол пайдаланылмайды.

      9. "Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) жалпы сипаттары" бос жолында қозғағыштың түріне қарай мыналар көрсетіледі:

      1) "өс/доңғалақ саны" бос жолында – машинаның өстері мен доңғалақтарының жалпы саны.

      Аталған бос жолда мыналар қосымша көрсетіледі:

      қосарланған шиналары бар доңғалақтар саны мен орналасуы (бар болған кезде);

      басқарылатын өстердің саны мен орналасуы;

      жетекші өстер (саны, орналасуы мен жетегі);

      тежегіш өстер (саны мен орналасуы).

      Шынжыр табанды қозғағышы бар машиналар үшін аталған жол пайдаланылмайды;

      2) "жинақтастыру схемасы" бос жолында – кабинаның орналасуын (қозғалтқыш үстіндегі кабина, капотты, вагонды және т.б.), раманың конструкциясын (блокты рама, жота типтес, лонжеронды, топсалы және т.б.) көрсете отырып, машинаның жинақтастыру схемасы.

      Машина КО ТР 018/2011 талаптарына сәйкестігін бағалау олардың типін мақұлдау нысанында өткен көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің) базасында жасалған жағдайда, аталған бос жол толтырылады. Аталған бос жолды жасаушы ұйымның қалауы бойынша көлік құралдарының (көлік құралдары шассилерінің) базасында жасалмаған машинаға қатысты толтыруға жол беріледі;

      3) "жетекті қозғалтқыштың (қозғалтқыштардың) қалпы мен орналасуы" бос жолында – жетекті қозғалтқыштың (алдыңғы, артқы, ұзына бойғы, көлденең және т.б.) қалпы мен орналасуы көрсетіледі.

      Машинаның конструкциясында 2 және одан да көп жетекті қозғалтқыш бар болған кезде "/" бөлгіш белгісі арқылы әрқайсысының қалпы мен орналасуы көрсетіледі;

      4) "шанақ типі/есіктер саны" бос жолында – машина есіктерінің орындалуына (жабық, ашық немесе жүк-жолаушы) және санына қарай шанақ типі көрсетіледі.

      Аталған бос жол жолаушыларды тасымалдауға арналған машиналарға қатысты пайдаланылады.

      Аталған жол осы тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;

      5) "рульдік доңғалақтың қалпы" бос жолында – машинаның рульдік доңғалағының (рульдік басқару органдарының) ұзына бойғы өске қатысты (оң жақ, сол жақ немесе ортасы) қалпы;

      6) "оператордың реверсивті орнының бар болуы туралы мәліметтер" бос жолында – машина конструкциясында оператордың реверсивті орнының бар болуына (жоқ болуына) қарай "иә" немесе "жоқ" деген жазу жазылады;

      7) "жүктеме кеңістігінің орындалуы" бос жолында – машинаның жүктеме кеңістігінің орындалуы (бар болған кезде) көрсетіледі.

      Аталған жол осы тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;

      8) "жолаушылардың сыйымдылығы" бос жолында – ең жоғары рұқсат етілген масса кезіндегі жолаушылардың сыйымдылығы.

      Аталған бос жол жолаушыларды тасымалдауға арналған машиналарға қатысты пайдаланылады;

      Аталған жол осы тармақтың 2-тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;

      9) "көліктік қалпындағы габариттік мөлшерлері" бос жолында – машинаның көліктік қалпындағы ұзындығы, ені мен биіктігі (мм) көрсетіледі;

      10) "база" бос жолында – шынжыр табанды машинаның базасы немесе доңғалақты машинаның базасы (мм.).

      Шынжыр табанды машинаның базасы – шынжыр табанды қозғағыштың жетекші және бағыттаушы осьтері арасындағы аралық, доңғалақты трактор үшін - алдыңғы және артқы доңғалақтардың арасындағы аралық. Қосарланған артқы белдік болған кезде артқы дөңгелектердің ортасы осы белдік доңғалақтарының остері арасының ортасынан өтетін сызықпен айқындалады;

      11) "жолтабан" бос жолында - әрбір осінде өзгеретін жолтабаны бар машиналар үшін жолтабан мөлшерінің (мм) әрбір мәні (жалаң немесе қосарланған дөңгелектердің орташа жазықтықтары арасында өлшенеді).

      Жолтабандарының тұрақты мәні бар машиналар үшін бұл бос жол әрбір өс үшін жолтабан мөлшерінің мәні көрсетіле отырып толтырылады.

      Шыншыр табанды трактор жолтабанының мөлшері үшін жетекші доңғалақтар тістерінің ортасы арқылы өтетін қос жазықтық арасындағы аралық алынады;

      12) "жол бос аралығы" бос жолында – машинаның бос аралығы (мм) (бар болған кезде) көрсетіледі;

      13) "өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) жарақталған (пайдалану) массасы" бос жолында – машинаның аударылу кезіндегі қорғау құрылғысын, салқындатушы сүйықтықты, жағатын материалдарды, отынды (номиналды сыйымдылығы кемінде 90 пайызға толтырылған бак), құралдар мен операторды қоса алғанда, жұмыс істеп тұрған күйіндегі массасы (кг);

      14) "өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) техникалық жол берілетін ең жоғары массасы" бос жолында – машинаның жасаушы ұйым белгілеген ең жоғары массасы (кг);

      15) "алдыңғы өстен бастап, өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі) өстерінің әрқайсысына келетін техникалық жол берілетін ең жоғары масса" бос жолында – тіреудің үстіңгі бетіне өстен (өстер тобынан) түсетін жол берілетін ең жоғары статикалық тік жүктемеге сәйкес келетін, оны жасаушы ұйым белгілеген өс (өстер тобы) және көлік құралының конструкциясына негізделген масса (кг);

      16) тарту-тіркесу құрылғысының ілінісу нүктесіне тігінен түсетін техникалық рұқсат етілетін статикалық жүктеме" бос жолында - тарту-тіркесу құрылғысының ілінісу нүктесіне тігінен түсетін техникалық рұқсат етілетін статикалық жүктеме (кг).

      Тарту-тіркесу құрылғысы болмаған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;

      17) "пайдалы жүктеме" бос жолында – машинаның пайдалы жүктемесі (кг);

      18) "өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) және тіркеменің техникалық жол берілетін жалпы массасы" - машинаның және тіркеменің техникалық жол берілетін жалпы массасы (кг);

      Егер тіркемені тіркеп сүйреу машинаның конструкциясында көзделмеген жағдайда, бос жолға "тіркеп сүйреу көзделмеген" деген жазу жазылады;

      19) "техникалық жол берілетін тіркеп сүйреу массасы" - машинаның техникалық жол берілетін тіркеп сүйреу массасы (кг).

      Егер тіркемені тіркеп сүйреу машинаның конструкциясында көзделмеген жағдайда, бос жолға "тіркеп сүйреу көзделмеген" деген жазу жазылады;

      20) "өздігінен жүретін гибридті машинаның (техниканың басқа түрінің) сипаттамасы" - гибридті машина конструкциясының сипаттамасы: сыртқы қуат көздерінен зарядтау, жұмыс режимі (іштен жану қозғалтқышы, электр қозғалтқышы немесе қосарлы қозғалтқыш), жұмыс режимінің қысқаша сипаттамасы көзделгені (көзделмегені).

      Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады.

      Гибридті жетек болмаған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;

      21) "іштен жану қозғалтқышы (маркасы, типі)" бос жолында – жасаушы белгілеген маркасы, сауда атауы, қозғалтқыштың типі (іштен жану қозғалтқышы, машинаның конструкциясында қолданылған электр қозғалтқышы), саны мен жұмыс істеу қағидаты (мәжбүрлеп оталдыру, сығымнан тұтану, тікелей бүрку, камера алды бүрку, қос тактілі қозғалтқыш, төрт тактілі қозғалтқыш);

      "цилиндрлердің саны мен орналасуы" бос жолында – қозғалтқыш цилиндрлерінің саны мен орналасуы (қатар, V-тәрізді);

      "цилиндрлердің жұмыс көлемі" бос жолында - іштен жану қозғалтқышы цилиндрлерінің жұмыс көлемі (см3);

      "ең жоғары қуаты" бос жолында –қозғалтқыштың бір минуттағы айналу мөлшерін көрсете отырып, іштей жану қозғалтқышының ең жоғары қуатына жететін номиналды қуаты (кВт);

      "ең жоғары айналған сәті" бос жолында - қозғалтқыштың бір минуттағы айналу мөлшерін көрсете отырып, іштен жану қозғалтқышы дамытатын ең жоғары айналу сәтіне жететін ең жоғары айналған сәті (Н/м);

      22) "отын" бос жолында – отынның негізгі түрі (дизель, бензин, сұйытылған мұнай газы және т.б.) немесе "/" бөлгіш белгісі арқылы көп отынды қозғалтқыштар үшін отынның әрбір түрі;

      23) "қоректендіру жүйесі (типі)" бос жолында – машина қозғалтқышының қоректендіру жүйесінің конструктивтік ерекшеліктері (типі).

      Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;

      24) "басқару блогы (таңбалау)" бос жолында – машина қозғалтқышын басқару блогын таңбалау;

      25) "оталдыру жүйесі (типі)" бос жолында – машина қозғалтқышының оталдыру жүйесінің типі;

      26) "пайдаланылған газды шығару және бейтараптандыру жүйесі" бос жолында - пайдаланылған газды шығару және бейтараптандыру жүйесінің қысқаша сипаттамасы;

      27) "электрлі машинаның электр қозғалтқышы (маркасы, типі)" бос жолында - электр қозғалтқышының маркасы мен типі, қысқаша сипаттама (тұрақты немесе айнымалы ток, айнымалы ток үшін – синхронды немесе асинхронды, фазалар саны).

      Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады.

      Бұл бос жол электр қозғалтқышпен жабдықталған машинаға қатысты пайдаланылады, өзге де жағдайларда – пайдаланылмайды;

      "жұмыс кернеуі" бос жолында – машинаның электр қозғалтқышының жұмыс кернеуі (В);

      "ең жоғары 30 минуттық қуат" бос жолында – тұрақты ток кезінде тарту жүйесі орташа алғанда 30 минуттық кезең ішінде қамтамасыз ете алатын электр тартқыш жүйесінің ең жоғары пайдалы қуаты (кВт);

      28) "энергияны жинақтау құрылғысы" бос жолында – энергияны жинақтау құрылғысы (батарея, конденсатор немесе маховик/генератор) конструкциясының қысқаша сипаттамасы.

      Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады.

      Бұл бос жол электр жетекті машинаға, электромобильге және гибридті машинаға қатысты пайдаланылады, өзге жағдайларда – пайдаланылмайды;

      "орналасқан орны" бос жолында – энергияны жинақтау құрылғысының орналасқан орны;

      "жүріс запасы" бос жолында – электр жетекпен қозғалысқа келтірілетін машинаның жүріс (км) запасы (1985 жылғы 20 наурызда Женева қаласында жасасылған Доңғалақты көлік құралдары, доңғалақты көлік құралдарында орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектері үшін біркелкі техникалық нұсқамаларды қабылдау және осы нұсқамалар негізінде берілетін ресми бекітілімдерді өзара тану шарттары туралы келісім негізінде қабылданатын Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының № 101 қағидаларына № 7 қосымшаға сәйкес);

      29) "басқа да жетекті қозғалтқыштар немесе қозғалтқыштардың комбинациялары" бос жолында - жасаушы белгілеген маркасы, сауда атауы, қозғалтқыштың типі (іштен жану қозғалтқышы, машинаның конструкциясында қолданылған электр қозғалтқышы), сондай-ақ қозғалтқыштардың саны;

      30) "номиналды кернеу" бос жолында – машинаның электр жүйесінің номиналды кернеуі;

      31) "трансмиссия (типі, схемасы)" бос жолында – машина трансмиссиясының типі (механикалық, электрлі, гидравликалық және т.б.) мен схемасының сипаттамасы;

      32) "электр машинасы (маркасы, типі)" бос жолында – электр машинасының трансмиссияда қолданылатын маркасы мен типі, әрбір электр машинасының сипаттамасы: негізгі функциясы (қозғалтқыш немесе генератор), қысқаша сипаттамасы (тұрақты немесе айнымалы ток, айнымалы ток үшін – синхронды немесе асинхронды, фазалар саны).

      Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады.

      Электр машинасы трансмиссияда болмаған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды.

      "жұмыс кернеуі" бос жолында – электр машинасының жұмыс кернеуі (В);

      "ең жоғары 30 минуттық қуат" бос жолында – тұрақты ток кезінде тарту жүйесі орташа алғанда 30 минуттық кезең ішінде қамтамасыз ете алатын электр тартқыш жүйесінің ең жоғары пайдалы қуаты (кВт);

      33) "беріліс қорабы (маркасы, типі)" бос жолында – машинаның беріліс қорбының маркасы мен типі;

      "беріліс саны" бос жолында – беріліс қорабының "/" бөлгіш белгісі арқылы алға және артқа беріліс саны;

      "беру саны" бос жолында – беріліс қорабы сатыларының беру саны;

      34) "тарату қорабы (типі, таңбалау)" бос жолында – тарату қорабының типі мен таңбалануы;

      "беріліс саны" бос жолында – тарату қорабының беріліс саны;

      "беру саны" бос жолында – тарату қорабы сатыларының беру саны;

      35) "басты беріліс (типі, таңбалау)" бос жолында – басты берілістің типі мен таңбалануы;

      "беру саны" бос жолында – басты берілістің беру саны;

      "аралық берілістің беру саны" бос жолында - аралық берілістің беру саны;

      36) "қуатты іріктеу білігі" бос жолында - қуатты іріктеу білігі қозғалтқышының саны, типі, орналасуы, айналу жиілігі мен айналу жиілігіне қатынасы;

      37) "аспа" бос жолында:

      "алдыңғы (сипаттамасы)" бос жолында – алдыңғы аспа конструкциясының сипаттамасы;

      "артқы (сипаттамасы)" бос жолында – артқы аспа конструкциясының сипаттамасы;

      38) "рульмен басқару (сипаттамасы, орналасуы)" бос жолында – рульмен басқарудың сипаттамасы, типі (қолмен, күшейткішпен, күштік жетекпен немесе көлемдік гидрожетекпен) және оның орналасуы;

      39) "тежегіштік жүйелер" бос жолында:

      "жұмыс істейтін (сипаттамасы)" бос жолында - жұмыс істейтін тежегіш жүйесі конструкциясының сипаттамасы;

      "запастағы (сипаттамасы)" бос жолында – запастағы тежегіш жүйесі конструкциясының сипаттамасы;

      "тұрақтық (сипаттамасы)" бос жолында – тұрақтық тежегіш жүйесі конструкциясының сипаттамасы;

      "қосалқы (тозуға берік) (сипаттамасы)" бос жолында – қосалқы (тозуға берік) тежегіш жүйесі конструкциясының сипаттамасы;

      40) "шиналар" бос жолында жасаушы ұйым қолдануға рұқсат беретін шиналардың барлық типтері туралы мынадай мәліметтер келтіріледі:

      "мөлшерлігі" бос жолында – қолданылатын шиналардың мөлшерінің белгіленімі;

      "ең жоғары жол берілетін жүктеме үшін салмақ түсіретін қабілетінің индексі" бос жолында – қолданылатын шиналардың ең жоғары жол берілетін жүктеме үшін салмақ түсіретін қабілетінің индексі. Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;

      "жылдамдық санаты" бос жолында – қолданылатын шиналардың жылдамдық санаты. Бұл бос жол осы тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацында көзделген жағдайда толтырылады;

      "жетекші доңғалақтардағы ең жоғары мөлшерлер" бос жолында - жасаушы ұйым қолдануға рұқсат берген, жетекші доңғалақтар шиналарындағы ең жоғары мөлшер (бар болған кезде);

      "тежегіш жүйесі бар өстерде жол берілетін ең жоғары мөлшер" бос жолында - тежегіш жүйесі бар өстерде қолданылатын шиналардың жол берілетін ең жоғары мөлшері;

      41) "ең жоғары жылдамдық" бос жолында – машинаның рұқсат етілген ең жоғары жылдамдығы (км/сағ);

      42) "қосымша сипаттамалар" бос жолында – машиналардың функционалдық мақсаттарына және КО КК 010/2011 шеңберінде техниканың алуан түрлеріне арналған стандарттарға сай негізгі параметрлер тізбесіне сәйкес келетін сипаттамалары.

      10. "Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) жалпы түрі" бөлімінде машиналардың жалпы түрлерінің бейнесі көрсетіледі.

      Электрондық паспортты ресімдеген жағдайда уәкілетті орган (ұйым) бұл бөлімге машиналардың жалпы түрлерінің алдынан, жанынан (екі жағынан) және артқы жағынан түсірілген фотосуреттерін енгізуі мүмкін.

      11. "Қосымша ақпарат" бөлімінде кепілдік міндеттемелерінің орындалуы туралы мәліметтер, сондай-ақ өзге де ақпарат (бар болған кезде) көрсетіледі.

      12. "Әкімшілік ақпарат" бөлімінде:

      1) "жеңілдікті режимді пайдалану арқылы өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі) шығару туралы мәліметтер" бос жолына – (жеңілдікті режимді көрсете отырып) "өздігінен жүретін машинаның және техниканың басқа түрлерінің моделі жеңілдікті режимде жасап шығарылған" деген жазу жазылады.

      Егер Одақ органдары қабылдаған шешімдерді іске асыру мақсатында мүше мемлекеттердің заңнамасында машиналарға қатысты қолданыстағы шектеулер белгіленген жағдайда, бұл бос жолда тиісті шектеулер көрсетіледі.

      Машина жеңілдікті режим қолданылмай жасалған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;

      2) "жерсеріктік навигация аппаратурасының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер" бос жолында – Жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйенің (өзге де жаһандық навигациялық жерсеріктік жүйелермен бірге) жерсеріктік навигация аппаратурасының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Мәліметтер болмаған кезде бұл бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады.

      3) "шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларының сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер" бос жолында - шұғыл қимылдайтын жедел қызметтерді шақыру құрылғыларының сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.

      Мәліметтер болмаған кезде бұл бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады.

      4) "өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспорттарын ресімдеудің негіздемелері туралы мәліметтер" бос жолында – электрондық паспортты ресімдеу негіздемелері;

      5) "өздігінен жүретін машинаны (техниканың басқа түрін) әкету елі" бос жолында - аумағынан машина әкетілген ел көрсетіледі.

      Машина Одақ аумағында жасап шығарылған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;

      6) "өздігінен жүретін машина (техниканың басқа түрі) шығарылған (жасалған) ел" бос жолында – машина шығарылған елдің атауы көрсетіледі, ол мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген тәртіпте және халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес айқындалады;

      7) "кедендік кіріс ордерінің сериясы, нөмірі, кедендік декларацияның нөмірі" бос жолында – машинаға ресімделген кедендік кіріс ордерінің сериясы мен нөмірі, кедендік декларацияның нөмірі көрсетіледі.

      Мәліметтер болмаған кезде бұл бос жолға "жоқ" деген жазу жазылады.

      Машина Одақ аумағында жасап шығарылған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;

      8) "кәдеге жарату алымының төленгені туралы мәліметтер" бос жолында – "кәдеге жарату алымы төленген. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет (аумағында осы мемлекеттің заңнамасында көзделген кәдеге жарату немесе өзге де осыған ұқсас алымды төлеу жүзеге асырылған мүше мемлекеттің атауы)" (егер мүше мемлекеттің заңнамасында кәдеге жарату алымын алу көзделсе) немесе "кәдеге жарату алымы төленбейді. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет (мүше мемлекеттің атауы)" (егер мүше мемлекеттің заңнамасында кәдеге жарату алымын немесе өзге де осыған ұқсас алым алу көзделмесе) деген жазулар жазылады.

      9) "кедендік шектеулер" бос жолында – мәлімделген кедендік рәсімнің шарттарына сәйкес немесе халықаралық шарттар мен Одақ құқығын құрайтын актілерге сәйкес кедендік рәсімдерге орналастыруға жатпайтын тауарлардың жекелеген санттары үшін белгіленген шарттарға сәйкес машинаны пайдалану және (немесе) оған билік ету жөніндегі шектеулер көрсетіледі.

      Көрсетілген шектеулер болмаған жағдайда бұл бос жолда "жоқ" деген жазу жазылады.

      Машина Одақ аумағында жасап шығарылған жағдайда бұл бос жол пайдаланылмайды;

      10) "өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортын ресімдеген ұйымның (органның) атауы" бос жолында - электрондық паспортты ресімдеген ұйымның толық атауы;

      11) "өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) электрондық паспортын ресімдеген күн" бос жолында – электрондық паспорттар жүйесінде электрондық паспортқа "қолданыстағы" мәртебесі берілген күн көрсетіледі.

      13. "Жасаушының ақпараты" бөлімінде жасаушы ұйым машинаның базалық жабдығы туралы мәліметтерді, сондай-ақ машина туралы өзге де қосымша ақпаратты көрсетеді.

      14. "Өздігінен жүретін машинаны (техниканың басқа түрін) мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер" бөлімінде машиналарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдар ұсынатын мәліметтер негізінде:

      1) "тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекет" бос жолында – тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған мүше мемлекеттің атауы;

      2) "меншік иесінің (иеленушінің) түрі" бос жолында – меншік иесінің (иеленушінің): заңды немесе жеке тұлға түрі;

      3) "тіркеу әрекеті" бос жолында – машинаға қатысты жасалған тіркеу әрекетінің атауы;

      4) "тіркеу әрекетінің күні" бос жолында – машинаға қатысты тіркеу әрекеті жасалған күн;

      5) "меншік иесі (иеленуші) орналасқан өңір" бос жолында – аумағында меншік иесі (иеленуші) тіркелген мүше мемлекет өңірінің атауы көрсетіледі.

      15. "Өздігінен жүретін машинаның (техниканың басқа түрінің) конструкциясына енгізілетін өзгерістер туралы мәліметтер" бөлімінде:

      1) "конструкцияға енгізілген өзгерістер" бос жолында – машинаның конструкциясына енгізілген өзгерістердің сипаттамасы (орнатылатын құрауыштардың типі мен маркасы, монтаждау тәсілі және т.б.), оның жаңа мақсаты (мамандануы);

      2) "сипаттамалар" бос жолында – машинаның сипаттамалары және машинаның конструкциясына енгізілген өзгерістерді ескере отырып, электрондық паспортта көрсетілгендер арасынан олардың жаңа мәндері;

      3) "конструкцияға өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен тәртібі туралы қорытынды берген тұлға" бос жолында - машинаның конструкциясына өзгерістер енгізу мүмкіндігі мен тәртібі туралы қорытынды берген заңды тұлғаның атауы;

      4) "конструкцияға өзгерістер енгізген тұлға" бос жолында – машинаның конструкциясына өзгерістер енгізген заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.

      16. Тәртіптің 21-тармағының "в" тармақшасында айқындалған жағдайларда электрондық паспорттарды Тәртіптің № 2 қосымшасында көрсетілгендерден кем болмайтын мәліметтер көлемінде уәкілетті орган (ұйым) толтырады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады