Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің қуаттылығы 25 000 кВт астам гидравликалық турбиналарға арналған жекелеген бөлшек түрлеріне қатысты кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерін белгілеу туралы және Еуразиялық экономикалық комиссияның кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 127 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 42 және 45-баптарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) қуаттылығы 25 000 кВт астам гидравликалық турбиналарға арналған жекелеген бөлшек түрлеріне және азаматтық әуе кемелеріне арналған тауарлардың жекелеген түрлеріне қатысты кедендік әкелу баждары мөлшерлемелері белгіленсін.

      2. Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі № 54 шешіміне қосымша) ескертпелер мынадай мазмұндағы 56С ескертпемен толықтырылсын:

      "56С) Кедендік құнның 13% мөлшеріндегі кедендік әкелу бажы мөлшерлемесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 127 шешімі күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 31.08.2016 дейінгі аралықта қолданылады.".

      3. Өтпелі кезең ішінде Қырғыз Республикасы оларға қатысты Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 30 маусымдағы № 68 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифі белгілеген баждар мөлшерлемелерінен өзгеше кедендік әкелу баждарының мөлшерлемелерін қолданатын тауарлар мен мөлшерлемелер тізбесіндегі ЕАЭО СЭҚ ТН 8542 32 900 9 коды бар позиция алып тасталсын.

      4. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 127 шешіміне
ҚОСЫМША

Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифінің кедендік әкелу баждарының МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІ

СЭҚ ТН коды

Позиция атауы

Кедендік әкелу бажының мөлшерлемесі (кедендік құнның пайызымен не евромен не АҚШ долларымен)

8410 90 000 1

– – қуаттылығы 25 000 кВт астам гидравликалық турбиналарға арналған шойыннан құйылған немесе болаттан құйылған

7,556С)

8518 10 300 1

– – – азаматтық әуе кемелеріне арналған5)

0

8518 29 300 1

– – – – азаматтық әуе кемелеріне арналған 5)

0


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады