1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 108 шешімімен бекітілген Зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықты сарқа пайдалану қағидатын одан әрі қолдануға қатысты ұсыныстар тұжырымдау жөніндегі жұмыс тобының құрамына мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) жұмыс тобының құрамына мына адамдар енгізілсін:
Армения Республикасынан
Азизян | - | Армения Республикасы Экономика министрлігінің жанындағы Зияткерлік меншік агенттігінің басшысы |
Калтахчян | - | Армения Республикасының Экономикалық бәсекені қорғау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы төрағасының орынбасары |
Беларусь Республикасынан
Крутой | - | Беларусь Республикасы Экономика министрінің орынбасары |
Қырғыз Республикасынан
Ілиясова | - |
Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Зияткерлік меншік және инновация мемлекеттік қызметінің құқық басқармасының бастығы |
Исабаева | - | Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Зияткерлік меншік және инновация мемлекеттік қызметі төрағасының орынбасары |
Исаев | - | Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Монополияға қарсы реттеу мемлекеттік агенттігі директорының орынбасары |
Қадырқұлов | - | Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметі төрағасының бірінші орынбасары |
Сулайманов | - | Қырғыз Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік кеден қызметінің Кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасының бастығы |
Ресей Федерациясынан
Романенко | - | Федералдық кеден қызметінің Сауданы шектеу, валюталық және экспорттық бақылау басқармасы бастығының орынбасары |
Шкляев | - | Федералдық кеден қызметінің Сауданы шектеу, валюталық және экспорттық бақылау басқармасының бастығы; |
б) жұмыс тобының мына мүшелерінің жаңа лауазымдары көрсетілсін:
Кузнецова | - |
Монополияға қарсы реттеу департаментінің Құқық қолдану практикасы және бәсеке қағидаларын бұзушылықтар туралы істерді қарауға материалдарды дайындау бөлімінің бастығы |
Радченко | - |
Монополияға қарсы реттеу департаментінің Сауда және қызметтер көрсету саласында талдау және тексеру жүргізу бөлімінің кеңесшісі |
Фазыл | - | Монополияға қарсы реттеу департаментінің директоры; |
в) Филонов А.В. және Баклаков П.А. жұмыс тобының құрамынан шығарылсын.
2. Осы Өкім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 10 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы В. Христенко |