Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ереженің (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 1 қосымша) 7-тармағына, 43-тармағының 2-тармақшасына және 48-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Көлік құралы паспортының (көлік құралы шассиі паспортының) және өздігінен жүретін машина мен басқа да техника түрлері паспортының бірыңғай нысандарын енгізу және электрондық паспорттар жүйелерін ұйымдастыру туралы келісімді іске асыру жөніндегі жұмыс тобы туралы" 2014 жылғы 28 қазандағы № 195 шешімінің 2-тармағының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы Төрағасының міндетін уақытша атқарушы |
А. Слепнев |