Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 702 шешімінде белгіленген демпинге қарсы шараларды қолдануды ұзарту туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 6 қазандағы № 133 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 8 қосымша) 109-бабының бесінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы "Кеден одағында болат құбырлардың кейбір түрлерін өндірушілердің экономикалық мүдделерін қорғау жөніндегі шаралар туралы" № 702 шешімінде белгіленген демпинге қарсы шаралардың қолданылуы қоса алғанда 2016 жылғы 5 шілдеге дейін ұзартылсын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласында уәкілеттік берілген мемлекеттік органдары осы Шешім күшіне енген күннен бастап қоса алғанда 2016 жылғы 5 шілдеге дейін Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 22 маусымдағы № 702 шешімінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша алдын ала демпингке қарсы баждарды өндіріп алу үшін белгіленген тәртіппен демпинге қарсы бажды өндіріп алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім 2015 жылғы 19 қарашадан бастап, бірақ ресми жарияланған күнінен бастап кемінде күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасы Төрағасының міндетін
уақытша атқарушы
А. Слепнев


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады