2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 52-бабы 2-тармағының екінші абзацына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 11-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының "Автомобиль жолдарының қауіпсіздігі" техникалық регламентін қабылдау туралы" 2011 жылғы 18 қазандағы № 827 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:
а) 3.2-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Техникалық регламент күшіне енгенге дейін әзірленген және бекітілген жобалау құжаттамасын қайта ресімдеу талап етілмейді;";
б) мынадай мазмұндағы 3.31 және 3.32 тармақшалармен толықтырылсын:
"3.31 Техникалық регламент күшіне енгенге дейін Еуразиялық экономикалық одақтың құқығына кіретін Еуразиялық экономикалық одақтың актілерінде немесе Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің заңнамасында белгіленген міндетті талаптарға сәйкестігін міндетті бағалауға жатпаған өнімді сәйкестікті міндетті бағалау туралы құжаттарсыз және сәйкестіктің ұлттық белгісімен (нарықтағы айналыс белгісімен) таңбаламай Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында өндіруге және айналысқа шығаруға 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін рұқсат етіледі;
3.32 Техникалық регламент күшіне енгенге дейін қабылданған Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің нормативтік құқықтық құжаттары негізінде жобалау құжаттамасын әзірлеуге және бекітуге 2016 жылғы 1 қыркүйекке дейін рұқсат етіледі;".
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |