Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiндегi ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара iс-қимыл туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 3 қосымша) 3 және 30-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:
1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруға арналған техникалық тапсырма бекітілсін.
2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы |
В. Христенко |
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 12 қазандағы № 137 шешімімен БЕКІТІЛГЕН |
Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруға арналған ТЕХНИКАЛЫҚ ТАПСЫРМА
1. Жалпы мәліметтер
1.1. Жүйенің атауы
Толық атауы – Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – интеграцияланған жүйе).
Шартты белгілеме – ЕАЭО ИАЖ.
1.2. Жүйеге тапсырыс беруші мен оны әзірлеушінің атауы
1.2.1.Интеграцияланған жүйені құру жөніндегі жұмыстарды үйлестіруші – тапсырыс беруші, сондай-ақ интеграцияланған жүйенің Еуразиялық экономикалық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) интеграциялық сегментінің тапсырыс берушісі Комиссия болып табылады.
1.2.2. Интеграцияланған жүйенің Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерінің тапсырыс берушісін (бұдан әрі тиісінше – ұлттық сегмент, мүше мемлекеттер, Одақ) мүше мемлекеттер айқындайды.
1.2.3. Интеграцияланған жүйені құруды, оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуді және оны дамытуды Комиссия үйлестіреді, ол интеграцияланған жүйені дамыту стратегиясын ескере отырып, ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, оның жұмыс істеуін және дамуын қамтамасыз етеді. Интеграцияланған жүйені құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі жұмыстар уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып Комиссия әзірлейтін жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
1.2.4. Ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілері ұлттық сегменттерді құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі құқықтарды жүзеге асырады және міндеттерді орындайды.
1.2.5. Комиссияның интеграциялық сегменті, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелері сияқты интеграциялық жүйенің құрауыштарына қатысты Комиссия меншік иесінің құқықтарын жүзеге асырады және міндеттерін орындайды, сондай-ақ оларды жобалауды, әзірлеуді, енгізуді, жұмыс нәтижелерін қабылдауды және одан әрі сүйемелдеуді ұйымдастырады.
1.2.6. Комиссияның интеграциялық сегментін, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелерін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі жұмыстарды орындаушыларды іріктеу Комиссияның актілеріне сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
1.2.7. Ұлттық сегменттерді құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі жұмыстарды орындаушыларды іріктеу мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес конкурстық негізде жүзеге асырылады.
1.3. Жүйені құру негіздері
1.3.1. Интеграциялық жүйені құруға 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарт (бұдан әрі – Шарт) негіз болып табылады.
1.3.2. Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiндегi Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара iс-қимыл туралы хаттаманың (Шартқа № 3 қосымша) 3-тармағына сәйкес интеграцияланған жүйені құру жөніндегі жұмыстар сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің (бұдан әрі – СӨСИАЖ) функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту негізінде жүргізілуге тиіс, оны іске асыру 2011 – 2014 жылдары жүзеге асырылған.
1.3.3. СӨСИАЖ құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту жөніндегі жұмыстар 2010 жылғы 21 қыркүйектегі Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуі және оны дамыту туралы келісімге, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық Кеңесінің 2010 жылғы 19 қарашадағы № 60 шешімімен бекітілген Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру тұжырымдамасына және Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 771 шешімімен бекітілген Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 260 шешімімен бекітілген Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жалпы процестерін іске асыру үшін басым тізбе (Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Еуразиялық экономикалық комиссия интеграциялық сегментінде оларды іске асыру мерзімдерімен) ескеріле отырып жүргізілді.
1.3.4. Интеграцияланған жүйені әзірлеу кезінде мынадай құжаттардың ережелері ескерілуге тиіс:
1) 1973 жылғы 18 мамырдағы Кедендік рәсімдерді оңайлату және үндестіру туралы халықаралық конвенция;
2) Дүниежүзілік кеден ұйымының әлемдік саудадағы қауіпсіздікпен оны жеңілдетудің негіздемелік стандарттары (2005 жылғы маусым);
3) "Халықаралық шарттарда электрондық хабарламаларды пайдалану туралы" 2005 жылғы 23 қарашадағы Біріккен Ұлттар Ұйымының конвенциясы;
4) 2008 жылғы 25 қаңтардағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлардың кедендік құнын айқындау туралы келісім;
5) 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының өзара әкімшілік көмегі туралы келісім;
6) 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдары мен өзге де мемлекеттік органдары арасында ақпарат алмасуға қойылатын талаптар туралы келісім;
7) 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдары туралы алдын ала ақпаратты ұсыну туралы және алмасу туралы келісім;
8) 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері туралы келісім;
9) 2010 жылғы 21 мамырдағы Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тасымалданатын тауарларға қатысты кедендік баждарды, салықтарды төлеуді қамтамасыз етуді ұсынудың кейбір мәселелері, кедендік баждарды, салықтарды өндіріп алудың ерекшеліктері және осындай тауарларға қатысты өндіріп алынған сомаларды аудару тәртібі туралы келісім;
10) 2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағына мүше мемлекеттердің зияткерлік меншік объектілерінің бірыңғай кедендік тізілімі туралы келісім;
11) 2010 жылғы 18 маусымдағы Халықаралық почта жөнелтілімдерімен жіберілетін тауарларға қатысты кедендік операциялардың ерекшеліктері туралы келісім;
12) 2010 жылғы 18 маусымдағы Еркін қоймалар және еркін қойманың кедендік рәсімі туралы келісім;
13) 2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісім;
14) 2010 жылғы 18 маусымдағы Жеке тұлғалардың жеке пайдалануға арналған тауарларды кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткізу және оларды шығаруға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібі туралы келісім;
15) 2010 жылғы 5 шілдедегі Кеден одағына мүше мемлекеттер кеден органдарының қылмыстық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша құқықтық көмегі және өзара іс-қимылы туралы келісім;
16) 2015 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің өзара саудасын жүзеге асыру кезінде озонды бұзатын заттар мен оларды қамтитын өнімдерді өткізу және озонды бұзатын заттарды есепке алу туралы келісім;
17) 2013 жылғы 24 қазандағы Кеден одағының кеден аумағы арқылы есірткі құралдарын, психотроптық заттарды және олардың прекурсорларын өткізу тәртібі туралы келісім;
18) 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім;
19) 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім;
20) 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Қаржы нарықтарында капиталдың еркін қозғалысын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау мақсатында қаржы саласында ақпарат, оның ішінде құпия ақпарат алмасу туралы келісім;
21) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бір терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттары туралы" 2014 жылғы 29 мамырдағы № 68 шешімі;
22) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Кеден одағына және Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің аумақтарында жеңіл өнеркәсіп өнімінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін әзірлеу туралы" 2014 жылғы 10 қазандағы № 88 шешімі;
23) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бір терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы" 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімі;
24) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау кезінде сервистер мен заңдық күші бар электрондық құжаттарды пайдалану тұжырымдамасы туралы" 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 73 шешімі;
25) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Ветеринариялық бақылауға (қадағалауға) жататын объектілерге бірлескен тексерулер жүргізудің және тауарлар (өнімдер) сынамаларын іріктеудің бірыңғай тәртібі жөніндегі ереже туралы" 2014 жылғы 9 қазандағы № 94 шешімі;
26) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Еуразиялық экономикалық одақтың интеграцияланған ақпараттық жүйесін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі іс-шаралардың 2015 – 2016 жылдарға арналған жоспары туралы" 2014 жылғы 12 қарашадағы № 131 шешімі;
27) Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің "Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бір терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау бойынша 2015 жылға арналған егжей-тегжейлі жоспар туралы" 2015 жылғы 4 ақпандағы № 4 шешімі;
28) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кедендік декларацияларды толтыру үшін пайдаланылатын сыныптауыштар туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі № 378 шешіміне және "Кедендік кіріс ордерінің нысаны және кедендік кіріс ордерін толтыру және қолдану тәртібі туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 288 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2012 жылғы 23 тамыздағы № 135 шешімі;
29) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы арқылы қауіпті қалдықтарды трансшекаралық өткізу туралы келісімнің жобасы туралы" 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 306 шешімі;
30) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағы арқылы есірткі құралдары мен психотроптық заттардың прекурсорлары болып табылмайтын улы заттарды өткізу туралы келісімнің жобасы туралы" 2014 жылғы 5 ақпандағы № 11 шешімі;
31) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттер арасында қызметтік және азаматтық қаруды өткізу туралы келісімнің жобасы туралы" 2014 жылғы 6 наурыздағы № 33 шешімі;
32) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесінде ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде пайдаланылатын электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдарының тізілімін енгізу және қолдану тәртібі туралы" 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 180 шешімі;
33) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Сыртқы және өзара сауданың интеграцияланған ақпараттық жүйесінің құралдарымен жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар туралы" 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешімі;
34) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми статистикалық ақпаратын беруі және Кеден одағы Комиссиясы мен Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы" 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 224 шешімі;
35) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберіндегі жалпы процестердің тізбесі және Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2014 жылғы 19 тамыздағы № 132 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 29 шешімі;
36) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде жалпы процестерді талдау, оңтайландыру, үндестіру және сипаттау әдістемесі туралы" 2015 жылғы 9 маусымдағы № 63 шешімі;
37) Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының "Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының өзара және Еуразиялық экономикалық комиссиямен трансшекаралық өзара іс-қимыл жасауы кезінде электрондық құжаттармен алмасу туралы ережені бекіту туралы" 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 125 шешімі;
38) Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының бірыңғай кедендік аумағын қалыптастыру кезеңдері мен мерзімдерінде көрсетілген мерзімдерде кедендік бақылау сақталған кезде 2010 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстан – Ресей шекарасында кедендік ресімдеуді жоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар туралы" 2010 жылғы 27 қаңтардағы № 159 шешімі;
39) Кеден одағы Комиссиясының "Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың жалпы тізілімдерінің нысандарын, оларды жүргізу және қалыптастыру тәртібін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 мамырдағы № 261 шешімі;
40) Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағында санитариялық шараларды қолдану туралы" 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімі;
41) Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағы Комиссиясының ресми сайтында тауарлардың сыныптауышы бойынша Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден органдарының алдын ала қабылданған шешімдерінің жинағын қалыптастыру және жүргізу тәртібін реттейтін құжаттар туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 297 шешімі;
42) Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағында өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 318 шешімі;
43) Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағының кедендік аумағында өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету мәселелері туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 340 шешімі;
44) Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағында санитариялық шараларды қолдану мәселелері туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 341 шешімі;
45) Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағында ветеринариялық бақылау (қадағалау) саласындағы мәселелер туралы" 2010 жылғы 17 тамыздағы № 342 шешімі;
46) Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағында ветеринариялық-санитариялық шараларды қолдану туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 317 шешімі;
47) Кеден одағы Комиссиясының "Кеден одағындағы техникалық реттеу туралы" 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімі;
48) "Ақпараттық технологиялар" мемлекетаралық стандарттарының (МемСТ 34.602-89 және МемСТ 34.601-90) кешеніне кіретін мүше мемлекеттердің мемлекетаралық стандарттары (МемСТ-тар);
1.4. Жұмыстардың басталу және аяқталу мерзімдері
Жұмыстардың басталатын уақыты: 2015 жыл.
Жұмыстардың аяқталатын уақыты: 2017 жыл.
1.5. Жұмыстарды қаржыландыру көздері мен тәртібі
1.5.1. Комиссияның интеграциялық сегментін, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелерін құру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды дамыту жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру Одақ бюджетінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1.5.2. Мемлекеттік ақпараттық ресурстарды және уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін, сондай-ақ ұлттық сегменттерді құру, олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оларды дамыту жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру мүше мемлекеттер бюджеттерінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
1.6. Жұмыс нәтижелерін ресімдеу және тапсырыс берушіге ұсыну тәртібі
1.6.1. Интеграциялық жүйені құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту жөніндегі жұмыс нәтижелерін ресімдеу және тапсырыс берушіге ұсыну тәртібі осы техникалық тапсырманың талаптарына, сондай-ақ жұмыстарды орындауға арналған келісімшарттар шарттарына сәйкес келуге тиіс.
1.7. Анықтамалар
Осы техникалық тапсырманың мақсаттары үшін мыналарды білдіретін ұғымдар пайдаланылады:
"интеграциялық платформа" – ұлттық сегменттер мен Комиссияның интеграциялық сегментінің интеграциялануын қамтамасыз ететін интеграцияланған жүйенің кіші жүйесі;
"интеграциялық шлюз" – интеграциялық жүйенің әрбір торабында өрістетілетін және ұлттық сегменттер мен Комиссияның интеграциялық сегментінің интеграциялық платформамен ұштасуын қамтамасыз ететін бағдарламалық және аппараттық құралдардың кешені;
"жалпы процесс" – Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде және мүше мемлекеттің заңнамасында регламенттелген (белгіленген) операциялар мен рәсімдер, олар бір мүше мемлекеттің аумағында басталып, басқа мүше мемлекеттің аумағында аяқталады (өзгертіледі);
"электрондық хабарлама" – формалдандырылған ақпарат (мәліметтер, деректер), ол оның ішінде, жөнелтушіден алушыға ақпараттық-телекоммуникациялық желі арқылы берілетін электрондық құжаттарды қамтуы да немесе қамтымауы да мүмкін;
"ЭЦҚ" – электрондық цифрлық қолтаңба (электрондық қолтаңба);
"электрондық құжаттың заңдық маңызы" – осы құжаттың мазмұнын төлнұсқа ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін электрондық құжаттың қасиеті;
"электрондық құжаттың заңдық күші" – қорғалған электрондық құжаттың қасиеті, оны ұсыну мен айналымының нысанын (оның төлнұсқалығы мен тұтастығын) сенім білдірілген үшінші тарап растайды және ол электрондық құжаттармен халықаралық (трансшекаралық) алмасуды жүзеге асыру кезінде электрондық құжаттарды мақсатқа сай және сот даулары мен талқылауларында тікелей дәлелдеме ретінде пайдалануға мүмкіндік береді.
"Сенім білдірілген үшінші тарап", "нормативтік-анықтамалық ақпарат", "ортақ ақпараттық ресурс", "трансшекаралық сенім кеңістігі", "уәкілетті орган", "құжаттың электрондық түрі", "электрондық құжат" деген ұғымдар осы техникалық тапсырмада Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiндегi ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара iс-қимыл туралы хаттамада (Шартқа № 3 қосымша) айқындалған мәндерде пайдаланылады.
Осы техникалық тапсырмада заңдық күш және заңдық маңыз деген ұғымдар электрондық құжаттарға қатысты пайдаланылады. Электрондық құжаттың заңдық күші мен заңдық маңызы деген ұғымдарды түсіндіру Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 73 шешімімен бекітілген Мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау кезінде сервистер мен заңдық күші бар электрондық құжаттарды пайдалану тұжырымдамасының ІV бөліміне сәйкес жүзеге асырылады.
2. Интеграцияланған жүйені құрудың арналымы мен мақсаттары
2.1. Интеграциялық жүйенің арналымы
2.1.1.Интеграциялық жүйе Одақ шеңберінде деректермен және электрондық құжаттармен мемлекетаралық алмасуды қамтамасыз етуге, мүше мемлекеттер үшін ортақ ақпараттық ресурстар құруға, жалпы процестерді іске асыруға, сондай-ақ Одақ органдарының қызметін қамтамасыз етуге арналған.
2.1.2.Интеграцияланған жүйе мынадай бағыттар бойынша ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге тиіс:
1) кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу;
2) кедендік реттеу;
3) техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану;
4) кедендік әкелу баждарын есепке жатқызу және бөлу;
5) демпингке қарсы және өтемақы баждарды есепке жатқызу және бөлу;
6) статистика;
7) бәсекелестік саясат;
8) энергетикалық саясат;
9) валюталық саясат;
10) зияткерлік меншік;
11) қаржы нарықтары (банк саласы, сақтандыру саласы, валюта нарығы, бағалы қағаздар нарығы);
12) Одақ органдарының қызметін қамтамасыз ету;
13) макроэкономикалық саясат;
14) өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік саясат;
15) дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы;
16) Одақ өкілеттіктері шегіндегі өзге де мәселелер (интеграциялық жүйенің дамуына қарай оның қамту саласына кіретін).
2.1.3. Интеграцияланған жүйені әзірлеу және енгізу барысында интеграцияланған жүйе шеңберінде уәкілетті органдар мен Одақ органдарының ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін, ұлттық сегменттерді жетілдіру процестері жандандырылуға және үйлестірілуге тиіс.
2.2. Интеграцияланған жүйені құру мақсаттары
2. 2.1. Интеграцияланған жүйені құру мақсаттары мыналар болып табылады:
1) Одақтың жұмыс істеуін қозғайтын барлық салаларда интеграциялық процестерді ақпараттық қамтамасыз ету;
2) жалпы процестерді іске асыру кезінде деректермен және электрондық құжаттармен алмасуды қамтамасыз ету;
3) Одақ органдарының қызметін ақпараттық-технологиялық қамтамасыз ету;
4) ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалана отырып, кедендік, салықтық, көліктік бақылаудың және мемлекеттік бақылаудың басқа да түрлерінің тиімділігін арттыру;
5) ортақ ақпараттық ресурстарға, оның ішінде Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесіне қол жеткізуге бірдей мүмкіндіктерді қамтамасыз ету және қалыптастыру;
6) трансшекаралық сенім кеңістігін құру және дамыту.
2.3. Интеграциялық жүйенің міндеттері
2.3.1. Интеграцияланған жүйе шеңберінде іске асырылатын міндеттерге мыналар жатады:
1) жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету;
2) ортақ ақпараттық ресурстарды құру және оларға қол жеткізуді қамтамасыз ету;
3) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін құру және оны сыныптау мен кодтаудың біріздендірілген жүйесі негізінде жүргізу;
4) Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге (осындай халықаралық шарттар мен актілердің жобаларына) қолжетімділікті қамтамасыз ету;
5) Одақтың құқығына сәйкес мүше мемлекеттердің ақпараттық ресурстарына қолжетімділікті қамтамасыз ету;
6) ақпаратты электрондық түрде құжаттаудың жалпы инфрақұрылымын құру және оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
7) жалпы процестерді іске асыру кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратпен уәкілетті органдарды қамтамасыз ету;
8) мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау кезінде ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету;
9) Одақ органдарының қызметін ақпараттық қолдау.
2.3.2. Интеграцияланған жүйе шеңберінде міндеттерді жүзеге асыру кезінде СӨСИАЖ құру кезінде әзірленген инфрақұрылымдық, технологиялық және ақпараттық-бағдарламалық шешімдер пайдаланылуға тиіс.
3. Автоматтандыру объектілерінің сипаттамасы
3.1. Автоматтандыру объектілері туралы қысқаша мәліметтер
3.1.1. Интеграцияланған жүйені құру кезінде автоматтандыру объектілері мыналар болып табылады:
1) Комиссия;
2) Одақ Соты;
3) ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздерінің уәкілетті операторлары;
4) мүше мемлекеттердің сенім білдірілген үшінші тарапының (бұдан әрі – СБҮТ) уәкілетті операторлары;
5) жалпы процестерді іске асыруға қатысатын уәкілетті органдар.
3.1.2. Осы техникалық тапсырманың 2.1.2-тармағында көрсетілген бағыттар бойынша Одақтың қызметін реттеуге байланысты процестер автоматтандыру нысанасы болып табылады.
3.1.3. Интеграцияланған жүйені құру СӨСИАЖ-дың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту негізінде жүзеге асырылуға тиіс, оны іске асыру Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 16 тамыздағы № 771 шешімімен бекітілген Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесін құруға арналған техникалық тапсырмаға сәйкес 2011 – 2014 жылдары орындалған.
3.1.3.1. СӨСИАЖ аумақтық тұрғыдан бөлінген, сыртқы және өзара сауданы реттейтін, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының ақпараттық жүйелерінің және мемлекеттік ақпараттық ресурстардың, ұлттық сегменттермен және Комиссияның интеграциялық сегментімен біріктірілетін Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелерінің жиынтығын білдіреді.
3.1.3.2. СӨСИАЖ СБҮТ қызметі субъектілер СӨСИАЖ құралдарымен электрондық нысанда өзара іс-қимыл жасаған кезде ЭЦҚ-ға бірыңғай трансшекаралық сенім кеңістігін қамтамасыз ететін, мүше мемлекеттер мен Комиссияның СБҮТ сервистерінің жиынтығын білдіреді.
3.1.3.3. СӨСИАЖ құрамына мынадай ұлттық сегменттер кіреді:
1) Армения Республикасының ұлттық сегменті;
2) Беларусь Республикасының ұлттық сегменті;
3) Қазақстан Республикасының ұлттық сегменті;
4) Ресей Федерациясының ұлттық сегменті;
3.1.3.4. Ұлттық сегменттердің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы осы техникалық тапсырманың 3.2) тармақшасында келтірілген.
3.1.3.5 Комиссияның интеграциялық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы осы техникалық тапсырманың 3.3) тармақшасында келтірілген.
3.2. Ұлттық сегменттердің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы
3.2.1. Армения Республикасының ұлттық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы
3.2.1.1. Армения Республикасының ұлттық сегменті Армения Республикасының кеден органы мен мүше мемлекеттердің кеден органдары арасында ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етеді. Осы ақпараттық өзара іс-қимыл СӨСИАЖ инфрақұрылымын, сондай-ақ Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясы кеден органдарының қолданыстағы деректерді беру жүйесін пайдалана отырып іске асырылады.
3.2.1.2. Армения Республикасы ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі Комиссияның интеграциялық шлюзінің құрамында әзірленген типтік интеграциялық шлюзді бағдарламалық қамтамасыз ету негізінде іске асырылған.
3.2.1.3. Армения Республикасы ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзінің Армения Республикасы кеден қызметінің ақпараттық жүйесімен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету үшін мамандандырылған адаптер пайдаланылады.
3.2.1.4. Жалпы процестерді іске асыру үшін Армения Республикасы кеден қызметінің ақпараттық жүйесі "Trade World Manager Portal" пайдаланылады. Армения Республикасы кеден қызметінің ақпараттық жүйесі:
1) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару туралы хабарлама жіберу;
2) тауарларды тасымалдау маршрутының өтуі (өзгеруі) туралы хабардар ету;
3) кедендік транзиттің кедендік рәсімінің аяқталуын растау;
4) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару туралы электрондық хабарламаны түзету;
5) кедендік транзиттің кедендік рәсімінің аяқталуы туралы электрондық растаманы түзету;
6) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарларды шығару туралы бұрын жіберілген электрондық хабарламалардың күшін жою;
7) кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлардың шығарылуын растау туралы сұратуды жіберу;
8) кедендік транзиттің кедендік рәсімінің аяқталуы туралы сұратуды жіберу бөлігінде кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлардың тасымалдануын бақылау шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды қолдайды.
3.2.1.5. Кедендік транзиттің кедендік рәсіміне сәйкес тауарлардың тасымалдануын бақылау шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл жасау Кеден одағына мүше мемлекеттердің кеден қызметтерінің біріктірілген алқасының 2015 жылғы 4 маусымдағы № 15/6 шешімімен бекітілген жалпы кедендік процестерді бақылау шеңберінде, Ресей ФКҚ, Беларусь Республикасы МКК және Қазақстан Республикасы Қаржымині МКК арасында Ақпараттық өзара іс-қимыл жасаудың техникалық шарттарының талаптарына сәйкес іске асырылады.
3.2.2. Беларусь Республикасы ұлттық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы
3.2.2.1. Беларусь Республикасының ұлттық сегменті – Беларусь Республикасы Президентінің "Беларусь Республикасында ақпараттық қоғамды дамытудың кейбір мәселелері туралы" 2011 жылғы 8 қарашадағы № 515 Жарлығымен тізбесі айқындалған ведомствоаралық ақпараттық жүйелер арқылы ақпараттық өзара іс-қимыл жасау форматтары мен технологияларын ескере отырып, осы техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес ақпараттандыру жөніндегі жаңа мемлекеттік жоба шеңберінде әзірленетін болады.
3.2.2.2. Беларусь Республикасының СБҮТ сервистерін ұсыну жөніндегі қызметтерді Беларусь Республикасының электрондық цифрлық қолтаңбасын тексеретін ашық кілттерді басқарудың мемлекеттік жүйесінің республикалық куәландыру орталығы базасында көрсету көзделеді. Республикалық куәландыру орталығы Беларусь Республикасының тіркеу орталықтарының, мемлекеттік билік органдарының, өзге де ұйымдардың және Беларусь Республикасының азаматтарының, сондай-ақ шет мемлекеттер азаматтарының ашық кілттері сертификаттарының мәртебесі туралы ақпаратты басып шығару, тарату, беру, қолданысын тоқтата тұру және қайта бастау, қайтарып алу, сақтау жөніндегі функцияларды жүзеге асырады.
3.2.2.3. Жалпы процестерді іске асыру үшін Беларусь Республикасы мемлекеттік билік органдарының мынадай ақпараттық жүйелері пайдаланылады:
1) сыртқы сауда статистикасының ақпараттық-талдамалық жүйесі;
2) медициналық қолдану жөніндегі нұсқаулықтардың ақпараттық дерекқорын қамтитын Беларусь Республикасы дәрілік заттарының мемлекеттік тізілімі;
3) сапасына қойылатын талаптарға сәйкес келмейтін дәрілік заттардың, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумағында анықталған контрафактілі және жалған дәрілік заттардың ақпараттық дерекқоры;
4) дәрілік заттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қоса алғанда, дәрілік заттарға болатын анықталған жанама әсерлер туралы ақпараттық дерекқор;
5) Беларусь Республикасы медициналық техникасы мен медициналық мақсаттағы бұйымдарының мемлекеттік тізілімі;
6) медициналық бұйымдардың қауіпсіздігі, сапасы мен тиімділігі мониторингінің ақпараттық дерекқоры.
3.2.3. Қазақстан Республикасы ұлттық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы
3.2.3.1. Қазақстан Республикасының ұлттық сегменті функционалдық тұрғыдан мынадай құрамдастарды қамтиды:
1) Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі;
2) Қазақстан Республикасы ұлттық шлюзінің порталы;
3) Қазақстан Республикасы СБҮТ.
3.2.3.2. Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылын және оларды СӨСИАЖ интеграциялық платформасына қосуды қамтамасыз етіп, сол арқылы ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі мен Қазақстан Республикасының ұлттық сегменті интеграциялық шлюзінің функцияларын жүзеге асырады.
3.2.3.3. Қазақстан Республикасы ұлттық шлюзінің порталы интеграцияланған жүйе шеңберінде мемлекетаралық ақпараттық өзара іс-қимылға қатысушыларға арналған жария ақпаратқа қолжетмділікті қамтамасыз етуге арналған.
3.2.3.4. Қазақстан Республикасы СБҮТ функцияларын Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің "Мемлекеттік техникалық қызмет" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны жүзеге асырады.
3.2.3.5. Қазақстан Республикасының ұлттық шлюзі Қазақстан Республикасы уәкілетті органдарының мынадай ақпараттық жүйелерімен интеграцияланған:
1) Қазақстан Республикасы кеден органдарының шлюзі;
2) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кіріс комитетінің интеграциялық шинасы;
3) "Көліктік дерекқордың және тасымалдар қауіпсіздігі динамикасы монитрингінің" ақпараттық-талдамалық жүйесі;
4) агроөнеркәсіптік кешен салаларын басқарудың "Е-agriculture" бірыңғай автоматтандырылған жүйесі;
5) "Е-лицензиялау" мемлекеттік дерекқоры.
3.2.4. Ресей Федерациясы ұлттық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы
3.2.4.1. Ресей Федерациясының ұлттық сегменті функционалдық тұрғыдан мынадай құрамдастарды қамтиды:
1) ведомствоаралық электрондық өзара іс-қимыл жасау жүйесі;
2) Ресей Федерациясы ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзі;
3) Ресей Федерациясы СБҮТ сервистері.
Ресей Федерациясы ұлттық сегментінің құрамына Ресей Федерациясы Үкіметінің қаулыларына және/немесе өкімдеріне сәйкес басқа да құрамдастар кіруі мүмкін.
3.2.4.2. Ведомствоаралық электрондық өзара іс-қимыл жасау жүйесі электрондық нысанда федералдық атқарушы билік органдарының, мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың, Ресей Федерациясы субъектілерінің мемлекеттік атқарушы билік органдарының, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік және муниципалдық мекемелердің, көпфункционалдық орталықтардың, мемлекеттік және муниципалдық қызметтер көрсетуге тартылған өзге де органдар мен ұйымдардың ақпараттық жүйелері арасында деректермен электрондық алмасуды қамтамасыз етеді.
3.2.4.3. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйесі СӨСИАЖ сабақтас сегменттерімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін Ресей Федерациясы ұлттық сегментінің интеграциялық шлюзіне қосылған.
3.2.4.4. Ресей Федерациясы СБҮТ функцияларын электрондық құжаттармен алмасу кезінде Ресей Федерациясының Байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігі жүзеге асырады.
3.2.4.5. Жалпы процестерді іске асыру үшін Ресей Федерациясы мемлекеттік билік органдарының мынадай ақпараттық жүйелері пайдаланылады:
1) Росаккредиттеу федералдық мемлекеттік ақпараттық жүйесі;
2) Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасын жайластыру жөніндегі федералдық агенттіктің автоматтандырылған ведомстволық ақпараттық-талдамалық жүйесінің "Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері мен кесіп өту орындарының дерекқоры" кіші жүйесі;
3) кеден органдарының бірыңғай автоматтандырылған ақпараттық жүйесі;
4) Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің "Меркурий" ақпараттық жүйесі;
5) Ветеринариялық және фитосанитариялық қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің "Аргус" ақпараттық жүйесі;
6) "Өнеркәсіптік меншік федералдық институты" федералдық мемлекеттік бюджеттік мекемесінің электрондық құжат айналымының ақпараттық жүйесі;
7) Ресей Федерациясының кеден органдарында тарифтік және тарифтік емес реттеудің ақпараттық-талдамалық жүйесі;
8) Көлік саласын қадағалау жөніндегі федералдық қызметтің бірыңғай ақпараттық-талдамалық жүйесінің "Автомобиль көлігін бақылау жүйесі – Көліктік бақылау" бағдарламалық кешені.
3.3. Комиссияның интеграциялық сегментінің ағымдағы жай-күйінің сипаттамасы
3.3.1. Комиссияның интеграциялық сегменті мынадай құрамдастарды қамтиды:
1) СӨСИАЖ функционалдық кіші жүйелері:
Комиссияның ақпараттық порталы;
ақпараттық-талдамалық кіші жүйе;
статистика кіші жүйесі;
жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесі;
тәуекел салаларын талдаудың кіші жүйесі;
2) СӨСИАЖ-дың қамтамасыз ететін кіші жүйелері:
интеграциялық платформа;
нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі;
ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі;
мониторинг және басқару кіші жүйесі;
3) интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметі құрамындағы Комиссия СБҮТ сервистері.
3.3.2. СӨСИАЖ интеграциялық платформасы – жалпы процестерді іске асыру кезінде, аумақтық тұрғыдан бөлінген мемлекеттік ақпараттық ресурстар мен сыртқы және өзара сауданы реттейтін мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының ақпараттық жүйелері арасында деректермен электрондық алмасуды қолдауға, сондай-ақ осындай ақпараттық жүйелердің құралдарымен ортақ ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз етуге арналған.
3.3.2.1. Интеграциялық платформа мынадай құрамдастарды қамтиды:
1) Комиссия сегментінің интеграциялық шлюзі – Комиссияның ақпараттық жүйелерін интеграциялық платформаға қосу арқылы Комиссия мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арасында деректермен электрондық алмасуды қамтамасыз етеді;
2) ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздері – уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялық платформаға қосу арқылы Комиссия мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арасында деректермен электрондық алмасуды қамтамасыз етеді.
3.3.2.2. Интеграциялық шлюздер деректерді берудің қорғалған арналары арқылы өзара біріктірілген.
3.3.2.3. Интеграциялық шлюздер мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) Комиссия мен уәкілетті органдардың интеграциялық платформасы мен ақпараттық жүйелері арасындағы электрондық хабарламаларды бағыттау;
2) басқа сегменттердің интеграциялық шлюздерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде хабарламаларды жеткізуге кепілдік беру;
3) ақпараттық өзара іс-қимылды бақылауды, туындайтын штаттан тыс жағдайларды өңдеуді және жүзеге асырылатын өзара іс-қимылды талдау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін интеграциялық шлюз орындайтын операциялар журналын жүргізу;
4) электрондық хабарламалар форматтарын және хаттамаларын өзгертуді қамтамасыз ете отырып, Комиссияның ақпараттық жүйелері мен ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйелерін қосу (қажет болған кезде);
5) басқа сегменттердің интеграциялық шлюздерімен және СБҮТ сервистерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау.
3.3.2.3. Комиссияның ақпараттық порталы Комиссияның ақпараттық ресурстарына орталықтандырылған қолжетімділікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ СӨСИАЖ-да ақпараттық өзара іс-қимылды іске асыру кезінде пайдаланылатын электрондық құжаттар мен мәліметтердің құрылымдарын қалыптастыруға, жүргізуге және жариялауға арналған.
3.3.2.4 Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе – мүше мемлекеттердің сыртқы және өзара саудасына, әлеуметтік-экономикалық дамуына, мүше мемлекттердің ішкі тауар нарықтарын дамытуға байланысты процестердің динамикасы туралы, сондай-ақ әлем елдерінің сыртқы және өзара саудасының, әлемдік нарықтар конъюнктура сыныңдинамикасы туралы ақпаратты қамтиды және талдамалық есептік нысандар мен регламенттелмеген сұрау салуларды қалыптастыру мақсатында web-интерфейсті пайдалана отырып, Комиссия қызметкерлерінің Комиссияның ақпараттық ресурстарына қол жеткізуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ әртүрлі дереккөздерден жүктелетін, оның ішінде интеграцияланған жүйенің статистика кіші жүйесі шеңберінде қалыптастырылатын деректерді талдамалық өңдеуге арналған.
3.3.2.5. Статистика кіші жүйесі Комиссияның ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және оны тарату мақсаттарында статистика саласындағы уәкілетті органдардан келіп түсетін экономикалық, салалық, әлеуметтік-демографиялық және қаржылық статистика және тауарлармен сыртқы және өзара сауда статистикасы деректерін жинауға, сақтауға, өңдеуге және жинақтауға арналған.
3.3.2.6. Жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесі Комиссия шешімдерінің, өзге де жобалардың, бағдарламалардың және іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын есепке алуға және мониторингтеуге арналған.
3.3.2.7. Тәуекел салаларын талдау кіші жүйесі сәйкестендіру процестерін автоматтандыруға, тәуекел салаларын талдауға және өңдеуге, Комиссия қабылдайтын шешімдерді ақпараттық-талдамалық қолдауды қамтамасыз ету мақсатында сыртқы және өзара сауданы жүзеге асыру кезінде ықтимал тәуекел салаларын айқындауға арналған.
3.3.2.8. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі – нормативтік-анықтамалық ақпаратты, сыныптауыштарды және жалпы процестерді іске асыру кезінде пайдаланылатын басқа да ақпаратты қамтитын, дерекқорды жүргізуді қамтамасыз етуге, СӨСИАЖ құралдарымен мүше мемлекеттерге нормативтік-анықтамалық ақпаратты беруге, сондай-ақ мүдделі тұлғалар мен уәкілетті органдар арасында осындай ақпаратты Комиссияның ақпараттық порталының құралдарымен таратуға арналған.
3.3.2.9. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі – Комиссияның интеграциялық сегментінде деректерді өңдеу және сақтау кезінде, сондай-ақ ұлттық сегменттермен өзара іс-қимыл жасап байланыс арналары арқылы оларды беру кезінде деректердің құпиялылығын, тұтастығы мен қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.
3.3.2.10. Мониторинг және басқару кіші жүйесі – Комиссияның интеграциялық сегментінің функционалдық және қамтамасыз ететін кіші жүйелерінің жай-күй мен жұмыс қабілеті туралы ақпарат алуға, сондай-ақ пайдалану процесінде СӨСИАЖ басқару міндеттерін автоматтандыруға арналған.
3.3.2.11. СӨСИАЖ СБҮТ қызметінің құрамындағы Комиссия СБҮТ сервистері мүше мемлекеттер мен Комиссия арасында электрондық құжаттармен трансшекаралық алмасу кезінде заңдық маңыздылықты қамтамасыз етуге арналған.
3.4. Функционалдық мүмкіндіктерді дамытудың негізгі бағыттары
3.4.1. СӨСИАЖ функционалдық мүмкіндіктерін дамытудың және интеграциялық жүйе құрудың алғышарттары мыналар болып табылады:
1) мүше мемлекеттер арасында экономикалық интеграцияны тереңдетуге байланысты Одақтың қызмет бағыттарының тізбесін кеңету және соның нәтижесінде, интеграцияланған жүйенің міндеттерін кеңейту;
2) Еуразиялық экономикалық комиссия туралы ережеге (Шартқа № 1 қосымша) сәйкес, оның ішінде тарифтік және тарифтік емес реттеу, техникалық реттеу саласында Комиссияның өкілеттіктерін кеңейту;
3) мүше мемлекеттердің аумақтарында тауарлар айналымын бақылау және тауарлар импорты мен өндірісінің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында жеңіл өнеркәсіп өнімінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесін құру қажеттігі;
4) мүше мемлекеттердің аумақтарында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды тіркеу және сәйкестендіру міндеттерін шешу қажеттігі;
5) Одақ Сотын құру, оның қызметін Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiндегi ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара iс-қимыл туралы хаттамаға (Шартқа № 3 қосымша) сәйкес интеграциялық жүйе қолдауға тиіс;
6) мүше мемлекеттердің ақпараттық ресурстарының санын ұлғайту, олар Одақтың құқығына сәйкес интеграциялық жүйе құралдарымен интеграциялануды қамтамасыз етуді талап етеді;
7) Одақ шеңберінде нормативтік-анықтамалық, нормативтік-құқықтық, статистикалық және талдамалық ақпараттың қажеттілігін арттыру және соның нәтижесінде, интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінде сақталатын және өңделетін ақпараттың құрамы мен көлемін кеңейту;
8) жаңа жалпы процестерді іске асыру жеделдігін арттыру үшін, сондай-ақ интеграцияланған жүйеге ақпараттық өзара іс-қимылдың жаңа қатысушыларын қосу кезінде шығындарды қысқарту үшін жалпы процестерді іске асыру бойынша типтік шешімдер құру қажеттігі.
3.4.2. Интеграцияланған жүйе жалпы процестерді іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс. Жалпы процестердің тізбесі Еуразиялық экономикалық одақ шеңберiндегi ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық өзара iс-қимыл туралы хаттаманың (Шартқа № 3 қосымша) 9-тармағына сәйкес айқындалады.
3.4.3. Жалпы процестерді іске асыру кезінде пайдаланылатын мәліметтердің құрамы уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінде пайдаланылатын мәліметтер базасында қалыптастырылады және Шартта белгіленген тәртіппен айқындалады.
3.4.4. Жалпы процестерді жобалау және іске асыру жөніндегі жұмыстар интеграцияланған жүйенің дамуына қарай кезең-кезеңмен орындалады және СӨСИАЖ құру жөніндегі жұмыстар шеңберінде жалпы процестерді жобалауға, сипаттауға және қолдауға қойылатын техникалық талаптар мен әдістемелік ұсынымдарға сәйкес деректердің, құжаттардың және процестердің бірыңғай моделін құрумен бірге жүруге тиіс.
3.4.5. Жалпы процестерді жобалау бойынша орындалған жұмыстардың нәтижелері:
1) интеграциялық жүйе құралдарын пайдалана отырып, жалпы процестерді іске асыру;
2) нақты жалпы процеске тартылған уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін әзірлеу, пысықтау және баптау;
3) ұлттық сегменттер мен Комиссияның интеграциялық сегментін әзірлеу, пысықтау және баптау үшін негіз ретінде пайдаланылады.
3.4.6. Жобаланатын жалпы процестің функционалдық тапсырыс берушісі болып табылатын Комиссия департаменті жалпы процесті іске асыруға қойылатын талаптарды қалыптастыруға жауапты болады.
3.4.7. Жүргізілген жұмыстардың нәтижелері бойынша нысаналы-бағдарлы функциялар айқындалады, олар жалпы процесті іске асыру шеңберінде Комиссияның интеграциялық сегменті мен ұлттық сегменттерде жүзеге асырылуға тиіс.
Қажет болған кезде, жаңа жалпы процесті регламенттейтін құжаттар ескеріле отырып, Комиссияның интеграциялық сегментін, ұлттық сегменттерді және уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін пысықтау ұйымдастырылады.
4. Жүйеге қойылатын талаптар
4.1. Тұтастай жүйеге қойылатын талаптар
4.1.1. Жалпы талаптар
4.1.1.1. Интеграцияланған жүйені қалыптастыру кезінде мүше мемлекеттер мынадай қағидаттарды негізге алады:
1) мүдделер ортақтығы және өзара пайда;
2) деректердің жалпы моделі негізінде интеграцияланған жүйе үшін ақпараттарды дайындауға бірыңғай әдіснамалық тәсілдерді қолдану;
3) ақпараттың қолжетімділігі, анықтығы және толықтығы;
4) ақпарат ұсынудың уақтылығы;
5) заманауи ақпараттық технологиялар деңгейіне сәйкестік;
6) уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция;
7) мүше мемлекеттердің ортақ ақпараттық ресурстарға тең қол жеткізуін қамтамасыз ету;
8) ақпаратты ұсынған мүше мемлекетке залал келтірместен, ұсынылған ақпаратты мәлімделген мақсаттарда ғана пайдалану;
9) ақпаратты мәлімделген мақсаттарға сәйкес пайдалану жөніндегі талаптардың сақталуын ескере отырып, әртүрлі санаттағы пайдаланушылар үшін интеграцияланған жүйенің ашықтығы;
10) интеграцияланған жүйені пайдалана отырып, уәкілетті органдар мен Комиссия арасында ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды өтеусіз негізде жүзеге асыру.
4.1.1.2. Интеграцияланған жүйені құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту кезінде мынадай талаптар сақталуға тиіс:
1) интеграцияланған жүйе уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін алмастырмауға тиіс;
2) интеграцияланған жүйе уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелеріндегі ақпараттың қорғалуын қамтамасыз ету құралдарына өзгерістер енгізуді мүше мемлекеттерден талап етпеуге тиіс;
3) интеграцияланған жүйеде ортақ ақпараттық ресурстарға регламенттелген қол жеткізу ұйымдастырылуға тиіс;
4) интеграцияланған жүйенің сәулеті сыртқы ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін көздеуге тиіс;
5) интеграцияланған жүйе Комиссия Кеңесі бекітетін құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген және заңдық күші жағынан қол қоюмен не қол қоюмен және мөрмен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі ұқсас құжаттарға тең деп танылатын электрондық құжаттармен алмасу мүмкіндігін беруге тиіс.
4.1.1.3. Интеграцияланған жүйені құру кезінде СӨСИАЖ құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және оны дамыту барысында алынған жұмыс нәтижелері ескерілуге тиіс.
4.1.1.4. СӨСИАЖ кіші жүйелері интеграцияланған жүйенің құрылымына кіруге тиіс, бұл ретте осы кіші жүйелерді олардың функционалдық мүмкіндіктері мен сақталатын және өңделетін деректер көлемін кеңейту, ақпараттық өзара іс-қимылдың жаңа қатысушыларын қосу бөлігінде дамыту көзделуге тиіс.
4.1.1.5. Интеграцияланған жүйені құру кезінде Комиссия мен мүше мемлекеттер халықаралық және мемлекетаралық стандарттар мен ұсынымдарды басшылыққа алуға тиіс.
4.1.2. Жүйенің құрылымы мен жұмыс істеуіне қойылатын талаптар
4.1.2.1. Кіші жүйелердің тізбесі, олардың мақсаты мен негізгі сипаттамалары
4.1.2.1.1. Интеграцияланған жүйе деректерді берудің қорғалған арналарымен біріктірілген Комиссияның интеграциялық сегменті мен ұлттық сегменттердің жиынтығын білдіруге тиіс.
4.1.2.1.2. Интеграцияланған жүйенің сегменттері арасында өзара іс-қимыл жасау интеграцияланған жүйе сегменттерінің әрқайсысының құрамына кіретін интеграциялық шлюздерді қамтитын бірыңғай интеграциялық платформаны пайдалану есебінен қамтамасыз етілуге тиіс.
4.1.2.1.3. Интеграцияланған жүйе Комиссияның интеграциялық сегментінде іске асырылатын функционалдық және қамтамасыз ететін кіші жүйелерді қамтуға тиіс.
4.1.2.1.4. Интеграцияланған жүйенің функционалдық кіші жүйелері әртүрлі санаттардағы пайдаланушыларға (Одақ органдарының лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне, мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының қызметкерлеріне, шаруашылық жүргізуші субъектілерге, жеке тұлғаларға және басқа да мүдделі тұлғаларға) ортақ ақпараттық ресурстарға регламенттелген қолжетімділік беруге, сондай-ақ жалпы процестердің іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
4.1.2.1.5. Интеграцияланған жүйенің қамтамасыз ететін кіші жүйелері интеграцияланған жүйе сегменттері мен сыртқы ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге, ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге, ақпаратты электрондық түрде құжаттау инфрақұрылымын іске асыруға, жүйенің жұмыс істеуі мен жалпы процестерді іске асыру үшін қажетті нормативтік-анықтамалық ақпаратты жүргізуге, интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін техникалық қамтамасыз етуге арналған.
4.1.2.1.6. Комиссияның интеграциялық сегменті мынадай құрамдастарды қамтуға тиіс:
1) интеграцияланған жүйенің функционалдық кіші жүйелері: Одақтың ақпараттық порталы;
ақпараттық-талдамалық кіші жүйе;
статистика кіші жүйесі;
жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесі;
тәуекел салаларын талдау кіші жүйесі;
сот ісін жүргізу кіші жүйесі;
мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесі;
кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі; техникалық реттеу кіші жүйесі;
жалпы процестерді басқару кіші жүйесі;
сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесі;
2) интеграцияланған жүйенің қамтамасыз ететін кіші жүйелері: интеграциялық платформа;
нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі;
ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі;
мониторинг және басқару кіші жүйесі;
Комиссия СБҮТ кіші жүйесі;
3) интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметінің куәландыру орталығы;
4) Комиссияның куәландыру орталығы.
4.1.2.1.7. Ұлттық сегменттер функционалдық тұрғыдан мынадай құрамдастарды қамтуға тиіс
1) ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйесі – уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциялық платформаға қосылуын, сондай-ақ ұлттық сегмент шеңберінде уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясын қамтамасыз етуге тиіс;
2) ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесі – электрондық құжаттармен трансшекаралық алмасу кезінде сенім кепілдігін қамтамасыз ететін, оның ішінде заңдық күші жағынан Комиссия Кеңесі бекітетін құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген және қол қоюмен не қол қоюмен және мөрмен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі ұқсас құжаттарға тең деп танылатын электрондық құжаттармен алмасуды қамтамасыз етуге арналған функциялар жиынтығын орындауға тиіс;
3) мониторинг және басқару кіші жүйесі – ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзі мен осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген кіші жүйенің жұмыс істеуін бақылауды қамтамасыз етуге тиіс;
4) ұлттық сегментті қорғаудың кіші жүйесі – деректерді ұлттық сегментте өңдеу және сақтау кезінде, сондай-ақ Комиссияның интеграциялық сегментімен және басқа мүше мемлекеттердің ұлттық сегменттерімен өзара іс-қимыл жасау кезінде байланыс арналары бойынша деректерді беру кезінде олардың құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс. Ұлттық сегментте ақпараттың құпиялылығын, тұтастығын, қолжетімділігін және сақталуын қамтамасыз ету үшін тиісті мүше мемлекеттің ұлттық заңнамасына сәйкес ақпаратты қорғаудың құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралары кешені қабылданады және іске асырылады.
4.1.2.1.8. Интеграцияланған жүйенің жалпы схемасы суретте келтірілген.
Суретте пайдаланылатын қысқартулар мыналарды білдіреді:
УО АЖ – уәкілетті органның ақпараттық жүйесі;
АӨВЖ – ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі;
ҰСҚК – ұлттық сегментті қорғаудың кіші жүйесі;
МБК – мониторинг және басқару кіші жүйесі;
СБҮТ – сенім білдірілген үшінші тарап;
ИШ – интеграциялық шлюз;
СШ – сыртқы жүйелермен өзара іс-қимыл жасау кіші жүйесі (сыртқы шлюз);
НАА – нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі;
АҚК – ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі;
ЕЭК КО – Еуразиялық экономикалық комиссияның куәландыру орталығы;
СБҮТ КО – сенім білдірілген үшінші тарап қызметінің куәландыру орталығы.
Сурет. Интеграцияланған жүйенің жалпы схемасы
4.1.2.1.9.Ұлттық сегменттер құрамдастарының құрамы мүше мемлекеттердің нормативтік-құқықтық актілері ескеріле отырып нақтылануы мүмкін.
4.1.2.1.10. Функционалдық тұрғыдан ұлттық сегменттің құрамына кірмейтін уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері мүше мемлекет аумағында жалпы процестердің іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс. Егер жалпы процестерді іске асыру үшін қажетті функционалдылықты уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері қолдамайтын болса және пысықтаулар көлемі мейлінше ауқымды болса, Комиссияның интеграциялық сегменті шеңберінде іске асырылатын және интеграцияланған жүйенің жалпы процестерді басқару кіші жүйесі беретін типтік шешімдер пайдаланылуы мүмкін.
4.1.2.1.11. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің тізбесі осы техникалық тапсырманы іске асыру кезеңінде нақтылануы мүмкін.
4.1.2.2. Одақтың ақпараттық порталы
4.1.2.2.1. Одақтың ақпараттық порталы Одақ, оның органдары және қызметі туралы ақпаратқа, сондай-ақ жалпы процестерді іске асыру кезінде интеграцияланған жүйе құралдарымен қалыптастырылатын Одақтың ортақ ақпараттық ресурстарына, оның ішінде нормативтік-анықтамалық, нормативтік-құқықтық, статистикалық және талдамалық ақпаратқа әртүрлі санаттардағы пайдаланушылардың регламенттелген қол жеткізуін қамтамасыз етуге арналған.
4.1.2.2.2. Одақтың ақпараттық порталы СӨСИАЖ шеңберінде іске асырылған Комиссияның интеграцияланған ақпараттық порталы, "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Одақтың ресми сайты (бұдан әрі – Одақтың ресми сайты) және "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі Комиссияның ресми сайты (бұдан әрі – Комиссияның ресми сайты) негізінде, мынадай:
1) мүдделі тұлғаларды Одақ органдарының қызметі туралы хабардар ету;
2) мүдделі тұлғаларға машинада оқылатын форматтарда Одақтың ашық деректеріне регламенттелген қолжетімділік беру;
3) Одақ органдарының өзекті және архивтік актілерінің бірыңғай қоймасын жүргізу және мүдделі тұлғаларға оған қолжетімділік беру;
4) мүдделі тұлғаларға мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсетуге қолжетімділік беру;
5) мүше мемлекеттердің сатып алулары туралы қорытылған ақпаратқа регламенттелген қолжетімділік беру, оның ішінде мүше мемлекеттердің сауда алаңдарынан сатып алулар туралы деректерді шоғырландыру;
6) Еуразиялық экономикалық одақтың Сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасына (бұдан әрі ЕАЭО СЭҚ ТН), Еуразиялық экономикалық одақтың Бірыңғай кедендік тарифіне (бұдан әрі – ЕАЭО БКТ) және оларға қосалқы (анықтамалық) ақпараттық материалдарға машинада оқылатын форматтарда қолжетімділік беру бағыттары шеңберінде олардың функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен құрылуға тиіс.
4.1.2.3. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе
4.1.2.3.1. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе әртүрлі дереккөздерден деректерді жинауға және оларды талдамалық өңдеуге, Одақтың даму бағыттарын сипаттайтын базалық көрсеткіштерді модельдеуге, болжауға және бағалауға және шоғырландырылған ақпаратты қалыптастыру мен талдау, талдамалық есептік нысандар мен жарияланымдар даярлау негізінде мүше мемлекеттердің макроэкономикалық саясатының негізгі бағдарларын іске асыруға арналған.
4.1.2.3.2. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген ұқсас кіші жүйе негізінде мынадай:
деректердің талдамалық витриналарының құрамын кеңейту, деректердің, сұрау салулардың талдамалық витриналарын, талдамалық есептік нысандар мен жарияланымдарды қалыптастыру кезінде, сондай-ақ экономикалық-математикалық модельдерді құру кезінде деректерді өңдеудің қосымша алгоритмдерін іске асыру;
1) ақпараттық-талдамалық кіші жүйе құралдарымен іске асырылатын талдамалық міндеттердің және экономика саласындағы үрдістерді талдауға және бағалауға, процестердің өзгеруін моиторингтеуге байланысты міндеттердің құрамын кеңейту;
2) талдамалық міндеттерді іске асыру және болжамдар жасау мақсатында жаңа экономикалық-математикалық модельдер құру;
3) сыртқы көздерден деректерді автоматты жинауды қамтамасыз ету және ашық дереккөздерге семантикалық талдау жүргізу мүмкіндігін іске асыру бөлігінде технологиялық мүмкіндіктерді кеңейту бағыттары шеңберінде функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен құрылуға тиіс.
4.1.2.4. Статистика кіші жүйесі
4.1.2.4.1. Статистика кіші жүйесі Одақтың ресми статистикалық ақпаратын қалыптастыру және тарату мақсатында статистика саласындағы уәкілетті органдардан статистикалық деректерді жинауға, оларды сақтауға және өңдеуге арналған.
4.1.2.4.2 Статистика кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген ұқсас кіші жүйе негізінде мынадай:
1) уәкілетті органдар әртүрлі технологиялық форматтар мен құрылымдарда статистикалық деректерді ұсынған кезде деректерді автоматтандырылған өңдеу тетігін іске асыру;
2) статистика кіші жүйесінің метадеректерін жүргізу кезінде пайдаланушыларды ескерту және құлақтандыру тетігін іске асыру;
3) статистика кіші жүйесінің метадеректерін електен өткізу, іздеу және ұсыну тетігін жетілдіру;
4) статистика кіші жүйесінің аспаптық құралдары мен пайдаланушы интерфейсін жетілдіру және дамыту;
5) Одаққа жаңа мүше мемлекеттерді қабылдауға байланысты статистикалық деректерді жинау, өңдеу және ұсыну тетіктерін кеңейту және дамыту;
6) интеграцияланған жүйенің басқа да кіші жүйелерімен, сондай-ақ интеграциялық жүйеге қатысты сыртқы ақпараттық жүйелермен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау тетіктерін кеңейту және дамыту бағыттары шеңберінде функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен құрылуға тиіс.
4.1.2.5. Жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесі
4.1.2.5.1. Жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесі Комиссия шешімдерін, өзге де жобаларды, бағдарламаларды және іс-шаралар жоспарларын есепке алуға және олардың іске асырылуын мониторингтеуге арналған.
4.1.2.5.2. Жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген ұқсас кіші жүйе негізінде мынадай:
1) іс-шаралар жоспарларын іске асыру кезінде орындаушылық тәртіпті бақылау мүмкіндіктерін дамыту;
2) іс-шаралар жоспарларының орындалуын талдау мүмкіндіктерін дамыту;
3) жобалар мен бағдарламалрды басқару кіші жүйесінің құралдарымен автоматтандырылатын жобалар, бағдарламалар және іс-шаралар жоспарлары түрлерінің құрамын кеңейту тетігін жетілдіру;
4) Комиссияның басқа ақпараттық жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды іске асыру мүмкіндіктерін дамыту;
5) жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесінің кіріктірілген құралдарын пайдалана отырып, пайдаланушы интерфейстері мен есептік нысандарды баптау мүмкіндіктерін кеңейту бағыттары шеңберінде функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен құрылуға тиіс.
4.1.2.6. Тәуекел салаларын талдау кіші жүйесі
4.1.2.6.1. Тәуекел салаларын талдау кіші жүйесі Одақтың жұмыс істеуі мен дамуына әсер етуі мүмкін сыртқы факторларға реакцияны қадағалау және қамтамасыз ету бөлігінде тәуекел салаларын сәйкестендіру, талдау және өңдеу процестерін автоматтандыруға, Одақтың сыртқы және ведомствоаралық тәуекел салаларын мониторингтеуге, Комиссия шешімдерінің жобаларына реттеушілік әсер тәуекелдерін бағалауға және Одақтың жұмыс істеуі мен дамуына Комиссия шешімдерінің көзделмеген әсерінің тәуекелдерін барынша азайтуға арналған.
4.1.2.6.2. Тәуекел салаларын талдау кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген ұқсас кіші жүйе негізінде мынадай:
1) соның негізінде бұрыннан бар және ықтимал тәуекел салалары туралы деректерді жинау мен жинақтау жүзеге асырылатын дереккөздер тізбесін кеңейту;
2) тәуекел салаларын сәйкестендіру, талдау және мониторингтеу құралдарын жетілдіру бағыттары шеңберінде функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен құрылуға тиіс.
4.1.2.7. Сот ісін жүргізу кіші жүйесі
4.1.2.7.1. Сот ісін жүргізу кіші жүйесі Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерді іске асыру мәселелері бойынша туындайтын дауларды, сондай-ақ оны шешу Одақ Сотының құзыретіне жататын өзге де дауларды қарау бойынша Одақ Сотының қызметін автоматтандырылған қолдауға арналған.
4.1.2.7.2. Сот ісін жүргізу кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.1.2.7.3. Одақ Сотының дауларды қарау кезінде сот ісін жүргізуді тиімді жүзеге асыру үшін интеграцияланған жүйенің құрамынан жеке кіші жүйе құру қажет, ол келіп түскен өтініштер мен қолдаухаттарды есепке алуды, дауларды қарау барысында туындайтын құжаттар мен материалдарды есепке алу мен сақтауды қамтамасыз етеді, сондай-ақ дауларды қарау, Одақ Сотының актілерін дайындау және сақтау мерзімдерін бақылау функцияларын қолдауды қамтамасыз етеді.
4.1.2.8. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесі
4.1.2.8.1. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесі арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемдік тергеп-тексерулерді жүргізу процесін автоматтандырылған қолдауға және осы процесс шеңберінде жүзеге асырылатын Комиссияның құжат айналымын автоматтандыруға арналған.
4.1.2.8.2. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.1.2.8.3. Интеграцияланған жүйе құрамында тергеп-тексеру жүргізу процесін автоматтандырылған қолдау үшін жеке кіші жүйе құру қажет, ол мыналарды:
1) тауарлардың импорты кезінде арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемдік шараларды енгізу мақсатында тергеп-тексеруді жүргізу барысында туындайтын және Комиссияға келіп түскен құжаттар мен материалдарды есепке алу мен сақтауды;
2) Комиссияның тергеп-тексеру жүргізу кезінде мүдделі тұлғалармен ақпараттық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін;
3) мүдделі тұлғаларды тергеп-тексеру нәтижелері туралы хабардар етуді қамтамасыз етеді.
4.1.2.9. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі
4.1.2.9.1. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу жүйесі ЕАЭО СЭҚ ТН, ЕАЭО БКТ электрондық түрде қалыптастыру, жүргізу және пайдалану процестерін және оларға қосалқы ақпараттық (анықтамалық) материалдарды, сондай-ақ кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының тізбесін автоматтандырылған түрде қолдауға арналған.
4.1.2.9.2. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.1.2.9.3. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде "Кеден одағы мен Кеден одағының Бірыңғай кедендік тарифі сыртқы экономикалық қызметінің электрондық бірыңғай Тауар номенклатурасын, олардың халықаралық негіздері мен оларға қосалқы ақпараттық (анықтамалық) материалдарды қалыптастыру, жүргізу және пайдалану" жалпы процесін іске асыру кезінде әзірленген ақпараттық-бағдарламалық шешімдер негізінде құрылуға тиіс.
4.1.2.9.4. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесін құру ЕАЭО СЭҚ ТН, ЕАЭО БКТ және оларға қосалқы ақпараттық (анықтамалық) материалдарды, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН нақты тауар тобына (кіші тобына, позициясына немесе қосалқы позициясына) байланысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы ақпаратты ескере отырып, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларының тізбесін талдау және жүргізу, ЕАЭО СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу бойынша құжаттардың жобаларын қалыптастыру, Одақтың құқығына кіретін ЕАЭО СЭҚ ТН байланысты актілерге өзгерістер енгізу қажеттігін талдау және анықтау бөлігінде, сондай-ақ ЕАЭО СЭҚ ТН мен ЕАЭО БКТ халықаралық негіздерін электрондық түрде жүргізу мен пайдалану бөлігінде міндеттердің іске асырылуын қамтамасыз етуге тиіс.
4.1.2.10. Техникалық реттеу кіші жүйесі
4.1.2.10.1. Техникалық реттеу кіші жүйесі Одақтың техникалық регламенттерін (Кеден одағының техникалық регламенттерін) әзірлеуді, Одақтың техникалық регламенттерін (Кеден одағының техникалық регламенттерін) іске асыруға қажетті мемлекетаралық стандарттар тізбесін қалыптастыру мен жаңартып отыруды, Одақтың техникалық регламенттерін (Кеден одағының техникалық регламенттерін) іске асыруға қажетті мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу бағдарламаларын қалыптастыру мен жаңартып отыруды, Одақ шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнімдер тізбесін, сертификаттау органдары мен сынақ жүргізу зертханаларының тізілімдерін, берілген немесе қабылданған сәйкестікті бағалау туралы құжаттардың тізілімдерін жүргізуді қоса алғанда, техникалық реттеу саласындағы процестерді ақпараттық қолдауды қамтамасыз етуге, сондай-ақ техникалық реттеу саласындағы өзге де ақпараттық материалдарды сақтауға және басқаруға арналған.
4.1.2.10.2. Техникалық реттеу кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.1.2.10.3. Интеграцияланған жүйенің техникалық реттеу кіші жүйесі Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2013 жылғы 12 қарашадағы № 260 шешімімен бекітілген Кеден одағы мен Бірыңғай экономикалық кеңістіктің жалпы процестерін іске асыру үшін (Кеден одағының сыртқы және өзара саудасының интеграцияланған ақпараттық жүйесінің Еуразиялық экономикалық комиссия интеграциялық сегментінде іске асыру мерзімдерімен) басым тізбенің 35, 36 және 38-тармақтарында көзделген, СӨСИАЖ шеңберінде жалпы процестерді іске асыру кезінде әзірленген ақпараттық бағдарламалық шешімдер негізінде құрылуға тиіс.
4.1.2.11. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі
4.1.2.11.1. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі Комиссияның интеграциялық сегменті шеңберінде жалпы процестердің іске асырылуын қамтамасыз етуге арналған.
4.1.2.11.2. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.1.2.11.3. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі Комиссия әзірлейтін және бекітетін жалпы процестердің технологиялық құжаттарымен белгіленетін талаптарға сәйкес жалпы процестер операцияларының базалық іске асырылуын қамтамасыз ететін біріздендірілген құрамдастарды қамтуға тиіс.
4.1.2.12. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесі
4.1.2.12.1. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесі Одақтың кедендік аумағында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды бірегей сәйкестендіруді қамтамасыз етуге арналған.
4.1.2.12.2. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.1.2.12.3. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесі сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың бірегей сәйкестендіру нөмірлерінің ақпараттық базасын қалыптастыруды, жүргізуді және пайдалануды қамтамасыз етуге тиіс.
4.1.2.13. Интеграциялық платформа
4.1.2.13.1. Интеграциялық платформа жалпы процестерді іске асыру шеңберінде уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері, уәкілетті органдар мен Комиссия арасында деректермен электрондық алмасуды қолдауға, сондай-ақ осындай ақпараттық жүйе құралдарымен ортақ ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған.
4.1.2.13.2. Интеграциялық платформа СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген ұқсас кіші жүйе негізінде мынадай:
1) интеграциялық платформаның интеграциялық шлюздерінің функционалдық мүмкіндіктерін дамыту;
2) Комиссияның интеграциялық сегментінің кіші жүйелері арасында деректермен электрондық алмасуды қамтамасыз ету;
3) халықаралық ұйымдар мен Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің интеграциялық бірлестіктерінің ақпараттық жүйелерімен (бұдан әрі – сыртқы ақпараттық жүйелер) деректермен электрондық алмасуды қамтамасыз ету бағыттары шеңберінде функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен құрылуға тиіс.
4.1.2.14. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі
4.1.2.14.1. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпараты, сыныптауыштар және жалпы процестерді іске асыру кезінде пайдаланылатын басқа да ақпарат қамтылатын дерекқордың жүргізілуін қамтамасыз етуге, интеграциялық платформа құралдарымен Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратын мүше мемлекеттерге ұсынуға, сондай-ақ мүдделі тұлғалар мен уәкілетті органдар арасында осындай ақпаратты Одақтың ақпараттық порталы құралдарымен таратуға арналған.
4.1.2.14.2. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген ұқсас кіші жүйе негізінде мынадай:
1) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпараты, сыныптауыштар және жалпы процестерді іске асыру кезінде пайдаланылатын басқа да ақпарат қамтылатын дерекқорды кеңейту;
2) Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратында қамтылатын деректердің сапасын қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды кеңейту бағыттары шеңберінде функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен құрылуға тиіс.
4.1.2.15. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі
4.1.2.15.1. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі Комиссияның интеграциялық сегментінде деректерді өңдеу және сақтау кезінде, сондай-ақ ұлттық сегменттермен өзара іс-қимыл жасау кезінде байланыс арналары бойынша оларды беру кезінде деректердің құпиялылығын, тұтастығын және қолжетімділігін қамтамасыз етуге арналған.
4.1.2.15.2. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген ұқсас кіші жүйе негізінде мынадай:
1) интеграцияланған жүйені пайдаланушылардың сәйкестендіру деректерін басқару;
2) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын мониторингтеу;
3) ақпаратты криптографиялық қорғау бағыттары шеңберінде функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен құрылуға тиіс.
4.1.2.16. Мониторинг және басқару кіші жүйесі
4.1.2.16.1. Мониторинг және басқару кіші жүйесі Комиссияның интеграциялық сегменті құрамдастарын мониторингтеу және жедел функцияларын жүзеге асыруға арналған.
4.1.2.16.2. Мониторинг және басқару кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген ұқсас кіші жүйе негізінде мынадай:
1) мониторинг және басқару кіші жүйесі бақылайтын объектілер (аппараттық қамтамасыз ету, жүйелік және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету) тізбесін кеңейту;
2) мониторинг және басқару кіші жүйесі бақылайтын көрсеткіштер тізбесін кеңейту;
3) интеграцияланған жүйені пайдаланушыларға интеграцияланған жүйе құрамдастарының жұмыс істеуі туралы шоғырландырылған ақпаратты ұсыну жөніндегі функцияларды кеңейту;
4) қажетті регламентті іс-шаралар мен айрықша жағдайларға ден қою шаралары бойынша ұсынымдар қалыптастыру тетіктерін құру;
5) мүше мемлекеттер мен Комиссия СБҮТ сервистерінің жұмыс істеуін орталықтандырылған мониторингтеуді және диагностикалуды қамтамасыз ету бағыттары шеңберінде функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту есебінен құрылуға тиіс.
4.1.2.17. Комиссия СБҮТ кіші жүйесі
4.1.2.17.1. Комиссия СБҮТ кіші жүйесі электрондық құжаттармен трансшекаралық алмасу кезінде сенім кепілдігін қамтамасыз етуге арналған.
4.1.2.17.1. Комиссия СБҮТ кіші жүйесі СӨСИАЖ шеңберінде әзірленген кіші жүйелерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.1.2.17.2. Комиссия СБҮТ кіші жүйесі интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметінің (бұдан әрі – СБҮТ қызметі) жұмыс істеуін қамтамасыз етуге және ақпаратты электрондық түрде құжаттаудың жалпы инфрақұрылымына кіруге тиіс.
4.1.2.17.1. Комиссия СБҮТ кіші жүйесі СӨСИАЖ СБҮТ қызметінің құрамында Комиссия СБҮТ сервистерін құру кезінде әзірленген бағдарламалық-техникалық шешімдерді пайдалана отырып құрылуға тиіс.
4.1.2.18. Интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметінің куәландыру орталығы
4.1.2.18.1. Интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметінің куәландыру орталығы (бұдан әрі – СБҮТ қызметінің куәландыру орталығы) интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметі шеңберінде мүше мемлекеттердің СБҮТ сервистерінің және Комиссия СБҮТ кіші жүйесінің өзара іс-қимыл жасауын қамтамасыз ететін ЭЦҚ тексеру кілттерінің сертификаттарын басқарудың иерархиялық жүйесін құруға арналған.
4.1.2.18.2. СБҮТ қызметінің куәландыру орталығы СӨСИАЖ шеңберінде әзірленгендерге қатысты интеграциялық жүйенің жаңа құрамдасы болып табылады.
4.1.2.19. Комиссияның куәландыру орталығы
4.1.2.19.1. Комиссияның куәландыру орталығы Комиссия Алқасының мүшелерін, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерін электрондық құжаттарға қол қоюға арналған ЭЦҚ кілттерінің сертификаттарымен қамтамасыз етуге арналған.
4.1.2.19.1. Комиссияның куәландыру орталығы СӨСИАЖ шеңберінде әзірленгендерге қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа құрамдасы болып табылады.
4.1.2.20 Интеграцияланған жүйенің құрамдастары арасында ақпарат алмасу үшін байланыс тәсілдері мен құралдарына қойлатын талаптар
4.1.2.20.1. Комиссия сегментінде жайылған интеграциялық жүйенің кіші жүйелері арасында ақпарат алмасу интеграциялық платформаның құрамына кіретін Комиссия сегментінің деректерін үндестіру кіші жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4.1.2.20.1. Интеграциялық шлюздер мен СБҮТ сервистері арасында ақпарат алмасу заңдық күші жағынан Комиссия Кеңесі бекітетін құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделген және қол қоюмен не қол қоюмен және мөрмен куәландырырылған қағаз жеткізгіштегі ұқсас құжаттарға тең деп танылатын электрондық құжаттарды беру технологиясын айқындайтын және Комиссия әзірлейтін нормативтік-техникалық құжаттарды, сондай-ақ интеграциялық платформаның СБҮТ қызметімен өзара іс-қимыл жасау регламенттерін, электрондық хабарламалалардың өзара іс-қимыл жасауы кезінде пайдаланылатын форматтар мен құрылымдарды ескере отырып, СБҮТ сервистері қоятын талаптарға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
4.1.2.20.1. Ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздері мен Комиссия сегментінің интеграциялық шлюзі арасындағы өзара іс-қимыл интеграциялық платформаның құрамына кіретін көліктік кіші жүйені пайдалана отырып, электрондық хабарламалар алмасу арқылы орындалуға тиіс.
4.1.2.20.2. Мүше мемлекеттердің ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйелері мен ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздері арасындағы байланыс тәсілдері мен құралдары мүше мемлекеттердің ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйелері қоятын талаптарға сәйкес айқындалуға тиіс.
4.1.2.21. Сабақтас жүйелермен үйлесімділікке қойылатын талаптар
4.1.2.21.1. Мыналар интеграциялық жүйеге қатысты сабақтас жүйе болып табылады:
1) уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері;
2) сыртқы ақпараттық жүйелер.
4.1.2.21.2. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциялық жүйемен өзара іс-қимыл жасауы мүше мемлекеттердің ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйелері мен ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздерінің функцияларын пайдалана отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4.1.2.21.3. Сыртқы ақпараттық жүйелердің интеграциялық жүйемен өзара іс-қимыл жасауы интеграциялық платформаның құрамына кіретін сыртқы жүйелермен өзара іс-қимыл жасау кіші жүйесі ұсынатын функцияларды пайдалана отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4.1.3. Персоналдың санына, біліктілігіне және жұмыс режиміне қойылатын талаптар
4.1.1.1. Персоналдың саны мен біліктілігіне қойылатын талаптар Комиссияның интеграциялық сегменті мен ұлттық сегменттерді жобалау және әзірлеу сатысында айқындалуға тиіс.
4.1.3.2. Интеграцияланған жүйенің әрбір құрамдасының техникалық жұмыс жобасының құжаттамасында персоналдың арнайы даярлығы жөнінде және интеграцияланған жүйенің құрамдастарын пайдалануға қажетті білім туралы талаптар көрсетілуге тиіс.
4.1.4. Мақсат көрсеткіштері
4.1.4.1. Одақтың интеграциялық процестерін дамыту кезінде, сондай-ақ интеграцияланған жүйенің функционалдық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптарды өзгерту кезінде интеграциялық жүйе жаңғырту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Интеграцияланған жүйені жаңғырту барысында интеграцияланған жүйеде сақталатын деректерді сақтау және оны одан әрі пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
4.1.5. Сенімділікке қойылатын талаптар
4.1.5.1. Интеграцияланған жүйенің құрамдастары тәулік бойы режимде үзіліссіз жұмыс істеуді қамтамасыз етуге тиіс, бұл ретте профилактикалық және баптау жұмыстарына үзіліс жасауға және жұмыстың тоқтауына әкелген ақауларды жоюдың орташа уақыты 4 сағаттан аспаған кезде, жылына 44 сағаттан аспайтындай ақауларға байланысты жұмысты тоқтатуға жол беріледі.
4.1.5.2. Интеграцияланған жүйенің есептеу ресурстары жылына 365 күн, тәулігіне 24 сағат интеграцияланған жүйенің қолжетімділігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.1.5.3. Интеграцияланған жүйенің техникалық құралдары жоспарлы профилактикалық, регламенттік, жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарының орындалу, интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін тоқтатпай жаңғырту мүмкіндігін көздеуге тиіс.
4.1.5.4. Электр қуатының авариялық сөнуін қоса алғанда, аппараттық қамтамасыз етуде іркілістер туындаған кезде, интеграцияланған жүйенің құрамдастары іркілістерді жойғаннан кейін және аппараттық қамтамасыз етуді дұрыстап қайта іске қосқаннан кейін (орындалатын бағдарламалық кодтары бар ақпаратты жұмысшы жеткізгіштердің бүлінуі жағдайларын қоспағанда) өзінің жұмыс қабілеттілігін автоматтандырылған түрде қалпына келтіруге тиіс.
4.1.5.5. Интеграцияланған жүйенің құрамдастары интеграцияланған жүйені пайдаланушылардың қате әрекеттерінен туындаған авариялық жағдайларды дұрыстап өңдеуді қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай жағдайда, интеграциялық жүйенің құрамдастары интеграцияланған жүйені пайдаланушыға тиісті авариялық хабарлама беруге тиіс, содан кейін қате (жол берілмейтін) команданың алдындағы жұмыс жағдайына оралады.
4.1.5.6. Интеграцияланған жүйенің құрамдастары қате форматтан немесе деректердің жол берілмейтін мәндерінен туындаған авариялық жағдайларды дұрыстап өңдеуді қамтамасыз етуге тиіс. Мұндай жағдайда, интеграциялық жүйенің құрамдастары авариялық жағдайлар туралы ақпараттың тиісті журналдарда сақталуын қамтамасыз етуге тиіс, содан кейін жаңылыс шығыс деректері келіп түсердің алдындағы жұмыс жағдайына оралады.
4.1.5.7. Сабақтас жүйелердің бірінің қатардан шығуы, сондай-ақ сабақтас жүйелердің қате деректерді интеграцияланған жүйеге беруі интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін тоқтатуға әкеп соқпауға тиіс.
4.1.6. Эргономика мен техникалық эстетикаға қойылатын талаптар
4.1.6.1. Пайдаланушы интерфейсі арқылы интеграцияланған жүйені пайдаланушы өзара іс-қимыл жасайтын Комиссияның интеграциялық сегменті мен ұлттық сегменттердің бағдарламалық құрамдастары мынадай талаптарды ескере отырып іске асырылуға тиіс:
1) Комиссияның интеграциялық сегментінің бағдарламалық құрамдастарының интерфейсі халықаралық сауда мен кеден ісі саласында пайдаланылатын шет тілдік терминдерді қоспағанда, орыс тілінде болуға тиіс;
2) ұлттық сегменттің бағдарламалық құрамдастарының интерфейсі мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде іске асырылуы мүмкін;
3) ақпараттық хабарламалар мен қателер туралы хабарламалар қысқа және барынша анық болуға тиіс, бұл ретте қателер туралы хабарламалардың соңында (дөңгелек жақшаларда) туындаған қатені мұқият сипаттайтын және техникалық қолдау қызметінің персоналына арналған шет тілдегі сөздер мен тіркестер кездесуі мүмкін;
4) бағдарламалық құрамдастар интерфейсінде интеграцияланған жүйені пайдаланушының ағымдағы рұқсат етілген экранына икемделу мүмкіндігі болуға тиіс, бұл ретте экранның ең аз рұқсат етілген көлемі кемінде 1280 х 720 нүкте болуға тиіс;
5) жолдардың атауы барынша түсінікті болып, халықаралық сауда мен кеден ісі саласында қабылданғандарды қоспағанда, қысқартулар мен аббревиатураларболмауға тиіс;
6) анықтамалық деректер тиісті анықтамалықтарды пайдаланып қана енгізілуге тиіс;
7) экран мәзірі мен нысандары интеграцияланған жүйені пайдаланушы өзіне арналған рөлге сәйкес ағымдағы құқығына сай пайдалана алмайтын пункттер мен батырмалардан тұрмауға тиіс;
8) экран нысандары бір типті болып, кіріктірілген мәнмәтіндік-байланысты еске салу жүйесін және жарық жанып тұратын "қауырт" пернелерді қамтуға тиіс;
9) барлық бір типтес операциялар біріздендірілуге тиіс;
10) интерфейс пернелерді пайдалана отырып, қажетті ақпаратты енгізуге мүмкіндік беруге тиіс, бұл ретте "тінтуір" манипуляторын пайдалану міндетті болмауға тиіс.
4.1.7. Жүйе құрамдастарын пайдалануға, техникалық қызмет көрсетуге, жөндеуге және сақтауға қойылатын талаптар
Интеграцияланған жүйенің құрамдастарын пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және сақтау Комиссия актілеріне сәйкес жүргізілуге тиіс.
4.1.8. Ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізуден қорғауға қойылатын талаптар
4.1.8.1. Интеграцияланған жүйені құру кезінде мыналар айқындалуға тиіс:
1) қорғауға жататын ақпарат тізбесі;
2) қорғауға жататын ақпаратқа қол жеткізуді шектеу дәрежесі;
3) қорғалатын саланың шекаралары (физикалық және логикалық);
4) қорғалатын ақпаратқа санкцияланбаған қол жеткізуге және ақпаратқа санкцияланбаған әсер етуге байланысты ақпарат қауіпсіздігінің өзекті қатерлері.
4.1.8.2. Интеграцияланған жүйені құру кезінде мыналар қамтамасыз етілуге тиіс:
1) уәкілетті органдармен келісілген тізбеге сәйкес ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету қағидаларын қалыптастыру мен іске асыруға бағытталған ұйымдастырушылық-өкімдік құжаттарды әзірлеу және енгізу;
2) ақпаратты қорғау қағидаларының орындалуын іске асыратын персоналды даярлау;
3) ақпаратты қорғаудың техникалық, бағдарламалық және бағдарламалық-аппараттық құралдары кешенін пайдалана отырып, ақпаратты қорғау тетіктерін іске асыру;
4) қорғалатын ақпарат қауіпсіздігінің өзекті қатерлеріне қарсы іс-қимыл жасауға бағытталған және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларының орындалуын қолдауды және ақпаратты қорғау тетіктерін іске асыруды қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар кешенін әзірлеу және енгізу.
4.1.8.3. Интеграцияланған жүйеде ақпаратты қорғау – Комиссия уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып әзірлейтін және Шартқа № 3 қосымшаның 18-тармағына сәйкес Комиссия бекітетін трансшекаралық сенім кеңістігін құру, дамыту және оның жұмыс істеуі талаптарына, сондай-ақ Комиссия бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.
4.1.8.4 Ұлттық сегменттерді құру – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралдарына қойылатын талаптарды төмендететін, қолданбалы ақпараттық жүйелердің, мүше мемлекеттердің ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жасау жүйелерінің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарына өзгерістер енгізуді талап етпеуге тиіс.
4.1.8.5. Интеграцияланған жүйеде ақпаратты санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау осы техникалық тапсырманың талаптарына сәйкес және интеграцияланған жүйені құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту кезінде қолданылатын ұйымдастырушылық және техникалық шешімдердің біріздендірілуін қамтамасыз ету және ақпаратты қорғаудың тиісті деңгейін қолдау мақсаттары үшін Комиссия бекітетін техникалық, технологиялық, әдіснамалық және ұйымдастырушылық құжаттардың ережелерін ескере отырып қамтамасыз етілуге тиіс.
4.1.9. Авариялар кезінде ақпараттың сақталуы жөніндегі талаптар
4.1.9.1. Ақпараттың сақталуы резервтік көшіру және қалпына келтіру құралдарының көмегімен қамтамасыз етілуге тиіс.
4.1.9.2. Резервтік көшіру және қалпына келтіру құралдары интеграцияланған жүйенің функционалдық кіші жүйелерінің аппараттық-бағдарламалық кешендерінің құрамына кіруі немесе ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесінің жеке құрамдасы ретінде құрылуы мүмкін.
4.1.9.3. Интеграциялық жүйенің деректерін резервтік көшіру және қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу мыналарды ескере отырып жүргізіледі:
1) резервтік деректерді сақтау қашық алаңда жүзеге асырылуға тиіс;
2) резервтік деректер санкцияланбаған қол жеткізуден және қоршаған ортаның әсерінен кепілдік берілген физикалық қорғау деңгейімен қамтамасыз етілуге тиіс;
3) резервтік көшіру жабдығы ұдайы тестіленіп отыруға тиіс;
4) қалпына келтіру рәсімдерін ұдайы жаңартып отырған және олардың тиімді болуына сенімділікті қамтамасыз ету үшін тестілеген жөн;
5) ақпаратты сақтау кезеңдерін айқындаған жөн, сондай-ақ ұзақ мерзімдік сақталатын архивтік көшірмелерге қойылатын талаптарды ескерген жөн.
4.1.9.4. Резервтеу құралдары авариядан, жабдықтың іркілуінен кейін немесе дүлей зілзаладан кейін интеграцияланған жүйеде сақталатын және интеграцияланған жүйенің құралдарымен өңделетін бағдарламалық қамтамасыз ету мен ақпаратты қалпына келтіруді қамтамасыз етуге тиіс.
4.1.10. Сыртқы әсерлерден қорғау құралдарына қойылатын талаптар
4.1.10.1. Интеграцияланған жүйені сыртқы әсерлерден қорғау интеграцияланған жүйенің бағдарламалық-аппараттық құрамдастары орналастырылатын деректерді өңдеу орталықтарын жобалау мен жарақтандыруға қойылатын талаптарға сәйкес іс-шаралар кешенін жүргізу есебінен қамтамасыз етілуге тиіс.
4.1.11. Патенттік тазалық жөніндегі талаптар
4.1.11.1. Бағдарламалық-аппараттық құралдар, технологиялар, деректерді өңдеу алгоритмдері, интеграциялық жүйенің өзге де құрамдас бөліктері мүше мемлекеттердің аумақтарында патенттік тазалыққа ие болуға тиіс.
4.1.12. Стандарттау мен біріздендіруге қойылатын талаптар
4.1.12.1. Интеграциялық жүйенің құрамдастарын техникалық және жұмыстық жобалау кезінде Комиссия айқындайтын тізбе бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен ақпараттық қауіпсіздік саласындағы стандарттар мен ұсынымдар қолданылуға тиіс.
4.1.13. Масштабталуына қойылатын талаптар
4.1.13.1. Интеграцияланған жүйенің бағдарламалық-аппараттық құралдары қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді түрлендірусіз өңделетін деректердің өнімділігі мен көлемі бойынша жоғары масштабталуын қамтамасыз етуге тиіс, оның ішінде мынадай жағдайларда:
1) ақпараттық өзара іс-қимыл жасауға қатысушыларды ұлғайту;
2) интеграциялық жүйе құралдарымен іске асырылатын жалпы процестер тізбесін кеңейту;
3) жалпы процестерді іске асыру тәсілін өзгерту;
4) Комиссияның интеграциялық сегменті, ұлттық сегменттер және сыртқы ақпараттық жүйелер арасындағы ақпараттар легін ұлғайту;
5) интеграцияланған жүйені пайдаланушылар санын ұлғайту.
4.1.14. Жүйені дамыту және жаңғырту перспективалары
4.1.14.1. Интеграцияланған жүйе мынадай бағыттар шеңберінде өз функцияларын дамыту мүмкіндігін беруге тиіс:
1) интеграцияланған жүйені пайдалана отырып іске асырылатын жалпы процестер мен ортақ ақпараттық ресурстардың тізбесін кеңейту, оның ішінде мынадай салаларда:
агроөнеркәсіптік және өнеркәсіптік саясат;
инвестициялар мен қызметтер көрсетудің бірыңғай нарығын қалыптастыру;
қаржы нарықтарын реттеу;
энергетикалық саясат;
еңбек көші-қоны;
валюта саясаты;
2) осы жүйені әдіснамалық және технологиялық қамтамасыз етуді қоса алғанда, Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратының бірыңғай жүйесін дамыту;
3) жеке немесе заңды тұлғалар және уәкілетті органдар арасында электрондық түрде ақпараттық өзара іс-қимыл жасау мүмкіндігін жүзеге асыру үшін трансшекаралық сенім кеңістігін дамыту;
4) мүше мемлекеттердің резиденттері – жеке және заңды тұлғалардың уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері ұсынатын сервистер мен қызметтер көрсетуге қол жеткізуін қамтамасыз ету.
4.1.14.2. Интеграциялық жүйе Одақтың интеграциялық процестерін дамыту кезінде жаңғырту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Интеграцияланған жүйені дамыту барысында осы жүйеде сақталатын барлық деректерді сақтау және одан әрі пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
4.2. Функцияларға (міндеттерге) қойылатын талаптар
4.2.1. Одақтың ақпараттық порталына қойылатын талаптар
4.2.1.1. Одақтың ақпараттық порталы "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі және Одақ органдарының оқшау желілеріндегі ресурстардың жиынтығы болып табылады. Одақтың ақпараттық порталы Одақ, оның органдары және олардың қызметі туралы өзекті және анық ақпарат ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс, сондай-ақ жалпы процестерді іске асыру кезінде интеграциялық жүйенің құралдары қалыптастыратын Одақтың ортақ ақпараттық ресурстарына қол жеткізу сервистерін мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдары мен кез келген мүдделі тұлғаларға беруге тиіс.
4.2.1.2. Одақтың ақпараттық порталы СӨСИАЖ шеңберінде іске асырылған Комиссияның ақпараттық порталын, Одақтың және Комиссияның ресми сайттарын интеграциялау және дамыту негізінде құрылуға тиіс.
4.2.1.3. Одақтың ақпараттық порталы мынадай құрамдастарды қамтуға тиіс:
1) Одақтың ресми сайты;
2) Комиссияның ресми сайты;
3) Одақ Сотының "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісіндегі ресми сайты (бұдан әрі – Соттың ресми сайты);
4) ресми нормативтік-құқықтық ақпарат порталы;
5) Комиссияның ішкі ақпараттық порталы;
6) Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректері порталы;
7) мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсету порталы;
8) сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық қолдау порталы.
4.2.1.4. Одақтың ресми сайтына қойылатын талаптар
4.2.1.4.1. Одақтың ресми сайты мүдделі тұлғаларға Одақ қызметі туралы ақпарат беруге арналған.
4.2.1.4.2. Одақтың ресми сайты мүше мемлекеттер, Одақ органдары, Одақтың даму тарихы туралы ақпаратты қоса алғанда, Одақ туралы ресми ақпаратты жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.4.3. Одақтың ресми сайты ортақ ақпараттық ресурстарға, оның ішінде Одақтың ақпараттық порталының басқа да құрамдастары шеңберінде қалыптастырылатын және жүргізілетін ресурстарға мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.5. Комиссияның ресми сайтына қойылатын талаптар
4.2.1.5.1. Комиссияның ресми сайты мүдделі тұлғаларға Комиссияның қызметі туралы ақпарат беруге арналған.
4.2.1.5.2. Комиссияның ресми сайты комиссияның қызметі туралы, оның ішінде:
1) Комиссияның құрылымы және Алқа төрағасының, Алқа мүшелерінің, Комиссияның лауазымды адамдарының қызметі туралы жалпы мәліметтерді;
2) Комиссияның құрылымдық бөлімшелері туралы ақпаратты;
3) Комиссия Алқасының жанынан құрылған консультациялық органдар туралы ақпаратты;
4) Комиссияның баспасөз хабарламаларын, есептерін, баяндамаларын және Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерге сәйкес Комиссия дайындайтын өзге де ақпараттық-анықтамалық материалдарды;
5) Комиссия өткізетін тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған конкурстар туралы хабарламаларды;
6) бос орындар және Комиссия өткізетін бос лауазымға орналасуға арналған конкурстар және олардың қорытындылары туралы ақпаратты қамтитын, жалпыға қол жетімді ақпаратты жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.6. Соттың ресми сайтына қойылатын талаптар
4.2.1.6.1. Соттың ресми сайты мүдделі тұлғаларға Одақ Сотының қызметі туралы ақпарат беруге арналған.
4.2.1.6.2. Соттың ресми сайты Одақ Сотының қызметі туралы, оның ішінде:
1) Одақ Сотының құрамы туралы жалпы мәліметтерді;
2) Одақ Сотының актілерін;
3) есептерді, баяндамаларды және Одақ Соты дайындайтын өзге де ақпараттық-анықтамалық материалдарды;
4) Одақ Сотында істерді қарау барысы мен нәтижелері туралы ақпаратты;
5) Одақ Соты өткізетін тауарларды сатып алуға, жұмыстарды орындауға және қызметтерді көрсетуге арналған конкурстар туралы хабарламаны;
6) бос орындар және Одақ Соты өткізетін бос лауазымдарға орналасуға арналған конкурстар және олардың қорытындылары туралы ақпаратты қамтитын, жалпыға қол жетімді ақпаратты жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.7. Ресми нормативтік-құқықтық ақпарат порталына қойылатын талаптар
4.2.1.7.1. Ресми нормативтік-құқықтық ақпарат порталы Одақ органдары, Кеден одағының Комиссиясы, Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық кеңесі актілерінің бірыңғай қоймасын қалыптастыру мен жүргізуді, сондай-ақ мүдделі тұлғаларға оған қолжетімділік беруді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.7.2. Ресми нормативтік-құқықтық ақпарат порталы Комиссия шешімдері жобаларының реттеушілік әсерін қоғамдық талқылау және бағалау рәсімдерін (осындай рәсімдер жүргізу көзделгендеріне) жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.7.3. Ресми нормативтік-құқықтық ақпарат порталы Комиссиямен өзара іс-қимыл жасауға уәкілетті мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының өкілдеріне Одақ органдары отырыстарының күн тәртібі мен Одақ органдары отырыстарының күн тәртібі мәселелері жөніндегі материалдарға регламенттелген қолжетімділік беруді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.8. Комиссияның ішкі ақпараттық порталына қойылатын талаптар
4.2.1.8.1. Комиссияның ішкі ақпараттық порталы Комиссияның қызметін қамтамасыз ету процестерін автоматтандыруды қолдауға арналған.
4.2.1.8.2. Комиссияның ішкі ақпараттық порталы Алқа мүшелерінің, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің Комиссияның ішкі оқшауланған есептеу желісіне орналастырылатын ақпараттық ресурстарға, оның ішінде мыналарды:
1) Комиссияның ұйымдық құрылымы туралы ақпаратты;
2) Алқа мүшелерінің, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің байланыс деректерін;
3) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің, Еуразиялық үкіметаралық кеңестің, Комиссия Кеңесі мен Алқасының отырыстарында қарау жоспарланып отырған мәселелер бойынша құжаттарды;
4) Комиссияның ішкі өкімдік құжаттарын;
5) құжаттардың (өтініштердің, хаттардың, бұйрықтардың, қызметтік жазбалардың және т.б.) шаблондарын;
6) Комиссия жұмысының әртүрлі мәселелері бойынша анықтамалық ақпаратты қамтитын ресурстарға регламенттелген қол жеткізуін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.8.3. Комиссияның ішкі ақпараттық порталы ерікті тақырыптағы анықтамалық ақпаратты қалыптастыру, жүргізу және жариялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс. Анықтамалық ақпаратты қалыптастыру кезінде мынадай мүмкіндіктер көзделуге тиіс:
1) жекелеген тақырыптар бойынша ақпаратты құрылымдау;
2) тақырыптарды иерархиялық құрылымда ұйымдастыру.
4.2.1.8.4. Комиссияның ішкі ақпараттық порталы Одақтың ақпараттық порталының басқа құрамдастарында, интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінде, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелерінде қалыптастырылатын ақпараттық ресурстарға ашық қол жетімділікті қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.9. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректері порталына қойылатын талаптар
4.2.1.9.1. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректері порталы әртүрлі санаттағы пайдаланушылардың интеграциялық жүйенің кіші жүйелерінде орталықтандырылған жүргізу арқылы не жалпы процестерді іске асыру шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл жасау негізінде қалыптастырылатын ортақ ақпараттық ресурстарға авторландырылған және жасырын қол жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.9.2. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректері порталы деректерге қол жеткізудің саналуан түрлерін (оның ішінде, машинада оқылатын форматта) ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.9.3. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректері порталы интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінен ақпаратты автоматты режимде жариялауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.9.4. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректері порталы жалпы процестерді іске асыруды әдіснамалық және технологиялық қолдауды жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс, оның ішінде мыналардың есебінен:
1) жалпы процестерді жобалау және іске асыру жөніндегі әдіснамалық және ақпараттық материалдарды жариялау;
2) нысаналы салалар мен жалпы процестер деректері модельдерінің әртүрлі нұсқаларымен ұжымдық жұмыс істеу мүмкіндігі;
3) ХМІ форматында нысаналы салалар мен жалпы процестер деректері модельдерін жүктеу және түсіру мүмкіндіктері;
4) анықталған тәуелділіктер және деректер элементтерін қайталап пайдалану туралы есептерді қалыптастыра отырып, нысаналы салалар мен жалпы процестер деректері модельдерін талдау құралдарын ұсыну;
5) жалпы процестер модельдерінің негізінде технологиялық құжаттар жиынтығын автоматты түрде қалыптастыру, онда Комиссия Алқасының 2014 жылғы 6 қарашадағы № 200 шешімімен бекітілген осындай құжаттардың типтік құрылымына қойылатын талаптарға сәйкес, интеграцияланған жүйенің құралдарымен жалпы процестерді іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимыл жасау регламенттеледі.
4.2.1.9.5. Одақтың ортақ ақпараттық ресурстары мен ашық деректері порталы Комиссия Алқасының 2014 жылғы 30 қыркүйектегі № 180 шешімімен көзделген интеграциялық жүйеде ақпараттық өзара іс-қимыл жасауды іске асыру кезінде пайдаланылатын электрондық құжаттар мен мәліметтер құрылымдарының тізілімін жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.10. Мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсету порталына қойылатын талаптар
4.2.1.10.1. Мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсету порталы интеграцияланған жүйені пайдалана отырып ұсынылатын мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсетуге мүдделі тұлғалардың қол жеткізуін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.10.2. Мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсетуге қол жеткізу, атап айтқанда, мемлекеттік электрондық қызметтер көрсету порталында тіркелген мүдделі тұлғалардың жеке электрондық кабинеттері шеңберінде іске асырылатын сервистердің көмегімен қамтамасыз етілуге тиіс.
4.2.1.10.3. Мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсетуге қол жеткізу сервистердің кемінде мынадай типтерінің көмегімен қамтамасыз етілуге тиіс:
1) ақпараттық сервистер – интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің жалпы процестерін іске асыру шеңберінде қалыптастырылатын не Одақ органдарының жауапты бөлімшелері дайындайтын ақпаратты автоматтандырылған түрде жариялау;
2) ақпаратқа сұрау салу сервистері – сұрау салуларды қалыптастыру және сұрау салу нәтижелерін алу құралдары;
3) ақпаратқа автоматтандырылған қол жеткізу сервистері – машинада оқылатын форматтарда ақпаратты автоматтандырылған түрде жариялау.
4.2.1.10.4. Мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсету порталы жалпы процестерді іске асыру шеңберінде мүдделі тұлғалардың өздеріне жүктелген функцияларды жүзеге асыруын (егер олардың жалпы процеске қатысуы Одақтың құқығын құрайтын халықаралық шарттар мен актілерде көзделген болса) қолдауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.10.5. Мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсету порталы алда болатын және өткен сатып алу рәсімдері, тапсырыс берушілер мен өнім берушілер, мүше мемлекеттердің сатып алу саласындағы нормативтік-құқықтық актілері туралы ақпаратты қоса алғанда, мүдделі тұлғаларға мүше мемлекеттердің сатып алулары туралы қорытылған ақпаратқа қолжетімділік беруге тиіс.
4.2.1.10.6. Мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсету порталы сатып алуды электрондық нысанда жүзеге асыру сервистеріне қол жеткізу үшін мүше мемлекеттердің электрондық сауда алаңдарына өту мүмкіндігін беруге тиіс.
4.2.1.10.7. Мемлекетаралық электрондық қызметтер көрсету порталы сатып алу туралы ақпаратты автоматтандырылған режимде алу үшін мүше мемлекеттердің электрондық сауда алаңдарымен интеграциялану мүмкіндігін көздеуге тиіс.
4.2.1.11. Сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық қолдау порталына қойылатын талаптар
4.2.1.11.1. Сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық қолдау порталы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды ақпараттық қолдауға арналған.
4.2.1.11.2. Сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық қолдау порталы мамандандырылған ақпараттық ресурсты білдіруге тиіс, онда ақпаратты ұсыну және сервистерді беру логикасы сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың оларды ыңғайлы түрде алуын және пайдалануын қамтамасыз ету тұрғысынан ұйымдастырылуға тиіс.
4.2.1.11.3. Сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық қолдау порталы, оның ішінде, мынадай бөлімдерді қамтуға тиіс:
1) "жалпы ақпарат" бөлімі – ЕАЭО СЭҚ ТН-ге, ЕАЭО БКТ-ке және оларға қосалқы (анықтамалық) ақпараттық материалдарға, сондай-ақ тарифтік және тарифтік емес шаралар туралы ақпаратқа қолжетімділік береді;
2) "ұсынымдар" бөлімі – сыртқы экономикалық қызметті жүргізу жөнінде, оның ішінде жекелеген өнім түрлері бөлінісінде ұсынымдарды қамтиды;
3) "нормативтік құқықтық актілер" бөлімі – кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді қамтиды;
4) "сервистер" бөлімі – мүше мемлекеттердің сыртқы экономикалық қызметі саласындағы ресми ресурстарға, статистикалық, жаңалықтар және басқа да ақпараттық сервистерге қолжетімділікті қамтамасыз ететін ақпараттық және интеграциялық сервистерді қамтиды.
4.2.1.11.4. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық қолдау порталы автоматтандырылған және автоматты режимдерде жариялау үшін материалдарды дайындауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.1.11.5. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық қолдау порталы Комиссия қызметкерлерінің автоматтандырылған режимде материалдарды дайындау және жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін басқару құралдарын беруге тиіс.
4.2.1.11.6. Шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық қолдау порталы интеграцияланған жүйенің басқа да кіші жүйелерімен, Комиссияның ақпараттық ресурстарымен және жүйелерімен интеграциялау есебінен, материалдарды автоматты режимде дайындау және жариялау мүмкіндігін қамтамасыз ету үшін ақпарат көздерін конфигурациялау құралдарын ұсынуға тиіс.
4.2.1.12. Одақтың ақпараттық порталының құрамдастары дербес компьютерлердің, планшеттік компьютерлердің және ұтқыр құрылғылардың көмегімен ақпараттық ресурстар мен сервистерге Одақтың ақпараттық порталын пайдаланушылардың қол жеткізу мүмкіндігін қолдауға тиіс.
4.2.1.13. Одақтың ақпараттық порталының құрамдастары ақпаратты мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерінде, сондай-ақ ағылшын тілдерінде беру мүмкіндігін қолдауға тиіс.
4.2.1.14. Одақтың ақпараттық порталының құрамдастары мүше мемлекеттердің мемлекеттік тілдерінде, сондай-ақ ағылшын тілінде пайдаланушы интерфейсімен жұмыс істеу мүмкіндігін беруге тиіс.
4.2.1.15. Одақтың ақпараттық порталының құрамдастары өзара, интеграцияланған жүйенің басқа да кіші жүйелерімен және Комиссияның ақпараттық жүйелерімен және ресурстарымен интеграциялану мүмкіндігін қолдауға тиіс.
4.2.1.16. Одақтың ақпараттық порталының ашық және жабық бөліктері болуға тиіс. Ашық бөлігі жалпы (жасырын) қол жеткізуді қамтамасыз етуге арналған. Жабық бөлігінде қол жеткізу ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесінің құралдарын пайдалана отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4.2.1.17. Одақтың ақпараттық порталына қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.1.18. Одақтың ақпараттық порталына қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс, ол СӨСИАЖ Комиссияның ақпараттық порталына арналған жеке техникалық тапсырма негізінде әзірленуге тиіс. Одақтың ақпараттық құрамдасына қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмаларда айқындалуы мүмкін.
4.2.2. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйеге қойылатын талаптар
4.2.2.1. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе СӨСИАЖ ақпараттық талдамалық кіші жүйесінің функционалдық дамуы болуға тиіс.
4.2.2.2. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйе мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) шоғырландырылған ақпарат негізінде, оның ішінде:
мүше мемлекеттер тауарларымен сыртқы және өзара сауданың құрылымы;
мүше мемлекеттердің статистикалық көрсеткіштерінің динамикасы;
есептік статистикалық көрсеткіштер;
мүше мемлекеттердің статистикалық көрсеткіштерін салыстыру;
дүниежүзінің электрондық картасында мүше мемлекеттердің статистикалық көрсеткіштерін көрсету;
деректерді көрнекі беру мақсаты үшін талдамалық панельдерді қалыптастыру мүмкіндігі;
көліктік инфрақұрылымның, кеденнің, порттардың, шекаралардың орналасуын визуалдау бөлігінде талдамалық сұрау салулар мен есептік нысандарды қалыптастыру;
2) Комиссияның интеграциялық сегментінің ақпараттық ресурстары құрамында талдамалық деректердің бірыңғай қоймасын қалыптастыру және жүргізу, оның ішінде:
деректер (файлдар, дерекқорлар) көздерінен шығыс (өңделмеген) деректерді жүктеу;
деректердің талдамалық витриналарын қалыптастыру;
жүктелетін деректерде пайдаланылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштарды қоса алғанда, кіріс деректерін шоғырландыру және оларды нормативтік-анықтамалық ақпараттың кіші жүйелерінің деректерімен келістіру;
деректер элементтерінің өлшем бірліктерін біріздендіру;
ақпараттық-талдамалық кіші жүйенің жұмыс істеуі үшін қажетті деректерді агрегациялау және көрсеткіштерді қалыптастыру;
ақпараттық-талдамалық кіші жүйенің талдамалық деректерін қоймасын қалыптастыру бойынша хаттамалар мен технологиялық статистиканы қалыптастыру;
осы деректердің дереккөздері бөлігінде талдамалық деректер қоймасындағы деректердің өзектілігі туралы есепті қалыптастыру.
4.2.2.3. СӨСИАЖ құрамында әзірленген ақпараттық-талдамалық кіші жүйені дамыту мынадай бағыттар шеңберінде қамтамасыз етілуге тиіс:
1) мүше мемлекеттердің дереккөздерін толықтыру жолымен дереккөздер құрамын кеңейту;
2) деректердің талдамалық витриналарының құрамын кеңейту;
3) деректердің талдамалық витриналарын, сұрау салуларды, талдамалық есеп нысандары мен жарияланымдарды қалыптастыру кезінде, сондай-ақ экономикалық-математикалық модельдерді құру кезінде деректерді өңдеудің қосымша алгоритмдерін іске асыру;
4) ақпараттық-талдамалық кіші жүйе құралдарымен орындалатын талдамалық міндеттер және экономикалық саладағы процестердің өзгерістерін талдаумен және үрдістерін бағалаумен және мониторингтеумен байланысты міндеттер құрамын кеңейту;
5) талдамалық міндеттерді шешу және болжамдар құру мақсаты үшін ақпараттық-талдамалық кіші жүйе құралдарын пайдалану негізінде жаңа экономикалық-математикалық модельдерді құру;
6) сыртқы көздерден деректерді автоматты түрде жинауды қамтамасыз ету және деректердің ашық көздеріне семантикалық талдау жүргізу мүмкіндігін іске асыру бөлігінде ақпараттық-талдамалық кіші жүйенің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту.
4.2.2.4. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйеге қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.2.5. Ақпараттық-талдамалық кіші жүйеге қойылатын егжей-тегжейлі талаптар СӨСИАЖ ақпараттық-талдамалық кіші жүйесіне жеке техникалық тапсырма негізінде әзірленетін тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.3. Статистика кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.3.1. Статистика кіші жүйесі СӨСИАЖ статистика кіші жүйесінің функционалдық дамуы болуға тиіс.
4.2.3.2. Статистика кіші жүйесі мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) Комиссия айқындайтын құрылым мен форматтарға сәйкес келуге тиіс статистикалық көрсеткіштердің тізбесі бойынша уәкілетті органдардан деректер қабылдау;
2) қабылданған деректерді статистика кіші жүйесінің дерекқорына жүктеу және олардың сақталуын қамтамасыз ету;
3) қабылданған деректерді түзету мүмкіндігімен оларды форматтық-логикалық бақылау;
4) статистикалық деректерді өңдеу кезінде қолданылатын анықтамалықтар мен сыныптауыштарды жүргізу;
5) статистикалық деректерді өңдеу, есептік көрсеткіштер мен жиынтық ақпаратты қалыптастыру;
6) регламенттелген есептерді қалыптастыру;
7) деректерді түрлі форматтарда жүктеу мүмкіндігімен OLAP-технологияларды қолдану негізінде регламенттелмеген сұрау салуларды қалыптастыру және орындау;
8) динамикалық қатарларды қалыптастыру;
9) статистикалық деректерді графикалық түрде көрсету (графика, диаграмма, кубтаржәне т.б.);
10) статистикалық деректерді дүниежүзінің электрондық картасында көрсету;
11) деректердің жариялануын, оның ішінде Одақтың ақпараттық порталында жариялануын қамтамасыз ету;
12) деректерді Одақтың ақпараттық порталындағы ашық деректер бөлімінде жариялау үшін оларды интеграциялық платформаға беру;
13) статистикалық кіші жүйе шеңберінде статистикалық көрсеткіштерді және олардың талдамалық белгілерін сипаттайтын метадеректерді қалыптастыру кезінде нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізудің кіші жүйесімен өзара іс-қимыл.
4.2.3.3. СӨСИАЖ құрамында әзірленген статистика кіші жүйесін дамыту мынадай бағыттар шеңберінде қамтамасыз етілуге тиіс:
1) уәкілетті органдар статистикалық деректерді түрлі технологиялық форматтар мен құрылымдарда ұсынған кезде деректерді автоматтандырылған өңдеу тетігін іске асыру;
2) динамикалық қатарларды қалыптастыру және көрсету тетігін іске асыру;
3) статистика кіші жүйесінің метадеректерін жүргізу кезінде статистика кіші жүйесін пайдаланушыларды ескерту және құлақтандыру тетігін іске асыру;
4) статистика кіші жүйесінің метадеректерін сүзгіден өткізу, іздестіру және ұсыну тетіктерін жетілдіру;
5) статистика кіші жүйесінің аспаптық құралдары мен пайдаланушылық интерфейсін жетілдіру және дамыту;
6) Одаққа жаңа мүше мемлекеттердің қабылдануына байланысты деректердің статистикалық кіші жүйесін жетілдіру және дамыту;
7) регламенттелген есептілік пен жарияланымдар құрамын кеңейту;
8) сыртқы ақпараттық жүйелермен, сондай-ақ басқа да интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерімен ақпараттық өзара іс-қимылдың тетіктерін кеңейту және дамыту.
4.2.3.4. Статистика кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.3.5. Статистика кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар СӨСИАЖ статистика кіші жүйесіне жеке техникалық тапсырма негізінде әзірленетін тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.4. Жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.4.1. Жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесі СӨСИАЖ жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесінің функционалдық дамуы болуға тиіс.
4.2.4.2. Жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесі Комиссия, тұтастай алғанда Комиссия Алқасы мүшелерінің хатшылықтары мен Комиссия департаменттерінің деңгейлерінде Комиссияның іс-шаралар жоспарларын қалыптастыру, жаңарту және орындалуын бақылау функцияларын автоматтандыруды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.4.3. Жобалар мен бағдарламаларды басқару кіші жүйесі мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) шектеусіз салым деңгейінің иерархиялық құрылымының түрлі іс-шаралар жоспарлары мен жобаларын қалыптастыру;
2) іс-шаралар жоспары мен жоспар тармағы, жоба және жобалық жұмыс бойынша түрлі ақпаратты көрсету (іске асыру мерзімдері, орындалуына және (немесе) орындалуын үйлестіруге жауапты адамдар, күтілетін нәтиже және басқалары);
3) іс-шаралар жоспары мен жобаны іске асыру туралы нақты деректерді жинау;
4) іс-шаралар жоспары мен жобаны түзету, енгізілген өзгерістер негізінде іс-шаралар жоспары мен жобаның жаңа нұсқасын қалыптастыру;
5) түрлі деңгейдегі іс-шаралар жоспарлары мен жобаларды іске асыру кезінде атқарушылық тәртіпті бақылау, оның ішінде жоспар тармақтары, тұтастай жоспар, жобалық жұмыс және тұтастай жоба бойынша орындаушылар мен жауаптыларға хабарламаларды қалыптастыру;
6) іс-шаралар жоспары мен жобаның орындалуын жедел бақылау, оның ішінде жоспардың түрлі нұсқаларын салыстыру және ауытқушылықтарды анықтау;
7) деректердің түрлі бөліністері бойынша іс-шаралар жоспарының орындалуын талдау;
8) жобалардың, бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларының іске асырылуын бақылау және деректердің түрлі бөліністері бойынша олардың орындалуын талдау;
9) автоматтандырылған режимде енгізілген деректердің дұрыстығын тексеру;
10) жобалар мен бағдарламаларды басқарудың кіші жүйесін пайдаланушылардың түрлі іс-шаралар жоспарларына, жобалар мен функцияларға осындай жоспарлармен және жобалармен жұмыс істеу кезінде қол жеткізу құқығының аражігін ажырату;
11) жобалар мен бағдарламаларды басқарудың кіші жүйесін пайдаланушының іс-шаралар жоспарлары мен жобаларды іске асыруға қатысуы туралы деректерді автоматтандырылғантүрде жинау және қолайлы түрде ұсыну;
12) жобалардың, бағдарламалар мен іс-шаралар жоспарларының түрлері, сондай-ақ оларды қалыптастыру, келісу, жүргізу және орындалуын бақылау рәсімдері құрамының өзгерістерін икемді теңшеу;
13) тұтынушылық интерфейсті және есептік нысандарды жобалар мен бағдарламаларды басқарудың кіші жүйесінің кіріктірілген құралдарымен конфигурациялау жолымен теңшеу;
14) интеграцияланған жүйені ақпараттық-талдамалық кіші жүйенің құралдарымен одан әрі талдау мақсатында талдамалық деректер қоймасында жүктеу үшін деректерді дайындау.
4.2.4.4. Жобалар мен бағдарламаларды басқарудың кіші жүйесі Комиссия Алқасының мүшелерін және Комиссияның құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын жобалар мен бағдарламаларды басқарудың кіші жүйесінде жүргізілетін түрлі деңгейдегі іс-шаралар жоспарларын визуалдау, мониторингтеу және орындалуын бақылау бөлігінде ақпараттық қолдауға арналған функционалдық құрамдасты қамтуға тиіс, оның ішінде мынадай функцияларға қолдау көрсетіледі:
1) іс-шаралар жоспарлары туралы ақпаратты агрегатталған және егжей-тегжейлі түрде қарау;
2) іс-шаралар жоспарының орындалуын бақылау;
3) тапсырмаларды құру және іс-шаралар жоспарларының орындалу жай-күйі туралы ақпаратты өзгерту;
4) іс-шаралар жоспарларының тармақтарын бақылау мерзімдерінің өтуі туралы хабарламаларды дайындау.
4.2.4.5. Жобалар мен бағдарламаларды басқарудың кіші жүйесі Одақтың ішкі нарығының жұмыс істеуіне кедергі келтіретін өзара қолжетімділік үшін кедергілерді, сондай-ақ тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің, капитал мен жұмыс күшінің қозғалысына қатысты алып қоюлар мен шектеулерді анықтау және жою жөніндегі іс-шаралар жоспарларын жүргізу мен бақылауды қамтамасыз етуге тиіс, оның ішінде мынадай функцияларға қолдау көрсетіледі:
1) ішкі (Комиссияның құрылымдық бөлімшелері) және сыртқы (мемлекеттік органдар, ғылыми қоғамдастық, бизнес-қоғамдастық) көздерден кедергілер туралы ақпаратты жинау;
2) анықталған кедергілерді жүйелеу, алып қоюлардың алдын ала тізімін қалыптастыру;
3) алып қоюлардың алдын ала тізіміне енгізілген, кедергі, алып қою немесе шектеу болып табылатын мемлекеттік экономикалық реттеудің әрбір анықталған шарасын одан әрі қолданудың орындылығын немесе оларды жою мүмкіндігін талдау;
4) кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді жою немесе оларды сақтау шаралары мен мерзімдерін, оның ішінде Одақтың құқығын құрайтын актілерді бекіту жолымен есепке алу;
5) мүше мемлекеттердің мемлекеттік органдары мен мүдделі тұлғаларды кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді жүйелендіру және жою нәтижелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;
6) кедергілерді, алып қоюлар мен шектеулерді жүйелендіру және жою серпінін талдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін есептік нысандарды қалыптастыру.
4.2.4.6. Жобалар мен бағдарламаларды басқарудың кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.4.7. Жобалар мен бағдарламаларды басқарудың кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар СӨСИАЖ жобалар мен бағдарламаларды басқарудың кіші жүйесіне жеке техникалық тапсырма негізінде әзірленетін тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.5. Тәуекелдер салаларын талдау кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.5.1. Тәуекелдер салаларын талдау кіші жүйесі СӨСИАЖ тәуекелдер салаларын талдау кіші жүйесінің функционалдық дамуы болуға тиіс.
4.2.5.2. Тәуекелдер салаларын талдау кіші жүйесі мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) өзгертілетін көздерден орын алған әрі әлеуетті тәуекелдер салалары туралы ақпаратты жинау және жинақтау;
2) тәуекелдер салаларын бірдейлендіру, талдау және мониторингтеу құралын ұсыну;
3) тәуекелдер салаларын айқындау және сарапшылық бағалауға арналған құралды ұсыну;
4) тәуекелдерді шешудің және (немесе) олардың туындауын болдырмау жөніндегі іс-шаралар жоспарын жүргізу құралын ұсыну.
4.2.5.3. Тәуекелдер салаларын талдау кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануға тиіс.
4.2.5.4. Тәуекелдер салаларын талдау кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар СӨСИАЖ тәуекелдер салаларын талдау кіші жүйесіне жеке техникалық тапсырма негізінде әзірленетін тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.6. Сот ісін жүргізу кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.6.1. Сот ісін жүргізу кіші жүйесі СӨСИАЖ кіші жүйелерінің құрамына қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.2.6.2. Сот ісін жүргізу кіші жүйесі дауларды шешу туралы істер мен түсіндіру туралы істер бойынша сот ісін жүргізу процестері шеңберінде орындалатын мынадай міндеттерді техникалық қолдауды қамтамасыз етуге тиіс:
1) мүше мемлекеттің атынан Одақтың Сотына өтініш жасау өкілеттіктер берілген, мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерінен, уәкілетті органдары мен ұйымдарынан дауды қарау туралы өтініштерді, түсіндіру туралы өтініштерді және қолдаухаттарды қабылдау;
2) Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 101 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақ Сотының Регламентіне (бұдан әрі – Одақ Сотының Регламенті) сәйкес Одақ Сотының істерді қарауы;
3) Одақ Соты істерді қараған кезде Соттың Үлкен алқасының, Сот Алқасының және Соттың Апелляциялық палатасының сот отырыстарын өткізу;
4) Одақ Сотының мүше мемлекеттердің сарапшыларынан тұратын мамандандырылған топтарды қалыптастыруы және Одақ Соты істерді қараған кезде мамандандырылған топтардың қорытындылар дайындауы;
5) Одақ Сотының істерді қарауы барысында Одақ Сотының мүше мемлекеттердің шаруашылық жүргізуші субъектілерімен, уәкілетті органдарымен және ұйымдарымен, сондай-ақ Одақтың басқа да органдарымен өзара іс-қимыл жасауы;
6) Одақ Сотының істерді қарау нәтижелері бойынша Одақ Сотының Регламентінде белгіленген мерзімдерде сот актілерін дайындау.
4.2.6.3. Сот ісін жүргізудің кіші жүйесі мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) негізгі функциялар:
Одақ Сотына келіп түсетін өтініштерді тіркеу және есепке алу;
Одақ Соты қарайтын істерді есепке алу;
іске қатысатын тұлғаларды есепке алу;
сот актілерін, мамандандырылған топтардың қорытындыларын және Одақ Сотының істерді қарауы барысында туындайтын басқа да құжаттарды есепке алу;
сот отырыстарының өткізілуін қолдау;
істердің қаралу жай-күйін және осы жай-күйлердің арасындағы өту қағидаларын есепке алу;
Одақ Сотының Регламентіне сәйкес Одақ Сотының шешімдер мен қаулылар шығаруы, мамандандырылған топтардың қорытындылар әзірлеуі мерзімдерін бақылау;
істер мен құжаттар бойынша ақпаратты атрибуттық іздеу;
2) құжаттармен жұмыс жөніндегі функциялар:
құжаттарды толық мәтіндік іздеу;
құжаттардың нұсқалылығын қолдау;
Одақ Сотының істерді қарау нәтижелері бойынша есептілікті қалыптастыру;
3) әкімшілендіру функциялары:
сот ісін жүргізу кіші жүйесін пайдаланушылардың сот ісін жүргізу кіші жүйесінің деректері мен функцияларына қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату;
мүше мемлекеттер ұсынған ақпарат негізінде мамандандырылған топтарды қалыптастыру үшін сарапшылар тізімін жүргізу.
4.2.6.4. Сот ісін жүргізу кіші жүйесінің Комиссияның ақпараттық ресурстарымен және жүйелерімен, сондай-ақ интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерімен өзара іс-қимылы интеграциялық платформа құралдарымен қамтамасыз етілуге тиіс.
4.2.6.5. Одақтың Соты мен уәкілетті органдар арасында электрондық құжаттар мен мәліметтерді электрондық түрде алмасу жалпы процестерді іске асыру шеңберінде интеграциялық платформа пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4.2.6.6. Сот ісін жүргізу кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.6.7. Сот ісін жүргізу кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.7. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.7.1. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесі СӨСИАЖ кіші жүйесінің құрамына қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.2.7.2. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесі мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) арнайы қорғау, демпингке қарсы немесе өтемдік шараларды қолдану туралы келіп түскен өтініштерді тіркеу және сақтау;
2) келіп түскен өтінішті қарау нәтижелері бойынша және Комиссияның жеке бастамасы бойынша басталған тергеп-тексеру жүргізу процесінде туындайтын құжаттар мен материалдарды есепке алу және құрылымдап сақтау;
3) өтініштерді (тергеп-тексерудің басталуы, оны жүргізуден бас тарту немесе өтінішті кері қайтару туралы), оларға сәйкес тергеп-тексеру жүргізу аяқталатын құжаттарды (түпкілікті қорытындылары бар баяндама, шаралар енгізу немесе шараларды қолданбау туралы шешім) қарау кезінде шығарылатын шешімдердің мәтіндерін дайындау;
4) тергеп-тексеру жүргізу барысында Комиссияның мүдделі тараптармен электрондық түрде ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
5) тергеп-тексерудің басталуы туралы хабарламаларды және жүргізілетін тергеп-тексерулер туралы басқа да мәліметтерді Комиссияның ресми сайтында автоматтандырылған түрде жариялау;
6) өтініштерді қарау және олар бойынша шешімдер шығару мерзімдерін бақылау.
4.2.7.3. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесі мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) әртүрлі құжат түрлерін және басқада деректер элементтерін есепке алу және сақтау;
2) ерікті форматтардағы файлдарды сақтау және олармен жұмыс істеу;
3) құжаттардың нұсқалылығын қолдау;
4) құжаттардың және басқа да деректер элементтерінің өмірлік циклдерін конфигурациялау және іске асыру;
5) құжаттармен және басқа да деректер элементтерімен жұмыстың бизнес-процестерін конфигурациялау және іске асыру;
6) пайдаланушылардың құжаттармен, файлдармен және басқа да деректер элементтерімен ұжымдық жұмысын ұйымдастыру;
7) құжаттардың және басқа да деректер элементтерінің баспа нысандарын қалыптастыру;
8) құжаттарды және басқа да деректер элементтерін атрибуттық және толық мәтіндік іздеу;
9) есептілікті қалыптастыру;
10) мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесін пайдаланушылардың мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесінің деректері мен функцияларына қол жеткізу құқықтарының аражігін ажырату;
11) мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесін пайдаланушының жеке кабинетін жеке папкаларын, жазылуларын, жеке іздестіру сұрау салуларын және басқа да тетіктерді құру және пайдалану арқылы ұйымдастыру;
12) құжаттар арасында рубрикаттар мен байланысты пайдалана отырып, деректерді құрылымдап сақтауды ұйымдастыру;
13) мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесін пайдаланушыларды мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесінің оқиғалары және құжаттарға қатысты орындалған іс-қимылдар туралы хабардар ету, оның ішінде электрондық пошта арқылы хабарлау.
4.2.7.4. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесі тергеп-тексеру жүргізу процесінде туындайтын құпия ақпаратты қорғау жөніндегі талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.7.5. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесін жобалау кезінде Одақ қызметінің басқа да салаларында жүргізілетін тергеп-тексерулер, оның ішінде трансшекаралық нарықтарда бәсекелестіктің жалпы қағидаларын бұзушылық туралы істерді тергеп-тексерулер бөлігінде құжат айналымын автоматтандыру жөніндегі ұқсас міндеттерді орындауға қажеттілік ескерілуі керек.
4.2.7.6. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.7.7. Мамандандырылған құжат айналымы кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.8. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.8.1. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі СӨСИАЖ кіші жүйелерінің құрамына қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.2.8.2. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) ЕАЭО СЭҚ ТН және ЕАЭО БКТ, оның ішінде оларға ескертулер мен түсініктемелерді электрондық түрде сақтау және жүргізу;
2) ЕАЭО СЭҚ ТН және ЕАЭО БКТ өзгерістер енгізуге уәкілетті органдардың сұрау салуларын есепке алу, осындай өзгерістерді енгізудің техникалық мүмкіндіктерін талдау;
3) ЕАЭО СЭҚ ТН және ЕАЭО БКТ енгізілетін өзгерістер тарихын және олардың негізінде осы өзгерістер енгізілген құжаттар туралы ақпаратты сақтау;
4) барлық өзгерістердің тарихын ескере отырып, ЕАЭО СЭҚ ТН және ЕАЭО БКТ енгізілген өзгерістер туралы ақпаратты жедел ұсыну;
5) ЕАЭО СЭҚ ТН байланысты мынадай ақпаратты сақтау және пайдалану:
ЕАЭО СЭҚ ТН халықаралық негізін өзгерту;
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасы;
Дүниежүзілік сауда ұйымы шеңберінде мүше мемлекеттердің тарифтік міндеттемелері;
тауар номенклатураларының түрлі нұсқалары арасындағы өтпелі кестелер;
6) Комиссия қабылдаған, нормативтік құжаттарға сілтемелермен тауарлар сыныптауышы бойынша шешімдер жинақтарын, оның ішінде ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша тауарлар сыныптауышы бойынша шешімдер жинағын және мүше мемлекеттердің кеден органдары қабылдаған тауарлар сыныптауышы бойынша алдын ала шешімдер жинағын жүргізу;
7) мыналарды:
ЕАЭО БКТ;
кедендік әкелу баждары мөлшерлемелерінің мөлшеріне әсер ететін тауар позицияларының тізбесін:
кедендік әкелу баждарын алудан босатылатын тауар позицияларының тізбесін;
тауар баждар алудан босатылатын кезеңді көрсете отырып, кедендік әкелу баждарын алудан босатылатын тауар позицияларының тізбесін;
Комиссия жыл сайын тарифтік квоталар белгілейтін тауар позицияларының тізбесін, сондай-ақ мүше мемлекеттердің аумағында тауарларды әкелуге арналған тарифтік квоталардың көлемін;
дамушы және аз дамыған елдерден шығарылатын және әкелінетін, әкелу кезінде тарифтік преференциялар ұсынылатын тауар позицияларының тізбесін;
өтпелі кезең ішінде мүше мемлекеттің бірі ЕАЭО БКТ мөлшерлемелерінен бөлек кедендік әкелу баждарының мөлшерлемесін қолданатын тауар позицияларының тізбесі мен мөлшерлемелерін;
оларға қатысты Комиссия Кеңесі кедендік әкелу баждарын өзгерту туралы шешім қабылдайтын сезімтал тауар позицияларының тізбесін;
Одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы – дамушы елдердің тізбесін;
Одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы – аз дамыған елдердің тізбесін;
тауардың шығу тегі туралы сертификатты беруге және куәландыруға уәкілеттік берілген Одақтың тарифтік преференцияларының бірыңғай жүйесін пайдаланушы – елдер ұйымдарының тізбесін қоса алғанда, кедендік-тарифтік реттеу шараларын есепке алу;
8) мыналарды:
үшінші елдермен саудада мүше мемлекеттердің әкелуіне немесе әкетуіне тыйым салулар немесе шектеулер қолданылатын тауар позицияларының тізбесін;
оларға қатысты айрықша жағдайларда экспортқа уақытша шектеулер немесе тыйым салулар белгіленуі мүмкін, Одақтың ішкі нарығы үшін аса маңызды болып табылатын тауар позицияларының тізбесін;
оларға қатысты Комиссия лицензия беру туралы шешім қабылдаған тауарлар тізбесін;
тауарлардың экспортына және (немесе) импортына айрықша құқық берілген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың тізбесін қоса алғанда, тарифтік емес реттеу шараларын есепке алу және жүргізу;
9) Комиссияның ЕАЭО СЭҚ ТН өзгерістер енгізу туралы шешімдерінің жобаларын дайындау;
10) оларға қатысты тарифтік емес реттеу шаралары енгізілген тауарларға сыртқа сауда қызметіне қатысушылар берген импортқа және (немесе) экспортқа берілетін лицензиялардың тізбесін қалыптастыру;
11) Комиссияның ақпараттық ресурстарымен және ақпараттық жүйелерімен, сондай-ақ интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерімен өзара іс-қимыл, ол интеграциялық платформа пайдаланыла отырып, мынадай:
ЕАЭО СЭҚ ТН-мен өзара байланыста тарифтік және тарифтік емес шаралар туралы толық және өзекті ақпаратты жедел ұсыну;
ЕАЭО СЭҚ ТН енгізілетін өзгерістерге байланысты тауарларға белгіленген тыйым салулар мен шектеулерге өзгерістер енгізу қажеттігі туралы ақпаратты жедел алу;
мүдделі мемлекеттік органдарды ЕАЭО СЭҚ ТНжәне ЕАЭО БКТ енгізілген өзгерістер туралы жедел хабардар ету;
мүдделі тұлғалардың сұрау салулары бойынша ЕАЭО СЭҚ ТНжәне ЕАЭО БКТ түзетулері мен өзекті нұсқаларын сыртқы форматтарға түсіру мүмкіндігімен электронды түрде ұсыну мақсаттарында қамтамасыз етілуге тиіс;
12) ЕАЭО СЭҚ ТНжәне ЕАЭО БКТ типографиялық баспа үшін дайын түрде қалыптастыру.
4.2.8.3. ЕАЭО СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу кезінде кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесіЕАЭО СЭҚ ТН кодтарымен сыныпталатын тауарларға қатысты түрлі мемлекеттік бақылаудың орындалуын регламентейтін, Комиссияның шешімдерін өзгертуге жататын сілтемелерді автоматтандырылған түрде анықтауды қамтамасыз етуге тиіс, оларға сәйкес осындай шешімдердің жаңа редакциясын қалыптастыру мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
4.2.8.4. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесі енгізілетін өзгерістердің тарихын қолдап, ақпараттың жүргізілуін қамтамасыз етуге тиіс, оның ішінде оларды редакциялау процесінде ЕАЭО СЭҚ ТНжәне ЕАЭО БКТ-ның түрлі нұсқаларын қолдауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.8.5. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесінде ЕАЭО СЭҚ ТНжәне КО БКТ бойынша ақпаратты іздеу үшін интерфейс іске асырылуға тиіс.
4.2.8.6. Интерфейсте КО БКТ бойынша ақпаратты іздеу үшін КО БКТ соңғы жаңарту күні көрсетілуге тиіс, сондай-ақ өткен кезеңдер үшін кедендік тарифтер туралы ақпарат алу мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
4.2.8.7. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесінде ЕАЭО СЭҚ ТН нақты тауар позициясы бойынша деректерге қолжетімділік іске асырылуға тиіс.
4.2.8.8. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.8.9. Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.9. Техникалық реттеу кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.9.1. Техникалық реттеу кіші жүйесі СӨСИАЖ кіші жүйелерінің құрамына қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.2.9.2. Техникалық реттеу кіші жүйесі деректерді, оның ішінде мынадай ақпараттық объектілерді есепке алуды және жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс:
1) Одақ шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін өнім;
2) сәйкестік сертификаттары және бірыңғай нысан бойынша сәйкестік туралы декларациялар беріле отырып, сәйкестікті міндетті растауға жататын өнім;
3) кедендік декларация беру Одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттың ұсынылуымен сүйемелденетін өнім;
4) сәйкестікті бағалау туралы берілген немесе қабылданған құжаттар (оның ішінде берілген сәйкестік сертификаттары, сәйкестік туралы тіркелген декларациялар, өнімді тіркеу (мемлекеттік тіркеу) туралы куәліктер);
5) Одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарының (оның ішінде сертификаттау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтардың)) дерекқоры;
6) Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу жоспарлары;
7) Одақтың техникалық регламенттері (Кеден одағының техникалық регламенттері), оның ішінде Одақтың техникалық регламенттерінің жобалары;
8) Одақтың техникалық регламенттерінің жобалары бойынша пікірлер;
9) Одақтың техникалық регламенттерінің жобаларын әзірлеу және оларға өзгерістер енгізу жөніндегі жұмыс топтарының құрамдары;
10) қолдану нәтижесінде Одақтың техникалық регламенттері (Кеден одағының техникалық регламенттері) талаптарының сақталуы ерікті негізде қамтамасыз етілетін халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарының тізбелері;
11) зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің Одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарына сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын халықаралық және өңірлік (мемлекетаралық) стандарттардың, ал олар болмаған жағдайда – мүше мемлекеттердің ұлттық (мемлекеттік) стандарттарының тізбелері;
12) Одақтың техникалық регламенттерін әзірлеу кезінде қолданылатын шамалардың жүйеден тыс бірліктерінің, олардың Халықаралық бірліктер жүйесімен (СИ) арақатынасын қоса алғандағы тізбелері;
13) Одақтың техникалық регламенттерін (Кеден одағының техникалық регламенттерін) іске асыру үшін қажетті іс-шаралар жоспарлары;
14) қолдану нәтижесінде Одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарын сақтау ерікті негізде қамтамасыз етілетін мемлекетаралық стандарттарды, сондай-ақ зерттеулер (сынақтар) және өлшемдер қағидалары мен әдістерін, оның ішінде Одақтың техникалық регламенттерінің (Кеден одағының техникалық регламенттерінің) талаптарын қолдану мен орындау және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды (растауды) жүзеге асыру үшін қажетті үлгілерді іріктеу қағидаларын қамтитын мемлекетаралық стандарттарды әзірлеу жөніндегі бағдарламалар.
4.2.9.3. Техникалық реттеу кіші жүйесінде ЕАЭО СЭҚ ТН пайдаланумен байланысты нормативтік құқықтық актілердің жобаларын (нормативтік құқықтық актілерге өзгерістерді) автоматтандырылған түрде дайындау, ЕАЭО СЭҚ ТН-ға өзгерістер енгізу кезінде техникалық реттеу саласындағы байланысты нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер енгізу қажеттігін талдау, анықтау және жоспарлау мүмкіндігі қамтамасыз етілуге тиіс.
4.2.9.4. Техникалық реттеу кіші жүйесінде осы кіші жүйеге енгізілген барлық объекті бойынша іздеу функциясы іске асырылуға тиіс.
4.2.9.5. Техникалық реттеу кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.9.6. Техникалық реттеу кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.10. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.10.1. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі СӨСИАЖ кіші жүйелерінің құрамына қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.2.10.2. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі Комиссия әзірлейтін және бекітетін тиісті технологиялық құжаттарда белгіленетін талаптарға сәйкес Комиссияның интеграциялық сегментінде жалпы процестерді іске асыруды қамтамасыз ететін сервистер жинағын (бұдан әрі – жалпы процестер сервистері) қамтуға тиіс.
4.2.10.3. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі интеграцияланған жүйеде жалпы процестерді қолданбалы деңгейде іске асыруды мониторингтеуді және бақылауды қамтамасыз ететін құрамдастарды қамтуға тиіс.
4.2.10.4. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі ақпарат алу және (немесе) беру, жалпы процестердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жалпы ақпараттық ресурстарға қол жеткізу үшін Комиссияның интеграциялық сегментінің басқа да кіші жүйелерімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.10.5. Жалпы процестердің сервистері оның ішінде мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) ұлттық сегменттерден Комиссияның интеграциялық сегментіне арналған электрондық хабарламаларды қабылдау;
2) нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді қамтитын электрондық хабарламаларды жалпы процестердің технологиялық құжаттарында белгіленетін талаптарға сәйкес кейіннен өңдеу үшін нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесіне беру;
3) нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді қамтитын электрондық хабарламаларды жалпы процестердің технологиялық құжаттарында белгіленетін талаптарға сәйкес жариялау үшін Одақтың ақпараттық порталына беру;
4) нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді ұлттық сегменттерге тарату;
5) ұлттық сегменттерден сұрау салу бойынша Комиссияның интеграциялық сегментінің кіші жүйелерінен ақпарат алу.
4.2.10.6. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі Комиссия әзірлейтін және бекітетін жалпы процестердің технологиялық құжаттарында белгіленетін талаптарға сәйкес жалпы процестер операцияларын базалық іске асыруды қамтамасыз ететін біріздендірілген құрамдастарды (бұдан әрі – жалпы процестерді базалық іске асыру құрамдастарын) қамтуға тиіс.
4.2.10.7. Жалпы процестерді базалық іске асыру құрамдастары интеграцияланған жүйені кешенді және мемлекетаралық тестілеу және сынақтан өткізу кезінде пайдалануға арналған және қажет болған жағдайда ұлттық сегменттерде жалпы процестер сервистерін іске асыру кезінде пайдаланылуы мүмкін.
4.2.10.8. Жалпы процестерді базалық іске асыру құрамдастары:
1) жалпы процестердің технологиялық құжаттарының талаптарына сәйкес ақпаратты енгізуді, редакциялауды және қарауды;
2) жалпы процестердің технологиялық құжаттарының талаптарына сәйкес енгізілетін ақпаратты форматтық-логикалық бақылауды орындауды;
3) енгізілген ақпараттың ұзақ мерзімді сақталуын;
4) сақталатын ақпарат негізінде баспа нысандарының күні бұрынғы жинағын қалыптастыру мүмкіндігін;
5) интеграциялық платформа құралдарымен жалпы процестер сервистерімен өзара іс-қимылды қоса алғанда, жалпы процестерді іске асыру үшін қажетті функциялар жинақтарын қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.10.9. Жалпы процестерді базалық іске асыру құрамдастарының тұтынушылық интерфейсі функционалдық мүмкіндіктерді ұлттық сегменттерде жалпы процестер сервистерін іске асыру негіздері ретінде пайдаланған жағдайда оларды кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.10.10. Жалпы процестерді базалық іске асыру құрамдастары жалпы процестердің технологиялық құжаттарының талаптарына сәйкес интеграциялық платформа құралдарымен электрондық хабарламаларды қабылдау және жөнелту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.10.11. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі тұтынушылық интерфейс көмегімен енгізілген немесе жалпы процестер сервистерінен алынған ақпаратты іздеу және қарау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.10.12. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі тұтынушылық интерфейс көмегімен енгізілген немесе жалпы процестер сервистерінен алынған деректер негізінде электрондық құжаттардың баспа нысандарын қалыптастыру мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.10.13. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі ЭЦҚ орнату және тексеру функцияларын жүзеге асыратын сыртқы құрамдастарды осы кіші жүйеде өңделетін деректерге қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.10.14. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі жалпы процестердің технологиялық құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес жалпы процестер сервистерінен (жалпы процестер сервистеріне) электрондық хабарламаларды қабылдау және жөнелту үшін ұлттық сегментті интеграциялық шлюзге қосуды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.10.15. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесі интеграциялық платформа құралдарымен жалпы ақпараттық ресурстардан алынатын нормативтік-анықтамалық және өзге де ақпаратты пайдалануға тиіс.
4.2.10.16. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесінде жалпы процестерді базалық іске асыру құрамдастары әзірленетін жалпы процестердің тізбесі интеграцияланған жүйені жалпы жүйелік жобалау кезеңінде айқындалуға тиіс.
4.2.10.17. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.10.18. Жалпы процестерді басқару кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.11. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.11.1. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесі СӨСИАЖ кіші жүйелерінің құрамына қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.2.11.2. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесі Одақтың кедендік аумағында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің құрылатын бірыңғай жүйесін ақпараттық-технологиялық қолдауға арналған.
4.2.11.3. Одақтың кедендік аумағында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесі мынадай мақсаттарда құрылады:
1) Одақ шеңберінде мүдделі тұлғаларды (оның ішінде Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің азаматтарын) бірегей сәйкестендіруді қамтамасыз ету;
2) өнімді жеткізудің барлық тізбектерін талдау мүмкіндігін жасау есебінен мүше мемлекеттерде қолданылатын тәуекелдерді басқару жүйелерінің тиімділігін арттыру және алгоритмдерін оңтайландыру;
3) кедендік мақсаттарда пайдаланылатын құжаттар нысандарын, олардың электрондық көшірмелерінің құрылымдары мен форматтарын оңайлату, сондай-ақ оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын арттыру;
4) мүше мемлекеттердің кеден қызметтері арасында ақпараттық өзара іс-қимылды оңтайландыру.
4.2.11.4. Одақтың кедендік аумағында сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларды сәйкестендірудің бірыңғай жүйесі мынадай ерекшеліктер ескеріле отырып құрылады:
1) сыртқы экономикалық қызметке әрбір қатысушыға сыртқы экономикалық қызметке қатысушыны бірегей сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – сәйкестендіру нөмірі) беріледі;
2) сәйкестендіру нөмірін беруді, сәйкестендіру нөмірлерін есепке алуды және дерекқорын жүргізуді мүше мемлекеттің уәкілетті органдары жүзеге асырады;
3) берілген, тоқтатыла тұрған және жойылған сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қамтитын ингерациялық ақпараттық ресурсты жүргізуді Комиссия жүзеге асырады;
4) берілген сәйкестендіру нөмірі мүше мемлекеттердің кеден органдары арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл кезінде пайдаланылатын кедендік құжаттардың барлық нысанында пайдаланылуға тиіс.
4.2.11.5. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесі мүше мемлекеттердің өзара іс-қимыл жасайтын ұлттық құрамдастары мен Комиссияның интеграциялық құрамдасының жиынтығы ретінде жасалуға тиіс.
4.2.11.6. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесінің мүше мемлекеттердің ұлттық құрамдастары сыртқы экономикалық қызмет субъектілеріне сәйкестендіру нөмірлерін біріздендірілген форматта беруді, осындай сәйкестендіру нөмірлерін есепке алуды және дерекқорын жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.11.7. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесінің Комиссияның интеграциялық құрамдасы сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің берілген (тоқтатыла тұрған, жойылған) сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қамтитын жалпы ақпараттық ресурсты жүргізуді және уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғаларға көрсетілген жалпы ақпараттық ресурсқа регламенттелген қолжетімділікті ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.11.8. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.11.9. Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерін сәйкестендіру кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.12. Интеграциялық платформаға қойылатын талаптар
4.2.12.1. Интеграциялық шлюздерге қойылатын талаптар
4.2.12.1.1. Интеграциялық шлюз Комиссия мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері арасында электрондық деректер алмасуды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.1.2. Интеграциялық шлюз Комиссия мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін интеграциялық платформаға қосу мүмкіндігін ұсынуға және электрондық хабарламалардың хаттамалары мен форматтарын өзгертуді (қажет болған кезде) қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.1.3. Интеграциялық шлюз Комиссия мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінен түсетін электрондық хабарламаларды сабақтас сегменттердің интеграциялық шлюздеріне бағдарлауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.1.4. Комиссияның интеграциялық сегментінің және ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзі сабақтас сегменттердің интеграциялық шлюздерімен ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.1.5. Интеграциялық шлюз сабақтас сегменттердің интеграциялық шлюздерінен түсетін электрондық хабарламаларды Комиссия мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелеріне бағдарлауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.1.6. Интеграциялық шлюз электрондық құжаттарда ЭЦҚ-ның теңтүпнұсқалылығын растау үшін СБҮТ қызметтерінің СБҮТ сервистерімен өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.1.7. Интеграциялық шлюз осы шлюзде орындалатын операциялардың журналдарын жүргізуді жүзеге асыруға тиіс.
4.2.12.1.8. Интеграциялық шлюздерге қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.12.2. Комиссияның интеграциялық сегменті деректерін үндестіру кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.12.2.1. Комиссияның интеграциялық сегменті деректерін үндестіру кіші жүйесі Комиссияның интеграциялық сегментінде орналастырылған Комиссияның ақпараттық жүйелерінің ақпараттық өзара іс-қимылын қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.2.2. Комиссияның интеграциялық сегменті деректерін үндестіру кіші жүйесі Комиссияның ақпараттық жүйелері беретін функцияларды шақыру және Комиссияның ақпараттық жүйелерінде қамтылатын деректерге қолжетімділік алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін бағдарламалық интерфейстерді (сервистерді) ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.2.3. Комиссияның интеграциялық сегменті деректерін үндестіру кіші жүйесі сервистерге қатысты өтініштерді Комиссияның ақпараттық жүйелеріне бағдарлауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.2.4. Комиссияның интеграциялық сегменті деректерін үндестіру кіші жүйесі осы кіші жүйенің құралдарымен орындалатын операциялар журналдарын жүргізуді жүзеге асыруға тиіс.
4.2.12.2.5. Комиссияның интеграциялық сегменті деректерін үндестіру кіші жүйесі осы сервистер бойынша ақпаратты іздеу және қарау мүмкіндігімен жүгіну үшін қолжетімді сервистердің тізбесін жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.2.6. Комиссияның интеграциялық сегменті деректерін үндестіру кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.12.2.7. Комиссияның интеграциялық сегменті деректерін үндестіру кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.12.3. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.12.3.1. Интеграциялық платформа сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесін пайдалана отырып, сыртқы ақпараттық жүйелерді қосу мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.3.2. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі интеграцияланған жүйенің кіші жүйелеріне жүгінуге арналған сервистерді ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.3.3. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері беретін функциялар жиынын кеңейту кезінде интеграцияланған жүйенің кіші жүйелеріне жүгінуге арналған сервистердің тізбесін кеңейту мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.3.4. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі осы сервистер бойынша ақпаратты іздеу және қарау мүмкіндігімен интеграцияланған жүйенің кіші жүйелеріне жүгінуге арналған қолжетімді сервистердің тізбесін жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.3.5. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі сервистерге қол жеткізу құқықтарының аражігін ажыратуды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.3.6. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі келіп түсетін сұрау салуларды форматтық-логикалық бақылауды қоса алғанда, келіп түсетін сұрау салулардың дұрыстығын бақылауды жүзеге асыруға тиіс.
4.2.12.3.7. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі келіп түсетін сұрау салуларды интеграциялық платформаның тиісті сервистеріне бағдарлауды орындауға тиіс.
4.2.12.3.8. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі интеграциялық платформа сервистеріне келіп түсетін өтініштердің журналдарын жүргізуді жүзеге асыруға тиіс.
4.2.12.3.9. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.12.3.10. Сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.12.4. Көлік кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.12.4.1. Көлік кіші жүйесі хабарламалардың кезегін пайдалана отырып, интеграциялық платформаның құрамдастары арасында электрондық хабарламаларды кепілдікпен жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.4.2. Көлік кіші жүйесі хабарламалардың кезегін пайдалана отырып, интеграциялық платформаға қосылатын интеграциялық платформа құрамдастарының, интеграцияланған жүйенің сабақтас жүйелері мен кіші жүйелерінің әрқайсысы үшін хабарламалар кезегінің жиынын білдіруге тиіс.
4.2.12.4.3. Көлік кіші жүйесі электрондық хабарламалардың кепілдікпен жеткізілуін қамтамасыз ететін хабарламалар кезегін, сондай-ақ көлік кіші жүйесінің басқа да объектілерін құру, түрлендіру және жою мүмкіндігін ұсынуға тиіс.
4.2.12.4.4. Көлік кіші жүйесі интеграциялық платформа құрамдастары арасындағы электрондық хабарламаларды көлік деңгейінде бағдарлауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.4.5. Көлік кіші жүйесі деректер беру арналарын пайдалануды оңтайландыру үшін берілетін электрондық хабарламаларды сығымдауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.12.4.6. Көлік кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.12.4.7. Көлік кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.13. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.13.1. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі СӨСИАЖ нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесінің функционалдық дамуы болуға тиіс.
4.2.13.2. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі тізбесі жалпы процестерді жобалау кезеңінде айқындалатын, жалпы процестерді іске асыру шеңберінде пайдаланылатын Одақтың нормативтік-анықтамалық ақпаратын, сыныптауыштарын, тізілімдері мен тіркелімдерін қамтитын объектілерді (бұдан әрі – нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілері) жүргізуді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.13.3. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерін орталықтандырылған және орталықсыздандырылған түрде жүргізу мен тарату мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.13.4. Жалпы процестерді іске асыру кезінде бірлесіп пайдаланылатын нормативтік-анықтамалық ақпарат объектісі орталықтандырылған түрде жүргізілген жағдайда нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі Комиссия мен уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері үшін осы объекті бойынша анықтамалық деректердің бастапқы дереккөзі болуға тиіс.
4.2.13.5. Нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілері орталықтандырылған түрде жүргізілген жағдайда нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерінің жаңа жазбаларын жасау және қолданыстағы жазбаларын өзгерту;
2) нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілері жазбаларының тұтастығын, толықтығы мен дұрыстығын бақылау;
3) алдағы уақыт кезеңінде нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерінің жаңа нұсқаларын шығару және мұрағаттық сақтау процесін басқару.
4.2.13.6. Нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілері орталықсыздандырылған түрде жүргізілген жағдайда нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінен алынатын деректерді қосу рәсімдерінің кешенін іске асыра отырып, нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерінің бөлек анықтамалықтарын біріктіру функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.13.7. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі интеграциялық платформаны пайдалана отырып, нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерінің деректерін интеграцияланған жүйенің басқа да кіші жүйелеріне және ұлттық сегменттерге таратуды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.13.8. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі Одақтың ақпараттық порталында нормативтік-анықтамалық ақпарат объектілерінің жариялану мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.13.9. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.13.10. Нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар СӨСИАЖ нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесіне жеке техникалық тапсырма негізінде әзірленетін тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.14. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.14.1. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі СӨСИАЖ ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесінің функционалдық дамуы болуға тиіс.
4.2.14.2. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі ақпарат қауіпсіздігінің қатеріне, ақпарат қауіпсіздігін бұзушы моделіне, интеграцияланған жүйені қорғау объектілерінің құрамына, ақпараттық технологиялары мен құрылымдық-функционалдық сипаттамаларына қарай мынадай міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге тиіс:
1) қол жеткізу субъектілері мен қол жеткізу объектілерін сәйкестендіру және аутентификациялау;
2) қол жеткізу субъектілерінің қол жеткізу объектілеріне қол жеткізуін басқару;
3) сәйкестендіргіштерді және аутентификациялау құралдарын басқару;
4) ақпаратты вирусқа қарсы қорғау;
5) ақпараттың машиналық жеткізгіштерін қорғау;
6) қауіпсіздік оқиғаларын тіркеу;
7) желілік деңгейде және серверлер мен жұмыс станцияларының деңгейінде басып кіруді анықтау (болдырмау);
8) ақпараттың қорғалуын бақылау (талдау);
9) таралуы шектелген ақпаратты және ақпаратты қорғау құралдарын санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау;
10) интеграцияланған жүйенің және осы жүйеде қамтылатын ақпараттың тұтастығын қамтамасыз ету;
11) ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз ету;
12) виртуализациялау ортасын қорғау;
13) веб-қосымшаларды қорғау;
14) техникалық құралдарды қорғау;
15) интеграцияланған жүйені және олардың құралдарын қорғау;
16) байланыс және деректер беру жүйелерін қорғау;
17) дерекқорды басқару құралдарын қорғау.
4.2.14.3. Интеграцияланған жүйе құру жөніндегі жұмыстар шеңберінде СӨСИАЖ шеңберінде іске асырылған ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесінің мынадай құрамдастарын конфигурациялау орындалуға тиіс:
1) қол жеткізу субъектілері мен қол жеткізу объектілерін сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесі;
2) қол жеткізу субъектілерінің қол жеткізу объектілеріне қолжеткізуін басқару кіші жүйесі;
3) бағдарламалық ортаны шектеу кіші жүйесі;
4) ақпаратты машиналық жеткізгіштерді есепке алу кіші жүйесі;
5) ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын тіркеу кіші жүйесі;
6) вирусқа қарсы қорғау кіші жүйесі;
7) басып кіруді анықтау кіші жүйесі;
8) ақпараттың қорғалуын бақылау (талдау) кіші жүйесі;
9) ақпараттық жүйелердің және ақпараттың тұтастығын қамтамасыз ету кіші жүйесі;
10) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету кіші жүйесі;
11) техникалық құралдарды қорғау кіші жүйесі;
12) ақпараттық жүйені, оның құралдарын, байланыс және деректер беру жүйелерін қорғау кіші жүйесі;
13) персоналмен жұмыс кіші жүйесі.
4.2.14.4. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі шеңберінде мыналарды:
1) пайдаланушылар базасын орталықтандырылған түрде жүргізуді;
2) пайдаланушыларды сәйкестендіргіштердің өмірлік циклін басқаруды, оның ішінде Комиссияның кадрлық құрамын есепке алу мен басқарудың ақпараттық жүйесінің оқиғалары негізінде автоматтандыруды;
3) пайдаланушылардың қолжетімділік құқықтарын орталықтандырылған түрде басқаруды;
4) қолжетімділік құқықтарын беруге пайдаланушылардың өтінімдерін келісуді автоматтандыруды;
5) жүйелі уақыт аралықтары өткен сайын пайдаланушылардың қол жеткізу өкілеттіктерінің аудитін;
6) пайдаланушыларға қолжетімділік беру жөніндегі оқиғалардың аудитін қоса алғанда, Комиссияның интеграциялық сегментінің функционалдық кіші жүйелерін пайдаланушылардың сәйкестендіру деректерін басқару бөлігінде қол жеткізу субъектілері мен қол жеткізу объектілерін сәйкестендіру және аутентификациялау кіші жүйесінің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту іске асырылуға тиіс.
4.2.14.5. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі шеңберінде жиналған деректерді орталықтандырылған түрде үздіксіз мониторингтеуді, корреляциялауды және ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын анықтауды қоса алғанда, интеграциялық платрформаның барлық құрамдастарының (оның ішінде ұлттық сегменттердің интеграциялық шлюздері) ақпараттық қауіпсіздік оқиғалары туралы деректерді автоматты түрде жинауды қамтамасыз ету бөлігінде ақпараттық қауіпсіздік оқиғаларын тіркеу кіші жүйесінің технологиялық мүмкіндіктерін кеңейту іске асырылуға тиіс.
4.2.14.6. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі шеңберінде ақпаратты криптографиялық қорғау кіші жүйесі іске асырылуға тиіс.
4.2.14.7. Ақпаратты криптографиялық қорғау кіші жүйесі криптографиялық операциялардың орындалуын, түпкілікті ақпаратты, ашық кілттер сертификаттарын және негізгі жеткізгіштерді басқаруды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.14.8. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесі шеңберінде мыналарды:
1) ақпараттық қауіпсіздік саласында ұйымдық құрылымды, функцияларды, міндеттер мен өкілеттіктерді айқындауды;
2) ақпараттық қауіпсіздік тәуекелдеріне тұрақты талдау жүргізуді;
3) ақпараттық қауіпсіздікті түзету іс-қимылдарын басқаруды;
4) ақпараттық қауіпсіздіктің оқыс оқиғаларын басқаруды;
5) ақпараттық қауіпсіздіктің ішкі аудитін басқаруды;
6) ақпараттық қауіпсіздіктің жұмыс істеуі жөніндегі есептілікті ұсынуды (тиімділікті бағалай отырып);
7) ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін тұрақты талдауды қоса алғанда, интеграцияланған жүйенің ақпараттық қауіпсіздігін басқаруды регламенттейтін құжаттар әзірленуге тиіс.
4.2.14.9. Интеграцияланған жүйеде ақпаратты қорғау уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасауда Комиссия әзірлейтін және Шартқа №3 қосымшаның 18-тармағына сәйкес Комиссия бекітетін трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға және Комиссия бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес қамтамасыз етілуге тиіс.
4.2.14.10. Заңдық күші жағынан Комиссия Кеңесі бекітетін құжаттау қағидалары мен талаптары бойынша ресімделетін және қол қоюмен не қол қоюмен және мөрмен куәландырылған қағаз жеткізгіштегі ұқсас құжаттарға тең болып танылатын электрондық құжаттармен алмасуды қамтамасыз ету мақсатында мүше мемлекеттердің СБҮТ өзара және Комиссия СБҮТ-мен өзара іс-қимыл жасау кезінде уәкілетті органдармен келісілген және Комиссия осы мақсаттар үшін бекітетін ЭЦҚ құралдары мен шифрлық криптографиялық құралдар пайдаланылуы қажет. Осы техникалық тапсырмаға сәйкес жұмыстарды орындау кезінде мүше мемлекеттердің ЭЦҚ құралдары мен шифрлық криптографиялық құралдарды бірлесіп әзірлеуін ұйымдастыру мүмкіндігі қаралуға тиіс.
4.2.14.11. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.14.12. Ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.15. Комиссияның СБҮТ кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.15.1. СБҮТ кіші жүйесі СӨСИАЖ кіші жүйелерінің құрамына қатысты интеграцияланған жүйенің жаңа кіші жүйесі болып табылады.
4.2.15.2. Комиссияның СБҮТ кіші жүйесі мынадай функциялардың, оның ішінде уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасауда Комиссия әзірлейтін және Шартқа №3 қосымшаның 18-тармағына сәйкес Комиссия бекітетін трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға және Комиссия бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) электрондық құжаттың және ЭЦҚ теңтүпнұсқалылығын тексеру;
2) электрондық құжаттың тұтастығын тексеру;
3) Комиссияның интеграциялық сегментінен шығатын электрондық құжатқа қол қойылған ЭЦҚ-ның дұрыстығын тану, оның ішінде осы электрондық құжатқа қол қойылғаннан кейін оған енгізілген өзгерістердің жоқ екенін растау және осы құжатқа қол қойылған ЭЦҚ-ның ЭЦҚ-ны тексеру кілтінің тиісті сертификат иесіне тиесілілігін растау;
4) Комиссияның интеграциялық сегментіне кіретін электрондық құжаттың ЭЦҚ тексеру нәтижесіне қол қойылған мүше мемлекеттің ұлттық сегментінің СБҮТ ЭЦҚ дұрыстығын тану, оның ішінде осы нәтижеге қол қойылғаннан кейін оған енгізілген өзгерістердің жоқ екенін растау және осы нәтижеге қол қойылған ЭЦҚ-ның ЭЦҚ-ны тексеру кілтінің тиісті сертификат иесіне тиесілілігін растау;
5) Комиссияның интеграциялық сегментінен шығатын электрондық құжаттың ЭЦҚ тексеру нәтижесіне СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығының Комиссия СБҮТ берген, ЭЦҚ-ны тексеру кілті сертификатына негізделген Комиссия СБҮТ ЭЦҚ-мен қол қою;
6) Комиссияның интеграциялық сегментіне кіретін электрондық құжаттың ЭЦҚ тексеру нәтижесіне Комиссияның куәландырушы орталығының Комиссия СБҮТ берген, ЭЦҚ тексеру кілті сертификатына негізделген Комиссия СБҮТ ЭЦҚ-менқол қою;
7) ЭЦҚ қолдану заңдылығын тексеру;
8) электрондық құжаттар мен ЭЦҚ тексеру нәтижелерін қамтитын түбіртектерді қалыптастыру;
9) Комиссия СБҮТ кіші жүйесінде орындалатын операцияларды құжаттау;
10) Комиссия Алқасы мүшелерінің және ақпараттық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті органдардың сұрау салулары бойынша Комиссия СБҮТ кіші жүйесінің операциялары туралы ақпарат ұсыну;
11) осы техникалық тапсырманың 4.2.15.4-тармағына сәйкес интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде белгіленетін өзге де функциялар.
Комиссия СБҮТ кіші жүйесінде жүргізілетін тексерулер, сондай-ақ осы тексерулердің нәтижелерін көрсететін түбіртектерді қалыптастыру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының өзара және Еуразиялық экономикалық комиссиямен трансшекаралық өзара іс-қимылы кезінде электрондық құжаттармен алмасу туралы ережеге сәйкес жүзеге асыралады.
4.2.15.3. Комиссия СБҮТ кіші жүйесі ұлттық сегменттің СБҮТ негізгі құрамдасы ретінде оны күшейту және пайдалану мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей жобалануға тиіс (қажет болған кезде).
4.2.15.4. Комиссия СБҮТ кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.15.5. Комиссия СБҮТ кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.16. Мониторингтеу және басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.16.1. Мониторингтеу және басқару кіші жүйесі СӨСИАЖ мониторингтеу және басқару кіші жүйесінің функционалдық дамуы болуға тиіс.
4.2.16.2. Мониторингтеу және басқару кіші жүйесі мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) айрықша жағдайларда туындайтын өнімділік көрсеткіштерін және өзге де ақпаратты қоса алғанда, Комиссияның интеграциялық сегментінде өрістетілген кіші жүйелерді аппараттық қамтамасыз етудің негізгі жұмыс істеу көрсеткіштерін жинау, сақтау және бақылау;
2) айрықша жағдайларда туындайтын өнімділік көрсеткіштерін және өзге де ақпаратты қоса алғанда, Комиссияның интеграциялық сегментінде өрістетілген кіші жүйелерді жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етудің негізгі жұмыс істеу көрсеткіштерін жинау, сақтау және бақылау;
3) Комиссияның интеграциялық сегментінде өрістетілгенкіші жүйелерді аппараттық қамтамасыз етуден, жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуден диагностикалық ақпаратты жинау және шоғырландыру;
4) Комиссияның интеграциялық сегментінде өрістетілгенкіші жүйелерді аппараттық қамтамасыз етуде, жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуде туындайтын оқиғалар мен айрықша жағдайларды бапталатын қағидаларға сәйкес өңдеу;
5) Комиссияның интеграциялық сегментін пайдалануға жауапты персонал үшін қажетті регламенттік іс-шараларға және айрықша жағдайларға ден қою шаралары бойынша ұсынымдарды қалыптастыру;
6) интеграцияланған жүйенің құрамдастарын конфигурациялау туралы ақпаратты жинау, сақтау және құжаттау;
7) интеграцияланған жүйенің құрамдастары туралы шоғырландырылған ақпаратты көрсету;
8) Комиссияның интеграциялық сегментінде өрістетілген кіші жүйелерді аппараттық қамтамасыз етуді, жүйелі және қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз етуді конфигурациялауды орталықтандырылған түрде басқару.
4.2.16.3. Мониторингтеу және басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.16.4. Мониторингтеу және басқару кіші жүйесіне қойылатын егжей-тегжейлі талаптар СӨСИАЖ мониторингтеу және басқару кіші жүйесіне жеке техникалық тапсырма негізінде әзірленетін тиісті жеке техникалық тапсырмада айқындалуға тиіс.
4.2.17. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығына қойылатын талаптар
4.2.17.1. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы интеграцияланған жүйенің СБҮТ қызметі шеберінде мүше мемлекеттердің СБҮТ сервистері мен Комиссияның СБҮТ кіші жүйесінің өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарын басқарудың иерархиялық жүйесін құруға арналған.
4.2.17.2. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) мүше мемлекеттердің СБҮТ және Комиссияның СБҮТ тіркеу;
2) мүше мемлекеттердің СБҮТ және Комиссияның СБҮТ ЭЦҚ кілттер сертификаттарын шығару (жасау);
3) мүше мемлекеттердің СБҮТ және Комиссияның СБҮТ ЭЦҚ кілттер сертификаттарын тарату (беру);
4) мүше мемлекет СБҮТ-ның, Комиссия СБҮТ-ның ЭЦҚ тексеру кілті сертификатын алу үшін көрсетілген ЭЦҚ тиісті тексеру кілтін иеленуін растау;
5) ЭЦҚ-ның шығарылған кілттер сертификаттарының пікірлерін басқару;
6) ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының қолданылу мерзімдерін белгілеу;
7) ЭЦҚ-ны тексеру кілттерінің берілген сертификаттарын жою;
8) ЭЦҚ-ның шығарылған кілттері сертификаттарын сақтау;
9) СҮТБ қызметінің куәландырушы органы берген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының тізілімін, оның ішінде СҮТБ қызметінің куәландырушы органы берген ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарын қамтитын ақпаратты және ЭЦҚ тексеру кілттері сертификаттарының қолданылуын тоқтату немесе жою күні туралы және осындай тоқтатудың немесе жоюдың негіздері туралы ақпаратты қамтитын тізілімін жүргізу;
10) ЭЦҚ-ның өзекті кілттер сертификаттарының, ЭЦҚ-ның қайтарылған кілттер сертификаттарының тізілімдерін жүргізу;
11) ЭЦҚ құралдарын мүше мемлекеттердің СҮТБ және Комиссияның СҮТБ операторларына беру;
12) мүше мемлекеттердің СҮТБ және Комиссияның СҮТБ интеграцияланған жүйесін пайдалана отырып, СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарына кез келген уақытта өтеусіз қолжетімділікті қамтамасыз ету;
13) СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарының тізілімінде ЭЦҚ тексеру кілттерінің бірегейлігін тексеру;
14) ЭЦҚ-ны тексеру кілттерінің берілген сертификаттарын басқарумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыру.
4.2.17.3. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы X.509 Public Key Infrastructure ұсынымдарына сәйкес ашық кілттер инфрақұрылымы (Public Key Infrastructure)негізінде құрылуға тиіс және Комиссияның осы мақсаттары үшін бекітілетін ЭЦҚ-ның келісілген криптографиялық стандарттары мен хэширлеу функциясының келісілген криптографиялық стандарттарын пайдалануға тиіс.
4.2.17.4. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы тек уәкілетті органдармен келісілген және осы мақсаттар үшін Комиссия бекітетін ЭЦҚ құралдары мен куәландырушы орталықтың құралдарын пайдалануға тиіс. Жұмыстарды осы техникалық тапсырмаға сәйкес орындау кезінде интеграцияланған жүйені СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығында одан әрі пайдалану үшін мүше мемлекеттердің ЭЦҚ құралдары мен куәландырушы орталықтың құралдарын бірлесіп әзірлеуін ұйымдастыру мүмкіндігі қаралуға тиіс.
4.2.18. Комиссияның куәландырушы орталығына қойылатын талаптар
4.2.18.1. Комиссияның куәландырушы орталығы Комиссия Алқасының мүшелерін, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерін электрондық құжаттарға қол қою үшін ЭЦҚ кілттері сертификаттарымен қамтамасыз етуге арналған.
4.2.18.2. Комиссияның куәландырушы орталығы мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) ЭЦҚ-ны тексеру кілттерінің сертификаттарын жасау және осындай сертификаттарды Комиссияның оларды алуға өтініш жасаған лауазымды адамдары мен қызметкерлеріне беру (осы тармақта бұдан әрі – өтініш берушілер);
2) ЭЦҚ-ны тексеру кілті сертификатын алу үшін көрсетілген ЭЦҚ-ны тексеру кілтіне сәйкес келетін ЭЦҚ кілтін өтініш берушінің иеленуін растау;
3) ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарының қолданылу мерзімдерін белгілеу;
4) ЭЦҚ-ны тексеру кілттерінің берілген сертификаттарын жою;
5) өтініш берушінің өтініші бойынша ЭЦҚ кілті мен ЭЦҚ-ны тексеру кілтін қамтитын (оның ішінде Комиссияның куәландырушы органы жасаған) немесе өтініш берушінің ЭЦҚ кілті мен ЭЦҚ-ны тексеру кілтін жасау мүмкіндігін қамтамасыз ететін ЭЦҚ құралдарын беру;
6) Комиссияның куәландырушы органы берген ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарының тізілімін, оның ішіндеКомиссияның куәландырушы органы берген ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарын қамтитын ақпаратты және ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарының қолданылуын тоқтату немесе жою күні туралы және осындай тоқтатудың немесе жоюдың негіздері туралы ақпаратты қамтитын тізілімін жүргізу;
7) ақпараттық-телекоммуникациялық желілерді пайдалана отырып, оның ішінде "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісін пайдалана отырып, Комиссияның куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарының тізіліміне кез келген тұлғаның кез келген уақытта өтеусіз қол жеткізуін қамтамасыз ету;
8) өтініш берушінің өтініші бойынша ЭЦҚ кілті мен ЭЦҚ-ны тексеру кілтін жасау;
9) Комиссияның куәландырушы орталығы берген ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарының тізілімінде ЭЦҚ-ны тексеру кілттерінің бірегейлігін тексеру;
10) Комиссия Алқасы мүшелерінің, Комиссияның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің өтініштері бойынша ЭЦҚ-ны тексеру;
11) өзі берген ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарын басқарумен байланысты өзге де қызметті жүзеге асыру.
4.2.18.3. Комиссияның куәландырушы орталығы X.509 Public Key Infrastructure ұсынымдарына сәйкес ашық кілттер инфрақұрылымы (Public Key Infrastructure) негізінде құрылуға тиіс және осы мақсаттар үшін Комиссиябекітетін ЭЦҚ-ның келісілген криптографиялық стандарттары мен хэширлеу функциясының келісілген криптографиялық стандарттарын пайдалануға тиіс.
4.2.18.4. Комиссияның куәландырушы орталығы тек уәкілетті органдармен келісілген және осы мақсаттар үшін Комиссия бекіткен ЭЦҚ құралдары мен куәландырушы орталықтың құралдарын пайдалануға тиіс.
4.2.19. Ұлттық сегментке қойылатын талаптар
4.2.19.1. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.19.1.1. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі жалпы процестерді іске асыру шеңберінде өзара іс-қимылды қамтамасыз ету үшін уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзіне қосуды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.1.2. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі қолданбалы ақпараттық жүйелер қалыптастыратын электрондық құжаттарды ұлттық сегменттің интеграциялық жүйесіне дейін жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.1.3. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі ұлттық сегменттің интеграциялық жүйесінен алынған электрондық құжаттарды қолданбалы ақпараттық жүйелерге дейін жеткізуді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.1.4. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі электрондық құжаттарды ұлттық сегменттің интеграциялық жүйесінен хабарламаны алушының қолданбалы ақпараттық жүйесіне дейін бағдарлауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.1.5. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі қолданбалы ақпараттық жүйе мен ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзі арасында электрондық құжатты бағдарлау және өңдеу функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті технологиялық ақпаратты беруді қамтамасыз етуге тиіс. Көрсетілген технологиялық ақпараттың құрамын Комиссия айқындайды.
4.2.19.1.6. Ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.19.2. Ұлттық сегменттің СБҮТкіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.19.2.1. Ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесі мынадай функциялардың, оның ішінде уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып Комиссия әзірлейтін және Шартқа №3 қосымшаның 18-тармағына сәйкес Комиссия бекітетін трансшекаралық сенім кеңістігін құруға, дамытуға және оның жұмыс істеуіне қойылатын талаптарға және Комиссия бекітетін нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) электрондық құжаттың және ЭЦҚ-ның теңтүпнұсқалылығын тексеру;
2) электрондық құжаттың тұтастығын тексеру;
3) ұлттық сегменттен шығатын электрондық құжатқа қол қойылған ЭЦҚ-ның дұрыстығын тану, оның ішінде осы электрондық құжатқа қол қойылғаннан кейін оған енгізілген өзгерістердің жоқ екенін растау және осы құжатқа қол қойылған ЭЦҚ-ның ЭЦҚ-ны тексеру кілтінің тиісті сертификат иесіне тиесілілігін растау;
4) ұлттық сегментке кіретін электрондық құжаттың ЭЦҚ-ны тексеру нәтижесіне қол қойылған басқа мүше мемлекеттің ұлттық сегментінің СБҮТ, Комиссия СБҮТ электрондық қолтаңбаның дұрыстығын тану, оның ішінде осы тексеру нәтижесіне қол қойылғаннан кейін оған енгізілген өзгерістердің жоқ екенін растау және осы тексеру нәтижесіне қол қойылған ЭЦҚ-ның ЭЦҚ-ны тексеру кілтінің тиісті сертификат иесіне тиесілілігін растау;
5) ұлттық сегменттен шығатын электрондық құжаттың ЭЦҚ-ны тексеру нәтижесіне СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы ұлттық сегменттің СБҮТ берген, ЭЦҚ тексеру кілті сертификатына негізделген ұлттық сегменттің СБҮТ ЭЦҚ-мен қол қою;
6) ұлттық сегментке кіретін электрондық құжаттың ЭЦҚ-ны тексеру нәтижесіне мүше мемлекеттің заңнамасына және Одақтың құқығына сәйкес ұлттық сегменттің СБҮТ берген, ЭЦҚ-ны тексеру кілті сертификатына негізделген ұлттық сегменттің СБҮТ ЭЦҚ-мен қол қою;
7) ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесінде орындалатын операцияларды құжаттау;
8) Комиссияның және уәкілетті органдардың сұрау салулары бойынша ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесінің операциялары туралы ақпарат беру;
9) ЭЦҚ қолданудың құқыққа сыйымдылығын тексеру;
10) электрондық құжаттар мен ЭЦҚ-ны тексеру нәтижелерін қамтитын түбіртектерді қалыптастыру;
11) осы техникалық тапсырманың 4.2.19.2.2-тармағына сәйкес интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде белгіленетін өзге де функциялар.
Ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесінде жүргізілетін тексерулер, сондай-ақ осы тексерулердің нәтижелерін көрсететін түбіртектерді қалыптастыру Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің мемлекеттік билік органдарының өзара және Еуразиялық экономикалық комиссиямен трансшекаралық өзара іс-қимылы кезінде электрондық құжаттармен алмасу туралы ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
4.2.19.2.2. Ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.19.3. Ұлттық сегментті мониторингтеу және басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.19.3.1. Ұлттық сегментті мониторингтеу және басқару кіші жүйесі ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзінің жұмыс істеу қабілеттілігіне және ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесіне әсер ететін бақыланатын параметрлердің ауытқуы туралы оқиғаларды мониторингтеу журналында тіркеу функциясын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.3.2. Мониторингтеу және басқару кіші жүйесі:
1) ұлттық сегменттің интеграциялық шлюздерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сервистерге;
2) ұлттық сегменттің СБҮТ кіші жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін сервистерге;
3) ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзінің интеграцияланған жүйемен өзара іс-қимыл интерфейстеріне қолжетімділікті бақылауды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.3.3. Мониторингтеу және басқару кіші жүйесі ұлттық сегменттің интеграциялық жүйесінің жұмыс істеу қабілеттілігіне және СБҮТ кіші жүйелеріне, Комиссияның интеграциялық сегментін мониторингтеу мен басқару кіші жүйесіне әсер ететін сыни оқиғалар туралы ақпаратты оқиғаның туындау фактісі бойынша беру функцияларын жүзеге асыруды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.3.4. Ұлттық сегментті мониторингтеу және басқару кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.19.4. Ұлттық сегментті қорғау кіші жүйесіне қойылатын талаптар
4.2.19.4.1. Ұлттық сегментті қорғау кіші жүйесі ақпарат қауіпсіздігінің қатеріне, ақпарат қауіпсіздігін бұзушы моделіне, ұлттық сегментті қорғау объектілерінің құрамына, ақпараттық технологиялары мен құрылымдық-функционалдық сипаттамаларына қарай мынадай міндеттерді орындауды қамтамасыз етуге тиіс:
1) қол жеткізу субъектілері мен қол жеткізу объектілерін сәйкестендіру және аутентификациялау;
2) қол жеткізу субъектілерінің қол жеткізу объектілерге қолжетімділігін басқару;
3) сәйкестендіргіштерді және аутентификациялау құралдарын басқару;
4) ақпаратты вирусқа қарсы қорғау;
5) ақпараттың машиналық жеткізгіштерін қорғау;
6) қауіпсіздік оқиғаларын тіркеу;
7) желілік деңгейде серверлер мен жұмыс станцияларының деңгейінде басып кіруді анықтау (болдырмау);
8) ақпараттың қорғалуын бақылау (талдау);
9) таралуы шектелген ақпаратты және ақпаратты қорғау құралдарын санкцияланбаған қол жеткізуден қорғау;
10) ұлттық сегменттің және ұлттық сегментте қамтылатын ақпараттың тұтастығын қамтамасыз ету;
11) ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету;
14) техникалық құралдарды қорғау;
16) байланыс және деректер беру жүйелерін қорғау;
4.2.19.4.2. Ұлттық сегментті қорғау кіші жүйесі ақпараттық қауіпсіздіктің анықталған оқыс оқиғалары туралы мәліметтерді Комиссияның ұлттық сегментінің ақпараттық қауіпсіздік кіші жүйесіне осындай оқыс оқиғаның туындау фактісі бойынша беруді қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.4.3. Ұлттық сегментті қорғау кіші жүйесіне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.19.5. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптар
4.2.19.5.1. Ұлттық сегмент құрамына функционалды кірмейтін уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері өз мүше мемлекетінің аумағында жалпы процестерді іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.5.2. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерінің ұлттық сегменттің интеграциялық шлюзімен өзара іс-қимылы ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесі пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4.2.19.5.3. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері жалпы процестердің технологиялық құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесінен алынған электрондық құжаттар мен электрондық түрдегі мәліметтерді өңдеудің қолданбалы логикасын іске асыруды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.5.4. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері жалпы процестерді іске асыру шеңберінде ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйесімен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге тиіс.
4.2.19.5.5. Жалпы процестерді іске асыруға қатысатын уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері қалыптастыратын электрондық құжаттар мен электрондық түрдегі мәліметтер жалпы процестердің технологиялық құжаттарында белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс.
4.2.19.5.6. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелері жалпы процестерді іске асыру шеңберінде бірыңғай нормативтік-анықтамалық ақпаратты пайдалануға тиіс.
4.2.19.5.7. Уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелеріне қойылатын талаптар интеграцияланған жүйені іске асыру процесінде нақтылануы мүмкін.
4.2.20. Интеграцияланған жүйенің қосымша функцияларына қойылатын талаптар
4.2.20.1. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4.2.20.1.1. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 68 шешімімен мақұлданған Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарына сәйкес сыртқы экономикалық қызметті реттейтін мемлекеттік органдардың өзара және сыртқы экономикалық қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл рәсімдерін оңтайландыру көзделген. Мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру, сондай-ақ сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға қажетті құжаттар мен мәліметтерді алуды оңайлату үшін интеграцияланған жүйе құралдарымен тиісті ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету қажет.
4.2.20.1.2. Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2015 жылғы 8 мамырдағы № 19 шешімімен бекітілген Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жоспарына сәйкес "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктері арасында ақпараттық өзара іс-қимыл ұйымдастырылуға тиіс. Бұл ретте "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимыл мынадай қағидаттарға негізделуге тиіс:
1) бір мүше мемлекеттің "бірыңғай терезе" ұлттық тетігі арқылы мүдделі тұлғалардан алынған ақпаратты басқа мүше мемлекеттердің мүдделі мемлекеттік органдарының өздерінің құзыретіне сәйкес пайдалану мүмкіндігі;
2) экспорттық, импорттық және транзиттік операцияларды жасау үшін жеткілікті, өзекті, біріздендірілген және үндестірілген мәліметтерді қамтитын электрондық құжаттармен алмасуды трансшекаралық сенім кеңістігін пайдалана отырып ұйымдастыру;
3) жаңа мүше мемлекеттерді "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылға тең дәрежеде қосу мүмкіндігі;
4) "бір мемлекеттегі экспорт – басқа мемлекеттегі импорт" қағидаты бойынша Одаққа мүше болып табылмайтын мемлекеттердің "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуі шеңберінде ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру мүмкіндігі.
4.2.20.1.3. "Бірыңғай терезе" ұлттық тетіктері арасында ақпараттық өзара іс-қимылды дамыту интеграцияланған жүйені пайдалана отырып, "бірыңғай терезе" ұлттық тетіктерінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге тартылған жалпы процестерді оңтайландыру және іске асыру арқылы жүзеге асырылуға тиіс.
4.2.20.1.4. Сыртқы экономикалық қызметті реттеу жүйесінде "бірыңғай терезе" тетігін дамытудың негізгі бағыттарында көзделген ақпараттық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету оның ішінде интеграцияланған жүйенің мынадай кіші жүйелері пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиіс:
1) нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі;
2) сыртқы экономикалық қызмет мәселелері бойынша мемлекетаралық көрсетілетін қызметтер порталын және шаруашылық жүргізуші субъектілерді ақпараттық қолдау порталын қоса алғанда, Одақтың ақпараттық порталы;
3) интеграциялық платформа, оның ішінде сыртқы ақпараттық жүйелермен өзара іс-қимыл кіші жүйесі.
4.2.20.2. Жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жүйесінің функцияларын қолдауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4.2.20.2.1. Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің 2014 жылғы 28 сәуірдегі № 28 шешіміне сәйкес мүше мемлекеттердің аумақтарында тауарлардың айналымын бақылау және тауарлардың импорты мен өндірісінің заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің жекелеген түрлерін таңбалау жүйесі құрылады.
4.2.20.2.2. Таңбалау жүйесін ақпараттық-технологиялық қолдауды қамтамасыз ету үшін тауарларды таңбалаудың ақпараттық жүйесі құрылуға тиіс, ол мүше мемлекеттердің өзара әрекет ететін ұлттық құрамдастары мен Комиссияның ұлттық құрамдасынан тұруға тиіс.
4.2.20.2.3. Комиссияның интеграциялық құрамдасы Комиссияның интеграциялық сегменті құрамында іске асырылуға тиіс және:
1) жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау жүйесін қолдау үшін қажетті жалпы тізілімдерді, анықтамалықтар мен сыныптауыштарды жүргізуге;
2) жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау саласында талдамалық есептілікті жинауға және қалыптастыруға;
3) уәкілетті органдар мен мүдделі тұлғаларға жеңіл өнеркәсіп тауарларын таңбалау саласында ортақ ақпараттық ресурстарға қолжетімділік беруге арналған.
4.2.20.2.4. Комиссияның интеграциялық құрамдасының функцияларын қамтамасыз ету интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері, оның ішінде:
1) нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі;
2) ақпараттық-талдамалық кіші жүйе;
3) Одақтың ақпараттық порталы пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4.2.20.3. Кедендік инфрақұрылымды мониторингтеу функцияларын қолдауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4.2.20.3.1. Интеграцияланған жүйе кедендік инфрақұрылым саласында мынадай функцияларды ақпараттық-технологиялық қолдауды қамтамасыз етуге тиіс:
1) кедендік инфрақұрылымды дамыту бойынша Одақтың көліктік-транзиттік әлеуетін бағалау;
2) көліктік инфрақұрылым саласында Комиссияның шешімдерін қабылдау және кеден мақсаттарында ақпараттық технологияларды пайдалану практикасының тиімділігін көп факторлы талдау және мониторингтеу;
3) рұқсат беру құжаттарын трансшекаралық пайдалану кезінде ақпарат ағынын талдау және зерттеу.
4.2.20.3.2. Кедендік инфрақұрылымды мониторингтеу мақсатында мынадай функциялар жүзеге асырылуға тиіс:
1) Одақтың көліктік-транзиттік әлеуеті бойынша сыртқы экономикалық қызмет көрсеткіштерінің жиынын және статистиканы қалыптастыру және жүргізу;
2) кедендік инфрақұрылымды дамытуды бағалау үшін индикаторлар жиынын қалыптастыру, есептеу және жүргізу;
3) макроэкономикалық көрсеткіштер мен кедендік статистика көрсеткіштерін талдау, сондай-ақ мұндай көрсеткіштерді кедендік инфрақұрылымды дамыту деңгейіне қарай модельдеу;
4) берілген факторлардың ықпалы кезінде кедендік инфрақұрылым жағдайына байланысты транзиттік ағындар өзгерістерін бағалау;
5) кедендік инфрақұрылым саласында макроэкономикалық көрсеткіштердің есеп-қисабын қолдау;
6) рұқсат беру құжаттарын трансшекаралық пайдалану туралы статистикалық деректерді талдау;
7) ақпарат алмасудың статистикалық деректерін мониторингтеу.
4.2.20.3.3. Кедендік инфрақұрылымды мониторингтеу функцияларын қамтамасыз ету ақпараттық-талдамалық кіші жүйе пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4.2.20.4. Дәрілік заттар айналысы саласындағы ақпараттық жүйе функцияларын қолдауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4.2.20.4.1. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде дәрілік заттар айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімде Комиссияның дәрілік заттардың айналысы саласында ақпараттық жүйе құруы және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуі көзделген.
4.2.20.4.2. Дәрілік заттар айналысы саласындағы ақпараттық жүйе Комиссияның интеграциялық сегменті құрамында іске асырылуға тиіс және Одақ шеңберінде қолданылатын дәрілік заттар айналысы саласындағы талаптар туралы ақпаратты, Одақтың дәрілік заттардың бірыңғай тізілімінде қамтылатын ақпаратты, фармакоқадағалау деректерін, сондай-ақ мынадай дерекқорда қамтылатын ақпаратты беруге арналған:
1) мүше мемлекеттердің аумақтарында анықталған сапасы жағынан талаптарға сәйкес келмейтін дәрілік заттардың, сондай-ақ жалған және (немесе) контрафактілі дәрілік заттардың бірыңғай ақпараттық дерекқоры;
2) дәрілік заттардың тиімсіздігі туралы хабарламаны қамтитын, дәрілік заттарға қатысты анықталған жағымсыз реакциялар (әсер) бойынша бірыңғай ақпараттық дерекқор;
3) тоқтатыла тұрған, кері қайтарылған және медициналық қолдануға тыйым салынған дәрілік заттардың бірыңғай ақпараттық дерекқоры.
4.2.20.4.3. Дәрілік заттар айналысы саласындағы ақпараттық жүйенің функцияларын қамтамасыз ету интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері, оның ішінде:
1) нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі;
2) техникалық реттеу кіші жүйесі;
3) ақпараттық-талдамалық кіші жүйе;
4) Одақтың ақпараттық порталы пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4.2.20.4.4. Уәкілетті органдар мен Комиссия арасында 4.2.20.4.2-тармақта көрсетілген тізілімдер мен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу үшін қажетті деректермен алмасу жалпы процестерді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
4.2.20.5. Медициналық бұйымдар айналысы саласындағы ақпараттық жүйенің функцияларын қолдауды қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4.2.20.5.1. 2014 жылғы 23 желтоқсандағы Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдардың (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісімде Комиссияның медициналық бұйымдар айналысы саласында ақпараттық жүйе қалыптастыруы және оның жұмыс істеуін қамтамасыз етуі көзделген.
4.2.20.5.2. Медициналық бұйымдар айналысы саласындағы ақпараттық жүйе Одақ шеңберінде қауіпсіз, сапалы және тиімді медициналық бұйымдардың айналысы үшін жағдайларды қамтамасыз етуге арналған және ол мыналарды қамтиды:
1) Одақ шеңберінде тіркелген медициналық бұйымдардың бірыңғай тізілімі;
2) уәкілетті ұйымдардың бірыңғай тізілімі;
3) медициналық бұйымдардың қауіпсіздігін, сапасын және тиімділігін мониторингтеудің бірыңғай ақпараттық дерекқоры.
4.2.20.5.3. Медициналық бұйымдардың айналысы саласындағы ақпараттық жүйенің функцияларын қамтамасыз ету интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері, оның ішінде:
1) нормативтік-анықтамалық ақпаратты, тізілімдер мен тіркелімдерді жүргізу кіші жүйесі;
2) ақпараттық-талдамалық кіші жүйе;
3) Одақтың ақпараттық порталы пайдаланыла отырып жүзеге асырылуға тиіс.
4.2.20.5.4. Уәкілетті органдар мен Комиссия арасында 4.2.20.5.2-тармақта көрсетілген тізілімдер мен дерекқорды қалыптастыру және жүргізу үшін қажетті деректермен алмасу жалпы процестерді іске асыру шеңберінде жүзеге асырылады.
4.3. Қамтамасыз ету түрлеріне қойылатын талаптар
4.3.1. Лингвистикалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4.3.1.1. Лингвистикалық қамтамасыз етуге қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмаларда айқындалуға тиіс.
4.3.1.2. Интеграцияланған жүйе халықаралық тәжірибе мен озық практикаларды ескере отырып, пәндік саланы сипаттаудың, бағдарламалық қамтамасыз етуді жобалау мен әзірлеудің заманауи тілдері мен құралдары қолданыла отырып жасалуға тиіс.
4.3.2. Бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4.3.2.1. Интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуі үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз ету СӨСИАЖ жұмыс істеуі үшін пайдаланылатын бағдарламалық қамтамасыз етуге сәйкес келуге тиіс.
4.3.2.2. Бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын егжей-тегжейлі талаптар тиісті жеке техникалық тапсырмаларда айқындалуға тиіс.
4.3.3. Техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4.3.3.1. Интеграцияланған жүйені техникалық қамтамасыз етуге қойылатын жалпы талаптар
4.3.3.1.1. Интеграцияланған жүйені техникалық қамтамасыз ету интеграцияланған жүйені құрудың, күшейтудің және пайдаланудың, сондай-ақ персоналды оқытудың толық циклін қамтамасыз етуге тиіс.
4.3.3.1.2. Интеграцияланған жүйені техникалық қамтамасыз ету ең кемінде мынадай контурларды қамтуға тиіс:
1) жұмыс контуры – интеграцияланған жүйені тәжірибелік және өнеркәсіптік пайдалану кезінде интеграцияланған жүйе құрамдастарының жұмыс істеуі үшін пайдаланылады;
2) тестілеу контуры – тестілеу, оның ішінде интеграцияланған жүйенің құрамдастарын мемлекетаралық тестілеу мақсатында пайдаланылады;
3) оқыту контуры – мамандарды оқыту үшін пайдаланылады.
4.3.3.1.3. Тестілеу және оқыту контурлары біріктірілуі мүмкін, бұл ретте біріктірілген контурлар тестілеу мен оқыту жүргізу процестерінің нашарлауына әкеп соқпауға тиіс.
4.3.3.1.4. Интеграцияланған жүйені техникалық қамтамасыз ету осы техникалық тапсырманың 4.1.5-тармағында көрсетілген сенімділік талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тиіс.
4.3.3.2. Интеграцияланған жүйенің желілік инфрақұрылымына қойылатын талаптар
4.3.3.2.1. Интеграцияланған жүйенің желілік инфрақұрылымының интеграцияланған жүйе шегінде ІР толық байланысты топологиясы болуға тиіс.
4.3.3.2.2. Интеграцияланған жүйенің желілік инфрақұрылымы деректер берудің негізгі және резервтік арналарын ұсына отырып, интеграцияланған жүйе құрамдастарын қосудың істен шығуға қарсы тұру схемасын қамтамасыз етуге тиіс.
4.3.3.2.3. Интеграцияланған жүйенің желілік инфрақұрылымы интеграцияланған жүйенің сегменттері арасында кемінде 1 024 Мб/с өткізу қабілетін қамтамасыз етуге тиіс.
4.3.3.3. Интеграцияланған жүйені техникалық қамтамасыз етудің базалық қызметтеріне қойылатын талаптар
4.3.3.3.1. Интеграцияланған жүйені техникалық қамтамасыз етудің базалық қызметтеріне:
1) каталог қызметі;
2) домендік атауларға рұқсат беру қызметі;
3) уақыт қызметі;
4) пошта хабарламаларын жөнелту қызметі;
5) резервтік көшіру қызметі жатады.
4.3.3.3.2. Каталог қызметі интеграцияланған жүйені пайдаланушылардың мынадай санаттары үшін есептік жазбалар каталогын жүргізу мен сақтауды және интеграцияланған жүйенің функционалдық және қамтамасыз етуші кіші жүйелерінде аутентификациялау мүмкіндігін қамтамасыз етуге тиіс:
1) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің әкімшілері;
2) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін пайдаланушылар.
4.3.3.3.3. Доминдік атауларға рұқсат беру қызметі ІР-мекенжайға мнемоникалық атауларға рұқсат беруді және ІР-мекенжайларынан мнемоникалық атауларға кері рұқсат беруді қамтамасыз етуге тиіс.
4.3.3.3.4. Уақыт қызметі интеграцияланған жүйенің серверлерінде уақытты үндестіру функциясын қамтамасыз етуге және интеграцияланған жүйенің барлық кіші жүйелері шеңберінде ортақ уақытты қолдауға тиіс.
4.3.3.3.5. Пошта хабарламаларын жөнелту қызметі пошта хабарламаларын интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінен интеграцияланған жүйені пайдаланушылардың мынадай санаттарына жіберу сервисін қамтамасыз етуге тиіс:
1) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің әкімшілері;
2) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін пайдаланушылар:
3) жасырын пайдаланушылар (Одақтың ақпараттық порталының құралдарымен ортақ ақпараттық ресурстарға қолжетімділігі бар "Интернет" ақпараттық-телекоммуникациялық желісін пайдаланушылар).
4.3.3.3.6. Резервтік көшіру қызметі мынадай функциялардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуге тиіс:
1) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің деректері мен конфигурациясын толық және инкрементті резервтік көшіру;
2) резервтік көшірмелердің тізімін қарау және таңдалған резервтік көшірмелерді қалпына келтіру;
3) виртуалды машиналар деңгейінде серверлерді резервтік көшіру;
4) операциялық жүйенің деректері мен конфигурациясын және интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінде пайдаланылатын қосымшаларды резервтік көшіру;
5) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің деректері мен конфигурациясын қалпына келтіру мүмкіндігі;
6) ленталық жеткізгіштерде деректердің резервтік көшірмелерін сақтау мүмкіндігі;
7) қашық алаңда деректердің қосымша резервтік көшірмесін сақтау мүмкіндігі;
8) дискілі және таспалы жеткізгіштерде деректерді сақтаудың жалпы көлемін азайту үшін деректерді сығымдау және дедупликациялау;
9) интеграцияланған жүйенің құрамдастары үшін деректерді резервтік көшіру мен қалпына келтірудің функционалдығын орталықтандырылған түрде басқаруға арналған бірыңғай интерфейс ұсыну.
4.3.4. Ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4.3.4.1. Интеграцияланған жүйені құруды Комиссия үйлестіреді, ол ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілерімен өзара іс-қимыл жасай отырып, оның жұмыс істеуі мен дамуын қамтамасыз етеді.
4.3.4.2. Комиссия жұмыстарды жобалауды, әзірлеуді, енгізуді, нәтижелерін қабылдауды және Комиссияның интеграциялық сегментін, Комиссияның ақпараттық ресурстары мен жүйелерін одан әрі сүйемелдеуді ұйымдастырады.
4.3.4.3. Мүше мемлекет ұлттық сегментті құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі міндеттерді орындайтын ұлттық сегменттің тапсырыс берушісін айқындайды.
4.3.5. Әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар
4.3.5.1. Интеграцияланған жүйені әдістемелік қамтамасыз ету міндеттері интеграцияланған жүйені құру, жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту кезінде Комиссия әзірлейтін техникалық, технологиялық және әдістемелік құжаттарды, сондай-ақ ұлттық деңгейде әзірленетін, оларды нақтылайтын және тәптіштейтін құжаттарды пайдалану есебінен орындалуға тиіс.
4.3.5.2. Ұлттық сегментті құру жөніндегі жұмыстарды орындау шеңберінде ұлттық сегментті іске асыру ерекшелігі ескерілетін ұлттық деңгейдегі әдістемелік құжаттар кешенін құру көзделуге тиіс.
4.3.5.3. Ұлттық деңгейдегі әдістемелік құжаттар кешені мыналарды қамтуы мүмкін:
1) ұлттық сегментте жалпы процестерді іске асыру бөлігінде жалпы процестердің тиісті технологиялық құжаттарын нақтылайтын және толықтыратын әрбір жалпы процесс үшін ұлттық регламенттер;
2) ұлттық сегментті іске асыру ерекшеліктері ескеріле отырып, жалпы процестердің тиісті технологиялық құжаттарын қолданудың бірыңғай қағидалары.
5. Интеграцияланған жүйені құру және дамыту жөніндегі жұмыстардың құрамы мен мазмұны
5.1. Интеграцияланған жүйені құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту жөніндегі жұмыс уәкілетті органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып Комиссия әзірлейтін және Комиссияның Кеңесі бекітетін жоспарлар негізінде жүзеге асырылады.
6. Жүйені бақылау және қабылдау тәртібі
6.1. Жүйені сынаудың түрлері, құрамы, көлемі мен әдістері
6.1.1. Интеграцияланған жүйенің құрамдастарын сынаудың түрлері мен құрамы 34.603 МемСТсәйкес келуге тиіс. Сынақтардың көлемі мен әдістері сынау бағдарламалары мен әдістемесінде айқындалуға тиіс.
6.1.2. Сынақ сынауға жататын интеграцияланған жүйенің құрамдастары орнатылған есептеу техникасының көмегімен жүргізілуге тиіс.
6.1.3. Техникалық, бағдарламалық және әдістемелік қамтамасыз ету жобалық және пайдалану құжаттамасына сәйкес жұмысқа әзір болуға және бапталуға тиіс.
6.1.4. Сынақтар пайдаланудың нақты жағдайларына барынша жақын жағдайларда жүргізілуге тиіс.
6.2. Жұмысқа қабылдауға қойылатын талаптар
6.2.1. Жұмыстарды тапсыру-қабылдау осы техникалық тапсырманың 5-бөліміне сәйкес кезең-кезеңмен жүргізіледі.
6.2.2. Сынақтар интеграцияланған жүйенің осы техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігін тексеру мақсатында жүргізіледі.
6.2.3. Интеграцияланған жүйенің берілген функцияларын жүзеге асыруды тексеру үшін сынаудың мынадай түрлері белгіленеді:
1) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін алдын ала дербес сынаулар;
2) интеграцияланған жүйені мемлекетаралық сынаулар.
6.2.4. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін алдын ала дербес сынаулар интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің берілген функцияларын жүзеге асыруды тексеру процесін білдіреді.
6.2.5. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін алдын ала дербес сынауды жүргізуді жоспарлау үшін бағдарлама мен әдістеме әзірленеді, оған сәйкес бақылау мысалында интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің берілген функцияларын жүзеге асыруды тексеру жүргізіледі.
6.2.6. Интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін алдын ала дербес сынауды жүргізу нәтижелері бойынша тиісті хаттама ресімделеді, онда интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің осы техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігі туралы шешім тіркеледі және интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерінің мемлекетаралық тестілеуге және мемлекетаралық сынауларға әзірлігі туралы шешім қабылданады. Көрсетілген талаптардан ауытқушылықтар анықталған жағдайда қажетті пысықтаулардың тізбелері мен осы ауытқушылықтарды жоюдың ұсынылатын мерзімдері қалыптастырылады.
6.2.7. Интеграцияланған жүйені мемлекетаралық сынаулар тұтастай интеграцияланған жүйенің берілген функцияларын жүзеге асыруды тексеру процесін білдіреді.
6.2.8. Интеграцияланған жүйені мемлекетаралық сынауды жүргізуді жоспарлау үшін бағдарлама мен әдістеме әзірленеді, оларға сәйкес тұтастай интеграцияланған жүйенің берілген функцияларының жүзеге асырылуын тексеру жүргізіледі.
6.2.9. Интеграцияланған жүйені мемлекетаралық сынауларды қабылдау комиссиясы жүргізеді, оның құрамы мен мәртебесін Комиссия айқындайды. Қабылдау комиссиясының құрамына мүше мемлекеттер мен Комиссияның өкілдері кіреді.
6.2.10. Интеграцияланған жүйені мемлекетаралық сынаулар ұлттық сегменттер мен Комиссияның интеграциялық сегментінің дайын болуына қарай бірнеше кезеңде жүргізіледі.
6.2.11. Интеграцияланған жүйені мемлекетаралық сынауды жүргізу нәтижелері бойынша тиісті хаттама ресімделеді, онда интеграцияланған жүйенің тұтастай осы техникалық тапсырманың талаптарына сәйкестігі туралы шешім тіркеледі және интеграцияланған жүйенің пайдалануға әзірлігі туралы шешім қабылданады. Көрсетілген талаптардан ауытқушылықтар анықталған жағдайда қажетті пысықтаулардың тізбелері мен осы ауытқушылықтарды жоюдың ұсынылатын мерзімдері қалыптастырылады.
7. Автоматтандыру объектісін жүйені қолданысқа енгізуге дайындау жөніндегі жұмыстардың құрамы мен мазмұнына қойылатын талаптар
7.1. Автоматтандыру объектілерін интеграцияланған жүйені қолданысқа енгізуге дайындау үшін мынадай жұмыстардың орындалуын қамтитын техникалық және ұйымдастырушылық іс-шаралар кешені жүргізілуге тиіс:
1) интеграцияланған жүйенің жаңадан құрылатын кіші жүйелерін кеңейту үшін Комиссияның интеграциялық сегментін техникалық қамтамасыз етуді жаңғырту;
2) уәкілетті органдардың ақпараттық жүйелерін мүше мемлекеттердің ведомствоаралық ақпараттық өзара іс-қимыл жүйелеріне қосуды қамтамасыз ету және жалпы процестерді іске асыру үшін (қажет болған кезде) оларды пысықтау;
3) интеграцияланған жүйені құру процесінде құрылған немесе жаңғыртылған интеграцияланған жүйенің функционалдық және қамтамасыз етуші кіші жүйелерін өрістету;
4) сот ісін жүргізу, техникалық реттеу, мамандандырылған құжат айналымы және кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу кіші жүйелерінде сақталатын деректерді қоса алғанда, бастапқы жүктеу үшін деректерді дайындау;
5) ақпараттық-талдамалық кіші жүйеге және статистика кіші жүйесіне жаңадан қосылатын көздерден алынатын деректердің миграциясы;
6) заңдық мәні бар электрондық құжат айналымын қамтамасыз ету үшін пайдаланылатын ЭЦҚ-ны тексеру кілттері сертификаттарын шығару және тарату;
7) сәйкестендіру деректерін басқару кіші жүйесінде интеграцияланған жүйенің кіші жүйелерін пайдаланушылардың сәйкестендіру деректерін тексеру;
8) интеграцияланған жүйенің жұмыс істеуін қамтамасыз етуді ұйымдастыруға жауапты құрылымдық бөлімшелерді айқындау;
9) пайдаланушылар топтарын интеграцияланған жүйенің ақпараттық-бағдарламалық құралдарымен жұмыс істеуге оқытуды жүргізу.
8. Құжаттауға қойылатын талаптар
8.1. Интеграцияланған жүйеде 34.201-89. МемСТ және 34.601-90 МемСТ талаптарына сәйкес құжаттама әзірленеді.
8.2. Пайдалану құжаттамасының берілетін жинақтарының қажетті санын интеграцияланған жүйені құру жөніндегі жұмысты үйлестіруші – тапсырыс беруші айқындайды.
8.3. Интеграцияланған жүйені құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету және дамыту шеңберінде мынадай құжаттар әзірленеді:
1) интеграцияланған жүйенің кіші жүйелері мен құрамдастарына жеке техникалық тапсырмалар;
2) интеграцияланған жүйені пайдалануды және дамытуды қамтамасыз ететін нормативтік құқықтық және техникалық құжаттар, сондай-ақ әдістемелік материалдар;
3) жалпы процестерді іске асырудың пәндік салалары шеңберінде Одақтың деректер моделінің құжаттамасы;
4) жалпы процестерді интеграциялық жүйе құралдарымен іске асыру кезінде ақпараттық өзара іс-қимылды регламенттейтін технологиялық құжаттар;
5) Комиссияның интеграциялық сегменті кіші жүйесіне техножұмыс жобасының құжаттамасы, оның ішінде:
техножұмыс жобасының ведомосі;
техножұмыс жобасына түсіндірме жазба;
жабдықтар мен материалдар ведомосі;
бағдарламалық қамтамасыз ету сипаттамасы;
тұтынушының басшылық құралы;
әкімшінің басшылық құралы;
сынақтар бағдарламасы мен әдістемесі;
техникалық қызмет көрсету жөніндегі басшылық құрал;
техникалық қамтамасыз ету жөніндегі шешім;
техникалық құралдар кешенінің сипаттамасы;
жабдықтар ерекшелігі;
6) жалпы процестерді іске асыру кезінде Комиссияның интеграциялық сегменті құрамында сервистерді бағдарламалық қамтамасыз етудің техножұмыс жобасының құжаттамасы, оның ішінде:
техникалық жобаға түсіндірме жазба;
сынақтар бағдарламасы мен әдістемесі;
әкімшінің басшылық құралы;
тұтынушының басшылық құралы.
8.4. СБҮТ қызметінің куәландырушы орталығы мен интеграциялық платформаға жеке техникалық тапсырмалар ұлттық сегменттердің тапсырыс берушілерімен келісіледі.
8.5. Интеграцияланған жүйе құралдарымен іске асырылатын Одақ шеңберіндегі жалпы процестердің тізбесі Комиссия Алқасының жекелеген шешімімен бекітіледі.
9. Өзгерістер енгізу
9.1. Осы техникалық тапсырмаға өзгерістер енгізу Комиссия Алқасының шешімі негізінде 34.602-89 МемСТ сәйкес жүзеге асырылады.