Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 2 қосымшаның IV бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 3 қарашадағы № 140 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 180-бабының 1-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы № 257 шешімімен бекітілген Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 2 қосымшаның IV бөліміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 3 қарашадағы
№ 140 шешіміне
ҚОСЫМША

Тауарларға декларация толтыру тәртібі туралы нұсқаулыққа № 2 қосымшаның IV бөліміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары 8701 20 101, 8701 20 901 позициялардан кейін

      мынадай мазмұндағы позициялармен толықтырылсын:

"8702

жүргізушіні қоса алғанда, 10 және одан көп адам тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

көлік құралы жабдықталған құрылғының немесе шұғыл жедел қызметтерді шақыру жүйелерінің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)

8703*

жарыс автомобильдерін қоспағанда, жүк-жолаушы автомобиль-фургондарды қоса алғанда, адам тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

көлік құралы жабдықталған құрылғының немесе шұғыл жедел қызметтерді шақыру жүйелерінің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)

8704

жүк тасымалдауға арналған моторлы көлік құралдары

көлік құралы жабдықталған құрылғының немесе шұғыл жедел қызметтерді шақыру жүйелерінің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)

8705

арнаулы мақсаттағы моторлы көлік құралдары

көлік құралы жабдықталған құрылғының немесе шұғыл жедел қызметтерді шақыру жүйелерінің сәйкестендіру нөмірі (болған кезде)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады