Кеден органдарының транзиттік декларацияны беруге, тіркеуге және кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 10 қарашадағы № 147 шешімі

      Кеден одағы Кеден кодексінің 182-бабы 6-тармағының екінші абзацына және 225-бабы 5-тармағының екінші абзацына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 17 тамыздағы № 438 шешімімен бекітілген Кеден органдарының транзиттік декларацияны беруге, тіркеуге және кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне өзгерістер енгізілсін.

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 180 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 10 қарашадағы
№ 147 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден органдарының транзиттік декларацияны беруге, тіркеуге және кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауға байланысты кедендік операцияларды жасау тәртібіне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Мәтін бойынша тиіс жақтағы және септіктегі "Кеден одағына мүше мемлекеттер" деген сөздер тиісті жақтағы және септіктегі "мүше мемлекеттер" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 2-тармақта:

      бірінші абзацтағы "Кеден одағына мүше мемлекеттердің" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың (бұдан әрі – Одақ) құқығына кіретін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      бесінші абзацтағы "Кеден одағына мүше мемлекеттің" деген сөздер "Одаққа мүше мемлекеттің (бұдан әрі – мүше мемлекет)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      жетінші абзацтағы "Кеден одағының" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын.

      3. 3-тармақта:

      а) тоғызыншы абзацтағы "Кеден одағының" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      б) он жетінші және он сегізінші абзацтар "(егер мұндай құжат берілген күннен бастап күнтізбелік 14 күн өтпеген жағдайда)" деген сөздермен толықтырылсын;

      в) жиырмасыншы абзацтағы "Кеден одағының" деген сөздер "Одақтың" деген сөзбен ауыстырылсын;

      г) жиырма бесінші абзацтағы "Кеден одағының кеден заңнамасында" деген сөздер "кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарда және Одақтың құқығын құрайтын актілерде" деген сөздермен ауыстырылсын.

      4. 7-тармақтың үшінші абзацындағы "Кеден одағына" деген сөздер алып тасталсын.

      5. 17-тармақта:

      а) бірінші абзац "(тасымалдау)" деген сөзден кейін "құжаттардың" деген сөзбен толықтырылсын;

      б) екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері туралы келісімнің 3-бабына сәйкес жүк вагондарының (контейнерлердің) тобымен тауарлар партиясын бір көліктік (тасымалдау) құжат бойынша тасымалдау және межелі жолда аварияның, еңсерілмес күш әрекетінің немесе жүк вагондарының (контейнерлердің) техникалық немесе коммерциялық ақауына байланысты және тауарларды тасымалдауға кедергі келтіретін өзге де мән-жайлардың салдарынан бір көліктік (тасымалдау) құжат бойынша келе жатқан жүк вагондарының (контейнерлердің) тобынан тауарлардың осындай партиясын тасымалдайтын бір немесе бірнеше жүк вагонын (контейнерді) ажырату кезінде межелі кеден органына осы тармақтың бірінші немесе екінші абзацында көрсетілген құжаттармен бір уақытта кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттарға және Одақтың құқығын құрайтын актілерге не мүше мемлекеттің көлік саласындағы заңнамасына сәйкес пайдаланылатын және мұндай ажыратудың себебін растайтын құжат немесе оның теміржол тасымалдаушысы растаған көшірмесі (бұдан әрі – жүк вагондарының (контейнерлердің) ажыратылғанын растайтын құжат) ұсынылады.

      Межелі жолда бұрын бір көліктік (тасымалдау) құжат бойынша келе жатқан жүк вагондарының (контейнерлердің) тобынан ажыратылған бір немесе бірнеше жүк вагонымен (контейнермен) тасымалданатын тауарлар жеткізілетін жерге келген кезде межелі кеден органына осы тармақтың бірінші немесе екінші абзацында көрсетілген және теміржол тасымалдаушысы растаған құжаттардың көшірмесі, жүк вагондарының (контейнерлердің) ажыратылғанын растайтын құжат, сондай-ақ мұндай тауарлар жеткізілетін жерге соған сәйкес келген көліктік (тасымалдау) құжат немесе оның теміржол тасымалдаушысы растаған көшірмесі ұсынылады.".

      6. 18-тармақ "және тәуекелдерді басқару жүйесін ескере отырып, кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерде және мүше мемлекеттің заңнамасында көзделген кедендік бақылауды жүргізеді" деген сөздермен толықтырылсын.

      7. 19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Осы Тәртіптің 18-тармағына сәйкес кедендік бақылауды жүргізу нәтижелері бойынша межелі кеден органының лауазымды адамы кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауды, соның ішінде кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерді және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасын бұзудың анықталған белгілерін көрсете отырып ресімдеу туралы шешім және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасына сәйкес өзге шешім қабылдайды.

      Кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтауды, соның ішінде кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерді және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасын бұзудың анықталған белгілерін көрсете отырып ресімдеу туралы шешім қабылданған жағдайда, межелі кеден органы мұндай аяқтауды мейлінше қысқа мерзімде, бірақ транзиттік декларацияны беру тіркелген кезден бастап 24 сағаттан кешіктірмей ресімдейді.".

      8. 21-тармақтың бірінші және екінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Межелі кеден органының лауазымды адамы транзиттік декларацияның (осы Тәртіптің 17-тармағының төртінші абзацында көрсетілген жағдайда – оның расталған көшірмесінің) тиісті бағанына және тауарлардың шығарылғаны туралы белгілері бар көліктік (тасымалдау) құжаттарына (осы Тәртіптің 17-тармағының төртінші абзацында көрсетілген жағдайда – олардың расталған көшірмелеріне) тауарлардың түскені туралы мөртабан қояды, оны толтырады (соның ішінде межелі кеден органына жүк вагондарының (контейнерлердің) ажыратылғанын растайтын құжат ұсынылған кезде тауарлар жеткізілетін жерге іс жүзінде келген тауарлардың санын көрсете отырып), сондай-ақ кедендік құқықтық қатынастарды реттейтін халықаралық шарттар мен Одақтың құқығын құрайтын актілерді және (немесе) мүше мемлекеттің заңнамасын бұзудың анықталған белгілерін көрсетеді, содан кейін толтырылған мөртабан мен бұзудың анықталған белгілері туралы мәліметтерді жеке нөмірлі мөрінің бедерімен растайды.

      Транзиттік декларация ретінде көліктік (тасымалдау), коммерциялық құжаттар пайдаланылған жағдайда, көрсетілген мөртабан қою және бұзудың анықталған белгілері туралы мәліметтерді көрсету тауарлардың шығарылғаны туралы белгілері бар көліктік (тасымалдау) құжатының (осы Тәртіптің 17-тармағының төртінші абзацында көрсетілген жағдайда – оның расталған көшірмесінің) бір данасында, сондай-ақ егер оның болуы осы Тәртіпте көзделген болса, транзиттік декларацияны құрайтын құжаттардың тізімдемесінде (осы Тәртіптің 17-тармағының төртінші абзацында көрсетілген жағдайда – оның расталған көшірмесінде) жүзеге асырылады.".

      9. 22-тармақ екінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

      "2010 жылғы 21 мамырдағы Кеден одағының кедендік аумағы арқылы теміржол көлігімен өткізілетін тауарлардың кедендік транзитінің ерекшеліктері туралы келісімнің 3-бабына сәйкес жүк вагондарының (контейнерлердің) тобымен тауарлар партиясын бір көліктік (тасымалдау) құжат бойынша тасымалдау және осы Тәртіптің 17-тармағының үшінші абзацында көрсетілген жағдайларда межелі жолда бір көліктік (тасымалдау) құжат бойынша келе жатқан жүк вагондарының (контейнерлердің) тобынан тауарлардың осындай партиясын тасымалдайтын бір немесе бірнеше жүк вагонын (контейнерді) ажырату кезінде:

      межелі жолда ажыратылмаған бір немесе бірнеше жүк вагонымен (контейнермен) тасымалданатын тауарларға қатысты – осы тармақтың бірінші немесе екінші абзацында көрсетілген құжаттар мен жүк вагондарының (контейнерлердің) ажыратылғанын растайтын құжат;

      межелі жолда бұрын ажыратылған бір немесе бірнеше жүк вагонымен (контейнермен) тасымалданатын тауарларға қатысты – осы тармақтың бірінші немесе екінші абзацында көрсетілген құжаттардың теміржол тасымалдаушысы растаған көшірмелері, жүк вагондарының (контейнерлердің) ажыратылғанын растайтын құжат, мұндай тауарлар жеткізілетін жерге соған сәйкес келген көліктік (тасымалдау) құжат немесе оның теміржол тасымалдаушысы растаған көшірмесі межелі кеден органында қалады.".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады