Қытай Халық Республикасында шығарылған және Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жүк шиналарына қатысты демпингке қарсы баж ендіру жолымен демпингке қарсы шаралар қабылдау туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 154 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың № 8 қосымшасы) 107-тармағына сәйкес және Ішкі нарықты қорғау департаментінің баяндамасы негізінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. № 1 қосымшаға сәйкес Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелінетін жүк автокөліктерінің, автобустардың, троллейбустардың, самосвалдардың, тіркемелердің және жартылай тіркемелердің әртүрлі өстерінде пайдалануға арналған Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 9 желтоқсандағы № 877 шешімімен қабылданған "Доңғалақты көлік құралдарының қауіпсіздігі туралы" Кеден техникалық регламентінің № 8 қосымшасы 5-бөлімінің 5.1-кестесінде көрсетілген белгілемелерге сәйкес (V, W және Y белгілемелерін қоспағанда), жүктеме индексі 115-тен артық (№ 2 қосымшаға сәйкес тізбе бойынша шиналар мен жаңа пневматикалық резеңке доңғалаққаптарын қоспағанда) жылдамдық санаттарының белгілері ойып жазылған қондыру диаметрі 17,5 – 24,5 дюйм аралығындағы Қытай Халық Республикасында шығарылған және ЕАЭО СЭҚ ТН 4011 20 100 0 және 4011 20 900 0 кодтарымен сыныпталатын шиналарды және жаңа пневматикалық резеңке доңғалаққабын ұсынатын жүк шиналарына қатысты көлемде демпингке қарсы баж ендіру арқылы осы демпингке қатысты шараларды 5 жыл қолдану мерзімі белгілене отырып, демпингке қарсы шаралар қабылдансын.

      2. Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің кеден ісі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдары ЕАЭС СЭҚ ТН кодтарын және тауар атауын басшылыққа ала отырып, осы Шешімде көзделген демпингке қарсы бажды өндіріп алуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 17 қарашадағы
№ 154 шешіміне
№ 1 ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж МӨЛШЕРЛЕМЕЛЕРІНІҢ КӨЛЕМІ

Тауардың атауы

Өндіруші

Демпингке қарсы баж мөлшерлемесінің көлемі (кедендік құннан пайыздар)

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 17 қарашадағы № 154 шешімінің 1-тармағында көрсетілген шиналар және жаңа пневматикалық резеңке доңғалаққаптары

Aeolus Tyre Co., Ltd. (No. 48, Jiaodong South Road, Jiaozuo, Henan Province, China)

19,86

Triangle Tyre Co., Ltd. (No. 56, Qingdao Middle Road, Weihai City, Shandong Province, China)

14,79

Shandong Wanda Boto Tyre Co., Ltd. (No. 68, Yongshen Road, Dongying City, Shandong Province, China)

28,03

Deruibao Tire Co., Ltd. (Guangrao Economic Development Zone, Dongying City, Shandong, China)

35,35

Guizhou Tyre Co., Ltd. (No. 41, Bai Hua Ave., Guiyang, Guizhou Province, China)

32,14

Chaoyang Long March Tyre Co., Ltd. (No. 1, Xiangyang Road, Longcheng District, Chaoyang, Liaoning Province, China); Cooper Chengshan (Shandong) Tire Co, Ltd. (No. 98, Nanshan (N) Road, Rongcheng City, Shandong Province, China); Double Coin Holdings Ltd. (No. 290, Wusong Road, Shanghai, China); Double Coin Group (Jiang Su) Tyre Co., Ltd. (No. 888 Yishou North Road, Nantong, Jiangsu Province, China); Xinjiang Kunlun Engineering Co., Ltd. (No. 7880, Midongbei Road, Midong Chemical Industry District, Urumqi, Xinjiang, China); Giti Tire (Chongqing) Co., Ltd. (No. 16, Science and Technology incubation building, Huoju Road, Jiu Long industrial park, Jiu Longpo District, Chongqing, China); Giti Tire (Fujian) Co., Ltd. (Hongpu Industry Park, Hushi, Xiuyu District, Putian City, Fujian Province, China); Giti Tire (Anhui) Co., Ltd. (No. 8, Shixin Road, Hefei Eco-tech Development Zone, Anhui Province, China); Shandong Hengyu Rubber Co., Ltd. (Dawang Industry Park, Dongying City, Shandong Province, China); Shandong Hengyu Science & Technology Co., Ltd. (No. 12, Guangrui Road, Guangrao Economic Development Zone, Dongying, Shandong Province, China); Jiangsu General Science Technology Co., Ltd. (Hongdou Industrial Park, Wuxi, Jiangsu Province, China); Jiangsu Hankook Tire Co., Ltd. (No. 1, South Hantai Road Huaian Economic Development Zone, Jiangsu Province, China); Shandong Linglong Tyre Co., Ltd. (No. 777, Jinlong Road, Zhaoyuan City, Shandong Province, China); Sailun Group Co., Ltd. (Fuyuan Industrial Park Economic and Technical Development Zone, Qingdao, Shandong Province, China); Shandong Hengfeng Rubber & Plastic Co., Ltd. (Economy and Development Zone, Dawang Town, Guangrao County, Shandong Province, China); Shandong Hawk International Rubber Industry Co., Ltd. (Phoenix Industry Park, Economy Developing Zone, Laizhou City, Shandong Province, China); Shandong Huasheng Rubber Co., Ltd. (Daozhuang Industrial Zone, DongYing, Shandong Province, China); Shandong Jinyu Tire Co., Ltd. (No. 260, Qingken Road, Dawang Town, Guangrao, Shandong Province, China); Shandong O’Green Tyres Co., Ltd. (Xishui Industrial Zone, Guangrao, Dongying, Shandong Province, China); Shandong Wanshine Tire Co., Ltd. (Tangshan Town, Huantai County, Zibo, Shandong Province, China); Shengtai Group Co., Ltd. (Xishui Industrial Zone, Guangrao, Dongying, Shandong Province, China); Sichuan Kalevei Technology Co., Ltd. (No. 1, Kalevei Industrial Road, Industrial Park, Jianyang, Sichuan, China); South China Tire & Rubber Co., Ltd. (No. 116, Donghuan Road, Panyu, Guangzhou Province, China); Techking Tires Limited (13-2, Five Period of Five Layers Area A, No. 34, Shanghai Road, Qingdao Free Trade Zone, Shandong Province, China); Weifang Yuelong Rubber Co., Ltd. (Taitou Industrial Zone, Shouguang, Shandong Province, China); Xingyuan Tire Group Co., Ltd. (Xishui Industrial Zone, Guangrao county, Dongying city, Shandong Province, China); Shandong Yinbao Tyre Group Co., Ltd. (Taitou Industrial Zone, Shouguang City, Shandong Province, China); Shandong Shouguang Yinbao Rubber Industry Co., Ltd. (Taitou Industrial Zone, Shouguang, Shandong Province, China); Shandong Yongtai Chemical Co., Ltd. (Dawang Rubber Industry Area, Guangrao County, Dongying City, Shandong Province, China); Weifang Shunfuchang Rubber and Plastic Products Co., Ltd. (Hualong Town, Shouguang City, Shandong Province, China)

19,52

өзгелер

35,35

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 17 қарашадағы
№ 154 шешіміне
№ 2 ҚОСЫМША

Демпингке қарсы баж өндіруге жатпайтын шиналар мен жаңа пневматикалық резеңке доңғалыққаптары түрлерінің ТІЗБЕСІ

      1. Доңгалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара тану шарттары туралы 1958 жылғы 20 наурыздағы келісімнің негізінде қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының № 54 қағидасының 2.17.1.3-тармағында көрсетілген тоғын диаметрінің таңбасынан кейін LT әріптерімен таңбаланатын қондыру диаметрі 17,5 дюйм шиналар және жаңа пневматикалық резеңке доңғалақ қаптары.

      2. Доңғалақты көлік құралдарына, доңғалақты көлік құралдарына орнатылуы және/немесе пайдаланылуы мүмкін жабдықтау заттары мен бөлшектерге арналған біркелкі техникалық ұйғарымдарды қабылдау туралы және осы ұйғарымдардың негізінде берілетін ресми бекітуді өзара тану шарттары туралы 1958 жылғы 20 наурыздағы келісімнің негізінде қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Еуропалық экономикалық комиссиясының № 54 қағидасының 2.17.1.4-тармағында көрсетілген тоғын конфигурациясына сәйкес шина белгіленімінен кейін LT әріптерімен таңбаланатын қондыру диаметрі 17,5 дюйм шиналар және жаңа пневматикалық резеңке доңғалаққаптары.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады