Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 161 шешімі

      Санитариялық, ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық шараларды қолдану туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 17-тармағына) 17-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 19-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Қосымшаға сәйкес Кеден одағы Комиссиясының "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағының кедендік аумағына үшінші елдерден әкелінетін бақылаудағы тауарларға арналған Бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандары туралы" 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне өзгерістер енгізілсін.

      2. Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне сәйкес әзірленген, осы Шешім күшіне енгенге дейін шығарылған ветеринариялық сертификаттардың бланкілері 2016 жылғы 1 маусымға дейін пайдаланылады деп белгіленсін.

      3. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

  Еуразиялық экономикалық
комиссия Алқасының
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 161 шешіміне
ҚОСЫМША

Кеден одағы Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 607 шешіміне енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР

      1. Атауында және бірінші абзацта "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. 1 – 42 тармақтарда "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. Мынадай мазмұндағы 43-тармақпен толықтырылсын:

      "43. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын зертханалық жануарларға (тышқандар, құмтышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, үй қояндары, аламандар, мысықтар, иттер, адам тәрізді емес приматтар, құстар), сондай-ақ олардың ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) мен эмбриондарына арналған ветеринариялық сертификат (№ 43 нысан) (қоса беріліп отыр).".

      4. Аталған Шешіммен бекітілген Бірыңғай ветеринариялық сертификаттардың нысандарында:

      а) 1 – 42 нысандардың мәтіні бойынша "Беларусь Республикасының, Қазақстан Республикасының және Ресей Федерациясының Кеден одағының" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      б) 4-нысанның 4.5-тармағында, 11-нысанның 3.2-тармағының екінші абзацында, 18-нысанның 4.4-тармағында, 22-нысанның 4.6-тармағының тоғызыншы абзацында, 4.7 және 4.10-тармақтарында, 23-нысанның 4.6-тармағының сегізінші абзацында, 4.7 және 4.10-тармақтарында, 24-нысанның 4.6-тармағының алтыншы абзацында және 4.10-тармағында, 25-нысанның 4.10-тармағында, 26-нысанның 4.5 және 4.8-тармақтарында, 27-нысанның 4.6 және 4.9-тармақтарында, 28-нысанның 4.4 және 4.6-тармақтарында, 29-нысанның 4.9-тармағында, 30-нысанның 4.7-тармағында, 31-нысанның 4.8-тармағында, 32-нысанның 4.6-тармағында, 33-нысанның 4.3-тармағында, 34-нысанның 4.4-тармағында, 35-нысанның 4.6-тармағында, 38-нысанның 4.7-тармағында, 39-нысанның 4.6-тармағының тоғызыншы абзацында, 4.7 және 4.10-тармақтарында, 40-нысанның 4.3 және 4.5-тармақтарында тиісті септіктегі "Кеден одағы" деген сөздер тиісті септіктегі "Еуразиялық экономикалық одақ" деген сөздермен ауыстырылсын;

      в) 36-нысанның 4.6-тармағында "күші оларға қолданылатын Кеден одағының техникалық регламенттері" деген сөздер "Еуразиялық экономикалық одақтың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      г) 42-нысанда:

      1.12-тармақта "Кеден одағының шекарасын кесіп өтетін" деген сөздер "кедендік шекара арқылы тауарларды өткізу" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "4.2. Қаптама және бір реттік қаптама материал және күші оларға қолданылатын Кеден одағының техникалық регламенттері талаптарына сәйкес келеді" деген сөздер "4.3. Бір реттік қаптама және Еуразиялық экономикалық одақтың талаптарына сәйкес келеді" деген сөздермен, "4.3. Көлік" деген сөздер "4.4. Көлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      д) мынадай мазмұндағы Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын зертханалық жануарларға (тышқандар, құмтышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, үй қояндары, аламандар, мысықтар, иттер, адам тәрізді емес приматтар, құстар), сондай-ақ олардың ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) мен эмбриондарына арналған ветеринариялық сертификатпен (№ 43 нысан) толықтырылсын:

      "№ 43 нысан

1. Жеткізілім сипаттамасы

1.5. Сертификат №_____________

1.1. Жүкті жөнелтушінің атауы және мекенжайы:

Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын зертханалық жануарларға (тышқандар, құмтышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, үй қояндары, аламандар, мысықтар, иттер, адам тәрізді емес приматтар, құстар), сондай-ақ олардың ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) мен эмбриондарына арналған ветеринариялық сертификат

1.2. Жүкті алушының атауы және мекенжайы:

1.3. Көлік:
(вагон, автомашина, контейнер, ұшақ рейсі №, кеменің атауы)

1.6. Тауарды шығарған ел:

1.7. Сертификат берген ел:

1.8. Экспорттаушы елдің құзыретті ведомствосы:

1.9. Экспорттаушы елдің сертификат берген мекемесі:

1.4. Транзиттелетін ел(дер):

1.10. Кедендік шекара арқылы тауарды өткізу пункті:

2. Тауарды сәйкестендіру
2.1. Тауардың атауы:
2.2. Зертханалық жануардың (ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) немесе эмбриондар алынған зертханалық донор жануардың) түрі және тұқымы (кеміргіштер үшін туыстастары немесе үйірлестері):
2.3. Зертханалық жануардың (ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) немесе эмбриондар алынған зертханалық донор жануардың) генетикалық беделі туралы мәліметтер:
2.4. Зертханалық жануарлардың саны (басы):
2.5. Бірлік саны (бокстар, торлар және жәшіктер):
2.6. Сәйкестендіру типі:
2.7. Сәйкестендіру нөмірі:

3. Тауардың шыққан жері
3.1. Әкімшілік-аумақтық бірлік:
3.2. Кәсіпорынның атауы, тіркеу нөмірі және мекенжайы:

4. Денсаулық жай-күйі туралы ақпарат
Мен, төменде қол қойған мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігер, осымен мыналарды куәландырамын:
4.1. Зертханалық зерттеулерге және (немесе) ғылыми мақсаттарға пайдалануға арналған Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына экспортталатын зертханалық жануарлар (тышқандар, құмтышқандар, егеуқұйрықтар, теңіз шошқалары, үй қояндары, аламандар, мысықтар, иттер, адам тәрізді емес приматтар, құстар), сондай-ақ олардың ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) мен эмбриондары.
4.2. Зертханалық жануарлар мен ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) немесе эмбриондар алынған зертханалық донор жануарлар клиникалық жағынан сау, жабайы табиғатта ауланған жануарлардан алынған жоқ және мамандандырылған тәлімбақтардан шыққан, жануарлардың жұқпалы ауруларынан (соның ішінде ұрықтандырылған ұрық жасушасын (зиготалар) іріктеген күні) ресми еркін.
4.3. Зертханалық жануарлардың және ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготалар) немесе эмбриондары алынған зертханалық донор жануарлардың денсаулық мәртебесі (ХЭБ жер бетіндегі жануарлар денсаулығы кодексінің ұсынымдарына сәйкес):

4.4. Ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зигоиталар) мен эмбриондарда патогендік және токсикогендік микроорганизмдер жоқ. Ұрықтандырылған ұрық жасушалары (зиготаларды) мен эмбриондарын іріктеу және сақтау ХЭБ жер бетіндегі жануарлар денсаулығы кодексінің ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылды.

4.5. Зертханалық жануарлар тасымалдаудың мынадай талаптарын сақтау талаптарымен тасымалданады: _________________________________________________________________________________

(тасымалдаудың ерекше талаптарын сақтау қажет болған жағдайда толтырылады)

4.6. Зертханалық жануарлар жаңа контейнерлерде немесе экспорттаушы елде қабылданған ережелерге сәйкес ауру қоздырғыштарды жою мақсатында тазалаудан және дезинфекциялаудан өткен контейнерлерде тасымалданады.

4.7. Зертханалық жануарларды тасымалдау олардың басқа жануарлармен байланысқа түсу мүмкіндігін болдырмайды.

4.8. Әрбір контейнер этикеткамен маркаланған және нөмірленген.

4.9. Көлік құралы экспорттаушы елде қабылданған ережелерге сәйкес әзірленді.

      Орны ________________________ Күні __________________ Мөр
      Мемлекеттік/ресми ветеринариялық дәрігердің қолы ___________________________
      Т.А.Ә. және лауазымы __________________________________________________________________
      Ескертулер:      1. Қойылған қол және мөр бланктің түсінен ерекшеленуге тиіс.
                      2. Ветеринариялық сертификат орыс тілінде, сондай-ақ экспорттаушы елдің тілінде және (немесе) ағылшын тілінде ресімделеді".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады