Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған тауарларға қойылатын Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 19-бөліміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 162 шешімі

      2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 57-бабы 2-тармағына және Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 98 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссияның Жұмыс регламентіне № 2 қосымшаның 20-тармағына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Кеден одағы комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жатқызылған тауарларға қойылатын Бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 19-бөлімі мынадай мазмұндағы 4.4-тармақпен толықтырылсын:

      "4.4. Салқындататын сұйықтықтарда (ЕАЭО СЭҚ ТН коды 3820 00 000 0) метил спиртінің (массалық үлесі) 0,05% артық болуына жол берілмейді".

      2. Осы Шешім Еуразиялық экономикалық комиссияның Кеден одағының "Майлау материалдарына, майларға және арнайы сұйықтықтарға қойылатын талаптар туралы" техникалық регламентіне (КО ТР 030/2012) салқындататын сұйықтықтарда (ЕАЭО СЭҚ ТН 3820 00 000 0 коды) метил спиртінің (массалық үлесі) 0,05% аспайтын деңгейде болу көрсеткішін белгілеу бөлігінде өзгерістер енгізу туралы шешімі күшіне енген күннен бастап, алайда Осы Шешім ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
В. Христенко

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады